Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 13:05, реферат
Соңғы он жылда артық салмақ бүкіл әлемнің көкейкесті мәселесіне айналуда. Қазақстанда да семіздіктің артуынан артерия гипертензиясы, қант диабеті тәрізді аурулар жылдан-жылға көбейіп келеді. Семіздікті зерттеу және онымен күресу жөніндегі дүниежүзілік конгресстің мәлімдеуінше, еуропалық мемлекеттер тұрғындары арасында ер адамдардың 20 пайызы, әйелдердің 25 пайызы семіздіктің зардабын тартуда. Семіздіктің себептері Калориялылығы жөнінен ағзаның жұмсаған қуат шы-ғынынан асып түсетін тамақ ішу. Адам денесі қозғалысының аздығы.
Кіріспе..................................................................................................................3
Негізгі бөлім
Ашығу емі деген не?…………………………………………………........4
Ашығудың түрлері.......................................................................................5
Ашығудың әсері мен ашығуға болмайтын жағдайлар.............................7
Қорытынды........................................................................................................8
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
СМЖ-ның 3 деңгейдегі құжаты |
Н 10/063-2008 |
|
БӨЖ |
Баспа 2 | |
Енгізу күні 10.01.2008 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы: Ашығу және оның түрлері, маңызы
Топ: ТПП-29-1
Курс: 3
Орындаған: Абдрахманова Ақерке Жаңабайқызы
Қабылдаған: Солтыбаева Бекзада Еркінбекқызы
2012жыл
Мазмұны
Кіріспе.......................
Негізгі бөлім
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Соңғы он жылда артық
салмақ бүкіл әлемнің көкейкесті
мәселесіне айналуда. Қазақстанда да семіздіктің артуынан
артерия гипертензиясы, қант диабеті тәрізді
аурулар жылдан-жылға көбейіп келеді.
Семіздікті зерттеу және онымен күресу
жөніндегі дүниежүзілік конгресстің мәлімдеуінше,
еуропалық мемлекеттер тұрғындары арасында
ер адамдардың 20 пайызы, әйелдердің 25 пайызы
семіздіктің зардабын тартуда. Семіздіктің
себептері Калориялылығы жөнінен ағзаның
жұмсаған қуат шы-ғынынан асып түсетін
тамақ ішу. Адам денесі қозғалысының аздығы.
Тиімді тамақтанбау, тәуліктік мәзірде
сіңімді көмірсуы, ең алдымен қант, кондитерлік
тағамдар, тәтті дәмдер мен мал майларының
(сары май, майлы ет) мөлшерден тыс болуы.Алкогольдік
ішімдіктерді үнемі ішу. Өйткені ішімдіктің
калориясы жоғары, оны ішкенде көбінесе
адамның тәбеті артады.
Семірудің бірінші, екінші дәрежесі кезінде
адамдардың еңбекке қабілеттілігі мен
өмірлік белсенділігі өзгермейді. Алайда,
семірудің бір сатысы біртіндеп екіншісіне
ұласатыны есіңізде болсын.
Артық салмақтың
алдын алу адам өз салмағын үнемі бақылап
отыруы қажет. Дене салмағы қалыпты жағдайдан
3-4 келіге өсісімен-ақ семіріп кетпеуді
ойлаған жөн. Ол үшін алғы шарт: шектеп
тамақтану. Яғни, жеген тамақтың қуаты
жұмсалатын қуатпен тең болуға тиісті.
Дене салмағыңыз өсіп бара жатса жеңіл
тамақтануға көшіңіз. Немесе, белсенді
әрекет (қимыл) арқылы шыға-рылатын қуаттың
мөлшерін көбейтуге тырысыңыз.
Қандай жағдайда да тамақтану тәртібінің
қатаң сақталғаны тиімді. Халық арасында:
«Таңертеңгілік асты өзің же, түскі асты
досыңмен бөліс, кешкі асты дұшпаныңа
бер», - деген сөз бар емес пе. Осыны есте
сақтап, ұйықтар алдында тоя тамақтанбау
қажет. Себебі, ол семіздікке ұшыратады.
Өмірде көп адамның ағзасы семіруге бейім.
Дене салмағын реттеу, семіріп кетудің
алдын алу шараларын бала кезден қолға
алған тиімді.
1.Ашығу емі деген не?
