Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 13:18, доклад
Адамгершілік нормалары - қоғамды реттеу қабілеті кең, барлық индивидтерге қатысы бар және сол тарихи қоғамда қабылданған ізгі-ниеттілік, адамгершілік сияқты құндылықтарды өмірдің қажеттілігіне айналдырған нормалардың жиынтығы. В.Ф.Гегельдің пікірі бойынша «адамгершілік дүниеде мейірімділіктің үстемдік етуі». Адамгершілік нормалардың сот процессін жүргізгенде қолданылуына келейікші:барлық сот процесстері белгілі бір құқықтық нормаға сүйене отырылып жүргізіледі.Құқықтық нормалар адамгершілік қағидаларын ұстана отырып дүиеге келеді.Құқықтық нормаларды сот процессінде қолданған уақытта да, сотты жүргізіп отырған адамның өзі адамгершілік нормаларының шеңберінде ғана шешім шығаруы тиіс.
Аманбаева Арайлым. Ю-11 к тобының студенті.
Әділбекова Қ.Қ. Жалпы және арнайы құқықтық пәндер кафедрасының аға ұстазы.
(Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық
Сот төрелігін жүзеге асырушылардың адамгершілік құндылығын қолдануы жайлы ойлар.
Адамгершілік нормалары - қоғамды реттеу қабілеті кең, барлық индивидтерге қатысы бар және сол тарихи қоғамда қабылданған ізгі-ниеттілік, адамгершілік сияқты құндылықтарды өмірдің қажеттілігіне айналдырған нормалардың жиынтығы. В.Ф.Гегельдің пікірі бойынша «адамгершілік дүниеде мейірімділіктің үстемдік етуі» [1].
Адамгершілік нормалардың сот процессін жүргізгенде қолданылуына келейікші:барлық сот процесстері белгілі бір құқықтық нормаға сүйене отырылып жүргізіледі.Құқықтық нормалар адамгершілік қағидаларын ұстана отырып дүиеге келеді.Құқықтық нормаларды сот процессінде қолданған уақытта да, сотты жүргізіп отырған адамның өзі адамгершілік нормаларының шеңберінде ғана шешім шығаруы тиіс.
Қазақстан Республикасы демократиялы ел болғандықтан, бізде билік үш тармаққа бөлінген. Атқарушы, заң шығарушы және сот билігі.
ҚР-ның сот билігі тәуелсіз, дербес болып саналады. Конституцияның 75-бабына сәйкес ҚР-да сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Сот ісін жүргізу азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. ҚР-да сот жүйесін Республиканың Жоғарғы соты мен Республиканың жергілікті соттары(облыстық және оларға теңестірілген соттары, аудандық(қалалық) құрайды. Республика аумағында ҚР Әскери(әскерлердің, құрамалардың,гарнизондардың) әскери соттары болдаы.Соттар тиесілі билікті ешкімнің еркіне қарамастан ҚР Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырады. [2]
Соттар жайлы Сулейманованың пкірін алып қарасақ: «Судьяның ерекшілігі оның мемлекетпен қамтамасыз етілген билігін,яғни өкілеттілігін тек құқықтық тұрғыда ғана пайдалану емес, оны адамгершілік нормаларына сәйкес қолдану болып табылады. Бұл дегеніміз, қандай да шешім шығармас бұрын алдымен адамгершілік құндылықтарға баса назар аударып, оны сол шешімді шығаруда пайдалану» [3,361]. Осы ретте біз Сулейманова ханымның тұжырымымен келісеміз, себебі жоғарыда айтылғандай, соттар тәуелсіз, тек заңға ғана бағынышты болғандықтан, олардың үлкен өкілеттіліктері бар.Біз сот қандай шешім шығарды, сонымен келісіп қабылдап отыруымыз керек. Судьялар өздерінің өкілеттіктерін тек құқықтық нормаларға ғана емес, адамгершілік нормаларына сай жүргізуі керек, себебі, адамның тағдырын шешетін адамның бойында үлкен адамгершілік болу қажет. Сонда ғана соттарға қоғам дұрыс көзқараспен қарайды. Судья кез-келген адам бола бермейтіні анық, себебі ол үлкен жауапкершілікті қызмет болып табылады. Осы жерде тағы Сулейманованың пікіріне тоқталсақ: «Заң судьядан теориялық білім мен жылдар бойы жинақталатын тәжірибені ғана емес, одан кіршіксіз адамгершілікті талап етеді» [3,361]. Өте дұрыс айтылған ой,себебі біздің алдында айтып кеткеніміздей, судья кез-келген адам бола алмайды, судья болатын адамдарға білімі жағынан да , жасына сәйкес те белгіленген талаптар бар.Сол талаптарды орындайды. Бірақ ең маңыздысы бұлар емес, маңыздысы судья адами құндылықтарға бай болу керек.Тек ең адал,ең әділетті, ең мейірімді, керек жерінде қаталдық жасай алатын адам ғана бұл қызметті жүзеге асыра алады.
«Судья тарапынан болған кез-келген қызметін атқармау немесе дұрыс атқармау соныңда адами талаптарды бұзуға әкеліп соқтырады. Сот ісінде кез-келген істі қарап жатқанда оларды шешуде тек кәсіби білім ғана емес, судьяның құқықтық мәдениеті мен адамгершілік қағидалары үлкен рөл атқарады» [3,363]. Тағы нені байқадық қандай да болмасын сот ісін жүргізгенде судья тек құқықтық біліміне ғана емес, адамгершілік біліміне сүйене отырып қана шешім шығару керек. Судьялардың өмірлік тәжірибесінде соттың соңғы шешімі оның адамгершілік нормаларға да байланысты шығарылатынын көрсетеді. Өзіміз білетіндей заңға адамдар арасында туындайтын барлық қатынастардың шешімі енгізілмеген,себебі заң шығарушы барлығын қамти алмайды. Міне, дәл сол кезде судья құқықтық емес, адамгершілік нормаға сүйенеді.
« Судьяға үміткер адамға мынадай талап қойылады: кіршіксіз абырой, заңда рәсімделген, құқықтық мәнге ие адамгершілік құндылық. Сондықтан судья тек мемлекеттік қызметтегі тұлға ғана емес, әділетті, адал, ар-намысы жоғары, үлкен ұяты бар болу керек.»[3,362]. Ойланып қарасақ бұл талаптардың бар болуы өте заңды және тиімді, себебі тек мықтының мықтысы ғана алға шыга алады. Міне, сонда ғана қоғам сол талаптардын барлығында орындай алатын адамды судья ретінде қабылдап, оған үлкен жауапкершілік пен сенім арта алады.Судьялар сот төрелігін тек заң мен ар-ожданды басшылыққа ала отырып шығаруға тиіс. [4,1]. Судья адамға барлығының қоятын талабы ол- судьяның адамгершілік нормаларына сәйкес қызмет істеуі.
Қолданылған әдебиеттер:
[1]. C.Өзбекұлы,Ө. Қопабаев. «Мемлекет және құқық теориясы». – Алматы, 2006.
[2]. ҚР-ның Конституциясы. - 6- бөлім. 75 бап
[3]. ҚР Білім
және Ғылым министрлігі.
[4]. Қарағанды облыстық
қоғамдық-саяси газеті:«
- Қарағанды , 2012. № 15-16(21 223). - 10 б