Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 16:52, реферат
Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.
Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқығы бұзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет.
Құқықтық мемлекет — конституциялық басқ
Құқықтық мемлекет – өзінің
негізгі институттары ретінде билік бөлінісін,
сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын,
мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың
құқығы бұзылуына жол бермеуді және оған
қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген
залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын
мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының
сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі
дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің
философиялық негізін И. Кант жасады.
Қазіргі ғаламдық әлемде құқықтық мемлекет
тұжырымдамасы мемлекет, қоғам және азаматтың
арақатынасын қалыптастырудың әмбебап
идеалы болып отыр. Құқықтық мемлекет
идеясының мәні - оның бірізді демократиялылығы,
билік көзі ретіндегі халық егемендігін
бекіту, мемлекеттің қоғамға бағынуы.
Құқықтық мемлекет идеясындағы бастысы
- мемлекеттің және оның органдарының
зорлық-зомбылығынан, басынуынан азаматтарды
қорғау кепілі болатын мемлекеттің құқықпен
байланыстылығы. Құқықтық мемлекет ең
алдымен, барлық мемлекеттік органдар,
лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер
және азаматтар бағынуы тиіс өзіндегі
құқықтық ережелермен өзін-өзі шектейтіндігімен
ерекшеленеді, ал ондағы басты принцип
- құқық үстемдігі.
Құқық үстемдігі деген ең алдымен заң
үстемдігін білдіреді. Басты, маңызды,
негізгі қоғамдық қатынастар заңмен реттеледі.
Қоғам өмірінде заң үстемдігі арқылы,
барлық саяси институттарда жоғарғы құқық
бастаулары, құқық рухы енгізіледі. Осылайша,
азаматтардың құқықтарының шынайылығы
әрі мызғымастығы, олардың сенімді құқықтық
мәртебесі, заңдық қорғалуы қамтамасыз
етіледі. Құқықтық мемлекет - ең алдымен,
құқықтық мемлекет идеялары іске ас¬қан
конституциялық мемлекет. Конституциялық
құрылымның негізгі қағидаттары, қоғам
дамуының маңызды бағыттары, оның басты
идеялары конституциялық деңгейде бекітіледі.
Конституция құқықтық жүйенің орталығы
болып табылады. Соның негізінде құқықтық
мемлекеттегі заңдылық тетіктері қалыптасады.
Құқықтық мемлекет атауы алғаш
рет ХIХ ғасырдың бірінші ширегінде пайда болып,
кейін Еуропаның бірқатар елдеріне таралды.
Бірақ құқықтық мемлекет туралы негізгі
көзқарастар антикалық заманда қалыптасып,
мемлекет пен құқықтың арақатынасы жайлы
тұжырымдамалар жасалған еді. Жаңа заманда
құқықтық мемлекет туралы көзқарастардың
қалыптасуы табиғи құқық доктринасының
бекітілуі, зайырлы заң дүниетанымының
пайда болуы мен нығаюы, абсолюттік және
полициялық тәртіпті сынға алу, адамдардың
бостандықтары мен теңдігін, мызғымас
құқықтарын тану, биліктің заң шығарушылық,
атқарушылық және сот тармақтарына бөліну
тұжырымдамасының қалыптасуы, конституционализм
теориясы мен тәжірибесінің дамуы арнасында
жүрді. Бұл ережелердің жасалуына Г. Гроций, Б. Спиноза, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Д. Адамс, Д. Медисон, т.б. қомақты үлес қосты.