Ол – белгілі бір мерзім аралығында ішіп-жеуден бас тарту арқылы емделу тәсілі. Аштықпен емдеу «Арылту-диеталық терапиясы» (разгрузочно-диетическая терапия – РДТ) ретінде медицина ғылымының емдеу-сауықтыру орталықтарында қолданысқа еніп кеткелі қашан. Ғылыми негізі де әлдеқашан дәлелденген. Тіршілік иелерінде ауырып не жараланғанда тамаққа тәбеті тартпайтын қасиет бар екендігі белгілі. Оған ағзадағы сақтану түйсігі итермелейді. Ондайда (жай кезде ас қорытуға жұмсалатын) өмірлік қуат жараланған орынға шоғырланып, сол жерді барлық зиянды заттардан аластайды, денені тазартады. Демек, ашығу арқылы аурудан арылу, денені улы заттардан тазарту – о бастан барлық тіршілік иелеріне тән қасиет.
1.1 Ашығудың түрлері
Ашықтыру емі сусыз, тағамсыз жүзеге асса, онда толық ашығуға немесе «құрғақ» түріне жатады. Мерзіміне қарай ол мынадай түрлерге бөлінеді: қысқа мерзімді (1-3 күн, бір апта, он күндік), ұзақ мерзімді (бір ай, 40-50 күндік). Осы уақыт аралығында денені барлық қалдық атаулыдан, улы заттардан тазарту көзделеді.
Емдік ашығу Қазіргі кезде әртүрлі
ауру- ларды ұзақ мерзімді ашығу («мөлшерлі
ашығу», «жеңіл-детуші дәм-дәрулік терапия»)
жолымен (2-4 апта бойы) емдеу тәсілі тәжірибеде
бар. Ашығу арқылы адам тәні өзінде жиналып
қалған зиянды заттардан арылады. Ашығу
кезінде ағзаның қорғаныс күштері іске
қосылып, тәннің әсер туғызу қабілеті
күшейеді. Емдік ашығу толық зерттелген
жоқ. Бірақта оның мынандай ауруларды
емдеуге пайдалы әсері бар екендігі анықталып
отыр:
шизофрениялық (ақыл-естен айырылу), жұқпалы
аурулардан туындайтын орта-лық жүйке
жүйесінің сырқаты, улану, ас қорыту ағзаларының
бұзылуы, буын, тері (есекжем, нейродермит),
демікпе, қан қысымы дерті.
Академик А.
Покровскийдің айтуынша, ашығу ішінара
немесе толық болуы мүмкін. Толық ашығу
аз уақытқа да, ұзақ уақытқа да созылады.
Ішінара ашығу – тамақтың калориялылығын
шектеу. Ол семіздіктен жан-жақты емдеу
мен алдын алу жүйесінде маңызды орын
алады. Рацио-нның калориялылығын ағза-ның
жұмсаған күш-қуаты-ның деңгейіне төмендету
– семіздіктен емдеу кезінде диетаның
негізгі шарты. Яғни, денсаулық көтеретін
болса, шамадан тыс салмақ пен семіру жағдайында
ішінара ашығуды пайдалануға болады. Ал
толық аштықпен емделуге әлдеқайда сақтықпен
қарау қажет. Оның қауіп-қатері бар.
Жеңілейту
күндері диета сақтағанның өзінде дене
салмағы баяу кемиді. Сол себепті дәрігерлер
жеңілейту күндерін тағайындайды. Ол аптасына
бір мәрте тағай-ындалып, тамақтың сипатына
қарай мынандай жеңілейту күндері болады:
Сүт күндері. Әр екі сағат
сайын бір стакан сүт, простокваша немесе
айран ішеді. Бұл тағамдар ағзаға жақсы
сіңеді. Күн ұзағына ішілетін сүт мөлшері
– 6-8 стакан. Ол 800-900 калорияға тең.
Сүзбе күндері. Тағам мәзірінде
болуға тиіс: 400-600 грамм сүзбе, 60 грамм
қаймақ, 2 стакан сүт қатқан қантсыз кофе
және 1-2 стакан итмұрын тұнбасы.
Ет күндері. Асып пісірілген
200-300 грамм етті көкөніс гарнирімен 5-6
мезгіл жейді. Қосымша екі стакан сүт қатқан
қантсыз кофе мен бір-екі стакан итмұрын
тұнбасын ішеді.
