Метрология- өлшем туралы ғылым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 18:42, реферат

Краткое описание

Метрология (грек тілінен «метро» - өлшем, «логос» - оқу) - өлшемдердің, тәсілдердің және амалдардың бірігуін, нақтылығын керек ететін ғылым. Қазіргі заманғы метрология 3 түрден тұрады: заңнамалы, фундаменталды (ғылыми) және практикалық метрология.
Метрология ғылымы практикалық түрде бұрынғы заманда пайда болған. Орыс ғылымында метрологияның дамуына египеттердің , гректердің және римлянендердің өлшем бірліктері көмектесті.Әрине, әр өлшем жүйесінің өз ерекшеліктері бар. Ол тек қана заманымен ғана емес, менталитетімен де ерекшеленді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 26.57 Кб (Скачать документ)

Метрология- өлшем туралы ғылым

 

Метрология (грек тілінен «метро» - өлшем, «логос» - оқу) - өлшемдердің, тәсілдердің және амалдардың бірігуін, нақтылығын керек ететін ғылым.

Қазіргі заманғы метрология 3 түрден тұрады: заңнамалы, фундаменталды (ғылыми) және практикалық метрология.

Метрология ғылымы практикалық түрде бұрынғы заманда пайда болған. Орыс ғылымында метрологияның дамуына египеттердің , гректердің және римлянендердің өлшем бірліктері көмектесті.Әрине, әр өлшем жүйесінің өз ерекшеліктері бар. Ол тек қана заманымен ғана емес, менталитетімен де ерекшеленді.

Бірлік пен өлшемдердің атауы «қолмен» өлшеуге келетіндей етіп жасалынды. Сөйтіп, Русьта бірліктің өлшемі пядь пен шынтақ болды. Пядь деп ежелгі Русьта үлкен саусақ пен сұқ саусақтын арасындағы өлшемді айтқан. Кейіннен аршин деген бірлік пайда болғаннан бастап, пядь өлшемі қолданудан шықты.

«Шынтақ» өлшемі бізге Вавилоннан келген. Ол шынтақтан ортаңғы саусаққа дейінгі арақашықтық (кейде жұдырық немесе үлкен саусақ аралығы).

XVІІІ ғ. Ресейде дюйм мен фут деген өлшемді пайдаланды. Ол ағылшандардың өлшем бірлігі. Орыс өлшеміне талды пайдаланды. Ол 3шынтаққа (152 см) тең.

Петр І бұйрығы бойынша ағылшындардың өлшем бірлігі орыстардың да өлшем бірлігі болып келісілді. Сөйтіп, ресей метрологиясы мен еуропа метрологиясы бірікті.

Метрлік жүйенің Францияда 1840 ж пайда болды. Д.И Менделеев

 

 

 

 

 

 

Метрология

 

Метрология - (грек тілінен аударғанда «метро» - өлшеу, «логос» - ғылым) өлшеу, тәсілдер мен құралдар, оларды біріктіру мен дәлдікті қажет етудің жетістік әдістерін қамтамасыз ететін ғылым.

 

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті «Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны» (бұдан әрі - «ҚазМетрИн» РМК)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1342 қаулысымен құрылды және Қазақстан Республикасындағы жалғыз мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық болып анықталды.

Негізгі міндет Қазақстан Республикасының азаматтары мен экономика мүдделерін сенімді емес өлшеу нәтижелері, отандық және импортталатын өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын, процестерді (жұмыстарды) және қызметті қамтамасыз ету салдарынан қорғау болып табылады.

 

«ҚазМетрИн» РМК қызметінің нысаны мен мақсаты:

1) Қазақстан Республикасында жасалатын және импортталатын өлшеу құралдарының белгіленген талаптарға сәйкестігіне сынау өткізу;

2) техникалық (эталондық) базаны жетілдіру;

3) халықаралық талаптармен өлшем бірлікті қамтамасыз ету үшін метрология бойынша нормативтік құжаттарды үйлестіру;

4) метрология саласында кадрлар дайындау және біліктілігін арттыру;

5) өлшем бірліктерді қамтамасыз ету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.

 

Алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін Кәсіпорын қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

1) ғылыми әзірлемені, Қазақстан Республикасының уақыт эталон бірлігін құруды, сақтауды, қолдану мен метрологиялық аттестаттауды жүзеге асырады;

2) салыстырып тексеру немесе калибрлеу арқылы Қазақстан Республикасы эталондарынан заңды және жеке тұлғалардың бастапқы эталонына шама бірлігі өлшемін беруді және жаңғыртуды жүзеге асырады;

3) эталондық шама бірлігі базасын құру мен жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ метрологиялық ғылыми орталық ретінде метрология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

4) жаңа эталондық шама бірлігін, жоғары дәлдікті өлшеу құралдарын құру бойынша ғылыми зерттеулерді, әзірлемелер мен оларды дайындау бойынша тәжірибелік-құрастырылымдық жұмыстарды, сондай-ақ заттар мен материалдардың қасиеті мен құрамының стандартты үлгісін әзірлеу мен жасау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізеді;

5) мемлекетаралық және халықаралық деңгейде өткізілетін Қазақстан Республикасының шама эталон бірлігін салыстыруға қатысады, сондай-ақ республика шеңберінде эталондық шама бірлігін дөңгелек және радиалды салыстыруға қатысады;

6) өлшеу құралдарын, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиетінің стандартты үлгілерін, аттестатталған қоспалар мен газды салыстыру қоспаларын салыстырып тексеруді, калибрлеуді, жөндеу мен жасауды жүзеге асырады;

