Саяси жүйе және мемлекет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 10:48, курсовая работа

Краткое описание

Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі - мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны - мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде-мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу процесін басқарып отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру дегеніміз - қоғамдағы қарым-қатынастарды, олардың өзара байланысын реттеп отыру, тұрақты, жақсы дамуын қамтамасыз ету.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ……………………………………………………………………...5

1.1ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ…………………………………………………………………….5
1.2 САЯСИ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ……………9
1.3 ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ…………………………………………………………………………...10

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР……….14

2.1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛКАСЫНДАҒЫ САЯСИ КҮШТЕРДІҢ КЕМЕЛДЕНУ ҮРДІСІ……………………………………………………….14
2.2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖҮЙЕНІ РЕФОРМАЛАУ………………...21

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………...27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………..28

Прикрепленные файлы: 1 файл

Саяси жүйе және мемлекет.docx

— 70.42 Кб (Скачать документ)

Басқару функциясының бiр бөлiгiн орталықсыздандыру. Демократиялық  өзгерiстердi табысты жүргiзу орталық  пен аймақтар арасында өзара қарым-қатынасты  уақтылы реттеудi жəне өкiлеттiктердi бөлудi талап етедi. Негiзгi аймақтық проблемалар жергiлiктi билiк органдары деңгейiнде шешiлуге тиiс.

Көппартиялық  жүйенi дамыту үшiн жағдай жасау. Саяси  партиялар нақты беделге, халықтың қолдауына ие болуға тиiс, саяси стратегияларды тұжырымдауға қабiлеттi болуға тиiс. Қазiргi таңда жұмыс жүргiзушi партиялар  мен олардың парламенттегi фракцияларының қызметi қоғамның кең жiктерiнiң мүдделерiне саяси өкiлдiк етудiң болашақ  құрылымын қалыптастыру үшiн бастапқы шарттар жасауға тиiс. Партиялар  дауыс беру жолымен қоғамдық пiкiр  бiлдiруге ықпал етуге, қоғамның жəне мемлекеттiк органдардың арасында тұрақты байланысты жүзеге асыруға тиiс. Партиялық

қызмет арқылы саяси элитаны, басқару аппаратының  кадрларын iрiктеу жəне əзiрлеу жүзеге асырылуға тиiс.

Мемлекеттекөппартиялықтың болуы азаматтардың саясатқа қатысуына  кеңiнен қол жеткiзуiнқамтамасыз  етудiң қажеттi шарттарының бiрi ретiнде  көрiнедi.Парламенттегi партиялық фракциялардың  рөлін арттыру үшiн Парламенттегi партиялық фракциялардың жұмыс iстеу тетiгін нақты айқындайтын заңнаманы  қабылдау қажет.

Сайлау заңнамасын, сайлау жүйесiн жетiлдiрудi, сайлау процесiн  ұйымдастыруды, кандидаттар туралы ақпаратты сайлаушыларға жеткiзудегi

жəне iс-шараларының басқа да кезеңдерiн жария етуде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлiн нығайтуды жалғастыру қажет. Сайлау комиссияларының құрамына кəсiби мамандар ұсынылуға тиiс, əрбiр комиссияда тым болмаса бiр заңгер болуға тиiс.

Төмен тұрған сайлау комиссияларын саяси партиялардың, басқа қоғамдық бiрлестiктердiң, азаматтардың пiкiрлерiн ескере отырып өкiлдi органдар (мəслихаттар) құруға тиiс. Дауыс беру жəне дауыстарды есептеу рəсiмi барынша "ашық" болуға тиiс. Дауыстарды есептеудiң автоматтандырылған жүйесiн енгiзу сайлау процесiн жетiлдiрудi қамтамасыз ету бағыттарының бiрi болады.

Үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың азаматтардың мүдделерiн iске асыруға белсендi жəне жемiстi қатысуға тиiс рөлiн күшейту үшін халықтың əр түрлi топтары мен жiктерiнiң мүдделерiн талап ететiн үкiметтiк емес ұйымдарды (YЕҰ) дамыту жəне нығайту қажет. Осыған байланысты үкiметтiк емес ұйымдардың одан əрi дамуын қамтамасыз ететiн арнаулы заңнамалық актiлер қабылдаған орынды.

үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың өзара iс-қимылын  жандандыру талап етiледi. Бұл орын алып отырған проблемаларды шешудiң  жолдарын тез жəне тиiмдi табуға мүмкiндiк бередi.

ҮЕҰ-ды қолдаудың  нақты нысандарының бiрi оларға əлеуметтiк маңызды жобаларды iске асыруға арналған мемлекеттiк гранттар беру мүмкiндiктерi мен тəртiбiн айқындау болып табылады.

