Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 15:05, курсовая работа
Ежелгі шығыс елдерінде мемлекет алғаш ұлы өзендер аймағында пайда болды. Себебі тұщы су, өзен жағасындағы аңдар,жабайы астық тұқымдас әр түрлі шөптердің мол болуы өзеннің теңізге құяр сағасында (атырау) адамдардың көптен шоғырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың көптеп шогырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың ахуалын жақсартып қана қойған жоқ, сонымен бірге бала туудың өсуінеде әсер етті.
Грек қала мемлекеттерінің қалыптасуына мына жағдайлар әсер етті ;
1. Жерорта теңізі аймағының Греция орналасқан солтүстік жағалауына ықпал ететін Крит сияқты мемлекеттің ыдырауы және дорий тайпаларының шапқыншылығынан халық саны азайды.
2. Темірдің пайда болуы адамдардың азаматтық қауым шеңберінде жеке шаруашылық жүргізуіне мүмкіндік берді. Грецияның табиғи орналасқан жері таулы-қыратты болып келгендіктен жүзім,зәйтүн ағашын өсіру егіншілікте үлкен роль атқарды.
3. Грек қала-мемлекеттерінің қалыптасу кезеңінде оның дамуына кері әсер ететін сыртқы факторлар, яғни көрші ірі мемлекеттердің барлығы дерлік дағдарысты бастан кешіріп жатты.
4. Тарихи заңдылық бойынша қала-мемлекеттер біртіндеп адам санының көбеюіне жэне экономикалық қатынастардың дамуына байланысты басқа территориялардағыдай, мысалы, ежелгі Египеттегі номдардың төменгі және жоғары Египет мемлекеттеріне,сонан соң біртүтас мемлекетке айналғаны сияқты,даму сатыларын бастан кешіруге тиіс болатын.
Алайда гректердің дүниетанымына және философиясына байланысты грек дүниесіндегі мемлекет қала-мемлекет сатысында ұзақ тұрып қалды. Оған мынандай себептер әсер етті:
1. Адам санының көбеюі және жер тапшылығының пайда болуы грек қала-мемлекеттерінің үстемдік үшін күресіне алып келуге тиіс болатын. Бұл күресті біршама уақыт кейінге шегеруге және осы процесті бәсеңдетуге әсер еткен б.э.д. ҮІІІ-ҮІ ғасырлардағы колонизациялық шаралар болды. Теңізде жүзу жақсы дамыған грек қала-мемлекеттері әлеуметтік күресті бәсеңдету үшін адамдардың бір бөлегін сыртқа, жаңа жепрлерге көшіруге мәжүбір болды. Қара теңіз жағалауларында және Жерорта теңізінің басқа аймақтарында грек колониялары пайда болды.
2. Грек дүниесі адам санының көбеюін тежеуге ұмтылды.
3. Әлеуметтік күрестің қоғамның ыдырап кетуіне алып келетінін түсінген грек дүниесінің қайраткерлері реформалар жүргізе бастады.Спартадағы Ликург реформасы, Афинадағы, Солон және Клисфен реформаларының басты мақсаты әлеуметтік күресті бәсеңдету болатын.
Қала мемлекттердегі ерікті азаматтардың экономикалық жэне саяси құқықтары біршама дамығандықтан грек дүниесі дамудың жаңа моделін жасады. Грек философиясы мен ғылымы адамзаттың дүние танымын жаңа сатыға көтерді.
4. Қала – мемлекет жүйесінің біраз уақыт сакталғанына қарамастан тарихи даму заңдылығы оны мемлекет және орталықтанған мемлекет сатысына итермеледі. Бұл процесстің басталуын жылдамдатқан грек- парсы соғыстары болды. Жас қала- мемлекттерден тұрған грек дүниесі алып Парсы империясымен өлім не өмір үшін күреске түсті. Спарта және Афины бастаған грек қала – мемлекеттері ерен ерліктерінің арқасында өз жерін аман сақтап қалды. Соғысқа дейін ақ Спарта бастаған егіншілікпен айналысушы полистер одағы және Афины бастаған қол өнер сауда полистер одағы ұйымдаса бастаған болатын. Соғыстан екі одақта нығайып шықты. Енді грек дүниесіне үстемдік үшін екі ірі одақ арасындағы күрес соғысқа ұласып, ол Спартаның жеңісімен аяқталды. Бірақ бір орталыққа бағынған мемлекет құру толық аяқталмай қалды. Себебі екі одақтың соғыстан қалжырап шығуына Парсы державасы «Көп көмек» берді. Басы бірікпеген грек дүниесі Макидон патшалығының қол астына түсті.
Азамат тарихының дамуына
Рим республикасының құрылуы. Римнің ұзақ ғасырлық тарихы үш кезеңге бөлінеді:
1. Ежелгі Рим патшалық кезең - б.з.д. 754 – 810 ж.ж.
2. Рим республикалық кезеңі б.з.
3. Рим империя кезеңі екіге бөлінеді: принципат (б.з. 27 – 14 ж.ж.), доминат (284 – 395 ж.ж)
Рим мемлекеті алты төбедегі қоныстардың бейбіт қосылуына (Синойкизм) пайда болған азаматтық қауым бастапқыда Римдегі саяси билік патшаның қолында болды. Патша әскери және діни билікті қолына шоғырландырғандықтан ақсақалдардың билікке ұмтылуын қанағаттандыру үшін ақсақалдар кеңесін құруға мәжбүр болды.
Рим патшаларының бірі –сергии туллии
коғамдағы мүліктік жіктелістің күшейгендігін
байқағандықтан мүліктік цензді енгізіп,
Рим халқын алты класқа бөлді бұл қоғамдағы
саяси күштердің ара салмағының өзгеруіне әсер
етті. Римнің жетінші патшасы өр көкірек
Тарквиниидің жеке басының кемшіліктері
ақсақалдар мен патша арасындағы қарама-қайшылықты
күшейтіп, патша билігінің құлауына алып
келді. Бастапқыда Римде халық жиналыстары
трибуттық – рулық жиналыстар болса, кейіннен
Сервии Тулии реформасының нәтижесінде
центуриаттық-жүздік жиналыстар болды. Центуриаттық
жиналыстарда жоғарғы мемлекеттік қызметтерге
сайланатын және маңызды саяси - құқықтық
мәселелер қаралды. Жиналыстардың
Патша билігін құлатуға қатысқан ақсүйектердің екі ірі тобының билік үшін күресін болдырмау ушін жыл сайын биліктегілерді сайлау жүйесі енгізіліп, Республикалық билеу формасы, яғни басқарудың барлық сатысына адамдар сайланып қойылатын болды.
Республикалық биліктің қалыптасуына және нығайуына ақсүйектер мен құқығы жағынан шектелген әлеуметтік топ – плебейлердің арасындағы курес те әсер етті. Осы күрестің нәтижесінде XІІ Таблица заңдары қабылданды. XІІ таблица заңдарында плебейлер құқы шектелген топ ретінде көрінсе бірте-бірте елдегі қиын жағдайларды пайдалана отырып плебейлер өздеріне саяси жэне экономикалық құқықтар алды.Плебейлер біртіндеп өздерінің өкілдерін мемлекеттік қызметкер дәрежесәне көтерді. Оларды халық трибундары деп атады. Бастапқыда екі халық трибуны болса,кейіннен олардың саны он-ға дейін жетті. Плебейлер өздерінің жиналысын «плебисит» шақыру құқына қол жеткізді және кейіннен бұл жиналыстың шешімі заң күшіне ие болды. Әлеуметтік топтардың арасындағы шиеленістің дұрыс шешілуі мемлекетік баскару жүйесінің тиімділігін арыттырғандықтан жэне де азаматтардың соғысқа деген ынтасын басып алынған территориядан жер беру арқылы қызықтыра білген. Рим басшылары біртіндер көрші территоряларды басып ала бастады.
Римнің мемлекеттік
Сондықтан да Римнің мемлекеттік құрылысына тоқталып өтейік.
Рим республикасының ең жоғарғы билік органдары халық жиналыстары мен сенат болды.
Халық жиналыстарының үш түрі болды:
1. Куриаттық халық жиналыстары – Римдегі ең көне халық жиналысы және ол негізінен рулар бойынша жиналыс болды.
