Автомобильдің рульмен басқару жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2015 в 10:56, дипломная работа

Краткое описание

Бүгінгі күні әлемдік өндіріс жылына 50 млн. тасымал құралын шығарып келеді. Олардың айырмашылығы мен ерекшеліктері қозғалтқышты, тежеуіш жүйесін, трансмиссия жұмыстарын реттеу, басқаруды электрлендіру мен автоматтандыру болып табылады.
Автозауытконструкторлары рульдік басңаруды тежеуішті күшейту, көру аймағын жақсарту, жылыту және кабинаны желдету жүйелерін жақсарту, жүргізушінің орындығын жетік қондырғылармен ыңғайластыру, басқару автоматикасын қолдану жөне басңа қосымша жақсартулар арқылы жүргізуші еңбегін жеңілдетіп келеді.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. ІІ. Автомобильдің жалпы құрылысы
Автомобильдердің классификациясы
Автомобильдің жалпы құрылысы
Автомобильдің техникалық сипаттамасы
ІІІ. Автомобильдің рульмен басқару жүйесі:
Автомобильді басқару қызметі
Руль механизмінің құрылысы мен жұмысы
Руль жетегі
Рульмен басқарудың пайдаланыста реттелуі
Рульмен басқарудағы ақаулар
Рульмен басқаруға техникалық қызмет көрсету кезінде
атқарылатын негізгі жұмыстар
ІV. Техникалық диагностика және техникалық қызмет көрсету:
Техникалық қызмет (ТҚ) жұмыстарының арналымы
Автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуталаптары
Ауысым сайын техникалық қызмет көрсету
Күрделі және ағымды жөндеу
V. Қоршаған ортаны қорғау
VІ. Қорытынды
VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Рульмен баскару.doc

— 3.76 Мб (Скачать документ)

Батыс Қазақстан облыстық білім департаменті

А. Иманов атындағы №12 кәсіптік лицей

 

 

 

 

Дипломдық жұмыс

 

Тақырыбы:   «Автомобильдің рульмен басқару жүйесі»

 

Мамандығы: «Автокөлікті жөндеу және техникалық қызмет көрсету»

Біліктілігі:      «Жүргізуші»

 

 

                                                                    

 

 

 

 

 

                                                               

 

   Орындаған:                                       №26-топ оқушысы:Талапов Н.А.       

   Тексерген:                                           Тюмелиев А.А.

 

 

 

 

 

Орал қаласы. 2011 жыл.

Жоспар:

 

 І.   Кіріспе

ІІ.   ІІ.   Автомобильдің жалпы құрылысы

       Автомобильдердің классификациясы

       Автомобильдің жалпы құрылысы

        Автомобильдің техникалық сипаттамасы

ІІІ. Автомобильдің рульмен басқару жүйесі:

Автомобильді басқару қызметі

Руль механизмінің құрылысы мен жұмысы         

Руль жетегі

Рульмен басқарудың пайдаланыста   реттелуі

Рульмен басқарудағы ақаулар

Рульмен басқаруға техникалық қызмет көрсету кезінде

атқарылатын негізгі жұмыстар

 

ІV. Техникалық диагностика және техникалық қызмет көрсету:

    Техникалық қызмет (ТҚ) жұмыстарының арналымы

   Автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуталаптары

   Ауысым сайын техникалық қызмет көрсету

Күрделі және ағымды жөндеу

V.  Қоршаған ортаны қорғау

VІ.  Қорытынды

VІІ.  Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Тасымал көлігінің негізгі міндеттері - ауыл шаруашылығын, халық шаруашылығын және тұрғындарды тасымалдау қажеттілігімен толығымен сапалы қанағаттандыру, жұмыстың барынша экономикалық тиімділігін арттыру. Автокөлік тасымалында автотасымал құралдарының пайдалану тиімділігін арттыру - бірінші кезекте тіркемелерді және жартылай тіркемелерді пайдалану арқылы жүзеге асыру, өнімсіз бос тұруларды болдырмау, автокөліктердің бос жүрістерін қысқарту, тиімсіз тасымалдарды болдырмау, жалпы тасымалдауға автокөліктерді басымырақ өрістету, автокөлік паркі құрамын жақсарту. Осыларға байланысты инженер және техник мамандардан автокөліктердің құрылысын түсініп қана қоймай, өз бетінше жаңа механизмдерді немесе жүйені, сондай-ақ бүтіндей жаңа автокөлікті бағалай білуі талап етіледі.

