Құқықтық сана

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2013 в 13:54, курсовая работа

Краткое описание

Құқықтық сана – мемлекет пен құқық және криминология теориясының категориясы. Құқықтық сана құқықтық мәні бар құбылыстардың көрінісімен және құқықтық мәні бар құндылықтармен, құқықтық пайыммен, парыздық құқықтық тәртіппен байланысты қоғамдық, топтық, жеке сана аясын қамтиды.

Содержание

КІРІСПЕ
1. ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА
1.1 Құқықтық сананың түсінігі
1.2 Құқықтық сананың ерекшелігі
1.3 Құқықтық сана түрлері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

құқықтық сана курсовая Ақбота.docx

— 49.83 Кб (Скачать документ)

Құқықтық сананың қоғам  өміріне мынандай әсері бар:

1. Құқықтық сана құқық  жасау процесіне белсенді түрде  өзінің әсерін тигізеді.

Халықтың, депутаттардың, мемлекеттік  қызметтегі лауазымды тұлғалардың  құқықтық саналары неғұрлым жоғары болған сайын сапалы заңдар қабылданады, субъектизм мен лоббизмді шектейді, жалпы  ұлттық мүддені жеке топтық, таптық, партиялық мүддеден жоғары қояды.

2. Құқықтық сана мемлекет  қабылдаған нормативтік-құқықтық  кесімдерден өзінің көрінісін  табады.

3. Қоғамда қалыптасқан  құқықтық сананың деңгейі құқық  қолдану процесінде ерекше рөл  атқарады, әділеттілік пен әділетсіздікке  барудың айқын барометрі. Мысалы, мемлекеттік қызметтегі лауазымды  тұлғаның жеке адамнан пара  алуы, бюрократияға жол беруі  ақпараттық араластықтың нәтижесінде бүкіл халықтың құқықтық санасын дағдарысқа ұшыратып, нигилистік көзқарас қалыптастырады.

4. Құқықтық сана құқық  бұзушылықпен күресудің, оның  алдын алудың мүмкіндіктерін  тудырады. Құқықтық сана деңгейі  жоғары болған сайын мемлекеттегі  қоғамдық тәртіп те нығая түседі.

 Сана — қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды. Психикалық және саналы қызметтің элементтері ақпарат алмасу үшін дыбыс сигналдарын және ишараны қолданатын жоғары дамыған, топтасып өмір сүретін жануарларда көрініс береді.

Бір қатар жануарлардың — мысық, ит тектестер, приматтар, дельфиндер әрекеттерінің көбі күрделі және сананың қызметін талап етеді. Одан кейін жануарлардың өзіндік "моралі", өзін ұстау әдеттері, жетекшілік үшін күрес жүргізуі бар. Жалпы, жануарлардың өмірі өзінен-өзі жүріп жатқан жоқ, оларда санаға бағыныштылық, яғни бір мән бар.

Алайда адамның санасы бүл жануарлардың күрделендірілген психикалық қызметінің жалғасы емес, терең ұстанымды өзгерістердің  нәтижесі. Бүл өзгерістердің негізі — еңбек. Еңбек арқылы еңбек құралдары жасалды және материалдық заттарды кайта жаңғырту үшін адамдардың алдымен қарапайым, кейінірек күрделі қажеттіліктерін өтеу үшін пайдаланылды. Адамның эволюциясы 3 миллион жылға жуық мерзімді құрайды, соның 95%-ы адамның нышаны айқын көрінетін алғашқы ұжымдарды калыптастыру үшін жұмсалды.