Римде 30 курия болды.
2. Трибуттық жиналыстар-
3. Центуриаттық жиналыс- әскери-
Центурияттық және трибуттық жиналыстардың шешімдері заң күшіне ие болды.
Ақсақалдар кеңесі - Рим республикасындағы ең маңызды басқару органдарының бірі.Бастапқыда ру ақсақалдарының жиналысы ретінде пайда болды және құрамында 300 рудың өкілі болды.Кеіннен,б.э.д. 1 ғ. Сенат құрамында 600 мүше болды. Сенат құрамына бұрын жоғарғы мемлекеттік қызымет атқарған адамдар кірді. Әр бес жылсайын сенаторлардың тізімін арнайы магистраттар-цензорлар тексеріп,қайта жасалып отырғСенатта мемлекеттік маңызы бар мәселелер мен заң жобалары каралып ,халык жиналысына бекітуге үсынылып отырған. Сенаттың шешімдері сенатуусконсульт деп аталып,магистраттар басшылыққа алатынқұжат ретінде маңызы болғанымен ресми түрде заң күші болмады.
Рим республикасында басқару
Ординарлық магистраттарға мына қызметтер кіреді:
1. Консулдар. Патша қуылғаннан
кейін патшаның функциясын
2. Цензорлар - Рим республикасында б.ә.д. 434 жылдан бастап сайлана бастаған магистраттардың бірі.Әр бес жылда 1,5 жылға сайланып отырған. Цензорлар азаматтардың санағын жүргізуге,сенаторлардың тізімін қайта қарауға жэне салықтың казынаға түсуін қадағалауға,мемлекеттік табысты жинауды тапсыруга жауапты болған және азаматтардың тәртібіне ,іс- әрекетіне бақылау жасап отырған.
3. Преторлар - жоғарғы магистраттардың бірі,сот ісін жүргізуші.Претор қызыметі б.э.д.366 ж. енгізілді.Б.э.д. 267 ж.
2 претор сайлана бастады. Бірі-қалалық претор деп аталады,ал екіншісі прегриндік претор деп аталады. Қалалық претор азаматтардың арасындағы сот ісін жүргізді,ал прегриндік претор Рим азаматы емес (прегрин) прегрин адамдардың арасындағы сот ісін жүргізді. Сот ісімен қатар претор әскер басшылары болып тағайындалды және провинцияларды басқарды. Претордың алдында 6 адамдық салтанатты қарауыл жүріп отырды.
5. Эдилдер. Рим қаласын көріктендіруге,қоғамдық мейрамдарды өткізуге, қаланы азық-түлікпен қамтамасыз етуге,қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты қызыметкер болды.
6. Халық трибундары – тек плебейлерден сайланатын Рим магистраттары. Халық трибундары плебейлерді патрицилерден қорғайтын қызымет ретінде пайда болды және олардың вето құқы болды. Халық трибундарының трибуттық жиналыстарды шақыруға,комицияларға заң жобаларын ұсынуға,магистраттардың шешімін тоқтатуға.сенаттың пікіріне қарсы шығу құқы болды. Халық трибуны қызыметі қасиетті саналды және оған қарсы жасалған қылмыс діни қылмыспен қатар бағаланды.
Римнің әкімшілік жүйесінің бір ерекшелігі - әрбір Рим азаматы мемлекеттік қызыметке сатылап өсті және жасына қарай сайланды. Мысалы, консулдық қызыметке жасы 42 толған және ең төменгі қызыметтен біртіндеп өскен азаматтар ғана сайланған. Рим мемлекеттік қызыметінің тағы бір ерекшелігі – қызыметтердің көпшілігі коллегиалды болды. Мысалы, екі консул,халық трибундары қызыметі және тағы да басқа қызыметтерді бірнеше адамдар атқарғандықтан шешім қабылдау барысында көптеген мәселелер келісіліп шешілді және бірін-бірі тежеп отырды. Рим республикасындағы мемлекеттік басқару ісінің осылай ұйымдастырылуы мемлекетті басқару ісін жеңілдетті және Рим азаматтарының мемлекетті басқару ісіне әсер етіп отыруына жағдай жасады.
