Правовое государство
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 22:09, дипломная работа
Краткое описание
Шаруашылық операцияларын дұрыс құжаттандыру инвентаризациялауға тікелей байланысты. Инвентаризация кәсіпорын мүліктері мен материалдарының және ақша қаражаттарының, есеп айырысу жұмыстарының түгелдігі мен дұрыстығын натуралды түрде және есептерді салыстыру арқылы тексеріп, анықтайды.
Прикрепленные файлы: 1 файл
Инвентаризация 2
Шаруашылық
операцияларын дұрыс құжаттандыру инвентаризациялауға
тікелей байланысты. Инвентаризация кәсіпорын
мүліктері мен материалдарының және ақша
қаражаттарының, есеп айырысу жұмыстарының
түгелдігі мен дұрыстығын натуралды түрде
және есептерді салыстыру арқылы тексеріп,
анықтайды.
Инвентаризация кәсіпорындар мен шаруашылық
субъектілерінің жұмысын есептеп, бақылаудың,
шаруашылық активтерінің жағдайы мен
сақталуын сипаттайтын деректер алуға
мүмкіндік беретін әдістемесінің маңызды
бір элементі. Инвентаризация деректері
жұмысты жақсарту үшін шұғыл шаралар қолдануға,
сондай–ақ бухгалтерлік есеп деректерін
дәлелдеуге керек. Бухгалтерлік есеп күнделікті
жұмыс барысында тауар–материалдар қорының
табиғи шығынын, олардың жоғалуы мен ұрлануын
кем шығуын және т.б. есепке алып отыра
алмайтыны белгілі. Ондай кемістіктер
тек инвентаризация жолымен ғана анықталады.
Инвентаризация арқылы белгілі бір уақыт
ішінде игіліктердің түгелдігі, олардың
дұрыс сақталынуы, қойма шаруашылығының
жағдайы тексеріліп, анықталады.
Инвентаризация жүргізу тәртібін ҚР Қаржы
министрлігі бекіткен «инвентаризациялау
жөніндегі негізгі ережелер» белгілейді.
Кәсіпорын активтерін тексеру ауқымының
дәрежесіне қарай инвентаризация толық
және ішінара болып бөлінеді.
Толық инвентаризация кәсіпорынның барлық
активтерін күрделі тексеруді көздейді
және ол әдетте жылдық қаржылық есеп беруді
құру алдында жүргізіледі.
Ішінара инвентаризация активтердің белгілі
бір топтарын немесе жекелеген түрін тексеруді
қамтиды, мысалы, қоймалардың біріндегі
материалдық игіліктерді тексерудің ұйымдастырылуы
мен уақытына қарай инвентаризация жоспарлары
және жоспардан тыс болып бөлінеді.
Жоспарлы инвентаризация негізінен материалдық
жауапты адамдарды бақылау және берілетін
есеп көрсеткіштерінің шынайылығын арттыру
мақсатында ауық–ауық жүргізіліп тұрады.
Жоспардан тыс инвентаризация материалдық
жауапты адамдар үшін күтпеген жерден
активтердің сақталуын шұғыл түрде тексеру
қажет болғанда, материалдық жауапты адамдардың
ауысуы кезінде, сондай–ақ апатты немесе
төтенше жағдайларға байланысты игіліктердің
жетіспеуі, талан-таражаға ұшырауы, ұқыпсыз
пайдаланылуы туралы фактілер туындай
қалғанда жүргізіледі.
Шаруашылық субъектісінің (кәсіпорының)
басшысы мен бас бухгалтері инвентаризацияны
дұрыс, әрі дер уақытында жүргізілуіне
жауап береді.
Инвентаризация жүргізу үшін кәсіпорын
қызметкерлерінің бас бухгалтерді міндетті
түрде қатыстыра отырып комиссия құрылады.
Ол комиссияны кәсіпорынның басшысы немесе
оның орынбасары басқарады. Комиссия құрамы
кәсіпорын бұйрығымен жария етіледі және
онда инвентаризация жүргізудің тәртібі
мен басталатын, аяқталатын мерзімі көрсетіледі.
Игіліктердің сақталуына жауапты адамдардың
инвентаризация басталғанға дайін игіліктердің
кірісіне немесе шығысына қатысты барлық
құжаттар бухгалтерияға тапсырылғаны,
оларды кіріске алынбаған немесе шығысқа
шығарылған ешқандай мүліктер жоқ екені
туралы қолхат алынады. Инвентаризация
басталғанға дейін сондай – ақ мүліктердің
кірісі мен шығысы жөніндегі барлық құжаттарды
өңдеуді аяқтап, аналитикалық есеп шоты
бойынша тиісті жазба жұмысын жүргізу
және инвентаризация күні қалдықты шығару
қажет.
Натуралдық түрде қалдықтарды тексеру
материалдық жауапты адамның тікелей
қатысуымен жүргізіледі. Инвентаризация
кезінде игіліктердің түгелдігі міндетті
түрде санау, өлшеу, салмақтау және т.б.
жолымен анықталынады және өлшемнің белгіленген
единицалары қоланылады.
Мүліктердің әрбір түрлері бойынша инвентаризация
деректері сол мүліктердің тұрғын немесе
сақталған жері бойынша мүлікті сақтауға
жауапты адамдардың қатысуымен жасалынатын
түгіндеу тізімінде көрсетіледі. Тізім
формасы мен оның данасын тиісті министрліктер
мен ведомстволар белгілейді.
Түгінделінетін игілектер мен объектілердің
атаулары және олардың саны номенклатура
жөніндегі тізімді есепте қабылданған
өлшем единицаларымен көрсетіледі.
Тізімге инвентаризация комиссиясының
барлық мүшелері қол қояды, ал материалдық
жауапты адамдар әрбір тізімге мынадай
заңды мазмұнда қолхат береді. «Осы инвентаризациялық
тізімде аталған бүкіл мүліктерді комиссия
нотуралды түрде менің қатысуыммен тексеріп,
тізімге кіргізді, соған байланысты инвентаризация
комиссиясына айтар ешқандай наразылығым
жоқ. Тізімде тіркелген игіліктер менің
жауапкершілігімде сақтаулы», Инвентаризация
тізіміндегі барлық түзетуларге түсінік
беретін, оған сол адамдар қол қоюға тиісті.
Кәсіпорынның барлық активтері бойынша
(негізгі құралдар, тауар–материалдар
игіліктері және материалдық емес активтер)
инвентаризация нәтижелерін анықтау үшін
бухгалтерия тиісті салыстыру ведомостерін
жасайды. Оның жобалық формасы мынадай.
Салыстыру ведомосі есепті деректерден
ауытқыған игіліктерге ғана жасалады.
Инвентаризациялық комиссия салыстыру
ведомосінің дұрыс жасалуын тексереді
және игіліктердің кем шығуына және жоғалуына
себеп болған жағдайлар мен кінәлілер
туралы өздерінің қорытындыларын, шешімдері
мен деректерін хаттамада көрсетеді. Инвентаризация
комиссиясының хаттамасын кәсіпорын басшысы
бекітеді.
Түгендеу мен басқа да тексерістер кезінде
анықталған шынайы қалдықтар мен бухгалтерлік
есеп деректерінің арасындағы айырмашылық
бухгалтерлік есептің 24 «бухгалтерлік
қызметті ұйымдастыру» нормантивті және
заңдылық стандарттарында белгіленген
тәртіп бойынша ретке келтіріледі.
Информация о работе Правовое государство