Еңбек құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2014 в 20:58, курсовая работа

Краткое описание

Жеке еңбек шарты еңбек құқығының негізгі институттарының қатарына жатады. Оның қоғамдық ролі, еңбек ету бостандығын, қызмет түрі мен мамандық таңдау бостандығын, еңбекті ұйымдастыру мен қолдануда негізге алынатын құқықтар мен бостандықтарды жариялайтын Қазақстан Республикасының Конституциясымен анықталады.
Еңбек шартының заңдық маңызы ол еңбек қатынастарының пайда болуына ғана емес оның өзгеруіне де, жойылуына да себепкер болуында.
Жеке еңбек шарты тақырыбының ішінде барлық құрама тақырыптары қарастырылған. Қолданылған барлық заңдар, Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы (осы заң азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыру барысында туындайтын еңбек қатынастарын реттейді.) ресми басылымнан алынған.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................................4
1. Еңбек құқығы
1.1 Еңбек және еңбек құқығы туралы түсінік................................................5
1.2 Еңбек құқығының басшылыққа алатын қағидалары..............................6
1.3 Еңбекпен байланысты құқықтық қатынастар .........................................8
2. Жеке еңбек шарты
2.1 Жеке еңбек шартының ұғымы...................................................................9
2.2 Жеке еңбек шарттың мазмұны..................................................................10
3. Еңбек келісім шарттың жазылуына нақтылай тоқталайық
3.1. Еңбек келісім................................................................................................11
3.2 Еңбек келісімнің жазылуына нақтылай тоқталайық…………...............13
4. Еңбек құқығының негізгі қағидаларының түсінігі жəне мəні.
3.3 Еңбек құқығының негізгі қағидаларының түсінігі жəне мəні..........................16
5. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
3.4. Еңбек құқығының қайнар көздері.......................................................................17
3.5. Нормативтік құқықтық актілердің уақыттағы күші..........................................26
Қорытынды..........................................................................................................................30
Пайданылған әдебиеттер...................................................................................................32

Прикрепленные файлы: 1 файл

еңбек құқығы курстық жұмыс.DOC

— 202.00 Кб (Скачать документ)

құқығының локальдық нормалары жасалады. Локальдық нормативтік актілерді басшылық (жұмыс беруші) белгілі бір өндірістің ерекшеліктерін ескере отырып, кəсіптік одақ

комитетінің қатысуымен еңбек ұжымының жалпы жиналысында қабылдайды.

                                                               22

Оларға, мысалы, мына актілер жатады: ішкі еңбек тəртібінің ережелері, еңбек ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы ұжымдық шарт, жыл бойғы жұмыс қорытындысы бойынша сый ақы төлеу туралы ереже, еңбекті қорғау мəселелері бойынша əр түрлі келісімдер.

Еңбек құқығы қайнар көздерінің арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен қабылданған бірқатар актілер де бар. ҚР Президенті Қазақстан

Республикасының бүкіл аумағында міндетті күшке ие жарлықтар мен өкімдер шығарады, олар заңға сəйкес актілер болып табылғандықтан ҚР Конституциясына жəне заңдарына сəйкес болуы тиіс. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен еңбектің əр

түрлі мəселелеріне қатысты заңдарды орындауға қатысты нормалар

қабылданады. Еңбек жөніндегі арнайы орган – ҚР Еңбек жəне

халықты əлеуметтік қорғау министрлігі. Бұл министрлік еңбекті

қорғау, жалақы, халықты еңбекпен қамту жəне əлеуметтік қорғау жəне өзге де мəселелер жөнінде актілер қабылдайды. Мəслихаттар жəне əкімдер өз құзыреті шегінде өздеріне

бағыңысты аумақтарда еңбекті қолдану жəне ұйымдастыру мəселелері бойынша нормативтік шешімдер қабылдайды. Қазақстан Республикасының Конституциясының 88-бабына сəйкес

мəслихаттар мен əкімдердің нормативтік шешімдері тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында міндетті күшке ие. Егер мəслихаттардың шешімдері ҚР Конституциясына жəне заң шығарушы актілеріне қайшы болса, олардың күші сот тəртібімен жойылуы мүмкін. Ал əкімдердің шешімдері ҚР Конституциясы мен заң шығарушы актілеріне қайшы болса, олардың күші ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің немесе жоғары тұрған əкімдердің

актілерімен жойылады, сонымен қатар, сот тəртібімен де жойылуы мүмкін.

