«Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 09:57, реферат

Краткое описание

Осы Заң Қазақстан Республикасында жылу энергетикасын ұйымдастырудың, оның жұмыс істеуі мен дамуының құқықтық негіздерін белгілейді және жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Жылу энергетикасы объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу, пайдалану, жылу энергиясын өндіру, беру, онымен жабдықтау нормативтік құқықтық актілермен регламеттеледі, олар жылу энергетикасы саласындағы барлық субъектілердің орындауы үшін міндетті болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жылу энергетикасы туралы.docx

— 48.53 Кб (Скачать документ)

«Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

 

«Жылу энергетикасы туралы» 

Қазақстан Республикасының Заңы

1-тарау. Жалпы  ережелер 

Осы Заң Қазақстан Республикасында жылу энергетикасын ұйымдастырудың, оның жұмыс істеуі мен дамуының құқықтық негіздерін белгілейді және жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

1-бап. Қазақстан  Республикасының жылу энергетикасы  туралы заңнамасы 

1. Қазақстан Республикасының  жылу энергетикасы туралы заңнамасы  Қазақстан Республикасының Конституциясына  негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Жылу энергетикасы объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу, пайдалану, жылу энергиясын өндіру, беру, онымен жабдықтау нормативтік құқықтық актілермен регламеттеледі, олар жылу энергетикасы саласындағы барлық субъектілердің орындауы үшін міндетті болып табылады.

2. Егер Қазақстан Республикасы  ратификациялаған халықаралық шартта  осы Заңда қамтылғандардан басқа өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1) есепке алу аспаптары  – бір немесе бірнеше: өлшеу, жинақтау, сақтау, бейнелеу және жылу энергиясының саны, жылу тасығыштың массасы (көлемі), температурасы, қысымы және аспаптардың жұмыс істеу уақыты туралы ақпаратты беру функцияларды орындайтын техникалық құрылғы;

2) жылу беруші ұйым  – жылу энергиясын беру және  тарату жөніндегі қызметтерді  көрсететін ұйым;

3) жылу желілерінің күзетілетін аймағы – жылу желілерін қалыпты пайдалану жағдайларын, зақымдануының алдын алуды қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ адамдарға, аралас жерлерге, табиғи объектілер мен қоршаған ортаға жағымсыз әсерін азайту үшін олардың ұзына бойындағы жер;

4) жылу желісі – орталық  жылу пункттерін және сорғы  станцияларын қоса алғанда, жылу  энергиясын және (немесе) жылу тасығышты  жылу энергиясы көздерінен жылу  тұтынатын қондырғыларға дейін беруге арналған құрылғылар жиынтығы;

5) жылу желісінің теңгерімдік  тиесілілігінің шекарасы – жылу желісінің теңгерімдік тиесілілігі бойынша айқындалатын жылумен жабдықтаушы және (немесе) жылу беруші ұйымдар мен тұтынушылар арасында жылу желісін бөлу нүктесі;

6) жылу жүктемесі –  жылу тұтынатын қондырғыларда  уақыт бірлігінде тұтынылатын жылу энергиясының саны;

7) жылу өндіруші ұйым  – жылу энергиясын өз қажеттіліктері  үшін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын ұйым;

8) жылу тасығыш – ол  арқылы жылу энергиясын беру  жүргізілетін немесе тұтынушы  жылу энергиясын шаруашылық мақсатта, оның ішінде ыстық сумен жабдықтау  мақсатында тікелей пайдаланатын  зат; 

9) жылу тұтынатын қондырғы  – жылу энергиясын жылыту, ыстық  сумен жабдықтау, желдету мақсаттарына  немесе тұтынушының технологиялық  қажеттіліктеріне пайдалануға арналған құрылғы;

10) жылу энергетикасы –  жылу энергиясын өндіру, беру, онымен  жабдықтау және тұтыну саласы;

11) жылу энергетикасы саласындағы  уәкілетті орган – ЖЭО-ның  жылу энергиясын өндіру саласында,  елді мекендер шеңберінде қуаттылығы 100 Гкал/ сағ. және одан астам  белгіленген қазандықтарда басшылықты  жүзеге асыратын мемлекеттік орган

12) жылу энергиясы –  жылу тасығыш беретін, жылумен  жабдықтау жүйесінде оның шығысымен  және жылу энергиясын өлшеуге  немесе есептеуге мүмкіндік беретін термодинамикалық өлшемдерімен сипатталатын энергия;

13) жылу энергиясын және (немесе) жылу тасығышты коммерциялық  есепке алу – жылу энергиясының  және (немесе) жылу тасығыштың саны  мен сапасын коммерциялық есепке  алу аспаптарымен, ал олар жарамсыз  немесе болмаған жағдайда есептеу  тәсілімен белгілеу және алынған  деректерді жылумен жабдықтау  шарттары бойынша өзара есеп  айырысу үшін пайдалану; 