Құқықтық мемлекетте биліктің, азаматтың, қоғам мен құқықтың теңдігі және олардың заң алдындағы құқықтық теңдігі негізгі орын алады. Құқықтық мемлекетте қоғам өмірі заңмен реттеледі, заң үстемдік еткен жағдайда, сот ісі тәуелсіз болып, тек заңға бағынады. Құқықтық мемлекет әрбір жеке адамның заңды мүдделерінің, ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына кепілдік беруі, барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, олардың бірлестіктері мен қауымдастығын қамтамасыз етуге тиіс. Оның негізгі белгілері: құқықтық заңның үстемдігі, билік бөлінісі қағидаларын конституциялық-құқықтық реттеу негізінде егеменді мемлекеттік биліктің ұйымдасуы мен қызмет етуі, индивид, қоғам мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының құқықтық нысаны. Құқықтық мемлекетте қоғам, топ мүшелері мен азаматтар қауымдастықтарының мемлекет алдында, жалпы мемлекеттің, оның органдары мен басқармаларының, лауазымды адамдардың қоғам, азаматтар алдындағы жауапкершіліктерінің қатаң тәртібі орнауы қажет. Құқықтық мемлекетте биліктің бір адамның, органның немесе әлеуметтік топтың қолында шоғырлануына жол берілмейді. Өзінің жетілген үлгісінде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы биліктің барлық институттарының өкілді болуын, лауазымды адамдардың сайлануын білдіреді. Құқықтық мемлекет жағдайында сот әділдікті жақтаушы, кең мағынада құқықты қорғаушы, негізгі міндеті – адам құқықтарын қорғау болуы тиіс. Қоғам мен мемлекеттің өзара байланысы, өзара тәуелділігі мемлекет заңдарында көрсетілген құқықтар мен міндеттер арқылы жүзеге асады. Қазіргі кезде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы адам құқықтарымен тығыз байланыста қарастырылады және адамның жеке, азаматтық, саяси және экономикалық құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын білдіреді.
Құқықтық
мемлекеттің мәнін қарастыруда оның негізгі
екі жағын (екі негізгі кағиданы) бөліп
қарастыруға болады:
1) мазмұнды жағы - адам
мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын
мейлінше толық көлемде қамтамасыз етуден
тұлға үшін құкықтық ынталандыру режимін
орнықтырудан көрінеді;
2) формальды-заңды
жағы - мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан,
мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық
шектеу режимін орнықтырудан көрінеді.
Сонымен қатар, құқықтық
мемлекеттің кағидасына мыналар да жатады:
- билікті заңсыз пайдалануды
болдырмау мақсатында оны заңшығарушылық,
атқарушылық және сот тармақтарына бөлу;
- заңның үстемдігі,
яғни, биліктің жоғары органымен барлық
конституциялық тәртіптерді сақтай отырып
қабылданған заң атқарушылық билік актілерімен
жоққа шығарылуы, өзгертілуі және тоқтатылуы
мүмкін емес;
- мемлекет пен тұлғаның
өзара жауапкершілігі;
- қоғамдағы құқықтық
сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары
деңгейі;
- азаматтық қоғамның
болуы және тарапынан құқық субъектілерінің
заңдарды орындауына бақылау жүргізілуі. Өткендегі тәжірибеге
көңіл аударсақ, тоталитарлық мемлекеттерде
құқықтық актілер үзілмей шығарылып тұрды,
оларды іске асырудағы қаталдық қамтамасыз
етілді, бірақ, мұндай құқықтық реттеу,
құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларына
қарсы болды.Құқықтық мемлекеттің экономикалық
негізіне әр түрлі меншік формаларына,
көп тәртіпке сүйенген өндірістік қатынастар
(мемлекеттік, ұжымдық, арендалық, жекешеленген,
акционерлік, кооперативтік т.б.) тең құқықты
және бірдей мөлшердегі заңмен қорғалғандар
жатады. Құқықтық мемлекетте меншіктік,
тікелей өндірушілерге және тұтынушыларға
жатады, жекелеген өндірушілер өзінің
жеке еңбегінің нәтижесі мен өнімдердің
меншіктенушісі болып есептеледі.Мемлекеттіліктің
құқықтық бастамасы, тек өзін-өзі билегенінде,
меншіктік бостандығында. Құқық үстемдігін
экономикалық жағынан қолдап, өндіріске
қатысушылардың теңдігін, қоғамның қолайлы
жағдайының тоқтаусыз өсуін және оның
өзіндік дамуын қамтамасыз етеді.Құқықтық
мемлекеттің әлеуметтік негізін құраушы
– өзін-өзі реттейтін азаматтық қоғам.
Ол қоғамдық прогрестің иелері – бос азаматтарды
біріктіреді. Мұндай мемлекеттің дәл ортасында,
өзінің әр түрлі мүдделерімен адам тұрады.