Жалпы ежелгі Шығыс елдерінде құқық
жүйелері қазіргідей қылмыстық,
Ел енді ежелгі дүниедегі құқығы дамыған ел Рим болды. Рим құқығының дамуына тауар-ақша қатынастары әсер етті. Рим құқығының тарихынан біз жоғарыда аталған институттарды ғана емес, сонымен бірге қылмыстық-құқықтық нормалардың жеке құқықтық нормалардан /азаматтық-құқықтық/, қылмыстық процестің азаматтық процестен бөлшектегенін көреміз. Бұның өзі азаматтардың арасындағы экономикалық қатынастардың күрделеніу сан-салалы құқықтық жүйені туғызып отыр. Осындай күрделі құқықтық жүйені Ежелгі Шығыс елдері білген жоқ. Сондықтан да студент ежелгі Рим құқының ескерткіштерімен танысқанда ежелгі шығыс елдерінің заңдарымен салыстыра қарағаны жөн.
Афина құқығына жалпы сипаттама. Ежелгі Афина құқығының қайнар көзі әдет-ғұрып (themic).
Б.э.д. 621 жылы ру беделділері мен
Афин тұрғындарының құқықтық жағдайы. Грек қоғамы үш әлеуметтік топтан құрылды: құлдар, азаматтар, билік иегерлері. Құлдардың қайнар көзі - соғыс, пираттық және құл саудасы: 1).әскери тұтқындар мен қолға түскен бейбіт тұрғындар., 2).Фракия және скиф ақсүйектерінің өз қандастарын сатуы., 3).құлдардың өзара көбейуі.
Құлдар құқықтың субьектісі емес обьектісі болып табылған. Яғни құлдар жанды құралдар санатына жатқызылған. Іскер құлдарды қожайыны қолдап, жеке кішігірім шеберхана ашып беретін. Бұл жағдайда құл кейбір заңды мәмілелерді жасайтын болғандықтан, белгілі бір құқыққабілеттілікке ие болған.
Құлдарды босату, еркіндікке жіберу мүмкіндігі бар. Бірақта олар азаматтыққа ие бола алмайды тек «бөтендер» деген санатқа қосылады.
Еркіндікке босатылған құлдар бұрынғы қожайынына, яғни патронына толық тәуелді және оның рұхсатымен қана үйленетін немесе өлер өлгенше оған қызмет атқарады. Олар өлгенде ұрпағы, яғни балалары болмаса оның мүлкі қожайынына қалады.
Меншік құқығы. Б.э.д. Ү ғасырда Афин азаматтары арасында жеке меншіктің саны көбейген. Афинда меншік мемлекет тарапынан берген игілік көзі ретінде есептелген. Ірі жер иегерлері мемлекетке пайдалы салық (литургии) төлеп отырған.
Афин құқығында бөтеннің мүлкіне деген құқық болған.
Жер иеленуші өз жерін 20 метрге дейін қазып су көзін таба алмаса, көршісінің үйінен күнінде екі рет белгілі мөлшерде су ала алады.
Афин құқығында шарттардың келесі түрлері болды: сауда-саттық, жалдау, серіктестік, тапсырма, жеке жалдамалық және т.б. Деликтіден туындайтын міндеттемелер болған.
Неке және отбасылық құқық. Ежелгі Грецияның әйел адамдары бала күнінде әкесінің билігінде, тұрмыс құрған соң күйеунің билігінде болған және әрекетқабілеттілігі жоқ деп саналған. Неке құру кезінде қыздың келісімі есептелінбеген, яғни ата-анасының қабылдаған шешімі заңзы болып саналған. Қызға төсек орын берілген, егер ажырасқан жағдайда өзімен бірге қайтарылатын.немесе өліп қалса әкесіне қайтарып беретін. Некенің мақсаты ұрпақты жалғастыру. Әйелі бедеу болса және екеуінің бірі біреуінің көзіне шөп салса, ажыраса алады.
Қайтыс болған адамның мүлкі оның отбасына және жақын туыстарына қалдырылған. Ереже бойынша әйелін мұрагерлер тізімінен алып тастаған.
Информация о работе Ежелгі мемлекеттердің құқықтары мен бостандықтары