Нормативтік құқықтық актілер өз күшіне келесі мерзімдерде енеді:

1. Қазақстан Республикасының заңдары, ҚР Президентініңжарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары – егер осы актілердің

өздерінде не олардың күшіне енуі туралы актілерде өзге мерзім

көрсетілмесе, ресми түрде алғаш жариялағаннан кейін күнтізбелік

он күн өткен соң;

2. ҚР Парламентінің жəне оның  Палаталарының қаулылары –

егер осы актілердің өзінде өзге мерзім көзделмесе, ресми түрде

алғаш жарияланған күннен бастап;

3. ҚР Конституциялық Кеңесінің  қаулылары – қабылданған 

күннен бастап;

 

 

                                   23

нормативтік құқықтық актілері – егер осы актілердің өзінде өзге мерзім көзделмесе, ресми түрде алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң. Бұл заңның тек күшіне енген сəтінен бастап қана құқықтық қатынастарды реттеп, белгілі бір заңды салдарды тудыратынын білдіреді. Еңбек заңнамасы саласында негізгі нормативтік құқықтық

актілерден туындайтын бірқатар туынды нормативтік құқықтық актілер бар.

 Мұндай актілердің қатарына  мыналар жатады:

1) қағида – қандай да бір  қызмет түрін ұйымдастыру жəне 

жүзеге асыру тəртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

2) ереже – қандай да бір  мемлекеттік органның немесе  оның 

құрылымдық бөлімшесінің мəртебесі мен өкілеттігін белгілейтін

нормативтік кұқықтық акт;

3) регламент – қандай да бір  мемлекеттік орган мен оның 

құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тəртібін реттейтін

нормативтік құқықтық акт;

4) нұсқаулық – заңдардың коғамдық  қатынастардың қандай да 

бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін

нормативтік құқықтық акт. Аталған нормативтік құқықтық актілердің барлығы

туынды сипатқа ие жəне негізгі актілерге қатысты қосымша рөлді атқарады.

 

 Еңбек құқығы қайнар көздерінің  жүйесі келесі ерекшеліктерге  ие:

1) еңбек заңнамасы актілерін  қабылдауға осы сала

субъектілерінің өздері қатысады (қызметкерлер өз еңбек

ұжымдары, кəсіптік одақтар жəне өзге де өкілдік органдар арқылы;

жұмыс берушілер локальдық нормаларды шығару кезінде жəне өз

өкілдері арқылы);

2) қайнар көздер жүйесіне еңбек  құқығының біртұтастығын 

жəне əр түрлілігін көрсететін жалпы (барлық қызметкерлер үшін)

жəне арнайы (қызметкерлердің кейбір санаттары үшін) еңбек

заңнамасы енеді;

3) еңбек құқығы қайнар көздерінің  барлығы заңдарға жəне заңға 

сəйкес актілерге бөлінеді. Заңдар, өз кезегінде, негізгі

(Конституция), өзге де конституциялық (Адам құқықтарының 

жалпы декларациясы) жəне ағымдағы (мысалы, «ҚР мереке күндері

туралы» заң) деп бөлінеді.

                                                        24

Қазақстан Республикасының

Конституциясы мен ҚР «Еңбек туралы» заңы Қазақстан

Республикасының аумағында жоғарғы күшке ие.

4) бұл жүйеде мамандандырылған  органдардың (мысалы, ҚР 

Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі) актілері мен

еңбекті қорғауға, еңбек заңнамасына бақылау мен қадағалауды

жүзеге асыратын мамандандырылған мемлекеттік

инспекциялардың нормативтік бұйрықтары, ережелері,

нұсқаулықтары бар;

5) ҚР еңбек құқығы қайнар көздерінің  жүйесіне, сонымен қатар,

Қазақстан Республикасы таныған еңбек мəселелері жөніндегі халықаралық-

құқықтық актілер жəне Қазақстан Республикасының өзге

мемлекеттермен əлеуметтік-еңбек қатынастары бойынша бекіткен

халықаралық шарттары жатады. ҚР Конституциясында осы халықаралық нормалардың ұлттық заңнамадан үстемдігі атап көрсетілген. Еңбек құқығының барлық қайнар көздерін бағыңыстылығы бойынша заңдар мен заңға сəйкес актілер деп қана емес, олардың

əрекет ету ауқымы бойынша (республикалық, облыстық, қалалық, салалық жарғылар, ережелер) жəне еңбек құқығының жүйесі, яғни, институттар бойынша да бөлуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  25

3.5. Нормативтік құқықтық актілердің уақыттағы күші.

 

Еңбек құқығының қайнар көздері болып табылатын нормативтік құқықтық актілер үшін олардың əрекет ету күшінің басталу жəне аяқталу уақытын, яғни, олардың уақыттағы шектерін белгілеудің тəжірибелік маңызы зор. ҚР Конституциясының нормалары мен ережелері оны ресми түрде жариялаған күннен бастап күшіне енеді. 1995 жылға 30 тамызда республикалық референдумда Конституцияны қабылдаған күн Қазақстан Республикасы Конституциясының күні деп саналады. ҚР Конституциясы күшіне енгенге дейін Қазақстан

Республикасының аумағында қолданыста болған заңдар мен өзге де құқықтық актілердің Конституцияға қайшы келмейтін бөліктері қолданылады. Конституция жəне оның жекелеген нормативтік ережелері белгіленген тəртіп бойынша жаңа Конституция қабылдағанға дейін немесе осы ережелерге өзгертулер мен толықтырулар енгізетін конституциялық заң қабылдағанға дейін қолданыста болады. Қазақстан Республикасының заңдары, ҚР Президентінің жарлықтары жəне ҚР Үкіметінің қаулылары, егер осы актілердің

өзінде не олардың күшіне енуі туралы актілерде өзге мерзім көрсетілмесе, алғаш рет ресми түрде жариялаған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының «ҚР еңбек туралы» заңы 1999 жылғы 10 желтоқсанда қабылданды, ал «ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының күшіне енуі туралы» арнайы заңның негізінде 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. ҚР Парламентінің жəне оның Палаталарының қаулылары, егер осы актілердің өзінде өзге мерзім көзделмесе, ресми түрде алғаш жарияланған күннен бастап, ал ҚР Конституциялық Кеңесініңқаулылары қабылданған күннен бастап күшіне енеді. Орталық атқарушы жəне өзге де орталық мемлекеттік

органдардың нормативтік құқықтық актілері, егер осы актілердің өзінде өзге мерзім көзделмесе, ресми түрде алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді. Дəл осындай мерзімдер жергілікті өкілдік жəне атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің күшіне енуі үшін де белгіленген. Нормативтік құқықтық актілердің күшіне ену уақытының маңызы өте зор, себебі, ол осы актілерде көзделген заңды

жауапкершіліктің туындау мерзімдерімен жəне осы актілердің кері күші туралы мəселені шешумен байланысты. Жалпы ереже бойынша нормативтік құқықтық актінің күші бұл акт күшіне енгенге дейінгі қатынастарға таралмайды. Тек актінің өзінде

немесе осы актінің күшіне енуі туралы арнайы заңда нормативтік

құқықтық актінің не оның бөлігінің кері күші көзделсе ғана ол өзі күшіне енгенге дейінгі қатынастарды реттеуде қолданылуы мүмкін. Еңбек туралы нормативтік құқықтық актілердің (ҚР Жоғарғы Сотының жəне Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулыларын

                                                 26

есептемегенде) күшіне енуінің маңызды жағдайы болып олардың ҚР Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуі табылады. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген нормативтік құқықтық актілердің заңды күші болмайды. Нормативтік құқықтық актінің күші тұрақты немесе уақытша болуы мүмкін. Егер актінің өзінде немесе осы актінің күшіне енуі

туралы актіде өзге мерзім көзделмесе, нормативтік құқықтық актінің күші тұрақты деп танылады. Əрекет ету күшінің уақытша мерзімі бүкіл акт не оның жекелеген бөліктері (бөлігі) үшін белгіленуі мүмкін. Мұндай жағдайда еңбек туралы нормативтік құқықтық актінің күші қандай мерзімге дейін сақталатыны міндетті түрде көрсетіледі. Бұл мерзім өткеннен кейін нормативтік құқықтық актіні қабылдаған орган актінің күшіне қатысты жаңа

мерзімді белгілеуі немесе оны тұрақты деп тануы мүмкін. Нормативтік құқықтық актілердің кеңістіктегі күші. Нормативтік құқықтық актілердің кеңістіктегі күші «аумақ» деген