Май күндері. Ас мәзіріндегі
300 грамм қаймақ үш мезгілге бөлінеді.
Екі мәрте бір стақан сүт қатқан қантсыз
кофемен шектеледі. Қосымша бір-екі стакан
итмұ-рын тұнбасын ішуге болады.
Алма – жеміс – көкөніс күндері.
1,5 келі жаңа алма немесе 1,5 келі шикі көкөніс
алты мезгілге бөлінеді. Бұл диетаны асқазан
ішек жолының қызметі бұзылып жүрген кезде
қолданбайды.
Жеңілейту күндері негізінен дәрігердің
бақылауымен өткізіліп, алмастырылып
тұрады. Ашығу кезінде ешқандай дәрі-дәрмек
қабылдауға, спиртті ішімдіктерді ішуге,
темекі тартуға болмайды.
Ашығу мезгілі
науқастың денсаулық ерекшеліктеріне
сәйкес белгіленеді. Оның орташа мерзімі
15-20 күн.
Ашығумен бірге жылы ванна, ішті тазартушы
клизма, үгу, сылап-сипау, тыныс алу жаттығулары,
серуендеу бірге жасалады. Толық ашығу
біткен соң тәнді қалпына келтіруші емдік
тамақтану басталады.
Ивановтың табиғи сауығу жүйесі Медицина
ғылымының кандидаты Т.Войтович өз еңбегінде
адам ағзасын Ивановтың табиғи сауығу
жүйесімен шынықтыруға кеңес бере келіп,
суық су құйыну, жүгіру, «құрғақ ашығу»
арқылы тереңдеп, созылмалы күйге айналған
аурулардың өзін тежеуге, одан тәнді сауықтыруға
болатынын айтады. Т.Войтовичтің түсінді-руінше,
П.К.Ивановтың таби- ғи сауығу жүйесінің
физиоло- гиялық ғана емес, психоло-гиялық
та жағы өте тиімді. Ол негізінен, ашығуды
ағзаның артық тамақтанған күндерінің
тепе-теңдікке келуі дейді. Бұл тұжырым
бойынша, 42 сағат тамақтан тартыну – ағзаның
демалған мереке күні. Жалпы, 42 сағат тамақ
ішпеу кезінде көбірек таза ауада болу,
қозғалу, жүгіру, күнге күю, желге қарсы
тұру – бәрі де осы шынығу жүйесінің салалары.
Ашығу кезінде
су да ішпеу қажет. Өйткені П.К.Иванов суды
«ауруға қажетті құрылыс материалы» деп
атаған. Әрі су да тамақ. Осынау табиғи
сауығу жүйесімен ағзасын тазартқан жазушы
В.Черкасов былай деп жазады: «Өмір сүресің,
жұмыс істейсің. Қалған 3-5 сағат таңертеңгі,
түскі, кешкі асты әзірлеуге, тамақ ішуге,
ыдыс-аяқ жууға кетеді. Ал сен сол кезді
таза ауада серуендеуге, жүгіруге, достарыңа
баруға арнасаң ғой. Алғашқыда басым айналып,
тамақ ішкім келді. Содан кейін үйрендім.
Ал қазір 42 сағат ашығу мен үшін мереке.
Тамақ ішкім де келмейді. Көңіл күйім көтеріңкі.
Жұмысқа қабілетім жоғары».
Көптеген адамдар «неге міндетті түрде
сенбі күні ашығу керек?», - деп сұрақ қояды
екен. Оған мамандар былай деп жауап береді:
«Көп жылғы тәжірибе негізінде П.К.Иванов
сенбі күні тамақтан тартынудың басқа
күндерге қарағанда жақсы нәтиже беретінін
дәлелдеген. Себебі сенбі аптаның соңғы
күні, яғни адам ағзасына бір апта бойы
жиналған ескілер жойылып, жаңалар қалыптасатын
сәт». Осы орайда айтарымыз, ашығуды дұрыс
аяқтаған жөн. Ашығудан кейін тоя тамақтануға
болмайды. Ол асқазанға ауыр жүк, адам
өміріне де қауіпті. П.К.Ивановтың ашығу
арқылы сауығу тәсілін қолданарда да дәрігерлермен
міндетті түрде кеңесу, олардың рұхсатымен
ғана ашығу қажет.
1.2 Ашығудың әсері мен ашығуға болмайтын жағдайлар
Ашығу кезінде ағза қандай
күй кешеді? Ашығу нәтижесінде
венуланың қыл тамырлармен
Арылту-диеталық терапиясы денені тазарту мен сауықтырудың ең тиімді тәсілі болып табылады. Сырттан тамақ қабылдау дереу тоқтаған жағдайда, дене сол уақытқа дейін жинап келген ішкі қосымша қорегін іске қосады. Бұл кезде дененің барлық бөлу жүйелері мен ішкі секреция бездері өте қарқынды жұмыс істейді. Бір ғана өкпенің өзінен газ тәрізді әр түрлі 150-дей уыт бөлінуі соның айғағы. Вегетативті жүйке жүйесі жанданады, адамның белсенділігі артады. Биохимиялық тұрғыда май мен бауырдың гликоген қосымшаларының ыдырауы реттеледі, қан құрамы өзгереді. Қан айналымы мен ас қорыту жүйелері жақсарады.
Ашығуды дұрыс іске асырған жағдайда ол сіздің ағзаңызды барлық керексіз улы заттардан тазартып, денсаулығыңызды шыңдайды, жасушаларды жаңартып, күш-қуатыңызды арттырады. Ашығуды тәмамдарда белгіленген көрсеткіштерге сүйену аса маңызды. Алайда, кейде ашығуға болмайтын жайттар да кездеседі. Оны да ескерген жөн.
Энцефалопатия (ми жүйесінің әлсіреуі) анықталса, қарттық шақ (60 жастан жоғары), дене әлсіреген кезде, соматикалық аурулардың қабынған кезінде, қандай да бір түрдегі қатерлі ісік белең алғанда, жүрек стенокардиясына, жүректің ишемиялық ауруларына, жүрек пен бүйректің органикалық ауруларына, қан айналымы мен тыныс алудың асқынған жағдайында, өткір құрт ауруына (туберкулез), бақшаңкөз (зоб), қан аурулары, жұқпалы полиартритке (бруцеллез) шалдыққанда.
Қорытынды
Мамандардың ақыл-кеңесі
Тамақтанудың үш алтын ережесін ұмытпаңыз:
1. Тамақты тартынып ішіңіз. 2. Тамақтың
толық құндылығы болсын.
3. Тамақтану тәртібін қатаң сақтаңыз.
Артық тамақтану сымбаты-ңыздың сынын
кетіреді, көріксіз қатпарлар, қос бұғақ
пайда болады. Қант пен тәттіні шамадан
тыс тұтынбаңыз. Қанттың тәуліктік мөлшері
– 70-80 грамнан аспасын. Қанттың орнына
бал, қара қарақат қайнатпасын қолданыңыз.
Ақылға қонымды мөлшерде дене қуатының
шығынын көбейтіңіз, әр күнді дене шынықтырудан
бастаңыз, көп жаяу жүріңіз.
Дене салмағыңызды күрт азайтпаңыз. Дене
салмағын азайтуда мөлшер: әйелдер үшін
айына 1-2 келіден аспауға тиіс. Ұтымды
тамақтанумен дене шынықтыру қатар жүргізілсін.
Қорыта келгенде, аштықпен емделу – физиология,
биохимия, медицина саласының ғалымдары
тарапынан көп зерттелген әрі бүгінгі
күні Германия, Австралия, Жапония, АҚШ,
Ресей секілді бірқатар өркениетті елдер
кеңінен қолданып отырған өте тиімді емдік
тәсіл. Зерттеуші Герберт Шелтон «Аштық
тіпті өміріңізді де құтқарып қалуы мүмкін»
десе, денсаулық сақтау мамандары қазіргі
уақытта ғасыр індеті болып отырған «ішкі
улануды» (эндотоксикоз) болдырмайтын
бірден-бір емнің осы аштық екенін айтып
дабыл қағуда. Қалай дегенмен де, күллі
тіршілік иелеріне ауырғанда асқа тәбет
тартпайтын қасиет дарытқан Жаратушы
ісінің астарында осындай үлкен емдік
тәсіл жатқандығы ғажап-ақ!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.С. Н. Удинцев, Ю. Ю. Гичев «Легендарная диета Аткинса: правда и вымысел», Новосибирск, 2009
3. Интернет желісі «гоугл» сайты.