Өнім курстық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 21:31, курсовая работа

Краткое описание

Сынау обьектісінің негізгі белгісі болып, сол обьект бойынша сынақ нәтижелерінің шешімі – яғни, оның ақаулығы мен жарамдылығы, ары қарай сынау мүмкішілігін ұсыну, сериялық шығару мүмкіншілігі және т.б. Өнімнің түріне және сынау бағдарламасына байланысты сынау обьектілері бірлік өнім немесе партиялы өнім түрінде болуы мумкін.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
I. Парфюмерлік косметика өнімдерін сынау..........................................6
1.1 Өнімдердің нарықта айналу жағдайы.....................................................8
1.2 Тұтынушыға арналған ақпаратқа қойылатын талаптар......................11
II. Парфюмерлік косметика өнімдерін сынауда кездесетін терминдер мен анықтамалар……………..................................................................16
Қорытынды..................................................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

ӨНІМ курстық.docx

— 47.14 Кб (Скачать документ)

       2) ішінде  мыналар көрсетілген: 

       өтініш  берушінің атауы мен орналасқан  жері;

       дайындаушының  атауы мен орналасқан жері;

       нысанды  сәйкестендіруге мүмкіндік беретін  сәйкестікті растау нысаны туралы ақпарат;

       өтініш  берушінің өнімнің осы техникалық  регламенттің талаптарына сәйкестігіне  дәлел ретінде сәйкестікті растау  жөніндегі органға ұсынатын құжаттарының  тізбесі көрсетілген сәйкестікті  растауды жүргізуге өтініш береді;

       сәйкестікті  растау жөніндегі органға сәйкестікті  растауды жүргізу туралы шарт  жасасады;

       сәйкестікті  растау жөніндегі органға өтініште  айтылған құжаттарды ұсынады; 

       сәйкестікті  растау жөніндегі органға сынақтар  жүргізу үшін және бақылау  (арбитраждық) үлгілерін сақтау  үшін өнім үлгілерін ұсынады.

       Сәйкестікті  растау жөніндегі орган: 

       1) өтінішті қарайды;

       2) мыналарды: 

       сәйкестікті  растау сызбасын (модулін);

       ТР талаптарының нысандарына сәйкестігі туралы дәлелді шешім қабылдау үшін қажетті құжаттар тізбесін көрсететін өтініш бойынша шешім қабылдайды.

       3) өтініш  бойынша шешімнің мазмұнын өтініш  берушіге хабарлайды;

       4) сәйкестікті  растау нысанының осы техникалық  регламенттің талаптарына сәйкестігі  немесе сәйкес келмейтіні жөнінде  дәлелді шешім қабылдауға қажетті дәлелді материалдарды қалыптастыру үшін сынақтар жүргізеді;

       5) сәйкестікті  растаған кезде өндірістің жай-күйін талдауды жүргізеді, талдау нәтижелері актімен ресімделеді;

       6) сынақтардың,  ұсынылған құжаттар мен өндірістің жай-күйі туралы талдауды қараудың оң нәтижелерінде өтініш берушіге ішіне:

       өтініш  берушінің атауы мен орналасқан  жері;

       дайындаушының  атауы мен орналасқан жері;

       сәйкестік  сертификатын берген сәйкестікті  растау жөніндегі органның атауы  мен орналасқан жері;

       осы  нысанды сәйкестендіруге мүмкіндік  беретін сәйкестікті растау нысаны  жөніндегі ақпарат, осы техникалық регламенттің атауы;

       солардың  негізінде сәйкестік сертификаты  берілген жүргізілген сынақтар  мен құжаттар жөніндегі ақпарат;

       сәйкестік  сертификатының жарамдылық мерзімі (3 жылдан аспайтын);

       сәйкестікті  растау нысанына инспекциялық  бақылауды жүргізу мерзімдері енетін сәйкестік сертификатын береді.

       ПК өнімінің сәйкестігін растау кезінде сәйкестікті растау жөніндегі орган өнім үлгілеріне мерзімді сынақтар жүргізу жолымен сәйкестік сертификатының барлық жарамдылық мерзімі ішінде сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау жүргізеді.

       Инспекциялық  бақылау нәтижелері бойынша сәйкестікті  растау жөніндегі орган мына  шешімдердің бірін қабылдайды:

       сәйкестік  сертификатының күшін расталған  деп есептеу (бұл жөнінде шарт қосымшасына белгі соғады);

       сәйкестік  сертификатының күшін тоқтату; 

       сәйкестік  сертификатының күшін жою. 

 

 

 

 

 

 

II. Парфюмерлік  косметика  өнімдерін сынауда кездесетін терминдер мен анықтамалар

       - ампулды косметика - герметикалық дәнекерленген шыны ыдысқа салынған, консерванттары жоқ, бір рет пайдалануға арналған ПК өнімдер;

       - ПК өнімдерінің түсініктемесі - ПК өнімдерінің тұтынушылық қасиеттері, тағайындалуы, қолдану жөніндегі нұсқауларының сипаттамалары, сондай-ақ қолдану тәсілдері бар сөзбен сипатталуы және (немесе) графикалық белгілеуі;

       - антиперспиранттар - тер бөлінуін төмендететін құралдар;

       -ерінге арналған жылтыр - ерінде жылтыр қабыршақ жасайтын косметикалық сәндік құрал;

       - ПК өнімдердің қауіпсіздігі - қауіпті факторлардың ықтималдығы мен оның салдарының ауырлығының деңгейін ескере отыра, өмірге, адам денсаулығына, қоршаған ортаға, өсімдік және жануарлар дүниесіне зиян келтіруге байланысты жол берілмейтін қатердің болмауы;

       -ПК өнімдердің сыртқы орауы (сыртқы орауы) - ПК өнімдердің ішкі орауы сиятын материал немесе бұйым;

       - ПК өнімдердің ішкі орауы (ішкі орауы) - ПК өнімдерді тікелей салуға арналған ыдыс;

       - көмекші құралдар - ПК өнімдерді тікелей жағуға (кетіруге) арналған және оларды пайдаланудан күтілетін жоғарғы әсерді қамтамасыз етуге арналған құралдар;

       - косметикалық гель - құрамында су, май эмульсиялар, арнайы қоспалар және гель пайда болатын компоненттері бар коллоидті жүйелерді білдіретін парфюмерлік-косметикалық құрал;

       - косметикалық саз - косметикалық процедураларға пайдаланылатын, айтарлықтай созылғыштыққа ие табиғи минералды заттар;

       - косметикалық балшықтар - косметикалық процедураларға пайдаланылатын табиғи минералды және (немесе) органикалық заттар;

       - дайындалған күні - дайындаушы қоятын және ПК өнімдерді дайындаудың технологиялық процесінің аяқталғаны жөнінде ақпарат беретін күні;

       - дезодорант - хош иістендіретін және сергітетін қасиетке ие парфюмерлік-косметикалық құрал;

       - өтініш беруші - өнімнің сәйкестігін растау үшін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;

       - өнімді сәйкестендіру - өнімді біртекті өнім тобына жатқызу мақсатында оның маңызды белгілері бойынша сипаттамасының ұқсастығын белгілеу;

       - ПК өнімді дайындаушы - ПК өнімдерді келесі иелігінен шығарғанға дейін өндіретін жеке немесе заңды тұлға;

       - косметикалық қарындаш - қарындаш түрінде шығарылатын, сырты ағаш немесе пластик парфюмерлік-косметикалық құрал;

       - клиникалық қауіпсіздік - арналуы бойынша ПК өнімдерді пайдаланған кезде азаматтардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргенін куәландыратын теріні тітіркендіретін және сенсибилизациялайтын әсерінің болмауы;

       -консерванттар - ПК өнімдердің жарамдылық мерзімін ұзартуды қамтамасыз ететін заттар;

       - бояулар - ПК өнімдерін бояу үшін қолданылатын табиғи және (немесе) синтетикалық текті химиялық зат;

       - лосьон - тері және (немесе) шаш және (немесе) тырнақ күтіміне арналған парфюмерлік-косметикалық сұйық құрал;

       - косметикалық май - сұйық майлы түрдегі парфюмерлік-косметикалық құрал;

       - маска - теріні, шашты, тырнақты тиімді күтуді қамтамасыз ету үшін арналған парфюмерлік-косметикалық құрал;

       - иіс сабын - денені күтуге арналған парфюмерлік-косметикалық құрал;

       -ПК өнімнің атауы - ПК өнімдерді даралайтын дайындаушы берген белгі;

       - ПК өнімнің аты - ПК өнімдерді біртекті топқа жатқызуға мүмкіндік беретін өнім түрінің белгісі;

       - парфюмерлік-косметикалық өнімнің арналуы (арналуы) - ПК өнімнің функционалдық қасиеті;

       - ашық хат - тұтынушыға арналған ақпараты бар кез келген форматты парақ өнімі;

       - бетті тазарту - терінің артық секретін, кірді, сәндік косметиканың құралдарын жою;

       - өнім партиясы - сапасы мен қауіпсіздігі туралы бір құжатпен берілетін белгіленген сапа және қауіпсіздік көрсеткіштері бар бір атау мен аттың өнім мөлшері;

       - парфюмерлік-косметикалық ингредиент (ингредиент) - ПК өнімдерді өндіруде пайдаланылатын химиялық зат немесе синтетикалық немесе табиғи текті препарат. Ингредиенттегі қоспалар парфюмерлік-косметикалық ингредиенттерге жатпайды;

       - парфюмерлік (хош иісті) композиция - ПК өнімдеріне иіс беруге және (немесе) ингредиенттердің иісін жасыруға арналған заттардың қоспасы;

       - ПК өнім - тазарту, жағымды иіс беру, сыртқы түрін өзгерту, оларды қорғау немесе қалыпты жағдайда сақтау мақсатымен адам денесінің түрлі бөліктеріне (теріге, түк басқан жерлерге, тырнаққа, ерінге, тіске, ауыз қуысының кілегей қабықшасына және сыртқы жыныс мүшелеріне) жағуға (көмекші құралдардың көмегімен немесе оларды пайдаланбай) арналған құралдар;

       -парфюмерлік-косметикалық өндіріс - ПК өнімдерді дайындау мақсаты бар технологиялық операциялар мен басқару әрекеттерінің жиынтығы;

       - тіс пастасы - тіс және ауыз қуысының күтіміне арналған паста тәрізді немесе гель тәрізді консистенцияның парфюмерлік-косметикалық құралы;

       - косметикалық пластырь - косметикалық рәсімдерді жүргізуге арналған жабысу әрекетіне ие, материалдан жасалған парфюмерлік-косметикалық құрал;

       - ерін далабы - ерінге жағуға арналған сәндік косметикалық құрал;

       - ПК өнімін жеткізуші - ПК өнімді жеткізетін кез келген меншік түріндегі жеке немесе заңды тұлға;

       - тұтынушы - ПК өнімді тікелей пайдалану үшін сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;

       - ПК өнімінің тұтынушы орауы - ПК өнімдерінің сыртқы және ішкі орауларының жиынтығы, сыртқы орауы болмаған жағдайда ішкі орау тұтынушы орауы болып есептеледі;

       - рецептура - ингредиенттердің салмақтық үлесін көрсете отыра, ПК өнімнің құрамына кіретін ингредиенттердің дайындаушы белгілеген толық тізімі;

       - скраб - тері қабатының беткі өлі клеткаларын түлетіп түсіруге арналған парфюмерлік-косметикалық құрал;

       -целлюлитке қарсы құрал - дененің проблемалы учаскелерінде целлюлит пайда болудың алдын алуға және целлюлит белгілері бар дене учаскелерін күтуге арналған ПК құрал;

       -депиляцияға арналған құрал - түктерді жоюға арналған парфюмерлік-косметикалық құрал;

       -интим гигиенасына арналған құрал - жыныс мүшелерінің күтіміне арналған парфюмерлік-косметикалық құрал;

       -татуажға арналған құрал - терінің бетіне сурет салуға арналған парфюмерлік-косметикалық құрал;

       -жарамдылық мерзімі - дайындаушы айқындаған тасымалдау және сақтау талаптарын сақтаған кезде ПК өнімін осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келетін және оның арналуы бойынша қолданылатын мерзім;

       -тальк - дененің гигиеналық күтіміне арналған ұнтақ тәрізді парфюмерлік-косметикалық құрал;

