Қылмыстық құқық түсінігі, пәні, қағидалары және қайнар көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 15:56, реферат

Краткое описание

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады.
1)Қылмыстық құқық нолрмасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы – ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады;
2) Қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тиым салған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі;
3) Қылмыстық құқық нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

кылмыстык кукык.docx

— 22.87 Кб (Скачать документ)

Қылмыстық құқық түсінігі, пәні, қағидалары және қайнар көздері 

 Қылмыстық құқық жеке  құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық  қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған  қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады.

1)Қылмыстық құқық нолрмасы  арқылы қоғамдық қатынастарды  реттеу функциясы – ол қылмыс  істеуге байланысты қылмыс жасаған  адам мен мемлекет арасында  пайда болады;

2) Қылмыстық құқық нормасы  арқылы жазамен қорқытып, тиым  салған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі;

3) Қылмыстық құқық нормасы  арқылы азаматтарға қылмыстық  жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді.

Бірақ қылмыстық құқық өзге құқық салаларынан функциясы бойынша оқшау сала. Себебі, ол қоғамдық қатынастарды реттеп қана қоймайды, сонымен қоса, пәрменді кушпен қорғайды. Ал оның қорғау аясына, ең алдымен басқа құқық салаларымен бұған дейін реттеліп қойған қоғамдық қатынастар енеді. Мысалы,мүлікті қалай пайдалану, иелену, билік ету мәселесіне қылмыстық құқық араласпайды, оны азаматтық құқық реттейді. Ал алдын-ала біреу осы құқықтарды бұзатын болса (ұрылық, тонау, қарақшылық т.б.) онда оны қылмыстық құқық қорғайды.

Қылмыстық құқық жалпы және ерекше бөлімнен тұрады.

Жалпы бөлім қылмыстық жауаптылықтың негіздерін, міндеттері мен принциптерін, жекелеген жаза түрлерінің қолдану шегін, оларды тағайындау тәртібін белгілейтін нормалардан, шартты түрде жаза қолдануды, қылмыстық жаза мен жауаптылықтан босатуды, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруды реттейтін институттарды орнықтыратын нормалардан, сондай-ақ, сотталғандарды түзеу ісін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысу нысандарын көрсететін нормалардан тұрады. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен оларды жазалаудың ерекшеліктері де, соттылықты жою мен алып тастау шарттары да жалпы бөліммен реттеледі.

Жалпы бөлімнің нормалары өзара ерекше бөлімнің нормаларымен тығыз байланысты.

Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің нормалары жаза түрлері мен оның қолдану шегін көрсете отырып, нақты жекелеген қылмыстарға сипаттама береді.

Қылмыстық құқықтың қағидалары деп – қылмыстық құқықты басшылыққа алатын оның нормаларының негізгі мазмұны мен бағытын анықтайтын бастауларды айтамыз.

Қылмыстық құқықтың негізгі принциптеріне мыналар жататады:

1) Заңдылық принципі –  бұл принциптің мәні қылмыс  пен күресуді заң шеңберіндегі, оның талаптарын мүлтіксіз орындай  отырып жүргізуді білдіреді. Ешкімде соттың үкімінсіз, заңға қайшы жолмен кінәлі болып табылмайды;

2) Адамдардың заң алдындағы  теңдігі принципі – бұл принцип  адамның тегіне, ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, тіліне, дінге  деген көзқарасына қарамастан  заң алдында бірдей жауап беретіндігін  көрсетеді;

3) Жауаптылық принципі  – бұл принцип бойынша кез  келген адам лауазымдық және  басқа да жағдайларға қарамастан  өзінің істеген қылмысы үшін  нақты жауаптылықты мойындауы  қажет;

4) Әділеттілік принципі  – бұл принциптің мәні қылмыстық  жазаға іс-әрекетінде қылмыс құрамының  толық белгілері бар адамдар  тартылуы керек. Негізсіз, дәлелсіз қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді;

5) Демократизм принципі  – бұл принциптің мәні сот  төрелігін жүзеге асыру барсында  істі қатысушылар мен сол ауданның  басым бөлігі білетін тілде  жүргізу, егер қажет етсе аудармашының  көмегімен қамтамасыз етуді білдіреді;

6) Гуманзим принципі –  бұл принциптің мәні кішігірім  қылмыстарды алғаш жасаған адамдарға  кешіріммен қарап, жеңіл жаза  тағайыедап, керісінше ауыр қылмыс  жасағандарға неғұрлым ауыр жаза  тағайындаудан тұрады;

7) Интернационализм принципі  – бұл принцип ұлттық теңдікті  бұзғаны үшін, басқа мемлекеттің  мүддесіне, халықаралық қауіпсіздікке, ұлттар арасындағы бейбітшілікке  қарсы қылмыстар үшін жауакершілік  белгілейтін нормалардан көрініс  табады.

