Бағдаршамдар және оларды орналастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 21:10, реферат

Краткое описание

Бағдаршам дегеніміз -көше желісіндегі көліктер мен жолаушылардың қауіпсіз қозғалысын қамтамассыз етуге арналған реттеуіш техникалық жабдық.
Бағдаршамдар әртүрлі белгілері бойынша өзара бөлінеді:
- қызметтік тағайындалуы бойынша: көліктік және жаяу жүргіншілердің жол өткелдеріне арналған өткелдік.
- құрылымдық түрі бойынша: бір, екі, үш бөлікті және қосымша бөлігі бар үш бөлікті.
- қозғалысты басқару үрдісіндегі атқаратын қызметі бойынша: негізгі, қатар берілуші және қайталаушы деп бөлінеді

Прикрепленные файлы: 1 файл

6 такырып ОДД.doc

— 42.00 Кб (Скачать документ)

Тақырып 6.  Бағдаршамдар және  оларды орналастыру.

 

Бағдаршам дегеніміз  -көше желісіндегі көліктер мен жолаушылардың қауіпсіз қозғалысын қамтамассыз етуге арналған реттеуіш техникалық жабдық.

Бағдаршамдар әртүрлі белгілері бойынша өзара бөлінеді:

- қызметтік тағайындалуы бойынша: көліктік  және жаяу жүргіншілердің  жол өткелдеріне арналған өткелдік.

- құрылымдық түрі бойынша: бір, екі, үш бөлікті және  қосымша бөлігі бар үш бөлікті.

- қозғалысты басқару үрдісіндегі атқаратын қызметі бойынша: негізгі, қатар берілуші және қайталаушы деп бөлінеді

Көліктік бағдаршамдардың 8 түрі, ал жол өткелдеріне арналған бағдаршамдардың 2 түрі бар. Әр бағдаршамның өзінің нөмері бар. Ол нөмердің бірінші саны бағдаршамның тобын (көліктік, өткелдік), екінші саны түрін, үшінші саны оның қызметінің әртүрлігін көрсетеді.

Көлікті бағдаршамдардың түрлері:

1. Диаметрі 200 немесе 300 мм дөңгелек пішінінде  үш түсті қосымша бір  белгісі бар бағаршам. Орналасуы көлденен және тік (осы түрі үшін ғана). Орналасуы тігінен орналасқан үш белгінің қасындағы дөңгелек пішінді қара түсті  бағыттамасы бар белгі бұл түрі барлық бағыттар мен қиылыстар үшін қолданылады.

2. Диаметрі 200 немесе 300 мм дөңгелек пішінінде  үш түсті бағдаршам. Бағдаршамның ішінде бағыттауыштар болады. Бағдаршамның астында немесе үстінде оның бағыттауыштарымен бағыттас ақ белгі тақтайшалар қойылады. Бұл түрі тек белгілі бір бағыт бойынша ғана қолданылады.

3. Бұл түрге 1- түрдегі белгілерді қайталайтын бағдаршамдар жатады. Бірінші түрмен бірдей, бірақ өлшемі кішкентай диаметрі 100 мм болады. Оны негізгі бағдаршамның  астына 1,5-2 м биіктікте орнатады. Ол шекті сызыққа өте жақын келіп тоқтаған жүргізушінің көру мүмкіндігін кеңейтеді.

4. Жеке жол тармақтарындағы қозғалысқа арналған. Ол жолдың әр тармағының бас жағына қойылады. Көлденен орналасады: сол жақта айқасқан қызыл түсті бағыттауыш бар  белгі, оң жақта қиғаштай төмен қараған жасыл бағыттауышты белгісі ар өлшемі  450-500 мм төртбұрыш пішінді бағдаршам. Реверсивті қозғалыс кезінде қолданылады.

5. Диаметрі 100 мм дөңгелек пішінді ақшыл түсті төрт бөлікті бағдаршам. Ол қоғамдық көліктердің  жүрісін реттеуде еш қиындық  жоқ жол бөліктерінде ғана қолданылады. Егер қоғамдық  көліктерге арнайы жолдар балмаса, қозғалысты қиындықсыз реттесе  бұл бағдаршамдарды орнатуды еш қажеті жоқ.

