Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2012 в 20:11, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы, Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу міндетін алдыға тартады.
Мемлекекттің пайда болуы қоғамдық ұйымдық құрылымды объективті түрде қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Мемлекеттің пайда болуының бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен – Теологиялық теория, ол мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдыретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі идеологтары Августин (354-430) және Аквинский (1225-1274) болып табылады
КІРІСПЕ.................................................................................................................3
1. Мемлекеттің басқару нысандары және сипаттамасының теориялық негіздері
1.1 Мемлекеттің басқару нысанының және сипаттамасының түсінігі, мәні және мемлекетті басқару нысаны..........................................................................5
1.2 Мемлекет нысанының қалыптасуына әсер ететін факторлар .....................8
1.3 Мемлекеттің басқару нысанының формалары, мемлекет қызметінің принциптері............................................................................................................11
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нысандары және сипаттамасы
2.1 Қазақстан - Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.........14
2.2 Саяси режим – мемлекет нысаны ретінде.....................................................17
3. Мемлекеттік басқару нысанын жетілдіру жолдары
3.1 Мемлекеттік құрылым нысандары және оларды жетілдіру жолдары .......22
3.2 Мемлекеттік басқару нысанының болашақтағы рөлі..................................23
Қорытынды..........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................30
Мемлекеттің құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерін тигізеді. Ресей, Үндістан, Америка, Мексика мемлекеттері көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан олардың мемлекеттік құрылымдары федерация. Ал Жапония, Германия, Польша бір ұлттық мемлекеттер, бірақ біреулері тұтас мемлекет, екіншілері, мысалы, Германия федерация. Бұл жағдайды анықтау үшін Германияның мемлекеттік процесін және тарихын жақсы білу керек. XIX ғасырда Пруссия мен Австрияның гегемония үшін күресі . Пруссияның жеңісімен аяқталды. Бірақ феодализм кезеңінен Германияның капитализмге көшкенімен, буржуазиялық мемлекеттің қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан қазір де немістер бірнеше тәуелді мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия — олар федерацияға жатады.
Қазақстан жерінде көне дәуірден қазақтың арғы атасы - түріктер, бергі атасы - қыпшақтар өмір сүрген. XV ғасырда қазақ хандығы құрылып өзінің тәуелсіз мемлекеті болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы XX ғасырда болды. Сондықтан Қазақстан республикамыздың қазіргі Конституциясы біртұтас, бөлінбейтін мемлекет болып жарияланды.
Мемлекеттің нысанына халықаралық жағдай, мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынастар және абыройы күшті адамдардың істері де әсер етеді. Отарлық мемлекеттердің басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерінің нысаны үлгі болатыны мәлім. Дамыған елдердің саяси-мемлекеттік құрылысы, олардың демократиялық іс-әрекеттері дамушы елдерге көп әсер етуі объективтік процесс.
Республиканың мемлекеттік құрылысына саяси күшті адамдардың қызметі және жүргізген саясаты әсерін тигізеді: Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан, Абылай, Петр Бірінші, Ататүрік және басқаларын еске алсақ дұрыс болады. Лениннің саясаты бір континенттің мемлекеттеріне 70 жылдан аса уақытқа үлгі болды. Тек қана Еуразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың мемлекеттерінің тарихына ықпал жасағаны мәлім.4
Оқу әдебиетінде мемлекеттің
нысаны көбіне үшке бөлінеді — басқару
нысаны, мемлекеттің құрылымының
нысаны және саяси режим. Ал, негізінде,
мемлекеттің нысаны тарихи кезеңмен
және әрбір мемлекеттің
Мемлекеттің белгілері және
Біріншіден, мемлекеттің тұтас аумағы болады, онда сол елдің өз халқы тұрады және оған сол мемлекеттің саяси өктемдігі жүреді. Сол аумақта өмір сүретін адамдар конституциялық құқықтары мен міндеттіктерін пайдаланып сол мемлекеттің азаматтарына айналады. Қандай мемлекет болмасын өзінің аумағын сыртқы басқыншылықтан қорғау үшін көп жағдайларды ұйымдастырады және шешеді.
