Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 08:41, реферат
Алғашқы мемлекеттік құрылымдар Үндістанда Үндістан түбегінің солтүстік бөлігінде, Үнді және Ганг өзендерінің аймағында пайда болып. ауыл шаруашылығы мен колөнердің дамуының жоғары деңгейімен ерекшеленген. Б.э.д. II мың жылдықтың ортасында Үндістанның аумағына арийлер көшпенді тайпалары жаулап кірді, олар біртіндеп бүкіл аумақты жаулап алды да, ежелгі үндістандық өркениетті кұртты. Жаулап кірген арийлерде рулық құрылым сақталған болатын, оның негізгі буыны болып қандық туыстыққа негізделген рулық одақ — ғана табылатын, кейін оның орнына ауылдық қауымдастық — вишас келді, бұған жергілікті халық та енетін болған.