Лабораторные по устройству автомобиля

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2013 в 21:06, лабораторная работа

Краткое описание

Зертханалық жұмыстарды орындау барысында студенттер теориялық білімді дамытып бекітеді және орман шаруашылығы машиналарының тараптары мен тетіктерінің ақауларын анықтау және жөндеу бойынша тіжериебелік дағды алады.
Әр зертханалық жұмыста: мақсаты мен мазмұны; зертханалық жұмысты атқаруға негізгі теориялық мағлуматтар; ауысулырды орындауға керекті технологиялық нұсқаулар: зертханалық жұмысты орындаудың тізбегін белгілейтің пиктограммалар жүйесі; кестелер мен бақылау сұрақтары берілген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

60676.doc

— 1.83 Мб (Скачать документ)

 

8.1 Жұмыс мақсаты

МЛН-2,5/0,25, МЛП-0,2, МЛВ-1 өз мөлшерлі мотопомпалар және орман шашушылары РЛО-М, ОРХ-3 (ОРХ-3М) құрылысын білу; өз мөлшерлі мотопомпалар мен ранцелық шашушылар жұмысқа дайындылығын негізгі жұмыс операцияларды білу.

Жұмыс орнының құрал-жабдығы: алаң, су арнасы, МЛН-2,5/0,25 мотопомпа, жүзу түріндегі МЛП-0,2 мотопомпа, РЛО-М, ОРХ-3 (ОРХ-3М) иыққа асатын бүркіткіш, оқу плакаттары.

          Жұмыс барысы: өз мөлшерлі мотопомпалар мен иыққа асатын бүркіткішмен дайын күйінде танысу және реттеу үшін дағдыларды игеру.

8.2 МЛН-2,5/0,25 орман  өрт сөндіру мотопомпасы

Мотопомпаның негізгі бөлшіктері мен бірліктері: «Дружба-4» мотопиланың қозғалтқышы, орталық насос, илгіш валымен және осьты насосымен сору түтігі, илгіш валды сөндіру механизмі, және өртке қарсы қолданылатын иілгіш түтігінің. Остік насос орталық насостың жұмыс дөңгелегіне аз уақытқа қосылады-тек қана сору түтігі сумен толу үшін, орталық насос жұмыс дөңгелегі содан кейін сөнеді.

Мотопомпа жұмысының  технологиялық процесі: суға мотопомпа түтігін сеткалы фильтрмен 25-30см тереңдікке түсіреді. Қысым түтігін беру қолдарын өртті сөндіру жеріне қояды немесе сумен толтыру үшін резервуарға салады содан кейін қозғалтқышты қосады, су ернеуіне беру жеріне келгенде, остік насосты сөндіреді. Суды беру қашықтығын реттейді, аралық су 1 мотопомпа толтыру үшін, ал басқасы суды әрі қарай береді.

 

8.3 МЛП-0,2 жүзу түріндегі мотопомпа

Мотопомпаның негізгі жинақтау бірліктері: пенопластадан жасалған понтондар, рама-сырты, орталық бір бағанды насос, мотоара МП-5 «Урал-2» қозғалтқышымен байланысқан, жанармай бағы, 2 штативпен бекітілген, сонымен бірге сору түтегі мен қондырғылары бар тірек. Мотопомпа контейнерде болады, ол дорба ретінде мотопомпаны арқалап жүру үшін пайдаланылады және жанармай бағын орналастыру үшін.

Мотопомпа жұмысының  технологиялық процесі: мотопомпа  қалыпты жұмысы істеу үшін судың айнасы 0,9*0,9 м² және тереңдігі 0,15м. Мотопомпаның судың бетінде орналасуы тірек құрылыс арқылы жасалады. Су сору түтігк арқылы сукөлінен, өртке немесе бактарға беріледі.

  

8.4 МЛВ-1 орман өртін сөндіру жоғары қысымды мотопомпасы

Мотопомпаның негізгі құрылым бөлшектері: жанармай бағымен рама, МП-5 «Урал-2» мотопила қозғалтқышы, 3 сатылы орталық су насосын қосу үшін автоматтың фрикциялық муфта, арқылы қозғалтқыштан насос валын айналдырады, қозғалтқышты басқару гашеткасы, диаметрі 26мм, ұзындығы 120м қысым түтігі, бас жағында ауыстыратын шарыратқыш қондырғысы бар. Диаметрі 32мм, сорғыш, иілгіш түтік, мотопомпа насосын алдын ала толтыру үшін қол насосы, от сөндіру сұйықтықты соратын иілгіш түтік.

