Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2015 в 21:40, лекция
ЭО-да орталықтандырылған бұрма жағдайын бұрмалы электрлік жетектер бұрманы ауыстырады, тұйықтайды және бақылайды.
ПТЕ (пайдалану-техникалық ережелер) талаптарына сәйкес бұрмалы жетектер келесі шарттарды қамтамасыз ету қажет:
- бұрмалар ауыстырылған соң үшкірдің рамдық рельске тығыздай жатуын;
- үшкір мен рамдық рельстің арасындағы саңылау 4 мм-ден аспаған жағдайында бұрманың тұйықталуын;
- бұрмаларды ауыстырған кезде үшкірдің жүруі 125мм-ден кем болмауын;
- бұрманы ауыстырған кезде бір үшкірдің рамды рельстен кетуі 125мм-ге;
- бұрма үстімен пойыз жүрген кезде олардың ауысып кетуін болдырмау үшін бұрманың үшкірлерінің механикалық түрде тұйықталуын;
- бұрма ауысының взрезін бақылау;
- рамды рельс пен үшкірдің арасында бір бөтен зат қалған кезде қозғалтқыштың мөлшерден тыс жүктемесінен қорғауын.