Алғашқы адам қалдықтары табылған жер француз деревнясы Неандерталь болғандықтан, оларды неандертальдықтар деп атайды. Неандертальдықтар тастан қанжар жасай білген, найзаның ұшын, сүйектен қарулар жасады, жасанды жолмен отты алды. Оларда алғашқы қауымдық құрылыс қатынастары орнады. Еңбек құралдары өлі жетілмеген дамудың алғашқы кезеңінде өмір үшін күрес ширығып, еңбек қызметі сол мақсаттарға

ғана арналып, тек қана ұжымның күшімен жүзеге асырылатын жағдайда болды. Бұл мақсаттарды іске асу, еңбек үдерісін басқару үшін жақсы сигнал жүйесі, жылдам ақпарат алмасу қажет болды.

          Осындай жағдайлар ойдың дамуы мен жетілуінде шешуші рөл атқарған тілдің пайда болуына алып келді. Қалыптасқан бірқатар жағдайларға байланысты біздің ежелгі ата-бабаларымыз өмірінде өте маңызды өзгерістер болып жатты. Кездейсоқ, жағдайда ғана қару ретінде қолына белгілі бір затты — тасты немесе бұтақты алып әрекет еткен кездің орнына қаруды тастан және сүйектен дайындап, үнемі пайдаланатын кез келді.

       Тас және басқа да қарапайым қарулары бар адамдар тобыры енді жануарлармен салыстыруға болмайтын, әлдеқайда күрделі жүйеге — қоғамға айналды. Онда атқарылатын қызмет түрі өте көп еді. Тобырға қарағанда адамдардың бір-бірімен қатынасы, пікір алмасуы күрделеніп, түрлене бастады. Тас қаруды жасау және оны пайдалану, шұңқырды бірігіп қазып, оны жасыру, аңды оған қуып әкеліп құлату үшін аңшылар көптеген жұмыстарды бірігіп атқаруы керек болды.

Өмір оларды соған үйретті, бірігіп еңбек етудің ұтымдылығы жалпының күшімен жеке адамның қолынан  келмейтін мақсаттарды іске асыруға  болатынын көрсетті және сонымен  қоса ақпаратты да ұжым болып пайдалануға  алып келді. Демек, біреу бірдемені  көрсе, естісе, ұжымдық қозғалыстың  барлық катысушылары оны естиді және көреді.

 

                                                                                                                                             

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Құқықтық сана, құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие әрбір азаматтың қалыптасуының, өсіп-жетілуінің басты қағидасына айналуы тиіс.

Құқықтық сана дегеніміз – тұлғаның қолданыстағы немесе қабылданатын құқық  нормаларына деген көзқарастары мен сезімдерінен, оларға тиісінше баға беру мүмкіндіктерінің жиынтығы болып табылады.

Бұдан құқықтық сананың негізінен  құқықтық психология және идея жиынтығынан  құралатынын көреміз. Өйткені, құқықтық психология қолданыстағы құқық нормаларын жетілдіруге, жаңа құқықтық нормаларды қабылдау қажеттілігінің деңгейін, сезімін білдірсе, құқықтық идея құқықтық сананың өз дәрежесіне көтерілуінің нәтижесінде адам, қоғам, мемлекет мүддесі үшін қажетті құқық нормаларының қабылдану қажеттілігін білдіреді.

Құқықтық сана сезімнің басты мақсаты  – адам, азамат, қоғам мүддесіне  сәйкес келетін, олардың мүдделерін қанағаттандыратын құқықтық нормаларды ортақ игілік үшін қабылдау қажеттілігінің негізгі бастамашысы болып табылатындығында. Құқықтық мәдениет болса – құқық  нормаларын білу, толық түсіну, оларды  басшылыққа ала отырып, адамзатың  ортақ мүддесіне қызмет істеуді  білдіреді.

Құқықтық мәдениет құқықтық сана-сезіммен тығыз бай­ланысты және содан  негіз алып дамиды, жетіледі. Субъектінің  өзінің іс-әрекетінде құқық нормаларын басшылыққа алуы оның құқықтық мәдениетінің ерекшелігін, дәрежесін білдіре­ді.

