Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 08:01, курсовая работа
Қазақстан энергетикасы — электр энергиясы мен қуатын өндiру және электрмен жабдықтау жүйесi; ұлттық экономиканың өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды сала әрi өнеркәсiптiң басқа салаларын дамытудың басты базасы. Осы саланың қалыпты дамуы үшін елімізде «Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған» арнайы бағдарлама бар. Демек, осы саланың жай-күйі, ахуалы, мүмкіндіктер мен қауіптер, бүге-шігесіне дейін зерттеліп, алдағы уақытта жасалуы тиіс шаралар түгел қамтылып, тізбектеліп алдымызға мақсат пен міндет етіп қойылып отыр.Қазақстан келесі жылы электр энергетикасына қаржы салуға ең ыңғайлы нарықтың бірі болады.
Кіріспе.......................................................................................................... 3
1 Қазақстан энергетикасы және энергетика жүйесі.................................... 4
2 Қазақстан электр энергетикасының дамуының негiзгi кезеңдері........... 5
3 Алғашқы электр станциялары және олардың түрлері.......................... 6
4 Электр энергия станциялары................................................................... 7
5 Су электр станциясы............................................................................... 10
6 Жылу электр станциясы.......................................................................... 11
7 Электр энергиясын тұтыну..................................................................... 12
Қорытынды................................................................................................. 13
Әдебиеттер тізімі......................................................................................... 15
Қорытынды
Бүгінде жаңартылған энергетика секторы — даму көкжиегі кең әрі инвестициялық тартымды салалардың бірі. Сондықтан, әлемнің көптеген елдерінде оны дамытуға айрықша маңыз беріліп отыр. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан жаңартылған ресурстардың әлеуетті қорына ие. Бұл ретте еліміз ТМД көлемінде Ресей, Тәжікстаннан кейінгі үшінші орында тұр. Статистика жалпы республикада табиғи жаратылыс үдерістер есебінен жаңартылатын энергия көздерін дамытудың қолда бар мүмкіндігі 1 трлн кВтс-тан астам екенін айтады. Мәселен, Алматы облысында әлеуеті шағын ГЭС-ті қолданудың техникалық қабілеті 10 млрд кВтс болса, жел әлеуеті шамамен 920 млрд кВтс-ты құрайды.Еліміздің Алматы облысы, Жоңғар қақпасы, Шелек дәлізі, Ақмола, Жамбыл аймақтарының табиғи ерекшелігі жел энергиясын кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Демек, ел экономикасын экологиялық тұрғыдан қауіпсіз әрі тұрақты дамыту үшін осы ресурстарды тиімді пайдаланудың маңызы зор. Алайда, Үкімет осы тұрғыдағы біраз шараларды қолға алғанымен, олардың әзірге нәтижесі байқалмай отыр. 2009 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан Республикасының осы саласына қатысты арнайы құқықтық құжат қабылданса да, жаңартылатын энергия көздері (бұдан әрі – ЖЭК) бағытында басталған жұмыс әлі де заңнамалық деңгейде шешілуі қажет біраз мәселелердің бар екенін аңғартады. Бұл жөнінде өткен аптада Парламент Мәжілісінде болған «Кейбір заңнамалық актілерге жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымында білдік. Жаңа құжат бойынша түсінік берген Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиевтің айтуынша, негізгі қолбайлау – ЖЭК нысандарын орналастыру мақсатында жер учаскілерінің нысаналы мақсаттарын өзгертудің мүмкін еместігі және ЖЭК нысандарынан босатылатын бағаны анықтау кезіндегі қиындық. Тұтастай алғанда, заң жобасы жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды дамыту үшін осындай кедергілерді реттеп, мүмкіндігінше қолайлы жағдай жасауға негізделген. Құжат, сонымен қатар, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы жобаларды іске асыру кезінде әлеуетті инвесторларды қолдауға, ашықтықты және айқындықты ұлғайтуға, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы жобаларды кедергісіз іске асыру тетіктерін қарастырады. Заң жобасын қабылдау жаңартылатын энергия көздерін пайдалану есебінен жаңа электр қуаттарын іске қосылуын қамтамасыз етпек. Өзі айтқан басты қиындықтардың сипатын вице-министр Жер кодексіне сәйкес жерді бір санаттан басқа санатқа ауыстыру олардың нысаналы мақсаттарының өзгеруіне байланысты жер учаскілерін ұсыну мен алып қою бойынша ҚР Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде жүргізеді. Бірақ, кодекстің 90-бабына сәйкес, белгілі бір санаттарды ЖЭК нысандарын салуға алып қою көзделмеген. Осыған байланысты, Жер кодексінің 90-бабына толықтырулар енгізу қажет. Атап айтқанда, «жаңартылатын энергия көздері нысандары» деген сөздермен толықтыру қажет» деп тәпсірледі. Ал, тарифті белгілеу шарасының басты кемшіліктері ретінде әкімшілік кедергілердің тым көптігі, инвестордың тарифті көтеруге мүдделілігіне байланысты жеке ТЭН негізінде жіберілетін тарифті белгілеудің сыбайлас жемқорлыққа бейімділігі, келісуге қолайсыз жоғары тарифті талап ететін, экономикалық тұрғыдан орынсыз жобалар ұсынылуы мүмкіндігіне назар аудартты.Вице-министр, сонымен қатар, осы мәселелерді шешудің әлемдік тәжірибедегі жолдарын ортаға салып, олардың ішіндегі тіркелген тарифтер жүйесі және жасыл сертификаттар тетігіне тоқталды. «Германия, АҚШ, Испания, Австрия және басқаларында тіркелген тарифтер жүйесінің енгізілуі ЖЭК бойынша жобаларды қажетті деңгейге дейін кең көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Квоталау жүйесін пайдалану тәжірибесі де біртекті емес. Нидерланды 1997-2000 жылдар кезеңінде оны пайдаланып, одан соң 2003 жылдан бастап тіркелген тарифтер жүйесіне ауысты. Соңғы жылдардағы ЖЭК саласында Жапониядағы елеулі сәтсіздіктерді мамандар бастапқы ретте квота жүйесінің пысықталмағанымен байланыстырады. Бұл ретте 2011 жылғы 26 тамызда Жапония парламенті тіркелген тарифтер жүйесін енгізуге бағытталған жаңартылатын энергия көздері туралы заң жобасын бірауыздан мақұлдағанын атап өткім келеді», – деді Бақытжан Жақсалиев. Оның айтуынша, жекеленген тарифті орнату жүйесі бірде-бір әлем елдерінде қолданылмайды екен. Министрлік ұсынып отырған заң жобасының негізгі тұжырымдамасы осы әлемдік тәжірибені басшылыққа ала отырып, «Тіркелген тарифтерді» енгізуге негізделген. Тіркелген тарифтерді Үкімет ұзақ мерзімді кезеңге бекітеді, тарифтердің көлемі мен қолдану мерзімі ЖЭК түрлеріне орай әртүрлі болады. Тарифтерді белгілеудің сыбайлас жемқорлыққа апаратын мүмкіндіктері жойылады. Алдымен, экономикалық тұрғыдан ең тиімді жобалар іске асырылатын болады.Заң жобасы бойынша Мәжілісте жұмыс тобы құрылып, оның жетекшісі болып палатаның Экология және табиғатты пайдалану комитетінің хатшысы, депутат Шавхат Өтемісов бекітілді. Жұмыс тобының алғашқы отырысы биылғы жылдың 23 ақпанында өтетін болып белгіленді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі