Мемлекет және құқық теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 13:33, реферат

Краткое описание

Мемлекет және құқық теориясының пәні. Әрбір ғылымның өз зерттеу пәні болады. Ол дегеніміз осы ғылымның объективтік шындықты зерттеу жағы. Мемлекет және құқық теориясының пәні болып мемлекет және құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі табылады. Бұл жерде ерекше атап өтетін жайт, мемлекет және құқық теориясы нақты бір мемлекет пен құқықтың емес, жалпы мемлекеттіліктің пайда болуы, дамуы мен қызмет етуін, сонымен қатар, жалпы заң ғылымдарына тән құқық нормасы, құқықтық қатынас, құқық субъектісі және т.б. сияқты түсініктерді зерттейді.

Содержание

I.Кіріспе
1.Мемлекет және құқық теориясының пәні
II.Негізгі бөлім
1.Мемлекет және құқық теориясының әдістері
2. Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясы
3. Заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясының орны
III.Қорытынды
1.Мемлекет және құқық теориясының қазіргі заманғы заңгердің құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы рөлі

Прикрепленные файлы: 1 файл

мемлекет және құқық теориясы.docx

— 20.79 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

Мемлекет және құқық теориясы кафедрасы

 

 

       Реферат

 

 

 

                                                 Орындаған: Закир Нұрхан

Қабылдаған:аға оқытушы Спанов А.Қ

 

 

 

Астана 2013

 

 

 

 

 

 

Жоспар

I.Кіріспе

1.Мемлекет  және құқық теориясының пәні

II.Негізгі бөлім

1.Мемлекет және құқық теориясының әдістері

2. Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясы

3. Заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясының орны

III.Қорытынды

1.Мемлекет және құқық  теориясының қазіргі заманғы  заңгердің құқықтық мәдениетін  қалыптастырудағы рөлі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     I. Мемлекет және құқық теориясының пәні. Әрбір ғылымның өз зерттеу пәні болады. Ол дегеніміз осы ғылымның  объективтік шындықты зерттеу жағы. Мемлекет және құқық теориясының пәні болып мемлекет және құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі табылады. Бұл жерде ерекше атап өтетін жайт, мемлекет және құқық теориясы нақты бір мемлекет пен құқықтың емес, жалпы мемлекеттіліктің пайда болуы, дамуы мен қызмет етуін, сонымен қатар, жалпы заң ғылымдарына тән құқық нормасы, құқықтық қатынас, құқық субъектісі және т.б. сияқты түсініктерді зерттейді.

 

    II. Мемлекет және құқық теориясының әдістері. Ғылым әдісі–бұл пәнді түсінуге мүмкіндік беретін тәсілдер мен бағыттардың жиынтығы. Мемлекет және құқық теориясы өз пәнін зерттеу үшін көптеген әдістерді қолданады. Олардың ішінен мыналарды ерекше атауға болады:

1. Жалпы әдістер–ойлаудың  кешенді қағидаларын көрсететін  философиялық, дүниетанымдық бағыттар. Оларға мыналар жатады:

а) метафизика. Ол мемлекет пен құқықты мәңгілік және өзгермейтін институттар ретінде қарастырады;

ә) диалектика. Өз ішінде материалистік және идеалистік болып бөлінеді. Материалистік диалектика бұл құбылыстарды қоғамдағ әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен, нақты айтқанда, жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстырады, яғни, мемлекет пен құқық нақты бір тарихи кезеңге сәйкес, бір-бірімен байланыстылықта, даму барысында қарастырылады. Идеалистік диалектика, өз кезегінде, объективтік және субъективтік идеализм болып екіге бөлінеді. Объективтік идеализм мемлекет пен құқықтың пайда болу себептері мен өмір сүру жағдайын құдайдың күшімен, ал  субъективтік идеализм адамның санасымен байланыстырады.

2. Жалпы ғылыми әдістер–жалпы әдістер сияқты бүкіл  ғылыми танымды толығымен қамтымайды, оның жекелеген кезеңдерінде ғана қолданылады. Оларға мыналар жатады:

а) талдау–күрделі мемлекеттік-құқықтық құбылысты шартты түрде жекелеген бөліктерге бөлу;

ә) синтез–құбылысты оның құрамдас бөліктерін  шартты түрде біріктіре отырып зерттеу;

б) жүйелік әдіс–объектінің тұтастығын ашуға, ондағы әртүрлі байланыс түрлерін анықтауға бағыттайды;

в) функционалды әдіс–бір әлеуметтік құбылыстардың екіншілеріне қатысты функцияларын анықтауға бағыттайды.

3. Жеке ғылыми әдістер–мемлекет және құқық теориясының техникалық, жаратылыстаны және гумантарлық ғылымдардың ғылыми жетістіктерін қабылдауы нәтижесінде пайда болатын әдістер. Оларға мыналар жатады:

а) нақты-әлеуметтанушылық әдіс–сұраудың, бақылаудың, сұхбаттасудың және т.б. тәсілдердің көмегімен мемлекеттік-құқықтық саладағы субъектілердің іс жүзіндегі жүріс-тұрысы туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді;

ә) статистикалық әдіс–нақты бір мемлекеттік-құқықтық құбылыстың сандық көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді;

б) кибернетикалық әдіс–кибернетиканың түсініктері, заңдары және техникалық құралдарының жүйесі арқылы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды тануға мүмкіндік береді.

4. Жеке құқықтық әдістер–тек заң ғылымдарына ғана тән болып келеді, оларға мыналар жатады:

а) формалды-заңды әдіс–заң түсініктерін,олардың белгілерін анықтауға, түрлендіруді жүзеге асыруға, құқықтық ережелердің мазмұнын түсіндіруге және т.б. мүмкіндік береді;

ә) салыстырмалы-құқықтық әдіс–әртүрлі құқықтық жүйелерді не олардың жекелеген элементтерін олардың жалпы және арнайы қасиеттерін анықтау мақсатында салыстыруға мүмкіндік береді. 

 

    2. Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясы. Өз жиынтығында ғылым жүйесін құрайтын ғылыми пәндерді шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) техникалық ғылымдар; 2) жаратылыстану ғылымдары; 3) гуманитарлық ғылымдар.

Гуманитарлық ғылымдар қоғамды, адамды, әлеуметтік қатынастар мен институттарды зерттейді. Заң ғылымдары–гуманитарлық ғылымдардың бір түрі, себебі, мемлекет пен құқық әлеуметтік институттар болып табылады. Заң ғылымдарын мынадай түрлерге бөлуге болады:

мемлекет және құқық теориясы;

тарихи-құқықтық ғылымдар (мемлекет және құқық тарихы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы);

салалық заң ғылымдары ( конституциялық, азаматтық, қылмыстық және т.б. құқық салалары);

қолданбалы ғылымдар (криминалистика, сот медицинасы, сот психиатриясы және т.б.).

Мемлекет және құқық теориясы гуманитарлық ғылымдар жұйесінде бола тұра, философиямен, әлеуметтанумен, саясаттанумен және т.б. тығыз байланысқа түседі. Солай, философияның көмегімен мемлекет және құқық теориясының дүниетанымдық бағыттары қалыптасады, оның нәтижесінде мемлекеттік-құқықтық шындықты танудың жалпы әдістемесі қалыптасады. Өз кезегінде, мемлекет және құқық теориясы кеңейтілген философиялық жалпылаулар ұшін нақты материалдар береді.

    3. Заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясының орны. Заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясының орнын оның тарихи-құқықтық ғылымдармен арақатынасын мысалға ала отырып қарастыруға болады. Мемлекет және құқық теориясы мен тарихи-құқықтық ғылымдарға тән ортақ белгі–олар мемлекет пен құқықты зерттейді. Ал айырмашылықтары мынада– тарихи-құқықтық ғылымдар мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың даму үдерісін хронологиялық тәртіпте зерттесе, мемлекет және құқық теориясы бұл үдерістерге жалпы сипаттама береді, мемлекет пен құқықтың мәнін, олардың қызмет ету заңдылықтарын және т.б. зерттейді.

Салалық заң ғылымдарына қатысты мемлекет және құқық теориясы жалпылаушы сипатты иеленеді; ол мемлекет пен құқықтың пайда болуы, қызмет етуі мен дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейді. Ал кез-келген салалық ғылымның пәні қоғамдық қатынастардың тек нақты бір саласымен ғана байланысты болады. Сонымен қатар, мемлекет және құқық теориясы барлық салаларға ортақ мәселелерді зерттейді, яғни, мемлекет және құқық теориясының түсініктері мен институттарының негізінде салалық заң ғылымдарының түсініктері мен институттары қалыптасады.

      III Мемлекет және құқық теориясының қазіргі заманғы заңгердің құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы рөлі.

1. Мемлекет және құқық теориясы - студенттің кәсіби құқықтық санасын қалыптастыратын заң ғылымдарының бірі. Мемлекет және құқық теориясын оқыту болашақ заңгердің жеке құқықтық мәдениетінің негізін қалап , оның құқықтық дүниетанымының ғылыми негізін және ерекше әлеуметтік құндылық ретіндегі құқыққа деген құрметін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Мемлекет және құқық теориясын оқыту кезінде саяси және құқықтық ойдың негізгі жетістіктері, заң саласында еркін және сенімді әрекет етуге мүмкіндік беретін ұғымдар жүйесі меңгеріледі. Мемлекет және құқық теориясы заң ғылымдарының негізгі ұғымдары туралы білім береді. Оларсыз салалық және басқа да құқықтық пәндерді меңгеру мүмкін емес.

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

Булгакова Д.А.  Мемлекет және құқық теориясы.  Алматы заң әдебиеті 2005.

Матузов Н.И.,Малько А.В.  Мемлекет және құқық теориясы.  Алматы  2013.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Мемлекет және құқық теориясы