Лабораторная работа по "Транспорту"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 09:58, лабораторная работа

Краткое описание

Зертханалық жұмыстың есебі. Жұмысты орындап болған студентер оқытушыға осы практикум талаптарына сәйкес еспті көрсетеуі. Әр жұмыс есебінің (отчетінің) мазмұны:
алғашқы бет (Титульный лист);
жұмыстың номері, тақырыбы, мақсаты;
жалпы мағлұматтар;
жұмыстық тақырыбына, мақсатына, оқытушының нұсқауына сәйкес байқау тексеріске арналған сұрақтардың ішінен 2-4 сұрақтарға жазба-сызба жауаптар жазылады;
жұмыстық қортындысы;
қолданылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

авто.doc

— 1.83 Мб (Скачать документ)

 

       Орындалған  жұмыс жөніндегі есеп: форманы  толтыру

Кривошип-шатун механизмінің негізгі бөліктері

Материалдар

Маркасы

Блок-картер т.б.

Шойын

СЧ-18-36


 

Бақылау сұрақтары

 

  1. Блок -картердағы қалқалар міндеті?

2. Блоктағы цилиндірлер гильзаларының отырғызу жерлері қалай 
тығыздалады? 

3. Ауа мен суыту арқылы ішкі оттану қозғауьштың цилиндірлер 
қүрылысының ерекшеліктері қандай?

  1. Поршен сақиналар қүрылымы қандай және жүмыс уақытында олар қалай жұмыс істейді?
  2. Иінді валдың шатун мойыншаларының беттерінде май қалай тазаланады?

6. Кривошип – шатун механизмінің ақаулары және себептері мен түзеу жолдары туралы айтыңыз?

 

 

№ 2 Зертханалық жұмыс. Газ үйлестіру және декомпрессиондық механизм

 

2.1 Жұмыс мақсаты

Құрылу бірліктері Кривошип-шатун механизмінің құрылымын тексеру, жұмыс кезіндегі бір-біріне әсер ету, реттелуінен танысу. Газды үлестіру және декомпрессиялық механизм ақауларымен танысу, олардың себептерін анықтау, арылу жолдарын іздеу.

Жұмыс орнының құрал-жабдықталуы: СМД-14 Б дизелі бөлшектеу мен жинау үшін, «Үлестіру механизмі» плакаты, құралдар жинағы, коленчаттық білікті айналдыру тұтқасы.

Иінді білікті жүмыс  бірізділігі оқулықтың 2-ші параграфынан, 4-ші бөлімін оқу және үлестіру мен декомпрессиялық механизм негізі бөлімдері міндетін түсіну.

2.2 Газ үлестіру  механизмі

 



7 суретте механизмнің  негізгі бөлімдері көрсетілген. Клапанды, серіппе тәрелкесін, серіппе тірек шайбасы, клапанның бағыттауышы втулкасын, сухариктер, валикпен оның түрақты күнтесі, реттелу винті, контргайкамен күйентегі кіргезілген, штанга, итергіш, үлестіру жүдырық валы және оның валы.

Клапандардың құрылымы мен міндеттерін жақсылап білу керек, клапандардың тәрелкесінен білікке ақырын көшуге назар аудару, бұл керектік береді, жылудың өтуін жақсартады жэне газдар қозғалысының қарсылығын азайтады. Клапан білігі тегістелген, күйенте басының әсер етуінен тозбау мақсатымен беті суарылған. Фаска 45º бұрышында цилиндрдің ұясына үлкен тығыздығы мен жабысуы үшін жасалған. Еңгізу клапандар диаметрлері, кейде шығару диаметрлерінің артық (ауамен жақсы толтыру үш). Еңгізу клапаны- хромды болат, ал шығару клапан-ыстыққа тозімді болаттан жасалады.

Сухариктар, бағыттаушы втулка, серіпелердің, күйенте, штанганың  және итергіштің құрылымы мен белгіленуі 8 суретте көрсетілген. Сухариктар екіге бөлінген конустық сақина ретінде берілген. Кейбір сақиналардың ішкі жағында клапан білігіне кіру бортиктары бар. Бағыттаушы втулка клаппаннның бағытталу қозғалысы мен оның қиғашсыз отырғызылмауын қамтамасыз етеді. Бағыттаушы втулка металлокерамикадан болуы мүмкін, ол цилиндірлер басына тығыздалады. Серіппелер клапандардың жабылуы үшін және жақсы отырғызылу үшін күш береді. Екі серіппе бары олардың мөлшерін азайтады, сенімділігін көтереді және жұмыс жағдайын жақсартады.

