Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2014 в 20:52, доклад
Жер шарындағы кез келген адамның Отаны, туған жері болады. Туған елге деген, жерге деген ыстық махаббат әр адам жүрегін тербейді, жүрегінде өмір бойы сақталады. Еліміздің бейбіт өмір сүруін халық тілейді, армандайды. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», - деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді.
І. Кіріспе
1) Отаным менің – өз елім.
ІІ. Негізгі бөлім
А)Елбасы – халық болашағын сомдаушы
Б) Н. Назарбаев – дара тұлға
ІІІ. Қорытынды
А) Еліміздің гүлденуі болашақ ұрпақ қолында
Жоспар:
І. Кіріспе
1) Отаным менің – өз елім.
ІІ. Негізгі бөлім
А)Елбасы – халық болашағын сомдаушы
Б) Н. Назарбаев – дара тұлға
ІІІ. Қорытынды
А) Еліміздің гүлденуі болашақ ұрпақ қолында
ертеңге жеткізу, келесі ұрпаққа, болашаққа
Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау».
Н. Ә. Нзарбаев
Жер шарындағы кез келген адамның Отаны, туған жері болады. Туған елге деген, жерге деген ыстық махаббат әр адам жүрегін тербейді, жүрегінде өмір бойы сақталады. Еліміздің бейбіт өмір сүруін халық тілейді, армандайды. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», - деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты елдің екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Өзіне тәң барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды. Қазақстан Республикасы – бүгінгі таңда егемен тәуелсіз мемлекет. Халықты аман сақтап, елін қорғап, ақтық демі қалғанша Отан үшін майданда көкірегіндегі қанын аямай , ұзақ жылдар бойы күтіп, аңсаған тәуелсіздік туын желбіреткен қазақ батырлары мәңгі ел есінде.
ІІ. «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы» деп Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабында айтылған. Мемлекеттік биліктің бастауы - халық. Осы халықтың болашағын сомдаушы елбасымыз. Жыл сайынғы ел Президентінің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды. Елбасы өз Жолдауында ішкі саяси мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту екенін атап өтті. Жолдау бізге өмірден адаспауға, тоқтап қалмай, өркендей беруімізге жол сілтеді. Елдің азаматтары, үлкен болсын, жас болсын оқып, білімін дамыта алса, сонда ғана рухани-мәдени дами аламыз. Халықтың әл-ауқаты жақсы, тұрмысы жоғары болса, жастар білімді, мамандар білікті, қарттар қамқорлықта бола береді. Сонымен қатар Мемлекет басшысының миллиондаған аудиторияның алдында Назарбаев университетінде оқыған "Қазақстан білім қоғамы жолында" атты лекциясы жаңа оқу жылының маңызды оқиғаларының бірі болды. Барлық қазақстандықтардың мақсаты – жай ғана өмір сүру емес, инновацияның негізінде қоғамның құндылықтарын сақтау, оны әрі қарай көбейту, дамыту және нығайту деді. Еліміздегі бала бақшадан бастап, орта мектептер мен колледж және жоғары оқу орындарында білім беру жүйесін жаңғырту, инновациялық әдістерді тиімді қолдана отырып, білім беру сапасын жақсартып, жетілдіру мәселелерін шешудің нақты жолдарын атап кетті. Мен өз басым елбасымызды дара тұлға деп айтар едім. Өйткені, біріншіден, Елбасы – мемлекет құрған саяси тұлға. Мұндай саясаткерлер әлемде аз кездеседі. Екіншіден, Елбасы астана салды. Мұның маңызы зор. Үшіншіден, Елбасы Қазақ елінің айналасындағы мемлекеттермен шекараларын анықтады. Бұл – керемет табыс. Мұнда Елбасының қызметі мен талантының рөлі зор.Төртіншіден, Президентіміз халықаралық қоғамдастықта Қазақстан мемлекетінің беделін адам сенгісіз дәрежеге көтерді. Мұның барлығы Елбасының ерен еңбегі арқасында болып жатқан істер.Бесіншіден, Қазақстан әлем тарихына ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан бірінші ел болып енді. Сөйтіп, әлемдегі ядролық қарусыздану дәуірінің есігін алғаш рет ашты. Дүние жүзіндегі бір ғана мемлекет – Қазақстан, бір ғана саяси қайраткер – Нұрсұлтан Назарбаев мұндай шешімге бара білді.Алтыншыдан, Елбасының ұзақ жылдардан кейін қайта табысуға мүмкіндік алған түркі мемлекеттері мен халықтарының саяси, мәдени және ғылыми тұрғыдан ынтымақтасу іс-шараларында рөлі зор болғанын әркім мойындап отыр.
ІІІ. Туған жерімізді, тұғыры биік Қазақстанды қазіргі тұрған мақтануға боларлық беделден де жоғары етіп, еліміздін берекесін қашырмай, қалаларын жайнатып, сүйіп, аялап, барлық өмірімізді туған жерге арнап, мына біз, еліміздің болашақ жастары еліміздің қамын ойлауымыз керек. Қазақ халқының шайқасып, қанын төгіп алған тәуелсіздігінің жоғалмауы біздің қолымызда! Қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет туы қайта қисайған, қаншама мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі жас қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық тіресуде. Ендеше әрқашан да әрқайсымыздың «кішкене отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың тәуелсіздігі құтты болып,орныға берсін. Көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін!