Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 22:58, доклад
Хаммурапи заңдары — Вавилон заңдарының жинағы. Бұл заңдар Хаммурапи патшалық еткен кезінде, шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 1760 жылы қабылданған. Хаммурапи заңдары Ежелгі Шығыстағы құл иеленушілік құқықтың аса маңызды ескерткіші болып есептеледі. Диорит бағанға сына жазуларымен жазылған бұл заңдардың мәтіндері 1901 — 1902 жылдары ежелгі Эламның астанасы — Сузы қаласының орнына жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Оны ол жерге эламдықтар әскери олжа ретінде әкелген болса керек. Хаммурапи заңдары қазіргі кезде Луврда сақтаулы тұр. Заңның неғұрлым кейінгі көшірмелерінің жұрнақтары Сузы, Ниневия, тағы басқа.
Хаммурапи Заңдары
Хаммурапи заңдары — Вавилон заңдарының жинағы. Бұл заңдар Хаммурапи патшалық еткен кезінде, шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 1760 жылы қабылданған. Хаммурапи заңдары Ежелгі Шығыстағы құл иеленушілік құқықтың аса маңызды ескерткіші болып есептеледі. Диорит бағанға сына жазуларымен жазылған бұл заңдардың мәтіндері 1901 — 1902 жылдары ежелгі Эламның астанасы — Сузы қаласының орнына жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Оны ол жерге эламдықтар әскери олжа ретінде әкелген болса керек. Хаммурапи заңдары қазіргі кезде Луврда сақтаулы тұр. Заңның неғұрлым кейінгі көшірмелерінің жұрнақтары Сузы, Ниневия, тағы басқа. Месопотамия қалаларында жүргізілген қазба жұмыстарында табылды. Хаммурапи заңдарының мәтіні кіріспеден, 282 баптан және қорытынды бөлімнен тұрады. Онда әлеуметтік теңсіздіктің салыстырмалы түрдегі жоғарғы дәрежесі бейнеленген. Сына жазуымен баяндалған заңдар азаматтық және қылмыстық құқыққа бөлінбесе де баптар белгілі бір топтарға біріктірілген; сот процесі, меншік, патша қызметі, неке мен отбасы, міндеттер, тағы басқа. Оның үстіне әрбір тақырып қылмыстық-құқықтық, сондай-ақ азаматтық-құқықтық тұрғыдан түсіндіріледі. Құқық субъектілері болып ерікті қауым мүшесі (авилум — “адам”) және толық құқығы жоқ патша қызметіндегі ерікті адам (мушкенум — “төмен құлайтын”) танылды. Кейбір құқықтарды (ажырасу және қалың малын қайтарып алу құқығы) ерікті әйелдер де пайдаланған. Құлдар мен балалар тек құқық нысандары ретінде ғана қарастырылды. Хаммурапи заңдарында құл иеленушілердің құлдарға үстемдігін, жалпы жеке меншікті нығайтуға және патша қызметіндегі адамдардың мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөлінді. Бұл заңдар бойынша Вавилон патшалығындағы тауар-ақша қатынастарының елеулі дамығаны жөнінде қорытынды жасауға болады. Ғылыми әдебиетте Хаммурапи заңдары әрекет еткен құқық жинағы ретінде (бұл неғұрлым шындыққа жанасады), “әлеуметтік әділеттілікті” бейнелеген заңдық трактат немесе Хаммурапи патшаның өз қызметі жөніндегі құдайларға берген есебі ретінде қарастырылады. Хаммурапи заңдары ежелгі Кіші Азияның өзінен кейінгі заңдарына елеулі ықпал етті.
Ману заңы
Ману заңы (санскритше
манавадхар-машастра) — үнділердің жеке және қоғамдық
өмірдегі мінез-құлқын, жүріс-
XII кесте заңы
XII кесте заңдары
Ежелгі Рим құқығы мұрасының ең маңыздысы
– XII кесте
Бұл заң б. д. дейінгі V ғасырда қабылданды.
Бұл
Манципацияға жататындар: жер, құл және
мал, қалғандары жатпайтын заттар.
Жер бүкіл Рим қауымының меншігі болып
саналды. Сондықтан оны
Нексум – құлдық борыш. Бұл құлдықты да
жезбен баянды
Некелік қарым-қатынастар ерекше. Оның
екі түрі болды. Некенің бірінші
Қылмыс құқығы оның жасалуына қарай ерекшеленген.
Ұрлық жасағандар, үйді
Рим құқығымен терең айналысқан ғалымдар
оның сан ғасырлық тәжірибесін
Республика түрінде өзінің проблемаларын
шешіп, демократиялық әдістерді, институттарды
қолданып
XII кесте заңдары ата-баба құқығы ретінде
жұрттың бәрі көретін
Заң жүйелері Орта және Жаңа уақыт уәкілдеріне
үлкен әсерін
Рим құқығының тарихы XII кестелі
XII кесте заңдары – рим құқығының бірінші
жазбаша ескерткіші
Ертеде санитарлық жұмыстардың жүргізілгенін
он екі кестелік заң (Закон
Заң баптардың біразы қоршаған қаланың
тазалығына және тұрғындардың денсаулығына
1)өліктерді қалада жерлемесін және өртемесін;
2) өліктің сүйегін жинамасын, тек соғыста
болған өлім;
Ежелгі Қытай
құқығына жалпы сипаттама. Ежелгі Қытай
заңнамаларының түп нұсқалары бізге
жетпеген. Тарихи деректерге жүгінсек,
алғашқы жазылған заңдар және заңдар
жинағы Шань мемлекеті кезінде пайда
болған дейді. Қытайда заң шығармашылық
б.э.д. ҮІ-ІІІ ғасырларда, яғни саяси
аренада патриархалдық дәстүрге
және тарихи әдет-ғұрыпқа тірек жасаған
конфуцияндар мен мемлекеттік заңның
мазыздылығын, ролін уағыздаушы легист
мектебінің арасында қарама-қайшылық
туындаған кезде жылдам дами бастаған.
Б.э.д. Ү-ІІ ғасырларда «Заңдар кітабы»
атты заңдар жинағы дайындалған. Авторы
Вэй Ли Куй (б.э.д. 427-387жж.) . Бұл кітапта
сол кездегі қолданыстағы қылмыстық және
қылмыстық іс жүргізу заңнамалары жинақталған.
Меншік құқығы. Инь мемлекет дәуірінен
бастап малға, құлға, еңбек құралына, құнды
әшекейлерге және т.б. заттарға деген жеке
меншік құқығы бекітілген. Бірақ жерге
деген мемлекеттік меншік және қауымдық
қатынас ежелгіқытай қоғамындағы мүліктік
жіктелудің және тауарлық өндірістің
дамуына кері әсерін тигізді. Отбасы және
неке құқығы. Инь мемлекет дәуірінде Қытайда
матриархаттың элементтері барын байқауға
болады, яғни қандас туыстардың арасында
неке құру мүмкіндігі болған. Ал, Чжоу
мемлекеті дәуірінен бастап отағасы әйелі
мен балаларына басшылық жүргізген, яғни
толық патриархалдық дамыған. Қылмыс пен
жаза. Ежелгі қытай құқығы бойынша қылмыс
ұғымы мен қылмыстың түрлері және жаза
тағайындалу өте ерекше сомдалған. Қылмыстық
заңнамада қылмыстың түрлері көрсетілген:
мемлекеттік қылмыстар. Бұлардың қатарына
ұлы патшаға тіл тигізу,үкіметке бағынбау
және т.б. Жазаның бес түрі қолданылған:
денесіне таңба салу, мұрнын кесу, аяғын
кесу, әтектеу және өлім жазасы.