Өлшеу құралдарын қолдану, өлшеу құралдары типін бекіту мақсатында сынақтар жүргізу тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 00:13, курсовая работа

Краткое описание

Өлшемдік ақпараттың құндылығы өлшемдердің нақтылығы мен біртұтастығына байланысты болады. Өлшемдердің біртұтастығы дегенді өлемдердің нәтижелері заңды бірліктерде берілуін, ал қателіктер белгіленген кездейсоқтық деңгейінде айқындалуын түсінуге болады.
Өлшемдердің біртұтастығы олардың нәтижелерін өлшемдерді қашан, қай жерде, кім, қандай әдістердің және техникалық құралдардың көмегімен жасағандағына тәуелсіз түрде сәкестендіруге мүмкіндік береді. Өлшемдердің нақтылығы – бұл олардың нәтижелерін нәтижелерінің өлшенетін шаманың шынайы мәніне жақындығының деңгейі. Нәтиже мен өлшенетін шаманың арасындағы айырмашылық неғұрлым аз болған сайын, соғұрлым нақтылық жоғары болады.

Содержание

1 МЕТРОЛОГИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 5
Метрология туралы түсінік ......................................................................... 5
Метрология негізі мен мазмұны.................................................................. 7
ӨЛШЕУЛЕР ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ
Өлшеу құралдарының түрлері .................................................................... 8
Өлшеу құралдарын калибрлеу және тексеру ............................................ 11
Өлшеулердің жіктелуі. Сынау және бақылау туралы ұғым .................. 14
Физикалық қасиеттері мен шамалар ........................................................ 18
3 ШТАНГЕНЦИРКУЛЬ — СЫЗЫҚТЫҚ ӨЛШЕМДЕРДІ ӨЛШЕЙТІН ҚҰРАЛ-САЙМАН
3.1 Штангенцикуль құралының түсінігі .......................................................... 21
3.2 Штангенциркульды салыстырып тексеру ................................................. 26
3.3 Штангенциркуль құралын қолдана отырып өлшеуді орындау ............... 27
3.4 Штангенциркуль құралында өлшеу нәтижелерін өңдеу .......................... 28

ҚОРЫТЫНДЫ 32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 33

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой Акниет.doc

— 601.00 Кб (Скачать документ)

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 ТАУАРТАНУ ЖӘЕНЕ СЕРТИФИКАТТАУ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Метрология пәні

 

Тақырыбы: Өлшеу құралдарын қолдану, өлшеу құралдары типін бекіту мақсатында сынақтар жүргізу тәртібі (мысал ретінде нақты өлшеу құралы алынады).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: С 22к топ студенті           Құлжамбекова А.М. 

Қабылдаған: х.ғ.к., доцент         Каримова Б.Н.                                                                     

                                                                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2012

МАЗМҰНЫ

 

     КІРІСПЕ                      3

 

1 МЕТРОЛОГИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ       5

    1. Метрология туралы түсінік ......................................................................... 5
    2. Метрология негізі мен мазмұны.................................................................. 7
  1. ӨЛШЕУЛЕР ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ
    1. Өлшеу құралдарының түрлері  .................................................................... 8
    2. Өлшеу құралдарын калибрлеу және тексеру ............................................  11
    3. Өлшеулердің жіктелуі. Сынау және бақылау туралы ұғым   ..................  14
    4. Физикалық қасиеттері мен шамалар   ........................................................  18

3 ШТАНГЕНЦИРКУЛЬ — СЫЗЫҚТЫҚ ӨЛШЕМДЕРДІ           ӨЛШЕЙТІН ҚҰРАЛ-САЙМАН

3.1     Штангенцикуль құралының түсінігі ..........................................................  21

3.2     Штангенциркульды салыстырып тексеру .................................................  26

3.3     Штангенциркуль құралын қолдана отырып өлшеуді орындау ............... 27

3.4     Штангенциркуль құралында өлшеу нәтижелерін өңдеу .......................... 28

 

ҚОРЫТЫНДЫ                              32

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР                                    33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 КІРІСПЕ

 

Метрология – бұл  өлшеулермен байланысты мәселелер  шеңберін қамтитын ғылым. Сөзбе-сөз  талқылығанда «метрология» - «өлшемдер  туралы ілім».

Қоршаған ортада адамның  өмірі үнемі ондағы жүріп жататын  процестер мен құбылыстарды өлшеумен байланысты болады. Өлшемдер әлемді танудың әдістерінің бірі болып табылады, сондықтан ерекше маңызға ие. Қандай салада болмасын: өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, ғылымда, медицинада, саудада өлшемдік ақпараттарды алу және пайдалану еңбек процесінің біртұтас бөлігі болып саналады.

