Марксистік доктринаның мазмұны: мемлекеттен адамға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 07:23, реферат

Краткое описание

Марксизм ХIХ-ғасырда дүниеге келіп, ХХ-ғасырда көптеген елдерге кеңінен тараған философиялық, экономикалық, әлеуметтік көзқарастардың жүйесі. Бүгінгі таңда марксизм туралы әртүрлі баға беріліп, тұжырымдар жасалуда. Олардың басым көпшілігі марксизмді қатты сынап, тіпті, бұл бағытта қате, теріс идеология деп көрсетуде. Әсіресе ТМД елдері деп аталатын, бұрынғы Кеңес Одағының республикаларында марксизм өте төмен бағалануда. Оны оқу процесінен алып тастап, Маркстің, Энгельстің, Лениннің еңбектерін саяси-қоғамдық пәндердің әдебиеттер тізіміне енгізуден бас тартып отыр. Кейбір жоғары оқу орындарында марксизм деген аттан безіп кеткен кафедралар да аз емес.

Содержание

1. Марксистік идеологияның мазмұны.
2. Реформизм идеологиясының ерекшелігі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Марксистик доктрина.docx

— 24.76 Кб (Скачать документ)

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІІМ АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫ

 

 

БАЯНДАМА

Тақырыбы:  Марксистік доктринаның мазмұны: мемлекеттен адамға .

 

Орындаған: полиция капитаны Бытымбаев А.М.

 

 

 

Алматы-2013

Жоспар:

  1. Марксистік идеологияның мазмұны.
  2. Реформизм идеологиясының ерекшелігі.

 

Кіріспе.

Марксизм ХIХ-ғасырда дүниеге келіп, ХХ-ғасырда көптеген елдерге кеңінен тараған философиялық, экономикалық, әлеуметтік көзқарастардың жүйесі. Бүгінгі таңда марксизм туралы әртүрлі баға беріліп, тұжырымдар жасалуда. Олардың басым көпшілігі марксизмді қатты сынап, тіпті, бұл бағытта қате, теріс идеология деп көрсетуде. Әсіресе ТМД елдері деп аталатын, бұрынғы Кеңес Одағының республикаларында марксизм өте төмен бағалануда. Оны оқу процесінен алып тастап, Маркстің, Энгельстің, Лениннің еңбектерін саяси-қоғамдық пәндердің әдебиеттер тізіміне енгізуден бас тартып отыр. Кейбір жоғары оқу орындарында марксизм деген аттан безіп кеткен кафедралар да аз емес.

Беделін түсірген, ең алдымен объективті жағдайлар. Бұл жағдайлар марксимзге тікелей байланысты емес. Шығыс Еуропаның Чехославакия, Польша, Алмания, Венгрия, Румыния, Болгария, Албания, Югославия сияқты елдерінде социализмнің күйреуі. Бұл күйреу тез арада өтті де, осы аталған елдер капиталистік, (мүмкін демократиялық) жолға бет бұрды. Алайда ең түбегейлі төңкеріс КСРО-ның кенеттен жойылуымен байланысты болды. Оның құлауы – қайта құру деген іс-әрекеттен басталды. Бұл мемлекеттердің стратегиялық бағыты – социализм болмай, өздерінің жариялауы бойынша – демкоратиялық қоғам болып шықты.

 

  1. Марксистік идеологияның мазмұны.

Марксизм дегеніміз қарулы төңкеріс арқылы қанаушы таптарды, жеке меншікті жойып, социализм және коммунизм құрып, қоғамдағы әлеуметтік теңдік орнату мақсатындағы идеология.

Бұл идеологияға негіз болған жоғарыда айтылған неміс ойшылы, ғалымы К.Маркстың(1818-1883) идеясы. Оның идеясы бойынша, «таптық қоғамда әділеттік жоқ, байлар, капиталистер, фермерлер — қарапайым жұмысшыларға, шаруаларға қанаушылық жасайды, олардың еңбегін толық төлемейді, соның арқасында өздері байиды. Бұл жағдай әлеуметтік экономика саласында орын алса, ал саяси салада әділеттілік, демократия жоқ. Билік басында отырғандардың бәрі байлар. Халықтық сайлауға қалай бақылау қойылса да – бәрі бір билікке байлар ғана келеді. Соңында қоғам олигархиядан шыға алмайды». «Осындай әділетсіз жағдайдан жұмысшыларды, шаруаларды, жалпы қарапайым еңбекшілерді құтқару, оларға саяси және әлеуметтік теңдік алып беру үшін, социалистік революция арқылы биліктің басындағы олигархтарды жойып, қоғамды буржуазиялық мемлекеттен босатып, жеке меншікті құртып, меншіктің мемлекеттік ғана түрін қалыптастырып, социализм, содан кейін коммунизм орнату керек. Осындай қоғамда ғана жан-жақты дамыған, еркін адам қалыптастыруға мүмкіншілік туады» -деп есептеді К.Маркс.