Қылмыстық заң – Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес республика Парламенті қабылдаған құқықтық ережелер болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығытардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екенін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқықтық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Қылмыстық заң қандай әрекеттер (іс-әрекеттер немесе әрекетсіздіктер) қылмыс болып табылатынын, оларды жасаушылар қандай жаза қолдану керектігін, қылмыстық жауапкершіліктің маңызды принциптері мен жалпы ережелерін анықтайды.

Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқық режимдері жоғарғы соттың нормативтік қаулыларында және 1997 жылы қабылданған Қылмыстық Кодексте тура көрсетіледі.

Қылмыстық заң Қылмыстық кодекстің 1 бабында көрсетілгендей, қылмыстық құқықтың бірден-бір қайнар көзі болып табылады.

Қылмыстық заңның негізгі міндеттеріне қылмыстық жауатылықтың талаптары мен принциптері, негізін, қылмыс түсінігінің жалпылама белгілердің, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мен әрекетсіздіктер шәңберін, қолданылатын жазалардың түрлерін анықтау жатса, осы міндеттерді орындау арқылы қылмыстың алдын алу, яғни қылмыстарды болдырмау мақсатын көздейді.

Қылмыстық заң әр түрлі мазмұнда болуы мүмкін. Ол көлеміне байланысты жеке нормалардан тұратын, бірқатар нормалардан тұратын, қылмыстық құқықтық нормалардың аяқталған жүйесінен тұратын қылмыстық заң болып үшке бөлінеді.

Қылмыс түсінігі, белгілері, санаттары және қылмыс құрамы

 Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттіне көрінісі, нәтижесі болып табылады.

Әрекет дегеніміз – адамның қылмыстық зањ тиым салған нәрселерді істеуі, ал Әрекетсіздік дегеніміз адамныњ зањ, нормативтік кесімдер, нұсқаулар немесе жарлықтар, Бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы.

қылмыс дегеніміз – қылмыстық заңдармен тиым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе «рекетсіздікті айтамыз.

Қылмыстың белгілеріне мыналар жатады:

1) Қоғамға қауіптілігі;

2) Заңға қайшылығы;

3) Айыптылығы;

4) Жазаланатындығы.

Қылмыстың санаттары деп оларды нақты белгілері бойынша топќа бљлуді айтамыз. Қылмыстар сипатына, қоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты мынадай санаттарға бөлінеді:

1) онша ауыр емес;

2) ауырлығы орташа;

3) ауыр;

4) аса ауыр.

Қылмыстық Кодекстін 10-бабына сѕйкес қылмыс жасағаны үшін осы кодексте көзделген ен ауыр жаза бас бостандығынан:

1) қасақана жасаған әрекеті  – 2 жыл, абайсызда жасаған әрекеті  – 5 жылдан аспайтын мерзімге  – онша ауыр емес;

2) қасақана жасаған әрекеті  – 5 жыл, абайсызда жасаған әрекеті  – 5 жылдан аспайтын мерзімге  – ауырлығы орташа;

3) қасақана жасаған әрекеті  – 12 жылдан астам мерзімге –  ауыр;

4) қасақана жасаған әрекеті  – 12 жылдан астам мерзімге немесе  өлім жазасы кљзделсе – аса  ауыр санатына жатады.

Қылмыстын құрамы дегеніміз – бұл қылмыстыњ объективтік және субъективтік жақтарынан құралатын белгілерініњ жиынтыѓын айтамыз. Ондай белгілер 4 топқа бөлінеді:

-қылмыстын объектісі;

- қылмыстын объективтік  жағы;

- қылмыстын субъектісі;

- қылмыстын субъективтік  жағы.

Қылмыстың объектісі – қылмыскердін қиянат жасайтын және де қылмыстық заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынастар.

Қылмыстын объективтік жағы – ол қылмыстын сыртқы көрінісіне жататын белгісі.

Қылмыстын субъектісі – ол қылмыс жасаған уақытта ақыл-есі дұрыс және 16 жасқа толған жеке адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау жѕне т.б.) ќылмыстыќ жауатылыққа адам 14 жастан тартылады.

