Материалдық жауапкершілік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 13:00, практическая работа

Краткое описание

1. Еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігіне қысқаша сипаттама беру
2. «Еңбек шарты тарапының келтірілген залалды (зиянды) өтеу жөніндегі міндеттері» сызбасын сызу

Прикрепленные файлы: 1 файл

3.docx

— 27.68 Кб (Скачать документ)

Тәжірибелік жұмыс №3 

 

Пән: «Еңбек құқығы және Әлеуметті қамсыздандыру құқығы»

Тақырып: «Материалдық жауапкершілік»

 

1 нұсқа

 

  1. Еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігіне қысқаша сипаттама беру
  2. «Еңбек шарты тарапының келтірілген залалды (зиянды) өтеу жөніндегі міндеттері» сызбасын сызу 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тапсырма

Материалдық жауапкершілік — еңбек құқығы бойынша жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы бір-біріне келтірген зиянды өтеу міндеті. Жұмыскерге келген зиян жұмыс барысында жарақат алудың, денсаулықтың зақымдануының, нашарлауының салдарынан еңбек қабілетін толық немесе ішінара жоғалтқандықтан алып жүргентабысынан және емделуге жұмсаған шығындарынан тұрады. Өз кезегінде еңбек шарты бойынша жауапкершілігіне алған мүліктің заңсыз, басқа біреудің иелігіне кетуі, талан-таражға түсуі немесе бүлінуі бұл шығынды жұмыскердің өтеуіне апарып соқтырады. Өтемнің көлемі нақты жағдайдың мәнісіне, жұмыскердің қаншалықты кінәлі екендігіне қарай анықталуы мүмкін. 
Азаматтық құқықта міндеттемені бұзғаны үшін мынадай жауапкершілік түрлері бекітілген:

  • құқығы бұзылған тараптың залалдарын өтеу,

  • айып төлеу,

  • кепілпұл сомасын төлеу,

  • моральдік зиянның орнын толтыру.

Кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірім біреуге зиян келтірсе, оны өз есебінен өтеуге міндетті, ал қаражаты болмаса не жетпесе, қосымша жауапкершілікке ата-анасы тартылады. Борышкер адам еркінен тыс күштердің салдарынан міндеттемені орындауға мүмкіндік болмағандығын дәлелдеген жағдайда ғана жауапкершіліктен босатылады.

Еңбек шарты тарапының келтірілген залалды (зиянды) өтеу жөніндегі

міндеттері

Еңбек шартының басқа тарапқа залал (зиян) келтірген тарапы Еңбек  Кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтейді.

Еңбек шартында, ұжымдық шартта қызметкер мен жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі нақтылануы мүмкін.

Еңбек шартының залал (зиян) келтірілгеннен кейін тоқтатылуы еңбек шарты тарапын басқа тарапқа келтірілген залалды (зиянды) өтеу жөніндегі материалдық жауапкершіліктен босатуға әкеп соқпайды.

 

 

 

 

 

 

2-тапсырма

«Еңбек шарты тарапының келтірілген залалды (зиянды) өтеу жөніндегі міндеттері»

 

 


Информация о работе Материалдық жауапкершілік