Бүгінгі күні әлемдік өндіріс жылына 50 млн. тасымал құралын шығарып келеді. Олардың айырмашылығы мен ерекшеліктері қозғалтқышты, тежеуіш жүйесін, трансмиссия жұмыстарын реттеу, басқаруды электрлендіру мен автоматтандыру болып табылады.

Автозауытконструкторлары рульдік басңаруды тежеуішті күшейту, көру аймағын жақсарту, жылыту және кабинаны желдету жүйелерін жақсарту, жүргізушінің орындығын жетік қондырғылармен ыңғайластыру, басқару автоматикасын қолдану жөне басңа қосымша жақсартулар арқылы жүргізуші еңбегін жеңілдетіп келеді. Дегенмен, жаңа автомобильді құрылымдың жақсарту оны күрделендіре түсіп, жаңа аспаптар мен автоматиканы қолдануды және қосымша өр түрлі қондырғыларды пайдалануды қажет етеді.

Машиналар сапасын, олардың сенімділігін, бұзылмайтындығын және тиімділігін арттыру техникалық прогрестің негізгі бағытына жатады және олардың өзара ауыстырмалылығын қамтамасыз етуді талап етеді.

Автокөлік агрегаттарының құрылысы мен оларды пайдалану ережелерін жақсы білгенде ғана халық шаруашылық өндіріс еңбеккерлері алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай шешуге болады.

Сонымен қатар халық шаруашылығында пайдаланылатын автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың да маңызы арта түспек.

II. Автомобильдің жалпы құрылысы

Автомобильдердің классификациясы

Автомобиль-жүк, адам тасуға немесе арнаулы тапсырмаларды орындауға арналған өздігінен  жүретін транспорт құралы.

Қолданылуына қарай олар транспорттық, арнайы және спорт автомобильдері болып бөлінеді.

Транспорттық автомобильдер бірнеше типке бөлінеді.

а) жеңіл автомобильдер-жолаушылардың шағын тобын (8 адамға дейін) тасымалдауға арналған;

ә) автобустар- көптеген жолаушыларды (8 адамнан астам) тасымалдауға арналған;

б) жүк автомобильдері - әр түрлі жүктерді тасымалдауға арналған.

Жүк автомобильдері өз кезегінде жүк көтерімділігіне қарай (яғни кузовында тасымалдай алатын жүк салмағы бойынша) мынадай кластарға бөлінеді: өте шағын (0,5 тоннаға дейін); үлкен (1,0-2,0 т); орташа (2,0-5,0 тонна); үлкен (5,0-15,0 тонна); өте үлкен (15 тоннадан астам).

Сусымалы және жабысқақ жүктерді тасымалдайтын автомобильдерді самосвал кузовтармен жабдықтайды, сондықтан оларды автомобиль-самосвалдар деп атайды.

Арнайы автомобильдер белгілі бір жұмыстарды атқаруға арналған, сол себепті олар тиісті құралдармен жабдықталған. Бұл топтағы автомобильдерге автокрандар, автоцистерналар, тұқым толтырғыштар т.б. жатады. Олар транспорт автомобильдерінің өзгертілген моделі (модификациясы) болып саналады.

Спорт автомобильдері автомобиль спортымен шұғылдануға арналған.

Шасси типі бойынша автомобильдер рамалы және рамасыз деп бөлінеді.

Рамалы автобильдерде негізгі қаңқа рама болады, оған автомобильдің құрамды бөлшектері мен механизмдері бекітіледі.

Рамасыз автомобильдердің рамасы болмайды, ал автомобильдің құрамды бөлшектері мен механизмдері кузовқа бекітіледі. Мұндай жағдайда, автомобиль кузовын алып жүруші деп атайды.

Двигателінің типі бойынша автомобильдер карбюраторлы, дизельді және электр двигательді болып бөлінеді.

Карбюраторлы двигатель негізінен бензинмен, дизельді отынмен, электр двигателді-аккумулятор батареясымен жұмыс істейді.

Дүниежүзінде автомобильдерді класқа бөлу шешімі қабылданбаған, әр мемлекет оларды өзінше кластарға бөледі. Ресейде жеңіл автомобильдерді қозғалтқыштың жұмыс көлеміне байланысты бес класқа бөледі.

Еуропада жеңіл автомобильдерді алты класқа бөледі:

А класы-өте кіші өлшемді автомобильдер (Рено Твинго, ФИАТ Панда, Форд Ка, Фольцваген Лупо). Олардың ұзындығы 3,5 метр шамасында қалада пайдалануға арналған;

В класы – кіші өлшемді автомобильдер (Опел Корса, Фольцваген Поло, форд Фиеста), ұзындығы 4 метр шамасында;

С класы- кіші орта өлшемді автомобильдер немесе «гольф-класс» деп те атайды. (Фольцваген Гольф, Опел Астра, Форд Фокус, Рено Меган т.б.) Бұл класс Еуропаның  автомобиль паркінің 30 % -ын құрайды.

Д класы- орта өлшемді автомобильдер (Опел Вектра, Форд Мондео, Ауди А4, Пежо 406, Рено Лагуна)

Е және Ғ кластары- өлшемдері бірдей. Айырмашылығы бағаларында. Ғ класы бағасы жоғары болғандықтан элит класы деп саналады.

Сонымен қатар Еуропада пайдалану саласына байланысты топтарға бөледі: спорттық; мини-вен, т.с.

Америкада салонның және багажниктің көлеміне байланысты жеңіл автомобильдерді келесі кластарға бөледі: мини (компакт) (салон көлемі 2,4 м3 дейін); субкомпакт (Опел Вектра, Ауди А4); орта өлшемді; толық өлшемді.

 

 

 

 

 

Автомобильдің жалпы құрылысы

Автомобиль-механизмдер мен жүйелер жиынынан тұратын күрделі машина. Олардың конструкциясы әркелкі болуы мүмкін. Дегенмен, көпшілік автомобильдерде негізгі механизмдердің жұмыс әрекеті мен құрылыс принциптері бірыңғай болып келеді.

Механизмдердің қызметі мен өзара орналасуына байланысты автомобильдерді құрастыру жағы көбіне ортақ болып келеді. әрбір автомобильде негізгі бөліктерді үш жұпқа бөледі: кузов, қозғалтқыш және шасси.

Кузов-тасымал жүкті орналастыру үшін қажеттілік қызметін атқарады. Жеңіл автомобиль мен автобуста кузов жолаушыларды және жүргізушіні орналастыру үшін қызмет атқарады. Жүк автомобильдерінің кузовы жүк тиейтін платформадан және жүргізуші кабинасынан тұрады.

Қозғалтқыш- жанармай жанғандағы жылу энергиясын механикалық энергияға айналдырады. Осындай энергияны айналдыру қорытындысында қозғалтқыштың иінді білігін айналысқа келтіріп, механизмдер қатары арқылы айналу моментін автомобильдің жетекші доңғалақтарына жеткізіп отырады. Көпшілік автомобильдерде поршеньді бензинді немесе дизельді қозғалтқыштар қолданылады. Көбіне қозғалтқыш автомобильдің алдыңғы жағына орналастырылады.

Шасси-мынандай бөлшек, механизм және топтарын біріктіреді: трансмиссия, аспалы жүйе (несущая система), белдік (мосты), аспа (подвеска), доңғалақ, рульдік басқару және тежегіш жүйелері.

Трансмиссия- қозғалтқыштың білігінен жетекші доңғалақтарға айналдыру моментін жеткізеді және түрлендіреді. Трансмиссияға кіретіндер: ілініс (сцепление), беріліс қорабы, карданды беріліс, басты беріліс, дифференциал және жарты осьтер.

Автомобильдердің барлық механизмдерін бес негізгі топқа бөлуге болады:

  1. қозғалтқыш
  2. трансмиссия
  3. шасси
  4. кузов
  5. басқару

Қозғалтқыш автомобильдің жүруі үшін қажетті, механикалық энергияның қоры қызметін атқарады.

Автомобльдің бензин қозғалтқыштырының дизель қозғалтқыштырынан басты айырмашылығы иінді біліктерінің айналу жылдамдығында. Дизель қозғалтқыштарының минутына айналу саны 1000 мен 5000-ның арасында болады, ал бензин қозғалтқыштырының  1000 мен 12000 айналым/минут арасында болады. Осының арқасында автомобильдің бензин қозғалтқыштарының көлемі кішірек әрі жеңілірек болып келеді.

  Автомобильдің трансмиссиясы беріліс механизмдерінен тұрады. Автомобильдің шассиі жүріс бөлімінен тұрады.

