Құқық шығармашылығының түсінігі мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 13:27, реферат

Краткое описание

Қоғамды басқаруда мемлекет пен құқық сан алуан нормативтік актілерді өмірге әкеліп, ескіргенін жаңартып, кемшіліктері болса толықтырып отырады. Бұл процесте заңға көп күрделі талаптар қойылады. Заң неғүрлым мазмүны жағынан өмір талаптарына сәйкес, халықтың ойы мен негізгі мүдделерін терең қамтыса, нысаны жағынан да әбден жетілсе соғүрлым ол тәуелсіз демократиялық мемлекет құру күресіне тиянақты үлесін молынан қосады, заңның беделі артады. Сол себепті заң жобасын жасауға оны жан-жақты талқылауға көпшілік халықтың, қоғам үйымдарының белсене қатысуы біздің жалпы халықтық мемлекетімізде заңды-лыққа айналды. Өте маңызды заң жобалары халықтың талқылау-ына түседі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Құқық шығармашылығы.doc

— 80.50 Кб (Скачать документ)

ҚР Нормативтік  актілердің түрлері, оларды жүйеге келтірудің әдістері.

Парламенттің актілері. Нормативтік актілердің жүйелерінде заң ерекше орын алады, оның жоғары күші бар. Заңның жоғары күші келесі жағдайлардан түрады: заңцы тек парламент күрделі Конституцияда айтылған әдістермен алады, заңды тек парламент қабылдайды, жояды немесе өзгертеді. Басқа нормативтік актілер заңға сәйкес болуға тиісті. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді, күрделі мәселелерді шешеді және зандар шығаруға хақылы. Оның құзырындағы:

-  жеке және заңды  тұлғалардың құқық субъектілеріне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелері мен жауапкершілігіне;

-  меншік режиміне  және өзге де мүлік құқығына;

-  мемлекеттік органдар  мен жергілікті өзін-өзі басқару органдардың ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне;

-  салық салуға, алымдар  мен басқа да міндетті төлемдерді  белгілеуге;

-  республикалық бюджетке;

-  сот қүрылысы мен  сотта іс жүргізу мәселелеріне;

-  білім беруге, денсаулық  сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;

-  кәсіпорындар мен олардың мүлік жекешелендіруге;

-  айналадағы ортаны  қорғауға;

-  республиканың әкімшілік-аумақтық  құрылысына;

- мемлекет қорғанысы  мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруға хақылы.

Парламент Конституцияны, Заңдарды қабылдайды. Сенат пен Мәжіліс  өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды. Олар Конституцияға және зандарға қайшы келмеуі тиіс.

Президенттің  актілері. ҚР Президенті бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады. Президенттің Жар-лықтары Конституция мен Республика зандарының негізінде және оларды орындау үшін шығарылады. Республика Президентінің Жарлығымен:

Республика Президентінің  актісін шығаруда талап ететін Президенттің Конституциялық өклеттігі жүзеге асырылады;

Конституцияда және өкімет органдарының Қазақстан халқының алдындағы  жауапкершілік заңдарында белгіленген  мемлекеттік биліктің барлық тармағының үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері шешіледі;

Парламенттің заңды міндетіне кірмейтін, сондай-ақ Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың заңда көрсетілген міндеттеріне жатпайтын мөселелерді құқықтық жүйелендіру жүзеге асырылады;

Қазақстан Республикасының экономикалық және саяси-әлеуметтік дамуы стратегиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдакады.

Президент Конституция  бойынша заң қабылдайды (53 бап 4 тармағы, 61 бап 2 тармағы).

Республика Президентінің  өкімдері Конституцияның, зандардың  және Президент жарлықтарының негізінде және соларды орындау үшін шығарылады. Оның өкімдерімен әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелерді шешу жүзеге асырылады. Республика Президентінің құзыретіне сәйкес констиуциялық мәртебесі жоқ лауазымды тұлғалар қызметке тағайындалады және босатылады.

Үкімет актілері. Нормативтік жүйеде бұл актілер үшінші орында тұрады, олар зандардың және Республика Президенті актілерінің негізінде жөне соларды орындау үшін шығарылатын Үкіметтің нормативтік актілері және қаулылары.

Үкімет актілері алқалық  түрде оның отырыстарында дауыс  беру арқылы қабылданады, оған Премьер-Министр  қол қояды.

Премьер-Министр шығарған нормативтік актілер жеке өкімдерге жатады. Үкімет норма шығару саласында құқығын жүзеге асырады.

Министрліктер, ведомстволар, мемлекетгік комитеттер бұйрық және инструкцияларды шығарады. Олар мемлекеттік комитеттерінің басшылығын жүзеге асырады, тиісті министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің басқару салаларындағы істің жайы үшін жауап береді.

Конституциялық  Кеңестің актілері шешім түрінде қабылданады. Конституциялық Кеңестің отырысында қабылданатын барлық шешімдері Конституциялық өкілеттіктермен жүзеге асырылатын қорытынды шешімдерге бөлінеді. Конституциялық шешімдер, қаулылар, соның ішінде ҚР қолданылатын құқықтардың құрамдас бөлігі болып саналатын нормативтік қаулылар қорытындылар мен жолдаулар нысанда болады. Конституциялық Кеңестің актілері, оның мүшелерінің көпшілік дауысымен алқалы түрде қабылданады және оларға Төраға қол қойғанға дейін Конституциялық Кеңестің мәжіліске қатысқан мүшелерінің қолымен бекітіледі. Конституциялық Кеңестің қаулысы оны қабылдаған күннен күшіне енеді және Республиканың бүкіл аумағында міндетті болып саналады әрі түпкілікті және шағымдануға жатпайды.

Жоғарғы Соттың актілері - ҚP сот билігінің Жоғарғы органның заңцы нысанда еркін білдіруі. Бұл Жоғарғы соттың қаулылары мен өзге де актілері. ҚР Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы "Қазақстан республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы", конституциялық заң күші бар, жарлығының 31 бабының 1 тармағына сәйкес, сот практикасының мәселелері бойынша соттарға түсінік беретін нормативтік қаулыларды ҚР Жоғарғы Сот Пленумының қабылдауға хақысы бар.

Мәслихаттар өз қүзыретіндегі  мәселелер бойынша шешімдер, ал әкімдер  тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР




Информация о работе Құқық шығармашылығының түсінігі мен мазмұны