Әлеуметтік институттардың жүйесі, қоғамдық
қатынастар арқылы, әр азаматтың шығармашылық,
еңбек мүмкіншіліктеріне қажетті жағдайлар
жасауына болады, ой плюрализмі, жеке адамның
құқығы және бостандығы қамтамасыз етіледі.
Тоталитарлық басқару тәсілінен құқықтық
мемлекеттікке көшу, мемлекеттің әлеуметтік
жұмысын, тез арада өзгеше бағытқа бұрумен
тікелей байланысты болады. Мемлекеттің
әлеуметтік негізінің беріктігі, оның
құқықтық тіреуінің тұрақтылығын алдын
ала белгілейді. Құқықтық мемлекет – бір
мезгілдегі әлеуметтік мемлекет. Құқықтық
мемлекеттің адамгершілік негізін, жалпы
адамдық гуманизм принципі және адалдық,
теңдік жеке адамның бостандығы, оның
ары және адамгершілігі құрайды. Құқықтық
мемлекеттің режимін шын мәнісінде, адамның
жоғарғы адамгершілік құндылығы бекітеді,
олардың қоғам өміріндегі басқару рөлін
қамтамасыз етеді, жеке адамға жасалатын
басынушылықты, күшейтуді жояды. Дәлірек
айтсақ, ол мемлекеттік басқарудың демократиялық
тәсілінен, сот процесінің адалдығынан,
жеке адамның мемлекетпен қарым-қатынасындағы
құқығының және тәуелсіздігінің артықшылығы,
аз топтың құқығын қорғау, әр түрлі діни
сенімдерге көнуден көрінеді. Мемлекеттік
өмірдің рухани толықтығы көп жағдайларда,
қоғамның адамгершілік жетілгендігінен,
оның өркениетті деңгейінен, әлеуметтік-экономикалық,
гуманизмінен және саяси қатынастарынан
толығымен көрінеді.Құқықтық мемлекет
– бұл тәуелсіз мемлекет, ол өз бойына
бүкіл халықтың, ұлттың және елді мекендейтін
аз ұлттардың тәуелсіздігін жинайды. Мұндай
мемлекет үстемдікті, бәріне бірдейлікті,
биліктің толықтығын, ерекшелігін іске
асыру арқылы, адалдыққа негізделген азаматтардың
қоғамдық қатынастарын, бостандығын қалтықсыз
қамтамасыз етеді. Құқықтық мемлекетке
мәжбүр ету, мемлекет тәуелсіздігінің
маңызды көрсеткіші ретінде, құқықпен
шектеледі, заңсыздық пен бассыздыққа
жол бермейді. Мемлекет өз күшін, құқық
негізінде, тек өзінің тәуелсіздігі, азамааттарының
мүдделері бұзылса ғана пайдаланады. Ол
жеке адамның да бостандығын тежейді,
егер оның әрекеті басқа адамдардың бостандығына
қауіпті болса.Мемлекеттің саяси табиғаты
оның тәуелсіздігінен анық көрінеді. Қоғамның
саяси жүйесі, бөліктерінің мүдделері
және барлық гамма қажеттіліктер тек тәуелсіздікке
келіп жиналады. Тәуелсіздікке байланысты
ғана мемлекеттік және мемлекеттік емес
ұйымдардың мүдделері біріктіріледі,
адал құқықтың теңдігі және еркін дамуы
қамтамасыз етіледі.Құқық алдыңғы рөлді
тек сол кезде ғана атқарады, егер ол көпшіліктің
және жеке адамдардың бостандық мөлшеріне
сай болса, қызметтегі заңдар шын мәнісінде,
халықтың және мемлекеттің мүдделеріне
қызмет етсе, оларды пайдалану шындықтың
іске асқандығы. Өткендегі тәжірибеге
көңіл аударсақ, тоталитарлық мемлекеттерде
құқықтық актілер үзілмей шығарылып тұрды,
оларды іске асырудағы қаталдық қамтамасыз
етілді, бірақ, мұндай құқықтық реттеу,
құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларына
қарсы болды.Құқықтық мемлекеттің экономикалық
негізіне әр түрлі меншік формаларына,
көп тәртіпке сүйенген өндірістік қатынастар
(мемлекеттік, ұжымдық, арендалық, жекешеленген,
акционерлік, кооперативтік т.б.) тең құқықты
және бірдей мөлшердегі заңмен қорғалғандар
жатады. Құқықтық мемлекетте меншіктік,
тікелей өндірушілерге және тұтынушыларға
жатады, жекелеген өндірушілер өзінің
жеке еңбегінің нәтижесі мен өнімдердің
меншіктенушісі болып есептеледі.Мемлекеттіліктің
құқықтық бастамасы, тек өзін-өзі билегенінде,
меншіктік бостандығында. Құқық үстемдігін
экономикалық жағынан қолдап, өндіріске
қатысушылардың теңдігін, қоғамның қолайлы
жағдайының тоқтаусыз өсуін және оның
өзіндік дамуын қамтамасыз етеді.Құқықтық
мемлекеттің әлеуметтік негізін құраушы
– өзін-өзі реттейтін азаматтық қоғам.
Ол қоғамдық прогрестің иелері – бос азаматтарды
біріктіреді. Мұндай мемлекеттің дәл ортасында,
өзінің әр түрлі мүдделерімен адам тұрады.
Әлеуметтік институттардың жүйесі, қоғамдық
қатынастар арқылы, әр азаматтың шығармашылық,
еңбек мүмкіншіліктеріне қажетті жағдайлар
жасауына болады, ой плюрализмі, жеке адамның
құқығы және бостандығы қамтамасыз етіледі.
Тоталитарлық басқару тәсілінен құқықтық
мемлекеттікке көшу, мемлекеттің әлеуметтік
жұмысын, тез арада өзгеше бағытқа бұрумен
тікелей байланысты болады. Мемлекеттің
әлеуметтік негізінің беріктігі, оның
құқықтық тіреуінің тұрақтылығын алдын
ала белгілейді. Құқықтық мемлекет – бір
мезгілдегі әлеуметтік мемлекет. Құқықтық
мемлекеттің адамгершілік негізін, жалпы
адамдық гуманизм принципі және адалдық,
теңдік жеке адамның бостандығы, оның
ары және адамгершілігі құрайды. Құқықтық
мемлекеттің режимін шын мәнісінде, адамның
жоғарғы адамгершілік құндылығы бекітеді,
олардың қоғам өміріндегі басқару рөлін
қамтамасыз етеді, жеке адамға жасалатын
басынушылықты, күшейтуді жояды. Дәлірек
айтсақ, ол мемлекеттік басқарудың демократиялық
тәсілінен, сот процесінің адалдығынан,
жеке адамның мемлекетпен қарым-қатынасындағы
құқығының және тәуелсіздігінің артықшылығы,
аз топтың құқығын қорғау, әр түрлі діни
сенімдерге көнуден көрінеді. Мемлекеттік
өмірдің рухани толықтығы көп жағдайларда,
қоғамның адамгершілік жетілгендігінен,
оның өркениетті деңгейінен, әлеуметтік-экономикалық,
гуманизмінен және саяси қатынастарынан
толығымен көрінеді.
Негізгі қағидалары
Құқықтық мемлекет – саяси ұйымның билігі, адамның, азаматтың құқығын, бостандығын толық қамтамасыз етуге жағдайлар жасайды және мемлекеттік билікті құқықтың негізінде өз пайдасына пайдалануға мүмкіндік берілмейді. Құқықтық мемлекетті басқаша түсіндерсек, ол жеке тұлға мен қоғамның құқықтары мен бостандықтарының құқықтық қорғалуын өзінің негізгі мақсаты етіп қойған мемлекетті айтады. Бұл мемлекет өз мақсатын орындауда төмендегідей қағидаттарға сүйенеді:
а) құқықтың басымдылығы;
б) адам мен азаматтың құқықтық қорғалуы;
в) мемлекеттік биліктің бөлінуі;
г) заң үстемдігі;
д) құқық пен заңның тұтастығы;
е) мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы;
ж) азаматтық қоғамның орнауы;
з) қоғамның құқықтық мәдениетінің жоғары болып, оның құқықтық санасы деңгейінің өсуі;
и) соттардың тәуелсіздігі;
к) антимонополиялық құрылымдардың тұрақты түрде қызмет істеуі.
Құқықтық мемлекетте барлық субъектілер өз әрекеттері бойынша жауапты және құқықтық теңдікті сақтай отырып құрылуы тиіс. Сондықтан құқықтық мемлекетте субъектілердің әрекет ету қағидаттары төмендегідей болады:
а) «Заңда тікелей көрсетілген әрекеттерге ғана рұқсат берілген» қағидат мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға ғана қатысты болып келеді.