7) мемлекеттік уақыт пен жиілік, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиетінің стандартты үлгілері, заттар мен материалдардың физикалық константасы мен қасиеттері туралы анықтамалық стандартты деректер қызметінің жұмысын қамтамасыз етеді;

8) техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық-актілерді әзірлеу мен іске асыруға қатысады, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз ету және оларды мемлекетаралық және халықаралық нормалар мен ережелермен үйлестіруді стандарттау саласында нормативтік құжаттарды әзірлеуді жүзеге асырады;

9) нормативтік құжаттарға, техникалық құжаттамаға, оның ішінде сынақ нәтижесін тану және типін бекіту, өлшем құралдарын салыстырып тексеру мен метрологиялық аттестаттау мақсатында салыстырып тексеру әдістемесіне, өлшеулерді орындау әдістемесіне, жергілікті салыстырып тексеру сұлбаларына, материалдарға метрологиялық сараптама жүргізеді және заттар мен материалдардың құрамы мен қасиетінің стандартты үлгілерінің типін бекітуге арналған құжаттамаға, оның ішінде республикада шетел өндірісінің стандартты үлгілерін қолдануға рұқсат ету мақсатында шетелдік шығарылған стандартты үлгілерге арналған құжаттамаға, ұсыныстарға және техникалық реттеу саласындағы басқа нормативтік құжаттарға метрологиялық сараптама жүргізу;

10) өлшеу құралдарын сынау, өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау, өлшеулерді орындау әдістемесін, сынақ жабдығын аттестаттауды жүргізеді және шетелдік метрологиялық ұйымдар жүргізген өлшеу құралдарын алғашқы салыстырып тексеру (калибрлеу) нәтижесін тану бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;

11) өлшеу, аналитикалық және сынақ зертханаларын аттестаттауға, аккредиттеуге қатысады;

12) ұйымдарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және басқа шаруашылық етуші субъектілерге метрология, өлшеу құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу, сынау саласындағы, сондай-ақ заттар мен материалдардың және аттестатталған қоспалардың құрамы мен қасиетінің стандартты үлгісін жасау, аттестаттау мен енгізу бойынша ғылыми-әдістемелік көмекті жүзеге асырады;

13) белгіленген тәртіппен шетелдік халықаралық (өңірлік) ұйымдардың жұмысына қатысады, оның ішінде Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын шарттар, меморандумдар мен келісімдер шеңберінде метрология саласында және ғылыми-зерттеу институттарымен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

14) салыстырып тексеру таңбаларын жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және оны сөндіруді жүзеге асырады;

15) өлшеу құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттау бойынша жұмыстар, метрология саласында курстар мен семинарлар жүргізу жолымен кадрларды дайындау мен біліктілігін арттыруды жүзеге асырады;

16) оның ішінде метрология саласында халықаралық отырыстар, семинарлар мен конференцияларды ақпараттық қамтамасыз ету, насихаттау, ұйымдастыру мен өткізу бойынша жұмыстарды жүргізеді және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында ғылыми-техникалық журналды басып шығарады және таратады, сондай-ақ өңірлік және республикалық көрмелерде ұйымдастыру мен қатысу бойынша шараларды жүзеге асырады;

17) заттар мен материалдардың сандық химиялық құрамын өлшеу мен сынау бойынша аналитикалық жұмыстарды орындайды, электрмагнитті үйлесімділікке өнімдерді сынауды жүргізеді, сондай-ақ аналитикалық, сынақ және өлшеу зертханаларында өлшеулердің күйін бағалауды жүзеге асырады;

18) Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізілімін жүргізеді;

19) өнім параметрлерін салыстырып тексеру, калибрлеу, өлшеу (сынау) кезінде өлшеулердің анықсыздығын бағалау әдістемесін, өлшеулерді, оның ішінде жергілікті салыстырып тексеру сұлбасын өлшеуді орындау әдістемесін әзірлеуді жүзеге асырады;

20) Метрология ғылыми-техникалық журналын басып шығаруды жүзеге асырады.

 

«ҚазМетрИн» РМК құрылымына Астана қ. бас кәсіпорын және бес филиал кіреді:

- Оңтүстік Қазақстан филиалы Алматы қ.;

- Батыс Қазақстан филиалы Орал қ.;

- Шығыс Қазақстан филиалы Өскемен қ.;

- Ақтөбе филиалы Ақтөбе қ.;

- Қарағанды филиалы Қарағанды қ.

Қазақстан Республикасының эталон базасы өлшеудің әртүрлі саласында жұмыс істейтін эталондар жиынтығын білдіретін, еліміздің салалық экономикасын метрологиялық қамтамасыз ету жүйесінің орталық, маңызды элементі болып табылады.

 

Қазақстан Республикасының эталон базасы 101 бірлік эталон және эталон жабдығынан тұрады, оның ішінде:

58 бірлік - мемлекеттік эталон,

22 бірлік - жұмыстық эталон,

21 бірлік – эталон жабдығы.

 

Бас кәсіпорын мен филиалдардың калибрлеу және салыстырып тексеру зертханалары ұлттық жүйеде ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 талаптарына сәйкестікке, сол сияқты халықаралық жүйеде - МС ИСО/МЭК 17025:2005 талаптарына сәйкестікке аккредиттелген.

«ҚазИнМетр» РМК сынақ зертханасы да электрмагнитті үйлесімділікке (ЭМС) өнімдерді сынау саласында техникалық құзыреттілікке ұлттық жүйеде аккредиттелген және температура, діріл, шаң, ылғал әсеріне, қыздыруға тұрқының төзімділігіне арналған сынақты және электрмагнитті үйлесімділікке арналған 15 түрлі сынақты қамтамасыз ететін қондырғылар мен сынақ стенді кешені бар.


Информация о работе Метрология- өлшем туралы ғылым