Екіншіден, мемлекеттің қоғамды, оның қызметін өз жөнінде басқаруға құрылған, ерекше аппараты бар, саяси (өкіметі) билігі болады. Демократиялық қоғамда өкімет халықпен бірге болады, себебі ол мемлекеттің аппаратын құрғанда тікелей қатынасып, бөліктерінің қызметіне бақылау жүргізеді. Өзіне жүктелген қызметті орындау үшін, саяси өкімет, заңдар қабылдайды және басқа да бәріне бірдей шешімдер шығарады.
Үшіншіден, тек мемлекет ғана өзін тәуелсіз билік иесі екендігін көрсетеді. Мемлекеттік өкімет - жоғарғы, туелсіз және бөлінбейді. Оның жоғарғылығы және тәуелсіздігі өзінен басқа, мысалы партияларға не болмаса басқа да ұйымдарға бөлінбейді, себебі мемлекет өзінің өкімет билігін ешқандай басқа ұйымдармен бөліспейді. Мемлекеттің тәуелсіздігі халықтың тәуелсіздігіне қарсы қойылмаған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы бойынша тек халық ғана өкіметті және тәуелсіздікті ұстайды. Халық референдум арқылы мемлекеттік және қоғамдық, маңызды мәселелерді шешуге құқығы бар. Мемлекеттің тәуелсіздігіне оның әртүрлі, қандай болса да өкіметтен тәуелсіздігі, ішкі және сыртқы проблемаларын шешу мүмкіндігіне ие болғандығы.
Төртіншіден, мемлекеттің өзі ғана, бөрін тегіс қамтитын ұйым. Ол барлық халықты біріктіреді және оның атынан шығады. Оның шешімінің, барлық азаматтарға және олардың ұйымдарына міндеттілік маңызы бар.
Бесіншіден, тек мемлекет қана, өлеуметтік қажеттіліікке, отан Қорғауға, мемлекеттік аппаратты ұстауға, өз азаматтарынан және барлық ұйымдардан алым-салық жинайды.
Мемлекет — тәуелсіз биліктің саяси ұйымы, өзінің пайдалы қызметтері арқылы қоғалшың алдында тұрған шешуші мәселелерді іске асырады.
Мемлекет — саяси биліктің ұйымы, нақтылы мүдделерді (таптық, жалпыадамдық, діни, ұлттық т.с.с.) айырықша іске асыруға белгілі аумақ көлемінде ықпал етуші.
Мемлекетті рулық құрлыстың әлеуметтік билігінен айырып қарауға көмектесетін, - оның мынандай белгілері:
1. Көпшілік биліктің
болуы, қоғамнан бөлініп
2, Алым-салық жүйесі
(мемлекеттік аппаратты және
3. Тұрғындарды аумақтарға
бөлу (мемлекет өз аумағанда
4: Тәуелсіздік (мемлекетке тән өз аумағындағы үстемдік және халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік).
5. Құқық (мемлекет құқықсыз
өмір сүре алмайды, себебі ол
мемлекеттік билікті заң
Мемлекеттің басқару формалары — біртұтас қоғамдық-экономикалық мемлекеттеріне тән, маңызды белгілердің жиынтығы.
Бір жағынан, әртүрлі формадағы мемлекеттер көптеген нысандармен қоршалады, қалыптағы тарихи бір кейіпте, әртүрлі нысандағы мемлекеттер кездеседі. Құл иелену кейпі, монархиямен ертедегі шығыс деспотиясы - Египет, Вавилон, Ассирия, Қытай, Индия, ертедегі империя) сипатталса, республика кейпіне - республикалар (аристократиялық, демократиялық, мысалы Афин мемлекеті) сай келеді." Феодальдық кейіпке - монархиялар (ерте феодальдық, феодальдық бөліну кезіндегі монархия, абсолюттікі монархия), буржуазиялық кейіпке - демократиялық республикалар (парламенттік, президенттік, аралас) және конституциялық (шектелген) монархиялар, социалистік кейіпке - Париж Коммунасы, Кеңес республикасы және халықтық демократия республикалары.