Мотопомпа жұмысының  технологиялық процесі: 3 сатылы орталық насостың болуы өртке ұсақ дисперсті сұйықтықты беруді қамтамасыз етеді, бұл оның булануына жақсы әсер етеді, суытуды жақсартады. Су немесе отты сөндіру сұйықтық, иілгіш түтік арқылы өрт ортасына беріледі.

Қысым түтігі арқылы судың беру алыстығы және брандспойт арқылы су шашырауы дәрежесін реттеу: судың алысқа беруі, түтіктің өнімділігімен қысымынан, көлденең кимасынан, ішкі жағының өқдеу сапасына байланысты. Ол формуламен анықталады:

 

L = H/A Q2

 

L-түтіктің ұзындығы, H-насоспен дамытылатын күш, A-түтік қарсыласының коэффициенті, Q-су шығыны.

Су құрылысының өртпен төмен болуына байланысты суды белгілі қысыммен беру керек. Сондықтан:

       

L = H - (h1

+h2) / A Q2

 

h1-түтіктің басталу және аяқталу айырмашылығы; h2-түтіктің аяғындағы қысым.

Брандспойт үшін (наконечник) бұрау арқылы су ағуын реттейді.

 

8.5 РЛО-М иыққа асатын орман бүркіткіші

Бүркіткіштің негізгі және жинақталу бірліктері: иық қабы, қол насосы, резенке шланга арқылы қапқа қосылған гидропульт, қап аузына орналасқан фильтр, ол құйылатын сұйықтықты фильтрлеу үшін орналасқан және ұзындығы реттелетін иық белбеулері.

Гидропульт жұмысы: гидропульт екі әсерлі қол поршенді насостан құрылған, ол тұтқасы мен штогы бар цилиндрден тұрады. Цилиндрден шток шыққанда клапан ашылады, ал штокты шариктің клапан жабылады және сұйықтық қаптан шланга арқылы цилиндрге барады.

 

 

 

 

 

 

 

 

  а) шашылған су ағыны, б) қалыптасқан су ағыны, в) брандспойт соплосын жабу, 1-клапан, 2-саптама, 3-бүркіткіш, 4-ұшы, 5-тұрқы, 6-гайка, 7-серіппе.

 

   19 сурет - Өрт мотопомпа бранспойт су шашыпау дәрежесін реттеу

        

Бұнда штоктың сыртқы қабырғалары мен цилиндрдің ішкі жағында артық қысым болады және сұйықтық одан шток ішіне шашыранушыға ұмтылады да, сыртқа шығады. Кері әсер кезінде цилиндрдің шариктік клапаны жабылады, ал шток клапаны ашылады. Бұнда қаптан сұйықтық берілуі тоқталады. Сұйықтық бөлігі үлестіргішке келіп сыртқа шығады. Су берілуі жапқыш орналасуымен реттеледі. Жапқыштың жабылғанда су ақпайды, жапқыштың басқа күйлерінде су шашыраңқы, дөңгелекке дейін, бір қалып болады. Қалыптанған ағыс ұзындығы 8 м, ал шашыраңқы 2 м. Сөмкелі орман шашыратушы РЛО-М орман өрттерін сөндіруде өз қолданысын табады.

 

8.6 ОРХ-3М иыққа асатын химиялық бүркіткіші

Бүркіткіштің негізгі бөлімдері: ауыспалы трубкасы бар екі кесіндіден тұратын резервуар, гидропульт және жабылу краны, құйатын мойын жапқышы және оған кіргізілген химиялық толтырушы, гидропультті резервуарда байланыстыратын шланг және бақылау клапаны.

Бүркіткіштің жұмыс ережелері: бүркіткішті жұмысқа дайындағанда жабылу клапанын жабады, құю мойынның клапанын ашады және бақылау кранына дейін толтырады.