Өлшемдік ақпараттың құндылығы өлшемдердің нақтылығы  мен біртұтастығына байланысты болады. Өлшемдердің біртұтастығы дегенді  өлемдердің нәтижелері заңды бірліктерде  берілуін, ал қателіктер белгіленген  кездейсоқтық деңгейінде айқындалуын түсінуге болады. 

 Өлшемдердің біртұтастығы  олардың нәтижелерін өлшемдерді  қашан, қай жерде, кім, қандай  әдістердің және техникалық құралдардың  көмегімен жасағандағына тәуелсіз  түрде сәкестендіруге мүмкіндік  береді. Өлшемдердің нақтылығы – бұл олардың нәтижелерін нәтижелерінің өлшенетін шаманың шынайы мәніне жақындығының деңгейі. Нәтиже мен өлшенетін шаманың арасындағы айырмашылық неғұрлым аз болған сайын, соғұрлым нақтылық жоғары болады.

Физикалық шамаларды  өлшеу метрология ғылымының зерттеу объектісі болып табылады. [9]

Метрология - өлшемдер, олардың  біртұтастылығы мен қажетті нақтылығын қамтамасыз етуші құралар мен  әдістер туралы ғылым. Қазіргі заманғы  метрология үш құраушыдан тұрады: заңнамалық, негізін қалаушы (ғылыми) және практикалық (қолданбалы) метрология.

Практикалық қызметтің  бірде-бір аясы өлшенетін шама және осы шаманы өлшеу бірлігі арасында өзара қатынас бар жағдайда өлшемдерсіз  қызмет ете алмайды.

Кез-келген талдауда, болжауда, жоспарлауда, бақылауда, реттеуде шикізаттың, дайын өнімнің саны мен сапасы, жалпы өндірістік құрылымның технологиялық операциялардың жүру барысы туралы нақты ақпарат қажет.Бұл ақпаратқа кең көлемде түрлі физикалық шамалар, көрсеткіштер мен өлшемдерді өлшеу арқылы қол жеткізе аламыз.

Талап етілтін дәлдікпен алынған, шынайы өлшеуіш ақпарат қабылданатын шешімдердің дұрыстығын қамтамасыз етеді. Жалған ақпарат сауда-коммерциялық операциялар кезінде өнімнің сапасының төмендеуіне, апаттарға, ғылыми зерттеулердегі дұрыс емес қорытындыларға, пайдалы қазбалар қорларын дұрыс емес бағалауға, дұрыс емес есептеулер мен өлшеулерге алып келуі мүмкін емес. [1, 74б.]

Өлшеулердің біртұтас әдісі  өзара түсіністікті, ақпаратпен алмасуды, өлшеу әдістері мен құралдарын стандартизациялау мүмкіндігін, халықаралық тауарайналым жүйесінде өнімді сынау және өлшеу нәтижелерін өзара тануды кепілдендіреді.

Барлық өлшейтіндер (техникалық құралдарды қолдану арқылы өлшенетін  шаманың мәнін тәжірибелі жолмен табатындар), яғни кәсіби метрологтар  өлшеудің алынған нәтижелеріне сенгісі келеді. Өлшеулердің алынған нәтижелеріне сенімнің болмауы ғана өлшеуді қайталауға, өлшеулерге басқа лабораторияларды, мамандарды тартуға мәжбүрлейді.

Өлшеу арқылы толық және шынайы мәліметтерді алу болмағанда, ғылыми зерттеулерде, ғарышты игеру, жаңа материалдар, жаңа технологиялар жасау облысында, барлық салалардағы бұйымдардың сенімділігін  қамтамасыз етуде жетістіктерге қол жеткізу мүмкін емес болар еді.

Көбінесе көптеген мәслелерді өлшеулердің әртүрлі жерлерде, әртүрлі  уақытта, әртүрлі құралдарды қолдану арқылы алынған үлкен көлемдегі нәтижесінің арқасында ғана шешуге болады. Мұндай нәтижелерді, тек оларды сәйкестендіруге болатын жағдайда ғана, қолдануға болады. Өлшеулердің дәлдігін, шынайылығын және сәйкестігін жоғарлатуға өндірістің автоматтандырылуы мәжбүрлейді.