 

 

 1-аралық шестернясы, 2-поршен, 3-клапан, 4-цилиндрлердың басы, 5-бағыттаушы втулка, 6-клапан серіппелері, 7-күйенте, 8-күйенте (валигі) осі,     9- реттеуші винт, 10-контргайка, 11-күйенте валик тірегі, 12-штанга, 13-итергіш, 14-үлестіру валы, 15-үлестіру вал шестернясы, 16-иінді білігінің шестернясы.

 

7 сурет – Саңырауқұлақ түрлі итергіш газ үлестіруші механизм сызбасы

 

 



 

 

1- клапан, 2-серіппелер  тәрелкесі, 3-сухариктер, 4-сухариктер втулкасы, 5-серіппелер, 6-серіппелер тірек шайбасы, 7-клапанның бағыттаушы втулкасы, А- клапан фаскасы;

 

8 сурет – Трактор дизельдің клапандық механизм

 

Күйенте 2 иінді рычаг, ұзын иіні де суырылған боек бар, бұнымен клапан иегі басады, ал қысқа иінді реттеу бұрандамасын бұрау үшін саңылау бар, бұрандамасын бұрау үшін саңылау бар, бұрандама арқылы клапан мен күйенте боек арасында саңылау болады.

 



Штанга итергіштен күйенте  күш жіберу үшін қажет, ол тұтас немесе бос болат біліктен жасалады. Саңырауқұлақты итергіштерде штанга орнату үшін сферитикалық тереңдіктері бар, итергіштің астынғы бөлігінде тегіс немесе сферитикалық бет бар. Жұмыс уақытында итергіш үнемделі қозғалыс және айналма қозғалыстар бір уақытта жасалады.

2.3 Үйлестіргіш вал

Қозғалысының  оң жағындағы блокта сырғанау подшипниктерінде вал орналасқан. Іске үлестіргіш шестернялар арқылы қосылады (9 сурет, а) иінді біліктің алдынғы ұшында орналасқан шестернядан аралық шестерняға, содан кейін өз үлестіргіш валдардың келісімен айналуы арнайы белгілер арқылы шестерняларды жинап орнатуымен жетеді.

Валдың негізгі бөлімдері 9 б суретте көрсетілген. Блокта тығыздалған втулкаларда мойыншалары айналады.

 Жұдырықшалардың қатыстық орналасқан, орнын санын жэне түрін әкелу, шестерня валында бекітуді жэне айналмалы беттер майлану тэсілдерін білу қажет. Қозғаушының картер сыртынан валды алмасу және айналу жолы арқылы картердің отырғызылған кесікке қояды. Үлестіруші валдың остік жылжуы; блок жағына втулкамен шектеледі, оған валдың алдыңғы мойынша бурты немесе тірек сақинасы тіреледі, ал үлестіруші шестернялар қақпағы жағына – реттеу бұрандасымен, оған табанша немесе болтпен тірейді.

 

 

    а-үлестіруші механизмнің шестернясы, б-үлестіруші вал, 1-гидрожүйе насосының қосу шестернясы, 2-май насосының қосу шестернясы; 3-үлестіргіш вал қосу шестернясы, 4-аралық шетернясы, 5-6-май насосының бастапқы және келесі шестернясы, 7-фланец, А-жұдырықшалар, Б-тірек мойыншалар;

 

9-сурет – СМД – 14 БН үлестіруші механизбөліктері

2.4 Декомпрессиялық  механизм

Негізгі бөліктері (құрамдас бөлімдері) 10суретте көрсетілген. Бұл валиктер тіректері және олардың орналасуы, валиктер және бір-бірімен байланысы, остер және корпуста орналасуы, реттеушісімен рычаг, тяга және тұтқасы. Декомпрессиялық механизмнің қосылған кезінде валиктердің бұранда басы бір жаққа қарайды, үлестіруші механизмнің жұмысына кедергі жасамайды. Декомпрессорды қосқанда валиктер бұрылып бұрандама басымен күйенте иініне басып клапандарды ашады. Жұмыс уақытында декомпрессор бөліктері серіппе қысқышымен бекітіледі.

