Кіріспе, автомобиль классификациясы, жалпы құрылысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2014 в 18:54, реферат

Краткое описание

1. Автомобильдің халық шаруашылығындағы орны
2. Автомобильдің жіктелуі
3. Автомобильдің негізгі құрылысы

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лекция 1. Автомобиль классификациясы, жалпы құрылысы..doc

— 452.50 Кб (Скачать документ)

Карданды беріліс  бас беріліс пен беріліс қорабының аралық буыны ретінде қолданылады. Оның негізгі міндеті — автомобильдің қозғалысы кезінде беріліс қорабынан бас беріліске айналдыру моментін беріп тұру.

Бас беріліс  автомобильдің жетекші дөңгелектерінің айналдырушы моментін ұлғайтып, оны тік бұрышпен жарты осьтерге беру үшін керек.

Дифференциал  жетекші дөңгелектердің автомобиль кедір-бұдыр жолмен жүріп келе жатқанда және бұрылыс кезінде әр түрлі жылдамдықпен айналуларын қамтамасыз етеді.

Жартылай осьтер автомобильдің жетекші дөңгелектеріне айналдырушы моментін беріп отыру үшін керек (айналдырушы момент деп — дененің сыртқы күштер әсерінен айналу моментін айтады. Ол иінге түскен күштердің қосындыларымен анықталады).

Жүріс бөлігі — рамадан тұрады да бұған автомобильдің барлық агрегаттары мен механизмдері, алдыңғы және артқы осьтері, рессорлары, амортизаторлары мен пневматикалық шиналы дөңгелектері бекітіледі. Рамасыз автомобильдерде раманы кузовы алмастырады.

Басқару механизмдеріне басқару рулі мен тежеуіш жүйесі кіреді. Басқару рулі автомобильдің жүру бағытын өзгерту үшін керек болса, тежеуіш жүйесі оның жүрісін баяулату, не мүлдем тоқтату үшін керек.

Москваның Лихачев атындағы заводы — жүк көтергіштігі 12,4 тонналық ЗИЛ-ІЗ0ВІ жүк тартқыш-автомобилін; базасы үлкейтілген ЗИЛ-ІЗ0Г автомобилін; құрылыста қолданылатын ЗИЛ-ММЗ-555 автомобиль-самосвалын; өткіштігі жоғары ЗИЛ-131 автомобильдерін шығарады.

Горький автомобиль заводы — жүк көтергіштігі 2 тонналық өткіштігі жоғары ГАЗ-66 автомобилін; экранды электр жабдықтары бар ГАЗ-66-04 автомобилін; лебедкалы ГАЗ-66-02 автомобилін шығарады. Бұл автомобильдердің барлығы да шиналарына ауа толтырудың орталықтандырылған жүйесімен жабдықталған.

Кременчуг заводы — жүк кетергіштігі 11 тонналық КрАЗ-256Б автомобиль-самосвалын шығарады.

Минск заводы —  жүк көтергіштігі 7 тонналық темір кузовты МАЗ-503Б — автомобиль-самосвалын; жүк көтергіштігі 17,45 тонналық МАЗ-504 жүк тартқыш ерлі автомобилін; базасы ұзын үлгілі МАЗ-500Г; солтүстіктегі жағдайда жұмыс істеуге арналған МАЗ-512 оңтүстіктегі жағдайда жұмыс істеуге арналған МАЗ-513 автомобильдері мен өткіштігі жоғары ағаш таситын МАЗ-509 автомобильдерін шығарады.

Белорус заводы бір осьті БелАЗ-531 тартқыш автомобилін; жүк көтергіштігі 40 БелАЗ-548А автомобилін шығарады.

Урал зазоды өткіштігі жоғары және жоғарылатылған Урал-377 автомобилінің екі түрін шығарады.

Кутаиси заводы жүк көтергіштігі 11,5 т платформасын оң жағына аударып төңкеруші КАЗ-717 автомобиль-самосвалдарын шығарады. Мұндай автосамосвалдар тайланбаған мақта тасуға арналған.

Москваның Ленин комсомолы атындағы автомобиль заводы «Москвич-426», «Москвич-427», «Москвич-433» және «Москвич-434» автомобильдерін шығарады.

Львов заводы ЛАЗ-695Н  және ЛАЗ-697Н «Турист» және ЛАЗ-698 автобустарын шығарады.

Ұсынылған әдебиеттер

1. Автомобиль. Үшінші  класты жүргізушінің оқулығы  (Ж.К. канафин бастамасымен басылған). Қарағанды: 1996 ж.

2. Тур Е.Я.  Устройство автомобиля. М.: Машиностроение. 1990 г.

3. Калисский В.С. Автомобиль  категории "С". Учебник водителя. М.: Транспорт. 1987 г.

4. Воровской Е.И. и другие. Устройство автомобиля. Практическое  пособие. М.: Высшая школа. 1983 г.

5. Вишняков Н.Н и др. Автомобиль. М.; Машиностроение, 1976

 


Информация о работе Кіріспе, автомобиль классификациясы, жалпы құрылысы