Неғырлым мәселе күрделі  болған сайын, метрология соғұрлым үлкен  маңызға ие болады. Жеке және заңды  тұлғалардың Қазақстан Республикасының  «Өлшеулердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы» Заңының, басқа да нормативті-құқықтық актілердің, елшеулердің біртұтастығынқамтамасыз ету бойынша халықаралық келісімдер мен нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауын тексеруге мүмкіндік беретін, метрологиялық қадағалауды ұйымдастыру жүйесі өзінің өзектілігін арттырады. [8]

Курстық жұмыстың мақсаты метрология саласында қолданылатын барлық өлшеу құралдарының түрлерімен танысу, зерттеу,сынау және бақылау. Соның ішінде бір өлшеу құралын алып оның жалпы жұмыс істеу принципін түсіндіру және мағлұмат беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 МЕТРОЛОГИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

 

1.1.Метрология туралы түсінік

 

 

Өзін қоршаған ортадағы адамның  өмірі  онда өтетін процестер және құбылыстардың  өлшемдерімен тұрақты  түрде байланыста болады. Өлшеу әлемді (дүниені)тану тәсілдерінің бірі болып қызмет етеді және сондықтан да  ерекше түрде маңызды рөл атқарады. Өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы, ғылымдағы, медицинадағы, саудадағы кез келген қызмет саласының өлшем ақпараттарын алуы және пайдалануы еңбек процесінің ажырағысыз бөлігі болып саналады.

Өлшеу ақпаратының құндылығы өлшем бірлігі мен дәлдігіне қатысты болады. Өлшеу нәтижелері заңдастырылған бірліктермен берілгенде, ал қателіктер берілген ықтималдылық бойынша белгілі болған кездегі оның жағдайы өлшем бірлігі ретінде  түсіндіріледі.

Өлшем бірлігі олардың  нәтижелерін өлшеу қайда, қашан, кімнің орындағанына қатыссыз түрде, қандай әдістер және техникалық құралдардың көмегімен орындалғанын салыстыруға мүмкіндік береді. Өлшеу дәлдігі – бұл нәтижелерден өлшенетін шаманың шынайы (нақты) мәніне жақындық дәрежесі. Нәтиже мен өлшенетін шама арасындағы айырмашылық неғұрлым аз болса, оның дәлдігі соғұрлым жоғары болады.

Физикалық  шамаларды  өлшеу метрология ғылымының  пәні  болып саналады. Метрология - өлшемдер олардың бірлігі мен талап  етілетін дәлдігін қамтамасыз етудің әдістері мен құралдары туралы ғылым. Қазіргі заманғы метрология өзіне оның үш құрамды бөлігін: заң шығарушы, іргелі (ғылыми) және тәжірибелік (қолданбалы) метрологияны енгізеді.

Метрология ғылымы және тәжірибелік (практикалық) қызмет саласы ретінде орта ғасырларда пайда болды. Алайда оның бастаулары, адамдар өлшеу қажеттілігін бастан өткерген өте ерте замандарға кетеді. Алғашқы бетте олар қарапайым санау түрінде ғана болды. Арақашықтық қадамдармен, садақтан атқан жебенің түскен жерімен, жолға кететін күндермен өлшенеді. Уақыт тәуліктермен, ай кезеңдермен, жыл мезгілдермен есептеледі (саналады). Заттар саны даналрмен, дюжиндермен (2 шөлмек), будалармен  (пачкалармен), тендермен (тюктермен) өлшенді.

Өндірістің және тауар  айырбасының  пайда болуымен өлшемдерге - өлшеу бірліктеріне деген қажеттілік туындады. Астық дәндерді (гран), бұршақ дәні (карат), саусақтардың ұзындығы (дюйм), аяқ табаны (фут) алғашқы бетте осындай өлшемдер болады.

Уақыт өте келе өлшем  бірліктері дәлірек және саналуан бола түсті, олардың арасында белгілі  бір арасалмақ белгіленді. Бірте-бірте әртүрлі халықтар мен мемлекеттердің өз ұлттық бірлік жүйелері қалыптасты. Ежелгі русь тәжірибесінде ежелгі египет өлшем бірліктері (олар өз кезегінде Ежелгі Греция мен Римнен болатын) негізгі өлшем жүйесі болып қызмет етті. Әрбір өлшем жүйесі сол дәуірмен, ұлттық менталитетпен байланысты өз ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Русьте қарыс, сүйем мен шынтақ негізгі бірліктер болды, оның үсітнде қарыс, сүйем,  негізгі ежелгі русьтің ұзындық өлшемі болып қызмет етті және адамның үлкен (бас бармағы) және сұқ саусағы аралығын (қарысты) білдірді. Одан, бертініректе, өзге бірлік  аршын пайда болған кезде сүйем (1/4 аршын) бірте-бірте тұтынудан шығып қалды. Шынтақ өлшемі Вавилоннан келді және шынтақтың бүгілген жерінен ортаңғы саусақтың ұшына дейінгі аралықты білдірді. «табиғат өлшемдерінің» шығу тарихы да ерте замандарға кетеді.