б) Құқық субъектілерінің қайсысына болсын атап-атап көрсеткенде азаматтар, заңды тұлғалар мен басқалай да шаруашылық субъектілеріне қатысты «заңмен тікелей тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етілген» қағидаты басшылыққа алынады.
Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын ең толық түрде қамтамасыз етудің тиісті жағдайларын жасау, сондай-ақ билікті асыра пайдалануға, оның диктатураға, деспотияға айналып кетуіне жол бермеу үшін мемлекеттік билікті құқық арқылы шектеп отыру – құқықтық мемлекеттің мақсаты болып табылады.
Елдегі атқарылатын барлық істер мен әрекеттерді орындауда заң мен құқыққа жүгінетін қиялдағы мемлекет, құқықтық мемлекет идеясы ежелден бері бар екендігін Платон «заңдар» деген диологындағы: «Заңы пәрменсіз және оның өзі әлдебіреудің билігінде кеткен мемлекетің жуық арада күйрейтініне сенімім кәміл. Ал, заңы — әміршілердің билеушісіне айналған және олар заңның құлы болған мемлекет есен-сау болады және ондай мемлекетке игіліктердің қандайын болса да құдайдың үйіп-төгері айдан анық деп есептеймін», — деп түйіндегенінен пайымдаймыз.
Құқықтық мемлекетің негізгі қасиеттеріне мыналар жатады:
а) адамның және азаматтың құқығы мен бостандығын мойындау және қорғау;
ә) құқықтық заңның жоғарылығы (үстемдігі);
б) егеменді мемлекеттік биліктің бөліну принципі негізінде ұйымдасуы және қызметі.
Құқықтық мемлекеттің негізгі екі принципі бар:
1) адамның және азаматтың құқығын, бостандығын толық түрде қамтамасыз ету, жеке адамдарға құқықтық ынталандыру режимін жасау (әлеуметтік, мазмұнды жақтары);
2) құқықтың көмегімен, мемлекеттік
билікті біртіндеп
Бірінші принцип — Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында мынандай сөздермен бекіген: «Құқықтық мемлекет өзінің тағайындалған қызметін» біртіндеп орындауға міндетті — әрбір азаматтың жеке – басының жан-жақты даму мүмкіншілігіне кепіл беруі қажет.
Екінші негізгі принциптің жүзеге асырылуы мынадай жолдарды пайдалану арқылы жүргізіледі:
— билікті заң шығару, атқару және сот органдарына бөлу, мақсаты теріс пайдалануға жол бермеу;
— федерализм, көлденең бөлінген билікті, тағы да жоғарыдан төмен бөлу арқылы толықтыру жүргізеді;
— заңның үстемдігі (барлық конституциялық талаптарды қатаң сақтау арқылы жоғарғы билік органымен қабылданған заң, атқарушы билікпен өзгертілуге не жойылуға жатпайды);
— мемлекет пен жеке адамның екі жаққа бірдей жауапкершілігі; жоғарыдағы көрсетілген басқа, әртүрлі деңгейде оларға жағдайлар жасайтын принциптерді бөліп айтуға болады. Оған: қоғамдағы жоғарғы деңгейдегі құқықтық сана және құқықтық мәдениет азаматтық қоғамның болуы және барлық құқық субъектілерінің жағынан заңдардың орындалуына бақылау жүргізуді ұйымдстыру кіреді.
Құқықтық мемлекеттің негізгі
белгілері:
— мемлекеттік билікті үш түрге бөлу,
олардың ара қатынасын қатаң сақтау; азаматтық
қоғамның калыптасуы;
— қоғамда жоғары дәрежеде құқықтық мәдениеттің
қалыптасуы, адамдардың рухани сана-сезімінің
жақсы дамуы;
— мемлекеттік аппараттың, лауазымды
тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жеке
адамдардың өмірдегі қарым-қатынастарда
өзара жауаптылығы;
— қоғамның экономикалық, әлеуметтік
бағытында әділеттікті, теңдікті қамтамасыз
ету үшін антимонополиялық органның қызметін
қатаң бақылау;
— қоғамның ішкі құқық нормалары мен халықаралық
құқықтың өзара қатынасын бақылап, жақсартып
отыру;
— қоғамда заңның үстемділігін орнату,
азаматтық қоғамды қалыптастыру. Адамдар
«заңның құлы» болмайынша құқықтық тәртіпте,
демократия да жақсы дамуға тиіс емес.
