Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2015 в 14:18, реферат
Кез келген құқық саласы сияқты еңбек құқығының да өзінің субъектілер шеңбері бар. Осы субъектілер арқылы осы құқық саласының жалпы құқық жүйесіндегі ерекшеліктері анықталады. Еңбек құқығында осы құқық саласының субъектілері ретінде қолданыстағы заңнаманың негізінде қоғамдық еңбекті ұйымдастыруға, еңбек үрдісін қолдану мен ұйымдастыруға еңбек заңнамасын сақтай отырып катысатын еңбек қатынастарының катысушылары танылады.
1. Кіріспе.
2. Енбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері.
3. Негізгі (статустық) еңбек құқықтары мен міндеттері.
4. Еңбек ұжымының құқықтық мәртебесі.
5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Жоспар:
1. Кіріспе.
2. Енбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері.
3. Негізгі (статустық) еңбек құқықтары мен міндеттері.
4. Еңбек ұжымының құқықтық мәртебесі.
5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
1. Кіріспе.
Кез келген құқық саласы сияқты еңбек құқығының
да өзінің субъектілер шеңбері бар. Осы
субъектілер арқылы осы құқық саласының
жалпы құқық жүйесіндегі ерекшеліктері
анықталады. Еңбек құқығында осы құқық саласының
субъектілері ретінде қолданыстағы заңнаманың
негізінде қоғамдық еңбекті ұйымдастыруға,
еңбек үрдісін қолдану мен ұйымдастыруға
еңбек заңнамасын сақтай отырып катысатын
еңбек қатынастарының катысушылары
Құқықтық мәртебенің мазмұны келесі негізгі элементтерден тұрады:
а)еңбек құқық қабілеттігі (құқық реликт қабілеттігі):
ә)негізгі (статустық) еңбек құқықтар және міндеттер;
б)осы құқықтар мен міндеттердің заңды жалпы және арнайы кепілдіктері;
в)еңбек құқық бұзушылықтары үшін заңда көзделген
жауапкершілік.
2. Енбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері.
Еңбекке құқық қабілеттік - бұл еңбек
заңнамасында танылған еңбек құқықтары
мен міндеттерін иелену қабілеті, яғни,
еңбек құқығы қатынастарының катысушысы
болудың теориялық мүмкіндігі немесе
қабілеті. Бұл дегеніміз, белгілі бір жағдайлар
болған жағдайда азаматтар үшін белгілі
бір жасқа жету, заңды тұлғалар үшін шаруашылық
немесе мүліктік және оралымды басқару оқшаулығына жету-олар
Еңбекке әрекет қабілеттік - бұл нақты құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерді өз әрекеттері арқылы иелену қабілеті. Басқаша айтар болсақ, еңбекке әрекет қабілеттік азаматтың, ұйымның, еңбек ұжымының өз әрекеттері арқылы еңбек саласындағы субъективтік құқықтар мен міндеттерді иелену қабілеті. Мысалы, азамат жұмыс іздеп, халықты жұмыспен қамту органдарымен құқықтық қатынастарға түссе, ол езінің жұмыс істеуге катысты әрекеттері арқылы еңбек құқықтары мен міндеттерін иеленеді. Жұмыс беруші - жеке немесе заңды тұлға, өзіне қызметкерлерді таңдау және жұмыс істеуші тұлғаларға жұмыс беруі арқылы еңбек құқықтары мен міндеттерін иеленеді.
Еңбек құқығы субъектілерінің маңызды ерекшелігі - оларда еңбекке құқық қабілеттік пен әрекет қабілеттік бір мезгілде болуы тиіс. Есте сақтайтын бір жайт: еңбекке құқық әрекет қабілеттік дегеніміз бұл тек еңбек құқығының субъектілері ғана иеленетін ерекше қасиет.