Уақыт өлшемдері солардың алғашқыларының бірі болды. Астрономиялық  бақылаулар негізінде ертедегі вавилондықтар  жыл, ай, сағатты белгіледі. Жердің өз осінің төңірегіндегі орташа айналыс жасау мерзімінің  1/86400 бөлігі секунд атауына ин болды.  Сол кездерде метрологиялық қызметтің әлі жоқ болғандығына қарамастан, үлгі өлшемдердің қолданылғандығы және олардың шіркеулер мен монастырларда сақталғандығы, сондай-ақ  өлшеу құралдарының жыл сайынғы тексерістері туралы  мәліметтер сақталған. Мәселен, ұлы князь Святослав Ярославовичтің (1070-ші жылдар) «алтын белбеуі» ұзындық өлшемінің үлгісі болып қызмет етті, ал новгород князі Всеволодтың (1136ж) жарғысында «сауда таразылары мен өлшеуіштер былғамай таза өлшейді». Деп жазылды. Ал оны бұзушыға өлімге кесуге дейін жаза қолданылуы мүмкін болды.

Сауданың дамуы мен  сыртқы экономикалық байланыстардың кеңеюі өлшемдерді дәлелдеу ғана емес, сонымен  бірге солардың «теңіздің аржағындағы елдермен» арақатынасын белгілеуді, сондай-ақ өлшемдерді сәйкестендіру мен бақылау, тексеру қызметін  неғұрлым анық ұйымдастыруды талап етті. І Петрдің метрологиялық реформасында кеме жасау флотында кең тарауға ие болған ағылшын  өлшемдері – фут және  дюмаға рұқсат етілді.

РСФСР халық Комиссарлар  Кеңесі 1918 жылы «Өлшемдер мен салмақтардың халықаралық метрикалық жүйесін  енгізу туралы» Декрет қабылдады.

Декреттің шығуы отандық  метрологияны дамутудағы нормативтік  кезеңнің бастауы ретінде аталып өтті. Осы кезден бастап метрология саласында нормативтік актілер енгізілді.

Ғылым мен техниканың дамуымен байланысты жаңа өлшем бірліктері талап етілді, бұл өз кзегінде, іргелі және қолданбалы метрологияны жетілдіруді  ынталандырды. 1960 жылғы қазан айында өлшемдер мен салмақтар жөніндегі ХІ Бас конференцияда СИ халықаралық бірліктер жүйесі қабылданды. 1983 жылы метрдің жаңа анықтамасы  қабылданды, бұл жарық пен бос кеңістікте 1/299792458 секунд үлесінде  өтетін жолдың ұзақтығы. 1888жылы халықаралық деңгейде электрлік бірліктер мен шамаларды өлшеу саласында жаңа тұрақты шамалар (константтар) қабылданды, ал 189 жылы жаңа халықаралық тәжірибелік температуралық шкала МТШ-90 қабылданды. [2,77б.]

Ілгелі (фундаменталды) және қолданбалы метрологияның дамуымен бірге заңшығарушы (законадательной) метрологияның қалыптасуы жүрді.

Заң шығарушы метрология өлшемдердің және өзара келісілген жалпы ережелер, талаптар мен нормалар кешенін енгізетін метрологияның бөлімі. Заң шығарушы метрология, тәжірибеге Мемлекеттік метрологиялық қызмет пен мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметі және заңды  тұлғалар арқылы  енгізілетін заңдармен және заң шығарушы ережелермен метрологиялық қызметті мемлекеттік реттеу құралы болып қызмет етеді. Құралдардың үлгілерін сынау және бекіту, оларды тексеру мен калибрлеу, өлшеу құралдарын сертификаттау мемлекеттік метрологиялық бақылау мен өлшеу құралдарын қадағалау заң шығару метрология саласына жатады.

Заң шығауршы метрологияның  метрологиялық ережесі мен нормалары  соған сай халықаралық ұйымдардың ұсынымдарымен және құжаттармен сәйкестендірілген. Бұл халықаралық экономикалық және сауда байланыстарының дамуына ықпал етеді және халықаралық метрологиялық ынтымақтастықты өзара түсіністікке қолжеткізуге көмектеседі. [6]

 

 

1.2 Метрология негізі мен мазмұны

 

 

Өлшеу метрологияның  негізгі объектісі ретінде физикалық  шамалар, сол сияқты өзге ғылымдарға (математика, психология, медицина, қоғамдық ғылымдар және т.б.) жататын шамалармен байланысты.

Сапалық қатынас тұрғысынан көптеген физикалық объектілер үшін ортақ болып саналатын, осыған орай сандық мәнімен өзгешеленетін физикалық объекті (құбылыс, процесс) қасиетінің бірі физикалық шама болып аталады.Аталған өлшем мәні өлшеу нәтижесі болып саналады.

Информация о работе Өлшеу құралдарын қолдану, өлшеу құралдары типін бекіту мақсатында сынақтар жүргізу тәртібі