6. Диаметрі 200 немесе 300 мм  көлденен орналасқан дөңгелек пішінді екі қызыл түсті бағдаршам. Олар кезектесіп жыпылықтап жанып- өшіп тұрады, теміржол өткелдеріне, айырылыспақ көпірлерде т.б. қолданылады.

7. Үнемі жанып жыпылықтап тұратын сары түсті бір  бағдаршам. Ол реттеулі қиын, қауіптілігі жоғарғы жол қиылыстарында қолданылады.

8. Дөңгелек пішінді тік орналасқан қызыл және жасыл түсті қос бағдаршам. Қозғалыс жылдам тек бір тармағы бойынша жүретін кезде уақытша қолданылады.

Жол өткелдеріне орналасқан бағдаршамдар дөңгелек және төртбұрышты, қызыл  және жасыл түсті болып келеді. Диаметрі немесе төртбұрыш қабырғалы 200 немесе 300 мм.

 Өлшемі үлкен бағдаршамдар  орталық көшелер мен алаңдарда, жылдамдық 60 км/сағ. Жоғары және көріну  мүмкіншілігі  төмен жол аралықтарына қойлады.

Бағдаршамдар арнайы бағаналар мен аспалы немесе бүйірлей шығып орналастырылған  темірлерге, ғимараттардың қабырғаларына орналастырады. Бағдаршамдарды  көліктер соғып кетпеуі үшін жолдан алшақтау   және биіктеу жерге орнатады немесе қоршаулармен қоршап қояды.

Бағдаршамдар барынша жақсы көрінетіндей жерге орналастырылады. Көріну мүмкіншілігін арттыру үшін қосымша қайталаушы бағдаршамдар орнатады.

Бағдаршам белгілері жақсы көрінуі үшін жол үстіндегі бағдаршам 5-6м биіктікте, ал жол шетіндегілер 2-3 м биікте орналастырылуы керек.

Көліктік бағдаршамдар  мен көліктердің бағдаршамда тоқтау сызықтары:

 

  1. Жол үстінде орналасқан бағдаршам мен тоқтау сызығының арақашықтығы 10 м болмауы керек: (қайталаушы бағдаршам болса 5 м дейін қысқартуға болады).

 

  1. Жол шетіндегі бағдаршам мен тоқтау сызығының арасы 3 м болуы керек. (қайталаушы бағдаршам болса 1-ге дейін қысқартуға болады).

 

Егер осы қашықтық сақталмаса жүргізуші бағдаршам белгісін өз уақытында дәл  көрмей қалауы мүмкін. Соның салдарынан көліктердің бөгеліс уақыттары көбейеді және  жол – көлік оқиғаларының болуына  жол ашады.

Жол өткелдеріне арналған  бағдаршамдарды жол өткелінен 1м - ден артық қашықтықта қоюға болмайды. Себебі, бағдаршам белгісін жол үстінде тоқтап  тұрған кқліктер жауып, көрінбей қалуы мүмкін.

Негізгі бағдаршамда сол жаққа бұрылу белгісі жоқ болса жол қиылысының оң жағына орналастырылады, ал бар болса оң жақта тұрған бағдаршамға қосымша орталық жол айрығының алдында сол жаққа бағыттаушы бағдаршам орналастырылады.

Көліктік бағдаршамдар  мен жол өткелдерінің  бағдаршамдарына уақытты көрсетіп  тұратын қосымша белгілер қою арқылы көліктер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге  және уақытты тиімді пайдалануын арттыруға мүмкіндік туды.

Темір жол өткелдеріндегі бағдаршамдарына жолды жабу  құралының алдында орналастырылады. Ол жолды жабардан бұрын қызылға ауысады, ал жасыл белгі жолды ашып, болған соң ғана жанады.

 

 


Информация о работе Бағдаршамдар және оларды орналастыру