Кәмелетке толмағандарға
Қазақстан Республикасы Қылмыстық
Кодексінің 79-шы бабында көрсетілген
жаза түрлері ғана тағайындалады,
сонымен қатар жазаның мерзімі
мен мөлшері заңда көрсетілгеннен
артық болмауы керек.
Жоғарыда көрсетілген
заң талаптарына сәйкес, кәмелетке
толмағандарға келесі жаза түрлері
тағайындалады; айыппұл, белгілі
бір қызметпен айналысу құқығынан
айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту,
түзеу жұмыстары, бас бостандығын
шектеу, бас бостандығынан айыру.
Кәмелетке толмағандарға
тағайындайтын жаза кәмелет жасқа
толған жеке адамға тағайындалатын
жазадан мерзімімен айырмашылығы
бар.
Мысалы: айыппұл кәмелетке
толмай сотталғанның дербес табысы
немесе өндіріп алуға жарайтын
мүлкі болған жағдайда, 500 айлық
есептік көрсеткішке дейінгі
мөлшерде немесе кәмелетке толмағанның
жалақысының немесе өзге табысының
2 аптадан 6 айға дейінгі мөлшерінде
ғана тағайындалады. Белгілі бір
қызметпен айналысу құқығынан
айыру жаза түрі 1 жылдан 2 жылға
дейінгі мерзімде тағайындалады.
Кәмелетке толмаған сотталушыларды
қоғамдық жұмыстарға тарту 40 сағаттан
160 сағатқа дейінгі мерзімге ғана
тағайындалуы тиіс. Сонымен қатар,
кәмелетке толмаған бала тек
қолынан келетін жұмыс қана
орындауы керек. Жұмыстың ұзақтығы
16 жасқа толмаған балаға күніне
2 сағаттан, ал, 16 жастан 18 жасқа дейінгі
бала үшін жұмыстың ұзақтығы 3
сағаттан аспауы керек. Түзеу
жұмыстары 16 жасқа жеткен кәмелетке
толмаған адамдарға 1 жыл мерзімге
дейін тағайындалады. Бас бостандығын
шектеу 1 жылдан 2 жылға дейін тағайындалады.
Кәмелетке толмағандарға бас
бостандығынан айыру он жылдан
аспайтын, ал ауырлататын мән-жайларда
кісі өлтіргені үшін немесе
қылмыстардың жиынтығы бойынша
қылмыстардың біреуі ауырлататын
мән-жайларда кісі өлтіргені үшін,
он екі жылдан аспайтын мерзімге
тағайындалуы мүмкін.
Ауыр емес немесе
бірінші рет орташа ауыр қылмыс
жасағандарға бас бостандығынан
айыру жазасы тағайындалмайды.
Кішігірім ауырлықтағы
қылмыс жасаған немесе бірінші
рет орташа ауырлықтағы қылмыс
жасаған кәмелетке толмаған адамды,
егер оны қылмыстық жауаптылыққа
тартпай-ақ түзетуге болады деп
белгіленсе, сот оны қылмыстық
жауаптылықтан босатып, тәрбиелік
әсері бар мәжбүрлеу шаралары
қолдануы мүмкін.
Өлімге душар етуге
немесе адамның денсаулығына
ауыр зиян келтіруге байланысты
емес бірінші рет ауыр қылмыс
жасаған кәмелетке толмаған адам
қылмыстық жауаптылықтан босатылып,
оған тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу
шаралары қолданылуы мүмкін. Кәмелетке
толмағандар жауапкершіліктен қылмысты
алғаш рет жасаса, жәбірленушімен
татуласса, жәбірленушіге келтірілген
зиянның есесін толтырса ғана
босатыла алатынын ескерген жөн.
Қазақстан Республикасының
Қылмыстық Кодексінің 82 бабына сәйкес,
сот кәмелетке толмаған адамға
келесі тәрбиелік әсері бар
мәжбүрлеу шараларын тағайындауы
мүмкін; ескерту, ата-аналарының
немесе олардың орнындағы адамдардың,
не мамандырылған мемлекеттік
органның қадағалуына беру, келтірілген
зиянды қалпына келтіру міндетін
жүктеу, бос уақытын шектеу және
кәмелетке толмаған адамның жүріс-тұрысына
ерекше талаптар белгілеу, кәмелетке
толмағандарды аса қатал режимдегі
оқу мекемесіне орналастыру, жәбірленушіден
кешірім сұрау міндетін жүктеу.
Кәмелетке толмаған адамға бір
мезгілде тәрбиелік әсері бар
бірнеше тәрбиелеу шаралары тағайындалуы
мүмкін.
Практиканы алатын
болсақ, соттар, кәмелетке толмағандарға
қатысты қылмыстық істер қарау
барысында жоғарыда көрсетілген
заң талаптарын ескеріп, оларды
қолданып, олардың құқықтарының
өрескел бұзылмауын толық қамтамасыз
етіп отыр деп айта аламын.
Жазаны орындаушы орган да
кәмелетке толмай сотталған адамның
барлық ерекшеліктерін ескеруі
керек
Жоғарыда баяндалғандар
негізінде, мына қорытындыны жасауға
болады, біздің елімізге халықаралық–құқықтық
құжаттарда ұсынылып отырылған, ювеналды
әділетті енгізу, кәмелетке толмағандар
арасында құқық бұзушылық деңгейін
төмендетуге елеулі өзгерістер әкелуі
мүмкін.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы.
- Қазақстан Республикасының «Сот және сот төрелігі туралы» Заңы.
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі.
- Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. А. Ағыбаев, Алматы – 2004ж.
- Жадыбаев С.Х. Правопорядок и повидение несовершеннолетних. Алма-Ата 1982г.
- Заң газеті. Астана-2012ж.
- Заң газеті. Астана-2010ж.
- Заң және заман журналы. 2010ж
- Айқын журналы. 2010ж.