Содан кейін резервуарға  құйғышпен өрт сөндіру сұйықтығын бақылағыш кранына дейін құяды, содан кейін стаканды қойып, 110г қышқылды дайындайды (ақ түсті ұнтақ) және әр түрлі ұнтақ (калий 30г және 50 көмірқышқыл ұнтақ). Стаканға әр түрлі, содан кейін ақ түсті ұнтақ қосады, жібереді және бақылау клапанын жабады. Дозатордың кнопкасына басып оны 2-3 секундтен кейін босатады да бақылау клапанын жабады.

 

8.7 Шашыратқыш  резервуарын беріктікке тексеру  тәртібі

Резервуардың беріктігін жыл сайын жұмыс маусымы басталарда және күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін тексереді, ол корпустан, поршен және бұрандадан тұрады. Бұл үшін қақпақты алып стаканды алады, майысқақ шланг штуцерін бұрап алып орнына біттеуішті бұрап қояды. Сосын жел береді, резервуарға су құяды. Резервуарың ішіне қысым 90 Па болу керек. Бұрқысымды 1 минуттай ұсанды. Содан кейін резервуардың тұрқын байқайды.

 

Бақылау сұрақтары

 

  1. МЛН-2,5/0,25 мотопомпаның құрылысын айтыңыз?
  2. МЛН-2,5/0,25 мотопомпаның осьтік насосың сорғыш түтігінің қандай жұмыс атқарады?
  3. МЛП-0,2 мотопомпаның құрылысын айтыңыз?
  4. МЛВ-1 мотопомпаның құрылысы мен ерекшілігін айтыңыз?
  5. РЛО-М гидропульт бүркіткішінің құрылысы мен жұмысы туралы айтыңыз?
  6. ОРХ-3 бүркіткішінің құрылысы мен құю тәрьібін айтыңыз?

 

 

№ 9 Зертханалық жұмыс. Тарту күшін пайдалануды есептеу

 

9.1 Жұмыс мақсаты

Студенттермен көліктің жұмыс қарсыластығын анықтау; дағдыларын табу; көлік-трактор агрегаттардың өндірісін анықтау; іс көрсеткіш пен маркер есебі; арнаулы гектарларда трактор жұмысын есептеу.

Өндірістік операцияларды орындау үшін, арналған көлік-тракторлық агрегаттар санының есебінде (агротехникалық және ормандық талаптар есебімен) трактордың тарту күйі мен орман шаруашылық машиналардың түрі мен маркасы, олардың жұмыс жылдамдығын есептеп таңдап алу керек. Трактордың түрі мен маркасын сайлап алу үшін, орман шаруашылық машиналарының жұмыс кедергісінің, тракторың тарту күшімен салыстыру керек.

Көліктің жұмыс қарсыластығын  анықтау. Көліктің қарсыластық анықталуы 6 кестеде көрсетілген. Көліктің жұмыс қарсыластығын мына формула арқылы есептейді:

                                      Rпл = K1 aпл B

 

Rпл – көліктің жұмыс қарсыластығы кг/м; K1-көліктің меншікті қарсыластығы кг/м; B- көліктің қамтау ені м; aпл- жырту тереңдігі, см.

Егер агрегатта 2 немесе 3 соқа болса жұмыс қарсылығын формула арқылы есептеуге болады:

 

                                        Rагр = RM nM + Rcц

 

Rагр- агрегаттық жұмыс қарсылығы кг/м; RM –көлік қарсылығы жер жыртатын соқаның м; nM-агрегаттағы көлік саны; Rсц-тіркеуме қарсылығы кг; Rсц-тіркеуме қарсыластығы мына формула бойынша анықталады:

 

                                            Rсц = f Gсц

 

f-шайқалу қарсыластың коэффициенті (0,14-0,16 тең); G –тіркеудің салмағы, кг

 

6 кесте – Машинаның меншікті кедергісінің мағынасына мысалдар, кг/м қамту ені:

 

Машина (құрал)

Жұмыс жағдайы

Қарсылық

Тісті борона (орта және жеңіл)

Ормандық алаңдар мен  питомниктер

50-70

Орта бұрышты дискілі бороналары

Орман қыртысы жері

220-450

Орта бұрышты дискілі ауыр бороналары

Торфялық ауыр сазбалшық жерлері

450-1000

Толық өңдейтін табанды культиватор

Ормандық алаңдар, питомниктер

160-260

Дискілік сеялка

-

140-200

Катоктар

-бұжыр

-тегіс

-

250-400

350-500

25см тереңдікке жыртатын соқалар

-орта жер қыртысы

-ауыр жер қыртысы

-

1200-1400

1800-2500

20см тереңдікке өңделу фрездері

-

500-700


 

Себу көліктері, культиваторлар мен бороналарды тарту қарсыластығын анықтау. Жерді толық өңдеудегі борона тарту қарсыластығы мына формуласы бойынша анықталады:

                                          Rб = K1 BМ

 

Rб – борона тарту қарсыластығы, кг/м; K1 – ені бім метр қамту құралдық меншікті кедергісі, кг/м; BМ – қамту кеңі, м.