 



 

   

 А-сызба, б-СМД-14 БН қозғаушының механизм құрылымы, 1- валик тірегі, 2-валик, 3-ось, 4- корпус, 5-фиксаторлы рычаг,6-тяга, 7-тұтқа.

 

                 10 сурет – Декомпрессиялық механизм

 

2.5 Клапандар мен күйенте қақапалары арасындағы саңылауларды реттеу

Цилиндрлер басының  қақпасы (11 сурет) шаң тозаңнан тазалап  шешу. Күйенте қақпалары мен клапандар білтелері арасындағы жылу саңылауларын реттеу үшін: декомпрессиялық механизм валигін бұрғышпен қосылған күйге беру: иінді білікті айналдыру және содан кейін кіргізу клапандары ашылып жабылғанша (бірінші цилиндрдің клапан күйентесін қарау арқылы) соңында бірінші цилиндр поршенін жоғарғы тұйық нүктеге құру, шпилькаға басу арқылы, иінді білікті ақырын айналдыру, сермеушідегі саңылауға шпилька кіргенше, декомпрессиялық механизм валигін сөндіріп, орнату және (қуыс бұрғы арқылы) күйенте қақпағы мен білік арасындағы саңылауды өлшеу. Қозғаушының қалыпты пайдалану берілген мөлшерлеріне саңылаулары сай келсе, бұрандаманы бұрғышпен үстап күйентеге реттеу бүрандама контгайка бұрандамасын кіргізіп немесе шығарып, күйенте қақпағы мен клапан білік арасында қалыпты саңылау орнату, бұдан кейін контргайканы тартып саңылауды өлшеу; сермеуші картер саңылауынан құрылу шпилькасын шығарып және айналмалы білігімен сол саңылауға кіргізу, үшінші, төртінші және, екінші цилиндрлерде керек жағдайда клапандар саңылауларын тексеріп реттеу жэне жарты-айналымға коленчаттық валды әрбір кезде айналдырып цилиндрлер басының қақпағын қойып, оны гайкалармен бекіту. Декомпресиялық механизмді тарту рычагымен байланыстыру.

 



 

 

11 сурет – Механизм клапанның саңылауларын реттеу

 

Екінші кестеде газүлестіру және декомпрессиялық механизм ақаулары олардан арылатын шаралар берілген.

 

2 кесте

 

Ақаулықтар

Ақаулық себебі

Түзеу жолы

Қозғауыш жұмысқа қосылмайды

Клапандар толық жабылмайды

Барлық клапандарын қарап ақауларды сүрту

Қозғаушы іркіліп істейді, керек күшті жетілдіре алмайды

Клапандар тоқталуы, клапандар  серіппелер сынуы

Цилиндрлер қалпақшасынын шешіп, клапандары күйеден тазалау клапандар серіппелер ауыстыру

Түтінді пайдаланған  газдық шығуы (ақ немесе қара түтін)

Үлестіргіш шестернялар  дұрыс құрылмаған сондықтан жанармай толық жанбайды; клапан білігі мен күйенте қақапағының саңылауларының бұзылуы 

Клапандардағы 
саңылауларды, клапандар        біліктері жэне  күйенте  қақпағы арасындағы саңылауларды реттеу


 

Орындалған жұмыс туралы есеп: қозғаушы клапандар механизіміндегі қалыпты саңылаулар ақаулықтарын себептерін көрсету, саңылауларды өздері реттеп, астындағы формамен толтыру.

 

Қозғаушы маркасы

Қалыпты саңылау, мм

 

Кіргізу клапаны

Шығару клапаны


 

 

Бақылау сұрақтары

 

1. Газүлестірудің механизмі бөліктерінің құрылымы мен олардың бір бірімен өзара байланысу туралы айтыңыз.

  1. Декомпрессиялық механизм бөліктерінің кұрылымы мен өзара байланысуы туралы айтыңыз.
  2. Клапан механизмдерінің саңылауларды реттеу тәртібі қандай.
  3. Газ үлестіру механизмнің мұмкін ақауларын айтып, олардың себептері мен арылу жолдары.

