Ежелгі Үндістан Құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 08:42, реферат

Краткое описание

Алғашқы мемлекеттік құрылымдар Үндістанда Үндістан түбегінің солтүстік бөлігінде, Үнді және Ганг өзендерінің аймағында пайда болып. ауыл шаруашылығы мен колөнердің дамуының жоғары деңгейімен ерекшеленген. Б.э.д. II мың жылдықтың ортасында Үндістанның аумағына арийлер көшпенді тайпалары жаулап кірді, олар біртіндеп бүкіл аумақты жаулап алды да, ежелгі үндістандық өркениетті кұртты. Жаулап кірген арийлерде рулық құрылым сақталған болатын, оның негізгі буыны болып қандық туыстыққа негізделген рулық одақ — ғана табылатын, кейін оның орнына ауылдық қауымдастық — вишас келді, бұған жергілікті халық та енетін болған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ежелгі Үндістан Құқығы.docx

— 19.71 Кб (Скачать документ)

               

               Ежелгі Үндістан Құқығы

 

Алғашқы мемлекеттік  құрылымдар Үндістанда Үндістан түбегінің  солтүстік бөлігінде, Үнді және Ганг өзендерінің аймағында пайда  болып. ауыл шаруашылығы мен колөнердің дамуының жоғары деңгейімен ерекшеленген. Б.э.д. II мың жылдықтың ортасында  Үндістанның аумағына арийлер көшпенді тайпалары жаулап кірді, олар біртіндеп  бүкіл аумақты жаулап алды да, ежелгі үндістандық өркениетті кұртты. Жаулап кірген арийлерде рулық құрылым  сақталған болатын, оның негізгі  буыны болып қандық туыстыққа  негізделген рулық одақ — ғана табылатын, кейін оның орнына ауылдық  қауымдастық — вишас келді, бұған  жергілікті халық та енетін болған.

Жер өндеудің одан әрі дамуы мен қолөнердің оқшаулануы қауымдастықтардағы еңбек бөлінісіне алып келді, ал бүл, өз кезегінде, жеке меншіктің пайда болуына және қоғамның таптарға бөлінуіне негіз  болды. Осылай мемлекет пайда болды.

Ежелгі  Үндістанның мемлекеті және құқығы тарихының кезеңдері:

1 кезең — алғашқы қауымдық құрылымның ыдырауы және құл иеленуші мемлекеттердің пайда болуы (б.э.д. II мыңжылдықтың екінші жартысы);

2 кезең — Үнді мен Ганг аймақтарында құл иеленуші мемлекеттердің құрылуы (б.э.д. II мыңжылдық — б.э.д. ІҮ);

3 кезең — Маурийлердің орталықтанған мемлекетінің құрылуы және гүлденуі (б.э.д. ІҮ — II ғ.ғ.)

4 кезең — үнділік құл иленушілік қоғамның шиеленісі және шаруашылықтың феодалдық жүйесінің бекітілуі (б.э.д. II г.)

Қоғамдық құрылым. Ежелгі Үндістандағы қоғамдық құрылымның өзіндік сипаты варналар (касталар) жүйесінің болуымен анықталды, олар өзінің құқықтық жағдайы бойынша  тең емес тұйық әлеуметтік топтар ретінде қалыптасты. Қоғамның таптарға бөлінуінен кейін қауым төрт варнаға  бөлінді: брахмандар варнасы (абыздар); кшатрийлер варнасы (әскери тұлғалар); вайшийлер варнасы (жер өңдеушілер); щудралар варнасы (каналушы батырақтар).

 

 

Үнді  құқығына жалпы сипаттама.

 Ежелгі Үнді мемлекетінде тарихи-құқықтық қайнар көз ретінде – Ману Заңдары (б.э.д. ІІ ғ. – б.э. ІІ ғ.) және Каутилья Артхашастралары (б.э.д. І ғ. – б.э. І ғ.) сақталған.  Ежелгі Үндіде құқық түсінігі қоғамдық қатынастарды реттеуші жеке нормалар жиынтығы ретінде танылмады. Үнділердің күнделікті өмірі өзіндік сипатымен құқықтық емес, эстетикалық сипатты нормалармен бекітілген ережелерге бағынды. Берілген нормалары ашық бейнеленген діни мінездемесіне ие болды.  Адамдардың күнделікті мінез-құлқын анықтайтын нормалар (дхарма) – дхармашастралар жинағында қалыптасты.