Боронаның жерді аралық өңдеу формуласы бойынша анықталады:

 

                                       Rб =  K1 ( BМ – 2е nряд)

 

Мұнда е - өңделу қатары қоршау шеткі көрсеткіші; nряд – культиватор бір өкенде қамтыйтын қатар саны.

Егін салатын машинаның тарту кедергісі:

 

                                          RМ = Rкач + ∑Rсош

 

RМ -егу машинаның тарту кедергісі; Rкач – сеялканың тірек дөңгелектерінің айналғандағы кедергісі; Rсош-сошниктер жұмысының жинақты қарсылығы.

       Жүру тереңдігі 2-6см дискілік сошниктің тарту кедергісі 60-85 Н жетеді, Бір анкер сошниктің өткір бұрышымен 3-6см жерге кіруі 30-65 Н; анкер сошнигі кеспейтін бұрышы 2-6см  жерге кіру 20-50 Н.

Трактордың толық пайдалануы. Бұны трактордың тарту күші коэффициенті бойынша анықталады.

 

ηисп = Rагр / Pкр.раб

 

ηисп –трактордың тарту күшін пайдалану коэффициенті; Rагр – агрегат тарту кедергісі; Pкр.раб –трактор ілгегіндегі тарту күші, кг;

Трактордың қалыпты жүктелген болып саналады, егер  оның тарту күшінің коэффициенті 0,85-0,95. Трактор агрегатының жинақтау кезде тарту күшінің коэффициентінің көрсеткіші бірге жақын болу керек. Егер көліктің жұмыс қарсыластығы трактордың тарту күшінен үлкен болса, тракторды  жиі төмен беріліске түсірудің әсерімен жұмыс сапасы төмендейді. Трактордың күші толық пайдаланбаса жанармай көп кетуі ықтимал.

 

9.2 Көлік-трактор  агрегатының өндірістік есебі

Анықталған уақытта  агрегатпен істеген жұмыс өндірістік деп аталады. Өңдіріс сағаттық, кезекпен және маусымдық болуы мүмкін. Жұмыс түріне байланысты өндірістік жер ауқымының гектарында көрінуі мүмкін (өнделген, егілген, себілген), километрде (орман құрату жұмыстары); м³ (жер қазу, дайындалған ағаш); ағаш түбірлерін қазып шығару саны.

Агрегаттың берілген уақытта жұмыс көрінісін теоретикалық өндірістігі деп аталады.

Егер агрегат В енімен бір сағат, 1 км/с жылдамдықпен жүрсе  онда оның өндеген аумағы тік бұрыш  болады. Бір жағы В-ға тең екінші ұзындығы L метр бір сағатта жүрген жолы. Бұл төрт тұрыштың аумағы агрегаттың өнімділігі.

 

                                                       Wт = B L

 

Wт –агрегаттың теориялық өндірісі; B- қамту ені, м; L-жол ұзындығы, м.

Орман шаруашылық агрегаттарының өндірісіне қамту ені, жылдамдық, және агрегат жұмыс уақытын пайдалану коэффициенті әсер етеді.

Жұмыс қамту ені орман  жұмыстарын орныдау кезінде агрегатта  өндеу құралдарының саны, оның дұрыс  тіркелеуіне, жұмысқа икемділігіне байланысты трактордың кезекті өнімділігі агрегаттың жұмыс уақыт ұтымды пайдалануға байланысты. Трактордың ақаулықтарына да байланысты тоқтау болады. Оларды азайтуға ұмтылу керек, жұмыс уақытының әр түрлі кедергесін жұмыс уақытының пайдалану коэфициенті К, деп айтады. Бұл жұмыс өнімділігінің жақсы элементі – пайдалы жұмыс уақыты

Информация о работе Лабораторные по устройству автомобиля