       -тауарлық белгі (тауарлық маркасы) - бір жеке тұлғаның тауарларын басқа жеке немесе заңды тұлғалардың біртекті тауарларынан айыру үшін қызмет ететін, белгіленген тәртіпте тіркелген (қабылданған) немесе халықаралық шарттар күшімен тіркеусіз қорғалатын белгі;

       -ПК өнімнің токсикологиялық қауіпсіздігі - азаматтардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіретін жалпы токсикологиялық әсерінің болмауы;

       -зат белгі - тұтынушылар үшін өнімдерге жапсырылатын ақпараттар;

       -көліктік орауы - ПК өнімді тасымалдауға арналған орау;

       -шашқа арналған тушь - шаш өргенде жағуға арналған сәндік косметикалық құрал;

       -ультракүлгін сүзгілер - ультракүлгін сәулелерді жұтуға және (немесе) қайтаруға қабілетті ингредиенттер;

       -фотоқорғаныш құралы (күн сәулесінен қорғайтын құрал) - ультракүлгін сәулелерді жұтуға және (немесе) қайтаруға қабілетті парфюмерлік-косметикалық құрал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Косметология, косметика (гр. kosmetіke – әдемілеу өнері және гр. logos – ілім) – клиникалық медицинаның  бір саласы. Косметология теріні күту, адамның сыртқы келбетін әсемдеу, әр түрлі аурулардың әсерінен және туа  біткен немесе жас өзгерісіне байланысты пайда болған ақауларды жасыру, емдеу  әдістерін зерттеумен айналысады. Косметологиялық  медициналық ғылыми-зерттеулер мынадай  бағыттарда жүргізіледі:

-косметикалық ақаулардың (кемістіктердің) патогенезін анықтап, емдеу әдістерін белгілеу;

-косметологиялық заттардың фармакологиялық әсерін анықтап, терідегі зат алмасу процестерін (май, су, тұз, витаминдер, гормондар) қалпына келтіретін биологиялық активті заттарды анықтау. 

-косметика көне заманнан бастап дамыған. Ежелгі мысырлықтар, римдіктер, арабтар бетін, кірпігін, қабағын бояп, шашын бұйралап, әтірдің орнына хош иісті майларды пайдалана білген. Қайта өрлеу дәуірінде косметика Еуропада кеңінен тарады, әсіресе, Франция 16 ғасырда әдемі косметикалық заттарды даярлаудың және қолданудың негізгі орталығы болды. Бірақ Косметологияның қарқынды дамуы 19 ғасырдың басынан басталады. Косметология өзінің атқаратын қызметіне қарай: дәрігерлік және сәндік Косметология болып ажыратылады.

Дәрігерлік Косметология – гигиеналық, профилактикалық емдік  және хирургиялық бөлімдерге бөлінеді, олар терінің түрлі ақауларын (құрғақтығын, майлылығын, безеуді, әжімді, түрлі  мең мен қалдарды) болдырмау және жою әдістерін, сондай-ақ, шаш (әйел, еркек және балалардың шашын сәндеу), ауыз іші (тісті күту), маникюр (қолдың тырнақтарын күту), педикюр (аяқтың тырнақтарын күту) күтіміне байланысты гигиеналық емдік шараларды қарастырады. Косметологиялық (эстетикалық) хирургияның  негізгі міндеті оперативтік  жолмен ақауларды жою, көбінесе, мүшелердің қызметін қалпына келтіру, сонымен  қатар адамның сыртқы көрінісін  жақсарту. Косметологиялық операцияларға  ринопластика, отопластика, ерінге жасалатын  пластикалық операциялар, т.б. жатады. Косметологиялық операциялар мынадай  жағдайда: мұрынның, еріннің, құлақ  жарғағының кемістігін түзету, қал, меңдерді алып тастау, беттегі (маңдай, қабақ, бұғақ  мойындағы) әжімді сылу, сондай-ақ, сүт  безі жетілмегенде немесе мөлшерден  тыс үлкен болған жағдайда, қарынның деформалануы (салақтауы, май жиналуы), аяқтағы санға артық май жиналғанда жасалады. Косметикалық операция жасағанда  әр адамның, әсіресе, балалардың жас  ерекшелігі ескеріледі.

Информация о работе Өнім курстық