Құқықтық тәрбие – қоғам мү­шелерінің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың іс-әрекетінің көрінісі болып табылады. Мемлекет неғұрлым құқықтық тәрбиеге ерекше мән  берсе – құқықтық сана, құқықтық мәдениет, құқықтық білім биік дәрежеден  көрініс табады. Өйткені, құ­қық­тық сана, мәдениет, құқықтық ғылым –  тәртіптің қайнар көзі, бастауы.

Құқықтық мемлекеттің негізгі  атқаратын қызметі қоғамдық өмірдің  барлық салаларын заң, әділетті  құқық  нормасы­мен ретке келтіру, басқару, қызмет көрсету салаларында  заң талаптарын басты басшылыққа ала отырып, адам, қоғам, мемлекет мүддесіне  адал қызмет атқару болып табылады.

Осыған орай Президент дәрісінде  Қазақстанның өркендеуі, гүлденуі,  дүниежүзінде   алдыңғы қатарлы мемлекет санатында көрінуі үшін құқықтық сауаттылықты, тәрбиені, сананы жетілдіру қажеттілігіне басты назар аударылғаны баршаға аян.

 Өйткені, еліміздің әрбір  азаматы өз құқығын, бостандықтарын, міндеттерін білуі тиіс, әрбір  азамат құқық нормаларын, заңдылық  талаптарын  берік   ұста­нуы  керек. Сонда ғана мемлекетіміз  саяси, экономикалық, әлеуметтік  тұрғыдан дамып, тәртіп нығаяды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Нормативтік-құқытық актілер

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж.

2. Назарбаев Н.Ә.     Қазақстан – 2030.     Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.   Егемен    Қазақстан, 11.10.1997ж.

3. Назарбаев Н.Ә.     Қазақстан   «Әлемдегі      бәсекеге     барынша      қабілетті    50 елдің    қатарына кіру»  Қазақстан Республикасы Президентінің     Қазақстан халқына жолдауы   19.01.2006ж.

4. Назарбаев Н.Ә.     Қазақстан – 2030.     Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.   Егемен    Қазақстан, 11.10.1997ж.

5. «ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы  7 қазан 1998 ж.

Арнайы әдебиеттер:

6. «Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы» оқу-әдістемелік құрал. Алматы, 2004 г.

7. «Мемлекет және құқық теориясы» оқу-әдістемелік құрал. Булгакова Д.А.  Алматы, 2004 ж.

8. «Мемлекет және құқық теориясы» оқулық.. Электронды кітап Булгакова Д.А. Алматы, 2004 ж.

9. «Мемлекет және құқық теориясы» оқу-әдістемелік құрал. Қопабаев О., С. Өзбекұлы Алматы, 2006 ж.

10. «Теория государства и права» Учебное пособие. А.С. Исабаева Алматы, 2006 г.

11. «Мемлекет және құқық теориясы» Оқулық Жоламан Қ.Д. Алматы, 2005 ж.

12. «Мемлекет және құқық теориясы» Оқулық Электронды кітап Жоламан Қ.Д. Алматы, 2006 ж.

13. Мемлекет және құқық теориясы Қ.Д Жоламан, А.Қ. Мұхтарова, А.Н. Тәукелев Алматы  ҚазМЗА 1999 ж.

14. Мемлекет және құқық теориясы   Ағдарбеков М. Алматы 2001 ж.

15. Теория государства и права Ибраева А.С. Алматы 2003 г.

16. Основы теории государства и права: Уч. - нагл. пособие В.И. Григорьев», Ф.В. Основы теории государства и права: Уч. - нагл. пособие В.И. Григорьев», Ф.В. Алматы, 2006 г.

17. «Каз/рус.- рус/каз. словарь юридических терминов» С. Сабикенов Алматы, 2007 ж.

18. «Основы теории государства и права» (альбом схем) В. Григорьев Алматы, 2001

19. М.Т.Баймаханов. Избранные труды по теории государства и права. Алматы, 2004.

 

 

 


Информация о работе Құқықтық сана