Қазақстанның  жастар мен балалар ұйымдарын  қолдауға жəне оларды дамытуға айрықша назар аудару қажет. Бұл жастарды барабар əлеуметтендiруге жəне əлеуметтiк-экономикалық проблемаларын шешуге, олардың сыңаржақ дiни немесе экстремистiк саяси идеяларды қабылдау салдарынан қылмысқа бой алдырмауына жəрдемдеседi. /10/ 

 

 

  

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Осы курстық жұмыс  «Мемлекет – қоғамның саяси жүйесінің  негізгі элементі ретінде» деген  тақырыпқа жазылған.

Қоғамның саяси  жүйесі- бұл белгілі бір саяси  функцияларды атқарушы мемлекеттік  және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Саяси жүйенің даму процесінің бірнеше түрі болды. Социалистік  типті мемлекеттерде сталиндік  саяси жүйе қалыптасты. Оның мазмұны: жеке адамға табынушылық, бір партияның  үстемдігінің орнауы, әкімшілік- әміршілік, тоталитарлық басқару жүйенің қалыптасуы, демократияның, бостандықтың, әділеттіктің арасының зор шектеулі.

Саяси жүйенің  екінші түрі- дамыған елдерде ХХ ғасырдың 60-90 жж. Қалыптасқан нарықтық экономика мен либерал- демократиялық  мемлекеттердің, ұйымдардың, одақтардың өзара қатынасы мемлекеттің Конституциясына  сәйкес дамуы.

Саяси жүйенің  үшінші түрі- ХХ ғасырда қалыптасқан  аралас мемлекеттік құрылыс- конвергенция теориясы. Капитализм мен социализм  қоғамының экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени дамуының, жақсы тәжірибелерін  біріктіру. Бұл саяси жүйеде де кемшіліктер  көп кездеседі.

Саяси жүйенің  ең күрделі, ең маңызды элементі - мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы  ең орталық буыны - мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде- мақсатын іске асыратын ең негізгі  аппараты. Саяси жүйенің даму заңдылықтары дегеніміз - қоғам өмірінің әр кезеңінде  саяси - әлеуметтік құбылыстардың бірлесіп саяси  жүйесінің объективтік, тұрақты даму процесінің заңдылықтарына айналуы.

Қазіргі таңда  біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз  өз дамуының түбегейлі жаңа сатысының  алдында тұр. Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика құрған соң алдымызға өмір сапасы жоғары, бәсекеге лайықты ең дамыған елдер қатарына қосылу міндетін қойып отырмыз.

Бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты міндеттердің бірі ретінде  саяси саланы реформалау. Демократия - әлемнің өркениетті елдерінің таңдауы, яғни біздің де таңдауымыз. Тепе-тең  әрі демократиялық саяси жүйе ғана Қазақстанды модернизациялау  жөніндегі ұлығаусар міндеттерді  еңсере алады.

Осы тақырыпта, жоғарыда айтылып кеткен ерекшеліктер мен  өзгерістер  кеңірек ашылып қарастырылған.  

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  

 

1.        Ашитов З.О.  Қазақстан Республикасының құқық негіздері: Оқу құралы.: Жеті жарғы, 2003.- 296 б.

2.        Д.А.Булгакова. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы.-Алматы: Заң әдебиеті. 2004.

3.        Қ.Д.Жоламан. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, ҚазМЗУ –дың баспа- полиграфия орталығы.-1999

4.        Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық. -Алматы, 2003.- 692 б

5.        Сапарғалиев Ғ.  Мемлекет және құқық теориясы: Оқу құралы.- Алматы: Жеті жарғы., 1997.- 96 бет

6.        Әлисұлтан Құланбай:«Саяси реформалар бірінші кезекте қоғам үшін керек» // Егемен Қазақстан 20 қараша 2009ж

7.        ҚР Конституциясы 1995ж 30 тамыз (2007ж21.05өзгертулер мен толықтырулар)

8.        Қуат Бораш: «Туыстас партиядан ту ұстар партияға дейін» //Егемен Қазақстан 14 желтоқсан 2008ж

9.        Тепе-тең әрі демократиялық саяси жүйе ғана Қазақстанды модернизациялау міндеттерін еңсере алады //Астана. 12 қазан. "Қазақстан Бүгін"

10.   Выступление Главы государства на заседании Государственной комиссии по разработке и конкретизации программы демократических реформ Астана, 24 наурыз  2006ж.

11.   www.egov.kz

12.   www.akorda.kz

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Саяси жүйе және мемлекет