  Автомобильдің біліктері рамамен, кузовпен немесе рессор арқылы  доңғалақтардың пневматикалық шиналары  болуының арқасында, жүрген кезде  машина секіріп соғылмайды, рессор мен амортизаторлар болмаса, жүрген кезде автомобильдің өзі де және үстіндегі жүк те селкілдеп, соғылып отырған болар еді.

  Автомобильдің артқы немесе  алдыңғы доңғалақтары жетекші  доңғалақ болып табылады. Жеңіл  автомобильдердің көбінде алдыңғы  доңғалақ басқарушы және жетекші болады.

  Автомобильдің  басқару механизміне  жүрістің бағытын өзгерту және  тежеу механизмдері кіреді. Автомобильдердің  бағыттаушы механизмінің құрылысы  бір-біріне ұқсас. Тежеу әдетте  тікелей доңғалақтың өзіне қойылған  тежегіштердің көмегімен жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

Автомобильдің техникалық сипаттамасы

 Әрбір автомобильге шығаратын  зауыт сипаттама береді. Оған  кіретіндер:

  • доңғалақ формуласы, ондағы бірінші сан автомобильдің доңғалақ санын, ал екіншісі-жетекші доңғалақ санын білдіреді (4х2- төрт доңғалақты автомобиль, оның екеуі жетекші (5, а,б,в-сурет), 4х4- төрт доңғалақты, оның төртеуі де жетекші, 6х4-алты доңғалақты, оның төртеуі жетекші;
  • номинальды жүк көтергіштігі (килограмм немесе тонна), жеңіл автомобильдер мен автобустар үшін- орын санын, оның ішінде жүргізушінің орнын көрсетеді;
  • толық жабдықталған автомобиль массасы (кг немесе тонна есебінде) және оның белдік осьтерге таралуы;
  • ауқымдық өлшемдері (метр есебінде): ұзындығы, ені, кабина бойынша биіктігі;
  • алдыңғы және артқы доңғалақ колеясы немесе қосарланған доңғалақтар аралығымен (мм);
  • түзу жолда горизонталь бөліктегі толық салмақ жұмысындағы жылдамдығы (км/сағат);
  • алдыңғы сыртқы доңғалақ бойымен төменгі (минимальді) бұрылу радиусы (м);
  • белгілі жылдамдықта толық массадағы жұмысы мен 100км жолға өлшемді жанармай шығыны (литр);

 техникалық сипаттаманы жасаушы  зауыт әрбір автомобильге пайдалану  нұсқауын қоса береді.

 

 

 

 

 

ІІІ. Автомобильдің рульмен басқару жүйесі

Автомобильді басқару қызметі

 Автомобильдің  жүру кезіндегі бағытын алдыңғы. дөңгелектерді рульмен басқару арқылы бұрып отырады. Рульмен басқарудың схемасы 1-суретте көрсетілген.  Рульмен басқаруға мыналар кіреді: руль дөңгелегі, руль білігі, червяк, руль шүмегінің білігі, шүмек, бойлық тартқыш, бұрылатын цапфаның жоғарғы рычагы, бұрылатын цапфаның рычагы (сол және оң) және көлденең руль тартқышы. Руль дөңгелегін білік және червякпен бірге айналдырған кезде соларға байланыстырылған ролик арқылы шүмектің білігі де айналады.    

Шүмек көлденең тартқыш пен жоғары бұрылатын рычагты қозғап, соның арқасында сол жақ цапфа дөңгелегімен бірге шквореньді айналады. Сол жақ бұрылатын рычаг арқылы көлденең, тартқыш пен оң жаққа бұрылатын рычаг дөңгелекті он цапфадағыдай бағытқа бұрылады. Рульмен басқару руль механизмі мен руль жетектерінен тұрады.

1-сурет

 

 

 

 

 

 

Руль механизміНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ мен жұмысы

Руль механизмі руль дөңгелегінен, рульмен басқару білігінен, руль колонкаларынан, бүйірінде, жоғарыда және астында  қақпақтары бар  картерден,   червяктан екі немесе үш тарақты ролигі бар шүмекті білігінен, подшипниктерден, шүмекті біліктің реттеуші винтінен тұрады. Червяк пен роликті шүмектің, білігі руль берілісін жасайды. Олар картерге орналастырылған. Картер болаттармен рамаға бекітілген. Рульдік беріліс рульдік дөңгелектен шүмекке берілетін әсерді күшейтіп, басқаратын дөңгелектердің бұрылысын жеңілдетеді.

Информация о работе Автомобильдің рульмен басқару жүйесі