Бұл туралы өмір тәжірибесінен қалыптасқан
мынадай өсиет сөз бар:
Заң — мемлекеттің ақылы.
Сот — мемлекеттің жүрегі.
Мәдениет — мемлекеттің тәртібі.
Міне осы үш қағидалы өсиет өзара бірігіп
қалылтасып және мемлекеттің ішкі заңдары
көпшілік таныған халықаралық құқықтық
нормалар мен принциптерге сәйкес келсе,
елімізде мемлекет орнайды.
Құқықтық мемлекет орнатудың
негізгі бағыттары:
— мемлекеттік биліктің үш саласының
жұмысын жақсарту, әсіресе заңның, нормативтік
актілердің сапасын көтеру;
— нормативтік актілердің дұрыс пайдалануын,
орындалуын қамтамасыз ету, халықтың рухани
сана-сезімін, мәдениетін жақсартып, көтеру;
— қоғамдағы қатынастарды дұрыс, жақсы
реттеу-басқару бағытындағы мемлекеттік,
қоғамдық ұйымдардың жұмысын жақсарту;
— бостандықты, теңдікті, әділеттікті,
демократияны дамыту;
— заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң
сақтау. Қазақстан Республикасының Конституциясы
бойынша құқықтық мемлекет қалыптастырудың
негізгі бағыттары демократиялық, зайырлы,
құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру (1-бөлім).
Демократиялық мемлекет — Қазақстанды
алдымен Конституция қабылдап, тікелей
басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті
мерзімі біткен соң, оларды ауыстыруға
халықтың құрылтайшылық билігі бар республикалық
құрылыстағы мемлекет ретінде танытатын
ұғым. Республиканың жоғарғы органдары
арқылы көпшілік қазақстандықтардың еркін
шынайы анықтауға және мүддесін барынша
жүйелі қорғауға қажетті мүмкіндіктер
береді. Демократиялық мемлекет әлеуметтік
және ұлттық нысандарына қарамастан, азшылық
пен жекелеген азаматтардың мүддесін
білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер
береді, мемлекеттік қызметке араласып,
қатысуға тең құқықтар беріледі. Демократиялық
мемлекет қызметінің түбегейлі принциптерінің
бірі — «Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық»
(1-6. 2-т.).
Зайырлы мемлекет — Қазақстан Республикасында
діни мекемелер мен дін ұстау мемлекеттен
бөлістігін білдіреді және бұл Қазақстандағы
ислам мен православиелік тағы басқа нанымдық
ағымдарға бірдей қатысты. Діни негізде
партия құруға жол берілмейді. Наным немесе
атеизм мәселесі-әркімнің жеке басының
шаруасы. Елдегі дін ұстау бостандығы
мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі
заңдылықтарды мемлекет белгілеп, бақылайды.
Құқықтық мемлекет — Қазақстанның барлық
органдары мен лауазымды адамдарының
қызметі құқық нормаларына байланысты,
соған бағынышты және соған сәйкес іс-әрекет
жасайды. Құқықтың негізгі принцитері:
азаматгар үшін — «заңға тыйым салынбағанның
бәріне рұқсат етіледі», мемлекеттік органдар
мен лауазым иелері үшін — «Заңда нақты
не көрсетілсе, соған ғана рұксат». Барлық
заң жүйесін жақсартып, әділеттікті жоғары
дәрежеге көтеру және азамат құқығы мен
бостандығын халықаралық өлшем деңгейіне
жеткізу Қазақстан мемлекетінің негізгі
міндеті. Құқықтық мемлекетте Заң бір
әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы
еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның
рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең
жоғары дәрежедегі лауазым иелерінен
қатардағы азаматтарға дейін заңдардың
бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін
жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға
қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын,
адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі
қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерін
еркін сезінуге, қоғам ісіне қатысуға
жағдай туғызуы керек екенін түсінуі қажет.