түсінікпен тығыз байланысты. Жалпы алғанда аумақ ретінде мемлекеттік шекара шегіндегі жер қабаты, жер қойнауы, су жəне əуе кеңістігі танылады. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының аумағы нормативтік құқықтық актілердің əрекет ету күшінің

құқықтық кеңістігі болып табылады. Егер актілердің өзінде немесе осы актілердің күшіне енуі туралы актілерде өзгеше көзделмесе, ҚР Президенті, ҚР Парламенті жəне ҚР Үкіметі, орталық атқарушы жəне өзге де орталық уəкілетті органдары қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің күші Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына

таралады. Нормативтік құқықтық актілердің кеңістіктегі күші туралы сөз

қозғай отырып, олардың күші Қазақстан Республикасының елшіліктеріне, өкілдіктеріне, сауда кемелеріне жəне шетелдегі өзге де аумақтық құрылымдарына таралатынын ескеріп өткен жөн. Себебі, «Қазақстан Республикасының аумағы» түсінігі жер-аумақтық, теңіз жəне əуе шектерімен ғана шектеліп қоймайды, сонымен қатар, халықаралық-құқықтық актілермен де анықталады. Атап өтетін тағы бір жайт, егер сыртқы еңбек миграциясы саласындағы халықаралық келісімдерде көзделсе, Қазақстан Республикасы еңбек туралы нормативтік құқықтық актілерінің күші өзге мемлекеттерде жұмыс істеп жүрген азаматтарға да

таралады. Жергілікті өкілдік жəне атқарушы органдар қабылдаған

нормативтік құқықтық актілердің күші тиісті əкімшілік-аумақтық

бірліктің аумағына ғана таралады. Қазақстан Республикасының жекелеген жерлеріндегі (шалғай елді мекендер, сусыз жерлер, таулы өлке жəне т.б.) еңбек

жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, қызметкерлердің

жекелеген санаттарының жалақысына қатысты аудандық

коэффиценттерді, əр түрлі жеңілдіктерді, кепілдіктерді жəне т.б. көздейтін арнайы құқықтық актілер қабылданады. Нормативтік құқықтық актілердің тұлғалар шеңбері

                                       27

бойынша күші. Бұл ерекшелік белгілі бір тұлғалар санатына қандай да бір нормативтік құқықтық актіні күшінің таралу ерекшелігінен көрініс табады. Егер ҚР Конституциясында, заңдарда жəне Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе,

нормативтік құқықтық актілердің күші Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырушы ҚР азаматтарына, шетелдік азаматтарға жəне азаматтығы жоқ тұлғаларға таралады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құрылтайшылары немесе меншік иелері (толығымен немесеішінара) шетелдік заңды жəне жеке тұлғалар болып табылатын

ұйымдардың қызметкерлеріне ҚР еңбек заңнамасының нормалары қолданылады.

Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтар ретінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын жəне өздерінің өзге мемлекетке тиесілігі жөнінде дəлелдері бар тұлғалар танылады. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын

жəне өздерінің өзге мемлекетке тиесілігі жөнінде дəлелдері жоқ тұлғалар азаматтығы жоқ тұлғалар ретінде танылады. Шетелдік азаматтар еңбек қатынастарында Қазақстан

Республикасының азаматтарына тиесілі құқықтарды иеленіп,

міндеттерді орындайды. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес осындай

лауазымға тағайындалу немесе еңбек қызметімен айналысу Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігімен байланысты болса, шетелдік азаматтар белгілі бір лауазымдарға

тағайындала алмайды немесе белгілі бір еңбек қызметімен айналаса алмайды (ҚР Президентінің 1995 жылғы 16 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы шетелдік азамтатардың құқықтық жағдайы туралы» заң күші бар жарлығы).

Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағындағы еңбек қызметі осы мемлекеттер арасында екіжақты, сонымен қатар, көпжақты негізде бекітілген шарттарға жəне заңға сəйкес жүзеге

асырылады (ҚР 1997 жылғы 13 желтоқсандағы «Тұрғындардың

көшіп-қонуы туралы» заң). Еңбек саласындағы құқықтық нормалар екі үлкен топқа бөлінеді

(бұлай бөлудің негізіне объективтік  факторлар, соның ішінде, Қазақстанның  əр түрлі аудандарындағы ауыр  табиғи-климаттық жағдайлар алынған):

Информация о работе Еңбек құқығы