 

               

№ 3 Зертханалық жүмыс. Автотракторлық қозғаушының суыту жүйе бөліктері мен құралдар қүрылымы

 

3.1 Жұмыс мақсаты

Қозғаушы  сұйықтың және ауа суыту жүйелерінің бөліктері мен құралдар қүрылымын білу. Болатын ақаулықтармен танысу, себептері мен жою жолдарымен танысу.

Жұмыс орнының құрал - жабдығы : сұйықтық суытуымен қатарлық қозғауыш, гидромуфтасы бар ауа мен суытатын қатарлық қозғаушы, суыту, жүйелері қүралдары, оқу плапкаттары.

Жұмыс барысы бірінші әдебиетің, бесінші параграфтан, төртінші бөлімін оқып, қозғауышты суыту жүйелерінің негізгі бөліктерінің мақсатын түсіну.

 

'^',3.2 Тракторлар қозғаушысының суыту жүйесі

Сұйықтық арқылы суытылатын қозғаушысының негізгі құрылымы бірліктері (құралдар) (12 сурет); цилиндрлер басы мен блок суытылатын су қабығы, радиатор, су насосы және желдеткіш, су үлестіруші жолының көмектесу құралдары, термостат, байланыстыру шлангілері, ағызу шүмектері және термометр.



1-майлану жүйесінің  радиаторы, 2-желдеткіш; 3-желдеткіштің сырты, 4-трос, 5-су радиаторы, 6-су қую мойынша қақпағы, 7-шүмек, 8-астынғы бақ,    9-жалюздер.

 

           12 сурет – Су мен май суытатын радиатор

 

Суыту жүйесінің жұмысы: қозғауыш жұмысы кезінде суыту жүйсіндегі судың күшпен айналуы орталық су насосы арқылы жасалады, ол радиатордың астынғы басынан қысыммен суды алып кетіп, қозғаушының су қабағына апарады, онда ол цилиндр қабырғаларын суытады. Блоктың су аймағынан су саңылаулар мен жолдар арқылы цилиндрлер басы су қабағына барады. Суық қозғаушыда су термостатпен су аймағынан су насосына (кіші шеңберде) радиатор арқылы өтпейді. Желдеткішпен келетін ауа суды суытады. Жылынған қозғаушыда радиатордың жоғарғы басына су үлкен шеңбер арқылы барады. Көптеген түтікше арқылы радиатордың жоғарғы жағынан төменге жүргенде су суытылады.

              

3.3 Қозғаушының ауа суытылу жүйесі

         Ауа суытылуы бар қозғаушының құрылым бірліктері. Ротор желдеткіші және оның қалақшалары ауа үлестіргіш қозғалмайтын бағыттаушы аппарат, және цилиндрлер басында орналасқан майды әкелу реттеуші гидродинамикалық муфта.

Суыту жүйесінің жұмысы: қозғаушы жұмыс кезінде ротор желдеткішісімен цилиндрлер және олардың бастарын күштеп ауамен желдету өтеді. Жылу тәртібінің роторының айналу жиілігі өзгеруі арқылы болады. Егер қозғаушы жылымаса, золотник майлану жүйесінен гидромуфтаға майды жібермеуі, нәтижесінде дөңгелегі мен желдеткіш айналмайды. Керек температураға жеткенде золотник гидромуфтаға майды апарады және желдеткіш айналады.

3.4 Қатты толтырғышы бар термостат

Қатты толтырғышы бар  термостат негізгі бөліктері. (13 сурет, а): жезден жасалған корпусы, негізгі және бүйір клапандар, қатты церезин толтырғышы мен баллоны, шайбасы бар резинкелік ендірмесі, онда қалақанша енгізілген . Негізгі және бүйір клапандары баллонда бекетілген .

Термостат жүмыс істеуі: 70-85°с температурасында церезин ериді де, ашылу жағына қарай негізгі клапанды жылжытады, сұйық радиатор арқылы айналып жүреді. Температура түскенде церезин қатайып көлемі азаяды, қайталану серіппесі арқылы негізгі клапан жабылады, ал су бүйір клапанымен су насосына барады, басқаша айтқанда кіші шеңбер арқылы айналады.

Информация о работе Лабораторная работа по "Транспорту"