Субъективтік құқықтар мен міндеттер заңнан туындауы мүмкін. Оларды нақты еңбек құқығы қатынастарының мазмұнынан туындайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерден ажырата білу қажет. Заңдардан туындайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерді статустық деп атайды. Олар еңбек құқығы субъектілерінің құқықтық мәртебесінің негізін құрайды және еңбек саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерде бекітіледі. Еңбек құқығы субъектісінің негізгі статустық құқықтары мен міндеттерінің тізімі әртүрлі сипатқа ие және олар өздерінің әлеуметтік мақсатымен, еңбек саласында атқаратын функциялардың сипатымен ерекшеленеді.
ҚР Конституциясына сәйкес азаматтың еңбек құқығының субьектісі ретіндегі құқықтық мәртебесі барлық азаматтар үшін тең. Алайда, оны қызметкердің құқықтық мәртебесінен ажырата білген жөн (бұны азамат еңбек шартын бекітіп, кызмет берушімен еңбек құқығы қатынастарына түскен кезде иеленеді). Бұл кезде қызметкердің құқықтық мәртебесі еңбек заңдарымен анықталады.
Азамат жұмыс іздеп, жұмысқа орналастыру бойынша органдармен құқықтық қатынастарға түскен кезде еңбек құқығының субъектісінен айналады. Ал қызметкердің құқықтық мәртебесі, ол жұмыс берушімен еңбек шартын жасасқан кезде туындайды. Сонымен, азаматтың құқықтық мәртебесі ол жұмысқа орналасқан кезде қызметкердің құқықтық мәртебесіне айналады.
3.Негізгі (статустық) еңбек құқықтары мен міндеттері. Бұл құқықтар мен міндеттер ҚР Конституциясында және еңбек саласындағы нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген. Оларға еңбекке құқық, мемлекетпен кепілдеген ең төменгі жалақыға құқық, демалуға құқық, еңбектің қауіпсіз жағдайларына құқық, кәсіби дайындыққа және біліктілігін көтеруге құқық, кәсіподақтарға бірігу құқығы, еңбек тәртібін сақтау міндеті, еңбек нормасын орындау міндеті, сеніп тапсырылған мүлікті сақтау міндеті және т.б. жатады. Статустық құқықтар мен міндеттер еңбек құқығының субъектілері болып табылатын барлық қызметкерлерге таралады. Бұл құқықтар мен міндеттер қызметкерлердің еңбек қатынастары және еңбек үрдісіндегі жүріс-тұрысын анықтайды. Статустық құқықтар мен міндеттердің мазмұны әрекет ету, талап ету, міндеттеу, құқықтар мен міндеттерді пайдалану мүмкіндіктерінен және еңбек құқығының өзге де субъектілерінің мүдделері мен қажеттіліктерін белгіленген шекте қанағаттандыру міндетінен көрініс табады.
Осы құқықтар мен міндеттердің заңды жалпы және ерекше кепілдіктері келесідей: біріншіден, олар ҚР Конституциясымен кепілдеген, екіншіден, заңдар еңбек құқығы субъектілерінің құқық бұзушылықтарының алдын - алады; үшіншіден, міндетті тұлғалардың әрекет ету шектерін белгілейді; төртіншіден, аталған құқықтарды бұзатын әрекеттерге шағымдануға мүмкіндік береді және бесіншіден, кінәлі тұлғалардың құқық бұзушылықтарының нәтижесінде келген материалдық зиянды өтетуді қамтамасыз етеді. Қызметкерлердің еңбек құқықтары мен міндеттерін заңды тұрғыдан кепілдеудің өзіне тән ерекшелігі болып осы кепілдіктерді жүзеге асыруға қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерінің заңды өкілдері болып табылатын еңбек ұжымдары мен кәсіподақтардың катысуы табылады.
Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде.
Азаматтар еңбек құқығы субъектілерінің ішінде саны
жағынан көп және ең кең таралған тобы.
Азаматтар еңбек құқығының субъектілері
ретінде жалданбалы еңбек қызметкерлеріне,
кәсіпкерлерге, жұмыс істейтін меншік
иелеріне бөлінеді. Жалданбалы еңбек
Осыған сәйкес азаматтар мәртебесінің көптеген түрлерін де бөлуге болады.
Алайда, барлық азаматтарға еңбек құқық қабілеттігінің жалпы талаптары да таралады, олар: жасына катысты қойылатын талап, ерікті және әлеуметтік талаптар.
Азаматтардың еңбек құқығының субъектілері ретінде еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеті болуы тиіс. Әрине, бұл қабілеттер жекелеген адамның дене және ақыл-ой ерекшеліктеріне байланысты болады. Мұндай қабілеттер адамға туа бітпейді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, адамның еңбекке катысты іс жүзіндегі қабілеті ерте, шамамен төрт жасына таман пайда болады. Адам өскен сайын еңбекке катысты іс жүзіндегі қабілеттік те өседі. Алайда, заңнама азаматтарда жай еңбекке катысты емес, құқықтық санат ретіндегі еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеттік пайда болған сәттен бастап қана оларды еңбек құқығының субъектілері ретінде таниды. Азаматтар құқық нормаларымен жүйелі түрде реттелетін еңбекке қабілетті болған кезде ғана оларда жоғарыда аталған қасиет бар деп танылады. Еңбек заңнамасына сәйкес 16 жасқа толған азаматтарды ғана жұмысқа алуға болады. Жекелеген жағдайларда 15 жастағы, кейде 14 жастағы жасөспірімдерді де жұмысқа алуға рұқсат етіледі (ҚР «ҚР Еңбек туралы» заңының 11 – бабы ). Мемлекеттік қызметке кіруші тұлғалардың жасы 18 жастан кем болмауы тиіс.
Жасына қатысты койылатын талаптың құқықтық табиғатын заңнама осы жасқа жеткенде ғана тұлғаның еңбектегі кәмелет жасына толуымен байланыстырады. Еңбекті қорғау, жұмыс уақыты және т.б. салаларда белгілі бір жеңілдіктер мен артықшылықтарды иеленетініне қарамастан, еңбек құқығы қатынастарында олар азаматтық кәмелет жасына теңестіріледі.
Ерікті талап азаматтардың еңбекке және кәсіпкерлік кызметке катысты ерікті қабілетінің жағдайын білдіреді. Соттың шешімімен әрекет қабілеттігінен айырылған тұлғалар еңбек құқығының субъектілері бола алмайды. Сонымен катар, соттың шешімімен әрекет қабілеттігі шектелген тұлғалар мемлекеттік қызметке алынбайды. Бұл ережені мына жағдаймен түсіндіруге болады: жүйке ауруының, ақыл-ой қабілетінің нашарлауы салдарынан азамат өзінің еңбектегі міндеттерін саналы түрде орындай алмайды, қызметтік, кәсіпкерлік және еңбек қызметін бақылай алмайды.
Азаматтардың еңбек құқық субъектілігін іс жүзіндегі мазмұны еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілетке, соның ішінде, денсаулық жағдайына байланысты. Сондықтан, мүгедектің денсаулық жағдайына сәйкес көлемде және шекте рұқсат етілген еңбек ету қабілеті оның еңбек құқық субъектілігін мазмұнында ескеріледі. Ал мұндай қабілеттерді бағалауды мүгедектің өзі емес, мемлекет, жұмыс беруші және басшылық еңбек шартын бекіту кезінде жүзеге асырады.
Әлеуметтік талап Қазақстан Республикасы азаматтарының барлығы үшін тең еңбек құқық субъектілігін білдіреді, яғни, қолданыстағы заңнамада барлық еңбекке қабілетті азаматтар үшін еңбек саласындағы тең мүмкіндіктер белгіленген.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әрбір азаматтың еңбек ету бостандығына, кызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар.
Жұмысқа алу кезінде жынысына, нәсіліне, ұлтына және дінге көзқарасына байланысты құқықтарды тікелей не жанама шектеуге немесе қандай да бір артықшылықтарды белгілеуге жол берілмейді.
