Жүйелер элементтері туралы жалпы ақпараттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 19:46, реферат

Краткое описание

Теміржол автоматикасы мен телемеханкасы құрылғыларының поыйздар қозғалысының қауіпсіздігі бойынша тапсырмасы, рельсті жолдардың бүтіндігінің бұзылуы не берілген жылдамдықты арттыру кезінде пойыздың рельстен шығуы немесе пойыздардың бөгеттермен соқтығысу мүмкіндіктерін жоятын шарттарды құрастыру болып табылады. Соңғы жағдайда,жабық бағдаршам, ашық өткел, алда келе жатқан пойыз және т.б. болуы мүмкін, бөгетке дейінгі әрбір нүктедегі жылдамдық керекті тежелу жолына сәйкес келуі тиіс.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жүйелер элементтер туралы жалпы ақпараттар.doc

— 44.00 Кб (Скачать документ)

Жүйелер элементтері туралы жалпы ақпараттар

 

Теміржол автоматикасы мен телемеханкасы құрылғыларының поыйздар қозғалысының қауіпсіздігі бойынша тапсырмасы, рельсті жолдардың бүтіндігінің бұзылуы не берілген жылдамдықты арттыру кезінде пойыздың рельстен шығуы немесе пойыздардың бөгеттермен соқтығысу мүмкіндіктерін жоятын шарттарды құрастыру болып табылады. Соңғы жағдайда,жабық бағдаршам, ашық өткел, алда келе жатқан пойыз және т.б. болуы мүмкін, бөгетке дейінгі әрбір нүктедегі жылдамдық керекті тежелу жолына сәйкес келуі тиіс. Екінші жағдайда, берілген пойыз жылдамдығы  әрбір жол нүктесінде, тасымал түріне,құрамға кіретін вагондардың конструктивтік жылдамдығына сәйкес, сондай-ақ жолдық жылдамдықтың тұрақты және уақытша шектеулерін есепке алғанда, осы учаскедегі рұқсат етілген максималды жылдамдықтан аз немесе тең болуы тиіс.

Осы шарттарды орындау үшін пойызға, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, ақпараттарды жіберу талап етіледі, ол үшін автоматика және телемеханика құрылғылары қолданылады.

Блокадалау – алдағы маршруттың өткенге қатысты өшпенділігін сақтандыратын, алдын ала қадағаланатын әрекетсіз оның басқа қалыпқа өту мүмкіндігін жоятын,пойыздың бір бағыттағы жүру жолындағы аппараттың немесе механизмнің тұйықталу жүйесі.

   Жолдық блокадалау – өтпелі сигналдар бөлетін өткелдер, блок-учаскелер немесе өткел арқылы жүрістің қауіпсіздік шарттарын қамтамасыз ететін аппараттар мен құрылғылар жиынтығы. Жұмыс адам қатысуынсыз, сигналдық құрылғыларға әсер ету қозғалыстағы пойызбен жүзеге асатын болса, жолдық блокадалау автоматикалық блокировка деп аталады.

  Жартылай автоблоктау өзінде аз әрекеттегі желілерде адам мен қозғалыстағы пойыздың жұмысын үйлестіреді.

Блок-учаскедегі (жеке пункт) – пойыздар қозғалысын реттеу жүзеге асырылатын, өткел бойынша желілерді шектеу орыны. Қарапайым блок-учаске болып табылады:тарау,ол  стансалық жолда тоқтап тұрған басқа пойызды, одан жоғары жылдамдықпен озып өте алатын, озып өту пункті және бір жолды желілердегі озып өту мен қиылысуды қамтамасыз етеді.

  Локомотивтік сигнал беру құрылғысы – алдағы жол учаскесінің жағдайы мен көрінбейтін сигналдарды локомотив кабинасына автоматты түрде жіберу жүйесі. Автотежеумен үйлесімде сигналды авто реттеу кешенін құрайды.

  Орталықтандыру -  басқару мен басшылықты бір орталықта жинақтау; стансаның немесе оның жеке ауданының сигналдар мен бұрмаларының үйлесімін, сондай-ақ, диспетчерлік учаскенің (диспетчерлік орталықтандыру) жеке пункттерін орталық пульттан басқару.

  Маршруттық орталықтандыру – басқару орталығынан бір ықпалдың нәтижесінде блокировкалық қатынастармен жазылатын, қажетті оталарды жүйелі орындауға мүмкіндік беретін,маршруттағы бұрмалар мен сигналдарды басқару жүйесі.