Екінші жағынан, белгілі
тарихи кейіптегі мемлекеттердің кейбір
нысандары тек солардың өзіне
тән болды. Мысалы, сословиялық -
өкілетті монархия, тек феодальдық
мемлекеттің белгілі дамуы кезе
Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғары, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика екі түрге бөлінеді.
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ НЫСАНДАРЫ
2.1 Қазақстан
- Президенттік басқару
Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы унитарлық (біртұтас) мемлекет.
Басқару нысаны мынандай мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді;
— мемлекеттің жоғарғы органы қалай құрылады және олардың құрылымы қандай;
— жоғарғы және басқа мемлекеттік органдардың арасындағы қарым-қатынастардың негізінде қандай принциптер жатыр;
— жоғарғы мемлекеттік билік пен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған;
— жоғарғы мемлекеттік
Жоғарыдағы белгілерге байланысты 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан республикасы Конституциясының 2-бабына байланысты "Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет".
Президенттік басқару
1. Президентті парламентсіз
2. Үкіметтің парламенттің
3. Парламенттік республикаға
Президенттік Республика қазіргі кездегі мемлекеттік басқарудың бір нысаны ретінде Қазақстан Республикасында парламентаризммен қатар, Президенттің қолына мемлекеттің басының және үкіметтің басшысының өкілеттігін жинап береді.
Қазақстан Республикасының
1. Қазақстан Республикасының
2. Республиканың Президент — мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам жөне азамат құқықтары мен бостандықтарының нысаны әрі кепілі.
3. Республика Президенті —
1998 жылғы 7 қазанда "Қазақстан
Республикасының
Осы заңның негізінде, мемлекеттік
билік жүйесін
49-баптың 2-тармағына өзгертулер
енгізіліп, парламенттің
Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауын өткізуге заңды түрде мүмкіндік көзделді. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайызынан астамының дауысына ие болған кандидат, сайланғандардың есебіне кіретін болды. Сонымен, сайлаушылардың жартысынан көбі қатысса ғана, сайлау өтті деп есептелген кедергі жойылды. Соған сәйкес, аралас сайлау жүйесі енгізіліп Мәжіліс депутаттарының көбісі мажоритарлық (көпшілік дауыс алуына байланысты) жүйе негізінде, ал басқа бөліктері - пропорционалды (тепе-теңдік) жүйе бойынша, партиялық тізімдер арқылы сайланатын болды. Конституцияның 53 бабының 3 тармағындағы депутаттың мерзімі аяқталғанда, оның бұрынғы істеген қызметін беруге не сондай қызметтің берілмейтіндігі туралы қорма алынып тасталды. Себебі, ондай норма Парламент депутатының мәртебесін төмендетіп, өлеуметтік қорғалуын күшейтуге кедергі болатын. Заңда Президент сайлауының рөсімдері, еліміздің қәзіргі дамуына сай демократияландырылып, сайлаушылардың ел пайызынан астамы дауыс беруге қатынасса ғана, сайлаудың өткізілгені деп белгілеген 41-баптың 5-тармағындағы кедергілер алынып тасталды. Себебі, дауыс беру, не бермеу әрбір жеке адамның еркі субъективтік құқығы болып табылады, яғни мұнда сайлауға келгендердің пайызы емес, сайланатын адамға деген сенімдеріне шек қойылмай дауыс берілуі.7
Конституцияның 41-бабындағы Президент өкілеттілігінің бес жыл мерзімі жеті жыл мерзімге ауыстырылды. Президентке кандидаттары үшін жас мөлшерін белгілеу нормасы да алынып тасталды.