Тек заңда тікелей көзделген жағдайларда ғана еңбек құқық субъектілігін шектеуге жол беріледі. Азамат қылмыс істеген жағдайда соттың шешімінің негізінде белгіленген мерзімге дейін белгілі бір лауазымдарды иелену немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылуы мүмкін. Еңбек құқық субъектілігін айыру тек ішінара және тек уақытша болады. Азаматтарды еңбек құқық субъектілігін толық және тұрақты түрде айыруға жол берілмейді.
Алайда, соған қарамастан еңбек заңнамасы азаматтардың жекелеген санаттары үшін денсаулық жағдайына, өндірістік кызметтің түріне, еңбекті қорғауға және т.б. мәселелерге катысты белгілі бір кепілдіктерді де көздейді.
Заңнамада жүкті әйелдер және бір жарым жасқа дейін балалары бар әйелдер үшін еңбек жағдайына катысты жеңілдіктер белгіленген («Еңбек туралы» заңның 66, 67-баптары).
Сонымен катар, кәсіпкер - азаматтар (жұмыс берушілер) да еңбек құқығының субъектісі болуы мүмкін.
Кәсіпкерлік - бұл азаматтардың және олардың бірлестіктерінің халыққа тауар беру, қызмет көрсету, жұмыс істеу, соның ішінде жеке меншікке негізделген жалданбалы еңбекті пайдаланудан табыс табу мақсаттарындағы қолданыстағы заңдардың шеңберіндегі дербес шаруашылық және өзге де кызметі.
Кәсіпкерлік кызметпен айналысу құқығы Қазақстан Республикасының әрекет қабілеттігі шектелмеген еңбекке қабілетті барлық азаматтарына беріледі.
ҚР Азаматтық кодексінде және басқа да заң шығарушы актілерінде өзгеше көзделмесе, кәсіпкерлік кызметті заңды тұлғаны құрмастан да жүзеге асыруға болады. Бұл қызметті кәсіпкерлер тәуекел етіп, мүліктік жауапкершілікке негізделе отырып жүзеге асырады. Мүліктік жауапкершілік кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына қарай ерекшеленуі мүмкін.
Кәсіпкерлік кызметті жүзеге асыру жеке дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен басталады. Егер кәсіпкердің айналысатын қызметі лицензиялауы қажет болса, кәсіпкер осындай қызметті жүзеге асыруға лицензия алуы тиіс.
Кәсіпкер мәртебесіне ие болғаннан кейін азамат жұмыс берушінің - еңбек құқығының субъектісінің мәртебесін иеленеді.
Еңбек құқығының субъектілері ретіндегі азаматтардың үшінші санатын кәсіпкерлікті де, өз жұмысын да меншік иесі ретінде бірлесе жүргізуші тұлғалар құрайды. Олардың құқық субъектілігін ерекшелігі азаматтық құқық субъектісі мен тығыз байланыста болуынан көрініс табады.
Шетелдік тұлғалар да еңбек құқығының субъектісі болуы мүмкін. Нарықтық экономиканың дамуымен әр түрлі бірлескен кәсіпорындар пайда болды. Бұл, өз кезегінде, Қазақстан Республикасының аумағына елшілікпен және консулдықтармен байланысты емес қызметтерге де шетелдік азаматтардың келу жиілігіне әсер етті. Шетелдік азаматтарға жалақы төлеу, жұмыс уақыты және демалыс уақытын белгілеу және т.б. мәселелері жеке еңбек шарттарында көзделуі тиіс.
Жұмысшылар мен жұмыс берушілердің - азаматтардың статустық құқықтары мен міндеттері ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 7, 8-баптарында аталған. Осы баптарға сәйкес қызметкерлер де, жұмыс берушілер де жеке еңбек шарттарын бекітуге, өзгертуге және бұзуға құқылы.
Еңбек құқық субъектімен және статустық құқықтар мен міндеттермен қатар құқықтық мәртебенің қажетті элементі болып құқықтарды кепілдеу де табылады.
Информация о работе Енбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері