Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 20:42, реферат
Мәдениеттану — мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ілім. Мәдениеттау жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты. Мәдениеттау пәні жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.
Егер Кантта, мәдениеттің мағынасы — адам бойындағы хайуандық сезімді ақыл-ойдың немесе адамгершіліктің (моральдың) көмегімен жеңуге әкеліп тіресе, ұлы ойшылдардың бірі Фридрих Вильгельм Шеллинг (1775—1854) мәдениетті эстетикалық тұрғыдан ұғынып-меңгеруді басты орынға қойып, мәдениеттің басты мазмұны: адамдардың көркемдік қызметі деп жариялады. Шеллингтің эстетикалық көзқарастары оның «Өнер философиясы» (1802—1803) атты еңбегінде толық баяндалған. Автор бұл кітабында адамның шығармашылық қызметінің басқа да түрлерінен көркемдік шығармашылықтың артықшылығын, тіпті өнердің ғылымнан да, адамгершіліктен де жоғары тұратындығын дәлелдеуге тырысқан. Көне заманнан бастап XIX ғасырдың аяғына дейінгі мәдениеттанымдық ойдың дамуын ғылыми тұрғыдан қарастыра отырып, мынандай қысқаша қорытындылар жасауға болады. Еуропада кеңінен тараған мәдениет жөніндегі ұғым діни сипатта болды және ол мынандай қағидаларға келіп тірелді:
1.мәдениетті — ақыл-ойдың не табиғи сезімнің көмегі арқылы түсіну (энциклопедистер); мәдениетті — ішкі адамгершілік заңдарының көмегімен тану (Кант); мәдениетті эстетикалық, көркемдік шығармашылық қызмет арқылы білу (Шеллинг); ең соңында мәдениеттің адамзаттың тегіне қатыстылығы және оның абсолюттік идея ме дүниежүзілік рухты жүзеге асырудың құралына айналғандығы (Гегель);
2.адамзат мәдениеті үздіксіз дамып-өркендей отырып эволюция мен прогрестің жалпы заңдарына сөзсіз бағынады. Бірақ біз қарастырған кезеңде мәдениеттің материалдық негізіне мән берілмей (әңгіме Л.Г. Морган мен Тайлордан басқа Маркске дейінгі мәдениет жайындағы концепциялар туралы болып отыр), мәдениетті тек құдайдың шапағатымен ғана байланыстырып, бұл ұғымға мәдениеттің – ғылым, адамгершілік, өмір, философия, құқық және тағы басқалары сияқты салаларын ғана енгізген.
Қолданылған әдебиеттер