Маркстік идеяны іске асыру үшін, яғни, бұл идеяны идеологияға айналдыру  үшін орасан зор белсенділікпен күрес  жүргізген саяси топ –Ресейдегі 1898 жылы ұйымдастырылған Ресей социал-демократиялық  жұмысшылар партиясы (РСДЖП) еді. 1917 жылғы  қазан айында В.И.Лениннің басқаруымен  осы партия революция арқылы билікке  келіп, бүкіл Кеңес Одағында марксистік(коммунистік) идеологияны орнатты. Бірақ күшпен енгізілген идеологияжыл бойы өз мақсатына  жете алмады, себебі экономика саласындағы  жеке меншік жойылғаннан кейін қоғам  тоқырауға ұшырады. Бұл саяси  оқиға идеологияның бәрі бірдей сәтті  бола бермейтінін дәлелдейтін бұкіл  әлемдік тарихи сабақ болып саналады.

К.Маркстің ең үлкен қателігі –  «капитализмнің өзін-өзі дамытуға мүмкіншілігі жоқ» — деген қағидасы болатын.

Бұған қарсы Еуропаның батыс  елдерінде, соның ішінде әсіресе  Германияда ХХ ғасырдың басында марксизмді қайта қарап, оған өзгерістер енгізу мақсатымен реформистік идеялар ұсынылды. Бұл идеялар саяси ғылымда реформизм болып аталады.

  1. Реформизм идеологиясының ерекшелігі.

Реформизм дегеніміз -эволюциялық даму,реформалар және әлеуметтік-саяси модернизация арқылы қоғамдағы тұрақтылықты сақтау идеологиясы.

Реформизм идеологиясы үш бағытқа бөлінеді, олар: эволюция, реформа және модернизация. Осы үш бағыттың арнайы аталуының өзі – революция идеясына қарсылық білдіру үшін қажет болды.

Реформистік идеологияның негізін қалаушы — неміс саяси қайраткері Эдуард Бернштейн(1850-1932). Бұл саясатшы реформизм туралы идеяларын “Социализмнің алғы шарттары және социал-демократияның мақсаты” деген еңбегінде ұсынады. Э.Бернштейннің реформизм идеологиясына келу жолы қиын да күрделі болатын. Ол өзі саясат жолын марксизмнен бастаған еді.

Марксшыл Ф.Энгельстің серігі болып, екеуі Германияда 1869 жылы құрылған социал-демократиялық жұмысшылар партиясының жетекшілер құрамында болды. Марксистік идеяларды таратқаны үшін Э.Бернштейн өз елінен жер аударылып біраз жылдар Швейцария, Англияда тұрады. Әсіресе Англияда болған уақытында Э.Бернштейн либерализм идеологиясымен терең танысады. Соның әсерінен саясатшының марксистік көзқарасы күрт өзгеріп, жоқшылық мәселелерді шешудің басқа да жолдары бар екенін байқады. Э.Бернштейн өзінің кейінгі жаңа көзқарасында кедейлердің, жұмысшылар мен шаруалардың әлеуметтік жағдайын тек революция, социализм жолы арқылы ғана емес, оны реформалар арқылы да шешуге болатынын дәлелдейді. «Таптық, саяси теңдік орнату жолы міндетті түрде капитализмді құлату емес, себебі капитализмнің реформалар арқылы кедейшілікпен күресуге мүмкіншіліктері толығымен бар, кедейлердің жағдайын жақсартам деп байларды құртып жіберу – ол да әділетсіздіктің бір түрі» деп қорытындылайды. Ол «дұрысы буржуазиялық тапқа қарсы күресу емес, қоғамдағы кедейшілікті азайту үшін күресуі керек» деген қағиданы таратты. Яғни, Э.Бернштейн марксистік идеологиядан бас тартып реформизм идеологиясын берік ұстаным етті. Э.Бернштейн өз еліне, Германияға қайтып келгеннен кейін, Германия социал-демократиялық жұмысшылар партиясы (ГСДЖ) ыдырап, үш топқа бөлініп кетті. Э.Бернштейн енді тек ғана реформизм көзқарасын қолдайтын топтың жетекшісі болды. Кейін осы реформистік идеяға сүйенген социал-демократиялық партиялар Еуропа елдеріндегі реформизм идеологиясының дамытушысы, халыққа таратушысы болды.

Қортынды

Қорыта айтқанда, марксизм-ленинизм үшін Маркске, Ленинге кейіс білдірудің және бұрынғы КСРО-да социлизмнің  сәтсіз болғаны үшін де Ленинге кейіс  білдірудің қажеті жоқ сияқты. Өйткені  жалпы алғанда социализм идеясы мүлде жоғалып кетпейтін, адам санасында  ылғи болып тұратын идея. Себебі, адамдар теңдігін, бір-бірінің құлы болмауды қолдайтын идея өлмек емес. Бұдан 500 жыл бұрын жасаған Кампанелланың  «Күн қаласы» еңбегі қанша идея болғанымен, ақыл-сананы өзіне тартпай тұрмайтынын  мойындамау қате болар еді. Марксизм-ленинизм бүгін туған ілім емес, оның тегі әріде жатыр.

Сонымен, біз әлемде кең тараған  идеологиялардың негізгі түрлерін қарастырдық. Идеология қоғам өміріндегі зор қозғаушы күш екені ақиқат. Сондықтан идеологияны тудыратын себептерге аса мұқияттылықпен қарап, идеологияны таңдай білу жоғары білімді, аса жауапкершілікті қажет етеді. Негізінен жалпықоғамдық идеологияның көзі халық болуға тиіс екенін есте ұстау керек.


Информация о работе Марксистік доктринаның мазмұны: мемлекеттен адамға