14) жылу энергиясын және (немесе) жылу тасығышты беру –  нормативтік құқықтық актілерде  белгіленген талаптарға сәйкес  келетін жай-күйде жылу желілерін  ұстауды, сондай-ақ жылу тасығышты  қабылдауды, қайта түрлендіруді  және (немесе) жеткізуді қамтамасыз  ететін ұйымдастырушылық және  технологиялық байланысқан іс-қимылдар кешені;

15) жылумен жабдықтау –  тұтынушыларға жылу энергиясын және (немесе) жылу тасығышты беру, тарату және сату жөніндегі қызмет;

16) жылумен жабдықтау жүйесі  – жылу энергиясы, жылу желілері  мен жылу тұтынатын қондырғылар  көздерінің жиынтығы;

17) жылумен жабдықтау объектілері  – жылу энергиясын өндіруге  және тасымалдауға арналған жылу өндіруші станциялар не қондырғылар, жылу электр станциялары, жылу электр орталықтары, қазандықтар, когонерациялық қондырғылар, жылу желілері.

18) жылумен жабдықтауды  дамыту схемасы – елді мекен  аумағында жылумен жабдықтауды  дамыту жоспары; 

19) жылумен жабдықтаудың  сапасы – жылу тасығыштың термодинамикалық  өлшемдерін қоса алғанда, жылумен жабдықтаудың мемлекеттік стандарттарында, стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттарда және (немесе) шарттарды қойылған талаптар жиынтығы;

20) жылумен жабдықтаудың  сенімділігі – жылумен жабдықтаудың  сапасы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін жылумен жабдықтау жүйесінің жай-күйі;

21) жылумен жабдықтаушы  ұйым – тұтынушыларға өздері өндірген және (немесе) сатып алған жылу энергиясын және (немесе) жылу тасығышты, оның ішінде тасымалданатындарды сатуды жүзеге асыратын ұйым;

22) коммуналдық шаруашылық  саласындағы уәкілетті орган  – ЖЭО-ны және елді мекендер  шеңберінде қуаттылығы 100 Гкал/ сағ.  және одан астам белгіленген  қазандықтарды қоспағанда жылумен  қамтамасыз ету саласында басшылықты  және салааралық үйлестіруді  жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

23) қосалқы тұтынушы –  тұтынушының жылу желілеріне  желілері және (немесе) жылу қондырғылары  қосылған жеке немесе заңды тұлға;

24) тұтынушы – жылумен  жабдықтаушы немесе жылу беруші  ұйымның жылу желілеріне тікелей  немесе өз желілері арқылы  қосылған өзінің жылу тұтынатын  энергия қондырғыларында тұтыну  үшін жылу энергиясын және (немесе) жылу тасығышты сатып алатын  жеке немесе заңды тұлға;

25) уәкілетті органдар – жылу энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

26) электр және жылу  энергиясын аралас өндіру (халықаралық  атауы –когенерация) – электр энергиясын өндіру жылу энергиясын өндірумен бір мезгілде технологиялық байланысты болатын жылу электр орталықтары мен басқа да когенерациялық қондырғылар жұмысының режимі;

27) энергетикалық сараптама  – қолданыстағы объектілер, реконструкцияланатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынып жатқан объектілер жобалары бойынша жылумен жабдықтау саласында жүргізілетін сараптама;

2-тарау. Жылу  энергетикасы саласындағы мемлекеттік  реттеу 

3-бап. Жылу энергетикасы  саласындағы мемлекеттік реттеудің  мақсаты мен міндеттері

1. Жылу энергетикасы саласындағы  мемлекеттік реттеу:

1) жылу энергиясын тұтынушылардың  сұранысын барынша қанағаттандыру  және жылу энергиясы нарығына  қатысушылардың құқықтарын қорғау;

2) Қазақстан Республикасында  жылу энергетикасының қауіпсіз, сенімді және орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

2. Жылу энергетикасы саласындағы  мемлекеттік реттеу міндеттері:

1) жылумен жабдықтаудың  сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2) жылу өндіруші, жылу  беруші, жылумен жабдықтаушы ұйымдар  мен тұтынушылар мүдделерінің  теңгерімін сақтау;

3) жылу энергетикасы саласындағы  кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін кемсітусіз және тұрақты шарттарды қамтамасыз ету;

4) жылумен жабдықтау ұйымдары  үшін электр және жылу энергиясын  аралас өндіруді басымдықпен  пайдалануды қамтамасыз ету; 

5) жылу энергетикасы саласында  энергия үмдеуді қамтамасыз ету  және энергетикалық тиімділікті  арттыру; 

6) техникалық мүмкіндік болған жағдайда тұтынушылар үшін жылу энергетикасы саласында көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің тең шарттарын қамтамасыз ету болып табылады.

4-бап. Жылу энергетикасы  саласын мемлекеттік қолдау және  ынталандыру 

Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мақсатында жылу энергетикасы саласын мемлекеттік қолдау Қазақстан  Республикасының Республикалық  бюджет туралы заңында және жергілікті бюджеттерде тиісті қаржы жылына көзделген қаражат көлеміне сәйкес беріледі.