Сұрыптау дөңесі – пойыздарды тарқату, жинау кезінде вагондарды сұрыптауға арналған стансалық құрылғы,белгілі бір тж жолдың еңісі арқасында айла кезінде тартым күшін қолдана отырып вагондардың өз бетімен сұрыптау паркінің тармақталған жолдарына сырғанауға мүмкіндік береді.

Телеграф – импульстік код көмегімен хабарды жеткізуді қамтамасыз ететін байланыс жүйесі.

Тепловоз – автономды энергия шығарушы агрегат-дизелмен немесе басқа да айналу моментін доңғалаққа берілу түрімен локомотив түрі. Көбіне электрлік берілісті тепловоздар таралған,онда дизель генератормен жалғанған және де соңғысы локомотив арбасында асып қойылған тартым қозғалтқыштарына арналған электрлік энергияны өндіреді.

  Кез келген автоматика мен телемеханика жүйесі жеке, бір-бірімен байланысты элементтерден тұрады. Жүйенің әрбір элементі энергияның сапалық немесе мөлшерлі түрлердіруі бойынша белгілі бір функцияны орындайды және өзінің кірісіне берілетін көлемнен шығыс көлеміне қатынасымен сипатталады, сапалық түрлендіру жүзеге асырылатын элементтерде кіріс және шығыс көлемдері әр түрлі мөлшерде болады. Мөлшерлі түрлендіру жүзеге асырылатын элементтерде кіріс пен шығыста бір физикалық шаманың әр түрлі сандық мәні болады.

  Теміржол автоматикасы мен телемеханикасы жүйелерінде негізінен, шамалардың бірі немесе екі шамада электрлік (тоқ,кернеу) болып келетін электрлік элементтер қолданылады.

  Автоматика және телемеханика жүйелерінде  атқаратын функцияларына байланысты келесі элементтер қолданылады: тетіктер(датчик), электрлік сүзгілер, реле, трансмиттерлер, тұрақтандырғаш (стабилизатор), ус немесе гели, дешифраторлар, трансформаторлар, қозғалтқыштар, айырғылар(распределитель) және т.б.

  Электрлік тетік электрлік емес шамаларды электрлікке түрлендіреді немесе өлшейді. Мұндай тетіктердің мысалы ГТБМ-56 магниттік тепкі бола алады, оның көмегімен стансаға жартылай автоблоктау кезінде пойыздың келуі қадағаланады және релс тізбегі, оның көмегімен оқшауланған жол телімінде жылжымалы бірліктің болуы мен болмауы қадағаланады.

  Электрлік сүзгі бір жиіліктегі электрлік сигналдарды (кернеу, тоқ) өткізеді және басқа жиіліктегі электрлік сигналдар үшін үлкен өшуді тудырады; ол алдындағы элементтен алынған ықпалды мөлшерлі және сапалық түрлендіріп келесі элементке жібереді.

  Реле электрлік шаманы (тоқ, кернеу) механикалыққа түрлендіреді, ол электрлік контакттың тұйықталуы мен ажырауы арқылы электрлік шамаға қайта түрленеді.

  Трасмиттер автоматика және телемеханика жүйелерінің жұмысында қолданылатын кодтық сигналдарды өндіреді. Тұрақтандырғыш кіріс шамаларының белгілі шегіндегі өзгерістері кезінде шығыс шамасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Күшейткіш электрлік сигналдарды күшейту үшін пайдаланылады, ол ықпалды мөлшерлі түрлендіреді.

Дешифратор алынған кодты оқып сапалы түрлендірілген ықпалды келесі элементке жібереді. Трансформатор кернеуді мөлшерлі түрлендіреді. Қозғалтқыш автоматты басқару мен реттеу нысанына ықпал жасау мақсатында электроэнергияны механикалық қозғалысқа түрлендіреді. Айырғы уақыт ішінде бөлінісін, сондай-ақ басқа электрлік тізбектер бойынша күнделікті импульстар сериясына кірісін қамтамасыз етеді.

   Сөйтіп, элементтер, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен реттеу бойынша жауапты функцияларды атқаратын теміржол автоматика және телемеханика жүйелерінің құраушы бөлігі болып табылады.

  Элементтер құрылысы мен жұмыс істеу принципі бойынша қарапайым, жоғарғы жұмыс істеу сенімділігімен және бөгеттерден қорғалған, аз габаритті мөлшерлер мен масса, жүйеде оңай ауыса алатын және профилактикалық байқаулар мен жөндеуге қол жетерлік болу керек.


Информация о работе Жүйелер элементтері туралы жалпы ақпараттар