     Ең белгілі дхармашастра Ману Заңы (Ману – миф құдайы ) болып табылады. Бұл заңның жазылғанын нақты уақыты белгісіз. Бірақ,  б.э.д. ІІғ. және б.э. ІІғ. жазылды деп жобаланады. 
Ману Заңы 2685 баптардан тұрады. Құқықтық мазмұн негізінен ҮІІІ және ІХ бөлімдерде көрсетілген. Ману Заңының ең маңыздысы – варналық құрылымның қалыптасуы. Бұл жерде діни ілім бойынша әр варнаның пайда болу туралы; варнаның әскери-кәсіптік мінездемесі көрсетіледі; әр варнаның тағайындалуы туралы; жоғарғы варнаның үстемдігі туралы айтылған. 
   Заң негізгі жеке меншіктің түрін жер деп таниды. Мемлекеттің жер қорын патшаның, қауымның, жеке адамның жерлері құрайды. Мемлекеттің бүкіл жері патшаның жеке меншігінде болған жоқ. Патша жерден жеке меншік иеленуші ретінде емес, мемлекет мүддесін қорғаушы ретінде салық алып отырған. Ману Заңы бойынша, егер патша салықты жинап, мүдделерін қорғамаса, онда ол тозаққа барады дейді. Ману заңы (санскритше манавадхар-машастра) — үнділердің жеке және қоғамдық өмірдегі мінез-құлқын, жүріс-тұрысын анықтайтын ежелгі діни-құқықтық нормалар жиынтығы. Діни-әдеби шығарма болғандықтан, Ману заңының мазмұны құқық мәселесінен өзге дін, саясат, әдеп мәселелерін, яғни ежелгі Үндістандағы қоғамдық қатынастардың барлық саласын қамтыды. Ману заңы 12 бөлімнен тұратын 2 652 шумақты өлең сипатында санскрит тілінде жазылған. Заңда варналардың, яғни таптардың пайда болуы егжей-тегжейлі баяндалып, олардың мұрагерлік-кәсіптік сипаты нақтылы көрсетілген. Ману заңы бойынша, брахмандар — абыздар ([[дінбасылар[[), кшатрилер — әскери ақсүйектер, вайшилер — қатардағы қауым мүшелері, шудралар — құлдар. Тіршілікті жаратушы Брахма құдайы брахмандарды өз аузынан, кшатрилерді қолдарынан, вайшилерді белінен, ал шудраларды өкшесінен жаратты делінген. Брахмандар ең биік дәрежеде болды. Әскери іс кшатрилердің құзырында болса, вайшилер жер өңдеумен, мал өсірумен, қолөнермен және саудамен айналысуға, ал шудралар осы варналарға қызмет етуге тиісті болды. Варнаның бірінен екіншісіне өтуге тыйым салынды. Ману заңында жеті түрлі меншік құқығының пайда болу жолдары нұсқалған: мұрагерлік, сыйға алу немесе олжа тауып алу, сатып алу, жаулап алу, өсімқорлық, атқарылған жұмыс ақысына алу, қайырымдылық жасау. Ману заңында патша өзіне қарастыларды қорғамай, салық салса, онда ол тозаққа барады делінген. Қарызын тиісті мерзімде өтей алмаған борышқор жұмыс істеп өтеуге міндетті болды. Бірақ төм. кастаға жататын несиегер жоғ. касталық борышқорды жұмыс істетіп өтетуге мәжбүрлей алмады, ол борышын біртіндеп беріп отырды. Борышқор қайтыс болса, оның міндеттемелері баласына немесе туысқанына көшті. Ману заңы бойынша әйел адам жас шағында әкесіне, кейін күйеуіне, ал күйеуі дүниеден озған соң балаларына бағынуға міндетті болды. Ер адам өзінен төмен варнадан әйел алуға ерікті болғанмен әйел адамның өзінен төмен варна адамына күйеуге шығуына тыйым салынды. Шудраның брахман әйел алуы сорақы күнә болып есептелді. Отбасы мүлкін қожайын басқарды. Қожайын өлген соң дүние-мүлік не әр балаға үлестірілді, не үлкен балаға қалды. Үлкен балаға қалған жағдайда ол басқа балаларды қамқорлығына алды. Қыздарға мұра тиесілі болмады, бірақ оларға бауырлары өз үлесінің төрттен бірін беруге тиіс болды. Заңда патша жауларына қызмет көрсету, қала қорғанын, қала қақпасын бүлдіру секілді мемлекеттік қылмыстар алдыменен сөз етілді. Түнде ұрлыққа түскен адамға тағайындалатын жаза — екі қолын да кесіп, шанышқыға отырғызу. Бір рет ұрлық қылған адамның қолының екі саусағы, екінші ұрлық үшін қол мен аяқ кесілді, үшінші рет ұрлық жасаған адамға өлім жазасы берілді. өрлықты көре тұра айтпаған адам да жазаға тартылды. Ал ұрлықтың ізін жасырушы ұрының өзімен бірдей жазаланды. Адам өлтірушіге де өлім жазасы тағайындалды. Жоғ. сот қызметін патша мен брахмандар атқарды. Қылмыстық және азаматтық іс жүргізушілік арасында айырмашылық болмады, сот отырысы жарыспалы түрде өтті. [1]

