Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 17:26, курсовая работа
1948 жылы БҰҰ қабылдаған “Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында” «адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан берілген, бұл ұстамды әрбір мемлекет өз заңдарына енгізуге тиісті» — деп жариялады.
Қазақстан Конституциясында осы принципті іске асыру көзделген. Оның 12-бабында: “Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп табылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады” — деп жазылған.
Сөйтіп, ғасырлар бойы ойшылдар мен ғалымдардың адам мәртебелілігін мемлекеттен де жоғары көтеру талабы дүниежүзілік қоғамдастыққа кірген Қазақстанда да қабылданды.