Неке және отбасы құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 21:08, реферат

Краткое описание

Отбасылық кұқықтық қатынастар - құкық нормасымен реттелген отбасы мүшелері арасындағы катынастар.
Неке-отбасы заңдары:
некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарты мен тәртібін белгілейді;
отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен озге адамдардың арасындагы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді;

Содержание

1. Отбасылық кұқықтық қатынастар
2. Неке
3. Отбасы

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат кук.docx

— 20.44 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

 

  1. Отбасылық кұқықтық қатынастар
  2. Неке
  3. Отбасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Отбасылық кұқықтық  қатынастар

 

Отбасылық кұқықтық қатынастар - құкық нормасымен реттелген отбасы мүшелері арасындағы катынастар.

Неке-отбасы заңдары:

некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың  шарты мен тәртібін белгілейді;

отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген  жағдайларда және шектерде басқа  туыстар мен озге адамдардың арасындагы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді;

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айкындайды;

азаматтық хал актілерін  тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен  ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді. Бүл мәселелер негізінен ҚР "Неке және отбасы туралы" (17 желтоқсан 1998 ж.) заңымен реттеледі.

Отбасылық қуқық қатынастарының субъектілері:

ерлі-зайыптылар;

балалар;

басқа отбасы мүшелері мен  жақын туыстары;

заңмен белгіленген басқа да адамдар.

Объектілері: 

1. отбасының мүшелері  арасында  туатын  өзіндік және мүліктік қатынастар;                   

2. некені   қиюдың   тәртібі   мен   шарттары   және оны жою;                   

3. ата-анасының   карауынсыз    қалған    балаларды басқа отбасыға орналастыру және т.б. болып табылады.

 

 

    1. Неке

 

Неке - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен  тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің  арасындағы тең қүқықты одағы.

Неке кию тәртібі бойынша  некеге отырғысы келген азаматтардың арыздары алдымен азаматтық хал  актілерін жазатын (АХАЖ) мемлекет органдарының кітабына жазылады да, некені қию некеге түруға тілек біл-дірушілер азаматтық  хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Дәлелді  себептер болған жағдайда неке қиюды  мемле-кеттік тіркеу орны бойынша азаматтық  хал актілерін жазу органы бір  ай өткенге дейін некені киюға, сондай-ақ осы мерзімді үзартуға, бірақ бір  айдан аспайтын мерзімге үзартуға рүқсат етуі мүмкін.

Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүкті болу, бала тууы, бір  тараптың өміріне тікелей қауіп  төнуі және баска ерекше мән-жайлар) неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін.

Некені қию үшін некеге отыратын адамдардың өзара келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет. Неке жасы Қазақстан Республикасыньщ  заңы бойынша 18 жас болып белгіленеді. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік  тіркеу орны бойынша азаматтық хал  актілерін жазу органдары неке жасын  екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге түруға тілек біл-дірушілер  немесе олардың ата-аналары, не қорған-шылары белгіленген неке жасын төмендету  қажеттігін туғызатын себептерді көрсете  отырып қозғай алады. Бірак барлық жағдайларда  неке жасын төмендетуге тек некеге түрушылардың келісімімен ғана жол  беріледі.

Некеге түрған адамдардың қалауынша неке шарты жасалуы  мүмкін. Неке шарты - нотариуспен расталған, некеге түратындардың қүқықтық жағдайын анықтайтын шарт болып табылады.

Төмендегідей жағдайларда: некеге отыратын адаы-дардың бірі болса  да баска адаммен некеде түрса; бір  атадан, бір анадан тутан туыстардың, бір әке-шешеден туған, әкесі не шешесі бөлек бауырлардың, сол сияқты бала кылып алушылар мен бала болып  алынғандардың бір-бірімен некеге отыруына; екі адамның біреуі болса  да ақыл-есінің ауысуы немесе ақыл-есінің кемдігі салда-рынан сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам-дарға некеге түруға жол берілмейді.

Неке ерлі-зайыптылардың  бірінің өлгені немесе оны өлді деп  немесе хабар-ошарсыз кеткенін жариялау салдарынан, сол сияқты, жұбайлардың  көзі тірісінде олардың екеуінің немесе біреуінің өтініші болса  тоқтатылады.

Бірак әйелдің жүкті кезінде  және бала туғаннан кейін бір жыл  бойы, әйелінің рүксатынсыз некені бүзу туралы ерінің іс қозғауға қүкы жоқ.

Некені бүзу туралы істерді  сот арқылы шешу. Сот жүбайларды татуластыруға шаралар қарастырады. Сот істі қарауды кейінге калдырып, татуласу үшін жұбай-ларға үш ай көлемінде мерзім тағайындай отырып, істі караулы кейінге қалдыруға күкылы. Егер жүбайлардың бүдан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауга мүмкін емес екендігін сот анықтаса, неке бүзылады. Некені сот тәртібімен бүзу ерлі-зайыптылар некені бүзу туралы арыз берген күннен бастап кемінде бір аи өткен соңжүргізіледі.

Төмендегідей icmep жайында com шешім қабылдауы қажет:

ажырасқалы отырған ата-аналардың  қайсысында қай баланы қалдыруды  анықтайды, Сондай-ақ баланы асырау үшін ата-анасынын қайсысынан және қандай мөлшерде алимент өндіріп алуды белгілейді;

жұбайлардың немесе олардың  біреуінің өтіні-ші бойынша жалпы  ортақ меншік болып табылатын  мүлікті беледі;

жұбайынан күнелтуге қаржы  алуга күкы бар екіншісінің өтініші  бойынша өндіріп алынуға тиісті қаржы мөлшерін белгілейді;

ажырату туралы куәлік берілгенде жұбайдың біреуі немесе екеуі төлеуге  тиісті алым сомасын белгілейді.

Содан басқа, өзара келісім  білдірген және т.б жағдайларда  некені бұзу азаматтық хал актілері жазатын органдарда төмендегі жағдайларда  жүргізілуі мумкін;

кәмелетке толмаған, балалары жоқ жұбайлардың некесі;

заңда белгіленген тәртіп бойынша хабар-ошарсыз кетті деп  танылған адамдармен неке;

әрекет қабілеттілігі  жоқ деп танылған адамдармен неке;

қылмыс жасағаны үшін кемінде  үш жыл мерзімге бас бостандығынан  айыру жазасына сотталған адамдармен неке.

Егер бұл жағдайда келіспеушілік  туындаса, онда неке бүзу сот аркылы жүргізіледі.

 

 

    1. Отбасы

 

Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды  тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке қүкыктар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен  дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар  тобы. Ата-аналар мен балалардың озара  құқыктары мен міндеттері баланың  заңда белгіленген тәртіп бойынша  куәландырылған тегіне негізделеді.

Куәландыру жолдары:

баланың анасы екендігін  шешесінің медициналык мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден  тыс жерде туған жағдайда - медициналық  құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзге де айғактардың негізінде  АХАЖ белгілейді. Бір-бірімен некеде тұратын адамдардан туған баланың  туу тегі ата-анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады;

өзара некеде тұрмаган әке-шешеден  туған баланың тегі әкесі мен  шешесінщ азаматтық хал актілерін  жазатын мемлекеттік органға  бірлесіп берген арызымен анықталады. Мүндай мойындау болмаган күнде, баланың  әкесі, сот аркылы анықталады.

Өзара некеде тұрған әке  мен шеше қай-қайсысының болса да арызы бойынша туу туралы кітапқа  баланың ата-анасы болып жазылады. Некеде тұрмаған анадан бала туған  кезде, егер ата-анасының бірлесіп берген арызы немесе соттың шешімі болмаса, шешесінің фамилиясы бойынша  жазылады, ал баланың әкесінің аты, фамилиясы және ұлты баланың шешесінің  айтуы бойынша жазылады.

Әке мен шешенің, өз балалары жөніндегі кұкықтары мен міндеттері бірдей болады. Сондықтан егер ата-аналардың  ортақ тегі болса, онда балалар сол  текпен жүруі тиіс, егер олар ортақ  текпен жүрмесе, балалардың тегі ата-ананың келісуі бойынша белгіленеді. Неке жойылған немесе некені заңсыз деп  танылған жағдайда, балалар туған  кезде алған тегін сактайды.

Баланың ұлты ата-анасының ұлтымен  белгіленеді. Егер ата-ананың ұлты түрліше  болса, баланың ұлты оның қалауы бойынша  оған төлқүжат берген кезде әкесінің немесе шешесінің ұлтымен жазылады.

Балалар жөніндегі ата~аналардың  міндеттері: балаларды тәрбиелеу; балалардың күш-қуатын дамыту; оларды міндетті түрде  оқыту; балаларды пайдалы еңбекке  үйретіп өсіру; жасы толмаған балаларын  және көмекке мұқтаж, еңбекке қабілеті жоқ балаларын асырау.

Ал көмек көрсетуден, алимент  төлетуден бас тартқан жағдайда мәселе сот арқылы шешіледі.

Жасы толмаған балаларға  мынадай мөлшерде алимент өндірІліп  алынады: бір балаға төрттен бірі, екі балаға үштен бірі, үш және сдан да көп балаға әкесінің немесе шешесінің  табысының тең жартысы.

Қорғаншылық пен камкоршылық  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған (мысалы, жетім балалар) балаларды асырау, тәрбиелеу және білім беру мақсатында, сондай-ак олардың мүліктік және мүліктік емес қүқықтары мен мүдделерін қоргау үшіп белгіленедІ.

Қорғаншылық - жасы он төртке толмаған балаларға, сондай-ақ ақыл-есі  ауысуы немесе ақыл-есінің төмендігі  салдарынан сот әрекет қабілеттілгі жоқ деп танылған кәмелеттік жастағы  адамдарға белгіленеді;

2. Қамқоршылық - 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасы толмағандарға,  денсаулық жағдайына байланысты  қү-қыктарын өздігінен жүзеге  асыра алмайтын жасы толмағандарға,  сондай-ақ спирт ішімдіктеріне  немесе есірткі заттарға салынып  кету салдарынан әрекет кабілеттілігі  шектелген деп сот таныған  азаматтарға белгіленеді. Негізгі  қорғаншылык және қамқоршылық  органдарына ауылдық, селолық,  поселкелік, аудандық, қала ішіндегі  аудандық, қалалық әкімшіліктер  жатады.


Информация о работе Неке және отбасы құқығы