 

 

 
Міндеттемелер

  Ману заңында көрсетілген сотта қарастыратын істердің 18 жуығы міндеттемеге, жалға беруге, сауда-саттыққа, сақтауға және т.б. арналған. Артхашастра мен Ману заңы қарыздық міндеттемені орындалуына тиімді тәсіл ретінде – залог институтын (Артхашастраның ІІІ тарауы 12 бөлімі 11, 12 баптар) енгізеді. 
  Ежелгі Үндістанда жерді жалға (аренда) беру шарты  белгілі болған, Қауымдық меншік мүліктік дифференциация ұшырағаннан кейін аталмыш шарт кең етек жайған. Кедейленген жериеленушілер өз жерлерін жалға беруге мәжбүр болған. 
  Ману Заңында сату-сатып алу шарты да кеңінен тараған. Ману Заңында сыйға беру шарты қарастырылған. 
  Шарттың кейбір түрлерін реттеу үшін заң жалпыға бірдей ережелер бекітеді. Ману заңында келтірілген залалдан туындайтын міндеттемелер туралы айтылған.

 

 
Неке және отбасы құқығы

   Ежелгі Үндістан қоғамына патриархалды отбасы тән.  Күйеуі-отагасы. Әйел күйеуіне және ұлдарына толық тәуелді болған. Неке мүліктік шарт сипатты, яғни күйеу өзіне әйелді сатып алады және оның жеке меншігі болып саналды. 
  Отбасы мүлкі толығымен  отағасының билігінде болған. 299 бапқа сәйкес «бұзақы қылық жасаған әйелін, баласын, құлын, шәкіртін және туған інісін арқанмен және бамбук шыбыкпен ұруға құқығы бар». 
Ману заңы жоғарғы дхармаға сай ерлі-зайыптылар арасында «өлер өлгенге дейін толық сенімділік» болады деп жариялай отырып, күйеу жігітке бірнеше әйел алуға және ажырасуына рұхсат береді. 
 
Барлық мүлік олардың ортақ игілігі, бірақ күйеуі иелігін жүргізген.  Әке-шешесі қайтыс болған жағдайда  мүлік ұлдар арасында бөліске түскен, немесе кіші інілеріне қамқоршы болып қалған үлкен ұлы ие болған.  Қыздар мұрагерлікке ие бола алмайды, бірақ ағалары ¼ бөлігін бөліп беруге тиіс еді. 

Қылмыс  пен жаза 
 Ежелгі Үнді құқығында, сол тәрізді Хаммурапи заңында қылмыстық-құқықтық нормалар жалпы құқықтық тыйымдардан жеке бөлінбеген. Ману заңында қылмыс түсінігі сол уақытқа байланысты өте жоғары  танылған, жаза түрі қылмыс жасаған жағдайына байланысты тағайындалған. Бірақ қылмыс түсінігі толығымен қалыптаспаған Ману заңында да, Каутилья Артхашастраларында да деликт пен қылмыс арасында айырмашылық шегі анықталмаған. Заңда кінәнің нысандары (қасақана және абайсыздық), қылмыстың қайталануы, қылмысқа қатысушылық, жәбірленушінің және кінәлінің касталық тегіне қатысты қылмыс ауыртпалығы айқындалған.  


Информация о работе Ежелгі Үндістан Құқығы