Қылмыстын субъективтік жағы – бұл қылмыстыњ ішкі мѕнін, мазмұнын білдіреді.

Қылмыс құрамы құрастырылуына байланысты материалдық және формальды болып жіктеледі.

Материалдық құрамда қылмыстын аяқталу саті қоѓамѓа ќауіпті зардаптыњ тууына байланысты болса, формальды ќђрамда зардапты тосып жатпай-аќ, қоғамға қауіпті әрекетті жасаудын өзі қылмыстың аяқталғандығын көрсетеді.

 Қылмыс істеу сатылары және жаза түсінігі, мақсаты, түрлері 

Кез келген қылмыс белгілі бір кезеңдерден немесе сатылардан өтеді. Көп жағдайда адам қылмыс жасауға даындалып барып, өз ниетін іске асырады. Ниет жүзеге асса, толыққанды аяқталған қылмыс, жасаушыға қатыссыз себептермен жүзеге аспай қалса, не өзі бас тартса, аяқталмаған қылмыс болып табылады.

Қылмыстық құқық теориясында бір бірінен әрекет сипаты мен аяқталу дәрежесіне қарай ажыратылатын қасақана қылмыстың үш сатысы көрсетіледі. Олар:

1) Қылмысқа дайындалу;

2) Қылмысқа оқталу;

3) Аяқталмаған қылмыс.

Осы үш саты тек қана тікелей ниетпен жасалған қысқаша қылмыстарда болады.

Қылмысқа дайындалу деп «тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау» объектіге жанасу жолдарын іздестіру танылады. Ол қылмысқа оқталу мен аяқталған қылмысқа қарағанда қауіптілік дәрежесі төмен. Қылмысқа дайындалушы бұл жағдайларды өз қолымен жасайды, бірақ еркіне байланысты емес мән-жайлар бойыншаақырына дейін жеткізілмейді. Егер де бұлай болмай қылмыстық өзгерістерді дайындалу сатысынан доғарса, қылмыстан өз еркімен бас тарту болар еді.

Қылмыс жасауға оқталу. «Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып табылады».

Аяқталған қылмыс. Егер адам әрекеттерінде қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінде келтірілген баптың диспозициясындағы барлық объективті және субъективтік белгілердің бәрі болса, аяқталған қылмыс болып есептеледі.

Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамдарды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады.

Жазаның белгілеріне мыналар жатады:

1)Қылмыстық жазаны мемлекет  атынан тек қана сот тағайындайды;

2) Жаза тек қана жеке  сипатта әке-шеше, туған-туыс емес  тек қылмыскер ғана жазаға тартылады;

3) Ол адамды құқықтары  мен бостандықтарынан шектейді.

Жаза қылмыскер үшін өзі жасаған қылмыстың салдары. Дегенмен ол қылмыстың алдын алудағы белді шара болып табылмайды. Белді шараларға әлеуметтік, мәдени-тәрбиелік жұмыстар жатады, бірақ егер де қылмыскер иландыру әдістеріне, тәрбиелеу шараларына бой бермей бара жатса, оны қылмыстық жазамен тоқтатуға тура келеді.

Жазаның мақсаты:

- әлеуметтік әділдікті  қалпына келтіру;

- сотталған адамды түзеу;

- жаңа қылмыстар жасаудан сақтандыру.

Әлеуметтік әділдік жәбірленішінің бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруді көздейді. Ол мүліктік сипаттағы санкцияларда (айыппұл, мүлікті тәркілеу), ал өлім, жарақаттар үшін қылмыскерді құқықтары мен бостандықтарына ұзақ мерзімге айырудан көрініс табады.

Мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топтарға бөлінеді:

1) Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы әскери немесе құрмет атағынан айыру, дипломатиялық дәрежесінен және мемлекеттік наградадан айыру;

2) Сотталған адамның құқығына  шек қоюмен байланысты жаза  түрлері. Бұған белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру жатады;

3) Сотталған адамды материалдық  жағыннан айыруға байланысты жазалар: түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу;

4) Сотталған адамның құқығынан  немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлеріне өлім жазасы, бас бостандығынан айыру жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Қазақстан Инновациялық Университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАЯНДАМА№

Тақырыбы:ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 Орындаған:Баяхан Құралай Советбекқызы

Топ: ПП 21

Тексерген: Мусабекова Айгерім Ерланқызы

 

 

 

 

Семей 2014 жыл

 

 


Информация о работе Қылмыстық құқық түсінігі, пәні, қағидалары және қайнар көздері