Өндірісін энергия көздерін пайдалана отырып, жылу энергиясымен жылу тасығыш өндіріс дамыту қолдау «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан  Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

5-бап. Жылу энергетикасы  саласындағы мемлекеттік саясаттың қағидаттары

Жылу энергетикасы саласындағы  мемлекеттік саясат:

1) жылу энергетикасы саласындағы  қатынастарды мемлекеттік басқару мен реттеу;

2) жылу энергетикасы саласын  мемлекеттік қолдау және ынталандыру; 

3) жылу және электр  энергиясын аралас өндірудің  (когенерация) технологиясын қолдануды,  қайталама энергетикалық ресурстарды  және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды басымдықпен дамыту;

4) тұтынушылардың құқықтары  мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

5) жылу энергиясымен сапалы  жабдықтау және оған уақтылы ақы төлеу үшін жылу энергетикасы саласындағы қатынастар субъектілерінің жауапкершілігі;

6) жылумен жабдықтау схемаларын  кезең-кезеңмен қайта қарау, жетілдіру және техникалық-экономикалық оңтайландыру;

7) жылу энергетикасы саласындағы  барлық қатынастар субъектілерінің  стандарттарды, қағидалар мен  нормаларды сақтау;

8) жылыту кезеңінде жылумен  жабдықтау объектілерін энергия,  газ, сумен жабдықтау жүйелерінен  ажыратуға тыйым салу;

9) жылу энергетикасы субъектілерінің  жылу энергетикасы саласындағы  заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілігін  белгілеу;

10) жылумен жабдықтау жүйелерінің  экологиялық қауіпсіздігін арттыру;

11) энергия үнемдеуші технологияларды  енгізу үшін жағдайлар жасау; 

12) жылу энергиясын тұтынуды  есепке алу және реттеу аспаптарын  енгізуді қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

6-бап. Қазақстан  Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының  Үкіметі:

1) жылу энергетикасы саласындағы  мемлекеттік саясаттың негізгі  бағыттарын әзірлейді;

2) жылу энергетикасы саласындағы  техникалық регламенттерді бекітеді;

3) жылумен жабдықтауды  ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

4) жылу энергиясы нарығына  қатысушылар арасындағы үлгі  шарттарды бекітеді;

5) жылу энергетикасын  дамыту схемасын әзірлеу тәртібін  айқындайды;

6) жылу энергиясын және  жылу тасығышты босатуды есепке  алу қағидаларын бекітеді;

7) жылу энергиясын пайдалану  кағиадаларын бекітеді;

8) Конституцияға, заңдарға және Президент актілеріне сәйкес өзге де функцияларды атқарады.

7-бап. Уәкілетті  органдардың құзыреті 

1. Жылу энергетика саласындағы  уәкілетті орган:

1) өз құзыретінің шеңберінде  ЖЭО-ның, қуаттылығы 100 Гкал/ сағ.  және одан астам белгіленген  қазандықтардың жылу электр орталықтарымен (ЖЭО) жылу энергиясын өндіру  саласындағы, техникалық пайдалану  мен техника қауіпсіздігі, жабдықтың  пайдалану сипаттамалары саласындағы  Қазақстан Республикасының нормативтік  құқықтық актілерін (техникалық  регламенттерді қоспағанда), жылу өндіруші, жылу беруші, жылумен жабдықтаушы ұйымдардың технологиялық қажеттіліктеріне жылу энергиясы шығысының нормаларын (қуаттылығы кемінде 100 Гкал/сағ. белгіленген жылу желілері мен қазандықтарды қоспағанда) әзірлейді және бекітеді;

2) объектілерді жобалау,  салу, техникалық пайдалану және  олардың техникалық қауіпсіздігі, жабдықты пайдалану мен техникалық-экономикалық сипаттамалары салаларындағы нормативтік техникалық құжаттарды, табиғи монополиялар субъектілері болып табылмайтын жылу өндіруші ұйымдардың технологиялық қажеттіліктеріне жылу энергиясы шығысының нормаларын әзірлейді және бекітеді;

3) табиғи монополиялар  және реттелетін нарықтар салаларындағы  басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік  органмен бірлесіп тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін, тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды бекітеді;

4) жылу беруші және  жылумен жабдықтаушы ұйымдардың, жылу электр орталықтарының, қазандықтардың  қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

5) қуаттылығы 100 Гкал/сағ.  және одан астам белгіленген  қазандықтардың, жылу электр орталықтарының  энергетикалық жабдығының техникалық  жай-күйінің мониторингін жүзеге асырады;

6) меншік нысанына қарамастан  жылумен жабдықтау объектілерін  және (немесе) оның жекелеген бөліктерін  сатуды-сатып алуды, жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға беруді келіседі;

7) Конституцияға, заңдарға және Президент актілеріне сәйкес өзге де функцияларды атқарады.

Информация о работе «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы