Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 08:21, контрольная работа
Б.з.д.. мыңжылдықтың басында Ежелгі Грекияда жеке және тәуелсіз полистер формасы түрінде бірнеше қала-мемлекеттер пайда болды.Алғашқы қауымдық құрылыстан қоғамдық өмірдің ерте таптық және қоғамдық формасына көшу халықтың әлеуметтік жіктелу процесін одан әрі күшейтіп ру ақсүйектері мен қайыршыланған қауым мүшелерінің, байлармен кедейлердің, еріктілер мен құлдардың арасындағы күресті шиеленістіре түсті. Осындай жағдайда ежелгі грек полистерінде басқару формасының өздері жақтаған түрін орнату жолында әртүрлі әлеуметтік топтар арасында аяусыз күрес жүрді.
I Кіріспе
1. Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтык ілім.
II Негізгі бөлім
2.1 Софистердің құқықтық-саяси идеялары.
2.2 Сократ Софистерді сынаушы ретінде.
2.3 Платон аристократиялық мемлекет құрылысы туралы.
2.4 Аристотельдің саяси-құқықтық пікірлері.
III Қорытынды:
3. Ежелгі Грек мемлекеттілігінің дағдарысқа ұшырауы.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Мемлекет формасын Аристотель мемлекеттегі жоғары билікті білдіретін саяси жүйе ретінде сипаттайды. Бұл жерде мемлекет формасы билеушілердің санымен (біреу, аз ғана топ, көпшілік) анықталады. Бүдан басқа мемлекеттін дұрыс және бұрыс формалары туралы да айтылады. Дұрыс формадағы билеушілер көпшіліктін мүддесін қорғаса, бұрыс формадағы билеушілер тек қана өздерінің жеке басының мүдделсрін көздейді. Аристотель пікірінше, дұрыс формадағы мемлекеттерге монархиялық, аристократиялық және подития, ал екінші формаға тирания, олигархия және демократия жатады. Мемлекеттің ең дұрыс формасы ретінде Аристотель политияны айтады. Политияда жалпының мүддесі үшін көпшілік билік құрады.
Жоғары билік заңда емес, демостың қолында деп есептеген Аристотель демократияны сынға алады. Ол мүліктік дсмократияны ғана мақұлдайды және демократияның екі түрін — заңға негізделген және жоғарғы үкіметке билік жүргізетін демократияны анықтайды.
Аристотельдін айтуынша, саясаттың мәні оның алдына қойған мақса-тына қарай анықталады. Дұрыс саясаттың негізі — адамдардын тәрбиесі болып табылады. Адамдар дұрыс тәрбиенің нәтижесінде ғана жақсы қасиеттерді бойларына сіңіріп, саяси мақсаттарын игілікке қарай бұрады, осының арқасында ғана әділдік орнайды.
Философиялық көзқарасы жағынан Эпикур (б.з.д. 341—270 жж.) Демокриттің атомистік иілімдерін жалғастырушы болды. Самос аралынан шыққан ол мүғалімнің отбасында дүниеге келді. Кейіннен Афиныға қоныс аударған Эпикур шәкірттерді шағын топқа бөліп (оның ішінде құлдар да болды) өзінін жеке бағына жинап алып, оқытты. Демокриттың атомдық теориясын негізге алған ол шешім дүниесінің мәні мен заңдылығын түсіндірді.
Стоидизмдегі сияқты Эпикур философиясының басты міндеті максатқа ұмтылған адамның мінез-құлқы туралы ілімге талдау жасау болды. Эпикур ілімі бойынша, табиғат құдайлардың араласуынан, өз заңдары бойынша дамиды. Сондықтан да ол табиғатты оның зандарын ашу арқылы танып білуге болалы деді. Бірақ адамдардың табиғатты, оның ішкі заңдылыктары мен құбылыстарын танып білуі басты міндет емес дей отырып, Эпикур табиғат туралы білім адамдарды жалған сенім мен қараңғылықтан құтқаруға және өмір үшін арпалыстағы қорқынышты женуге, олардың бақытты өмір сүруіне мүмкіндік туғызады деп санады.
Эпикур бойынша, мемлекеттік биліктің басты мақсаты адамдардың өзара қауіпсіздігін сақтау, олардың бір-бірінен қорқу сезімін жою және олардың бір-біріне зиян келтіруіне жол бермеу. Нағыз қауіпсіздік адамдар қауымдастығынан бөлініп жеке дара өмір кешкенде ғана мүмкін.
Эпикурдын түсіндіруінуінше, заңдар ақылдыларды тобырдан қорғау қызметін аткарады. «Заңдар,— деп жазды ол,— ақылдылардың зұлымдык жасауы үшін емес, шараға қаталдық жасалмауы үшін шығарылған. Эпикур заңдарды барлық адамның құқығын қорғайтын құрал ретінде емес, жекелеген топтардын ғана мүддесін қорғайтын құрал деп білді.
Индивидуализмді бар жан-тәнімен қорғаған ол демократияны жақтамады. Ол «данышпан адамды» «тобырға» карсы қойды Адамдар атомдардан тұратын болғандықтан, өзінін жеке-дара белсенділігінің көмегімен жақсы сөзге толы мақсатқа жете алады. Егер стоиктер өмір сүріп отырған қоғамды ақтай отырып, барлық адамдарды тағдырдың жазғанын орындауға шақырса, Эпикур бұдан қарама-қарсы түрлі әдіспен жеке адамға бостандық әпере отырып, оларды қоғамдық қатардан бойларын аулақ ұстауға және өзін-өзі жетілдіруге шақырды.
Стоицизмнің негізін салушы Китоннан шыққан Зенон (б.з.д. 336—264 ж.ж) болды. Ол өзін тыңдағысы келетіндердің бәрін — Афиныдан адам көп жиналған жерде — агорода — үйартындағы қабырғасы жоқ, жан-жағы ашық қалқа астына шақырып, өзін осылай тыңдауға (философиялық ағымның аты да осыдан келіп шыққан) дағдылаңдырды.
Стоишим белгілі дарежеде сирек және шығыс көзқарастарының бірыңғай жинақталған қосындысы еді. Ол ең көп тараған философиялық мектеп болып қана қойған жок, сонымен қатар ең ұзақ өмір сүрген эллиндік философиялық мектеп те болды.
Стоиктер дүниенің бәрін, оның ішінде ойды, сөзді, отты және тағы басқаларды дене деп атады. Дүниеде пайда болған және жүзеге асқан нәрсенің бәрі заңды да қажетті құбылыс. Әлемдік бұл заңдылықты стоиктер тағдыры деп атады. Олардың көзқарасы бойынша, бүкіл әлем тағдыр арқылы басқарылады және тағдыр құдайылық сипаты мен ұғымы бар «табиғи заң» ретінде карастырылады. Зенонның айтуынша «табиғи заңдар құдайылық болып келеді және дұрыс нәрсені орындататын және дұрыс емес нәрсеге тиым салатын күшке ие».
Стоиктердің оиынша, әрбір адам табиғатқа сәйкес өмір сүруген және табиғат алдындағы өз борышын орындауға тиіс. Яғни әркім өзінің өмірден тағдыр белгілеген орнына, тұрмыс-тіршілігіне риза болуға тиіс. Бостандық ұғымын да стоиктер «тaғдыр» арқыльт түсіндіруге тырысады, өмірден алдын-ала шешіліп қойылған тағдыр белгісі болғандықтан, бостандықтың болуы да мүмкін емес.
Стоиктердің табиғи — құқықтық көзқарастарының мәні бойынша, құлдықты ақтауға болмайды. Бірақ олар (құлдар) да тағдырдың жазғанына көнуге тиіс, олар да тағдырдың бергенін орындай отырып, рақымшылдық пен ізеттілікке жете алады деп есептеді.
Адамдардың табиғи және тарихи қауымдасуын Полибии олардың жануарлар сияқты қорғансыздығы мен әлсіздігінен, осыдан келіп тобырға басшылық жасауды қажегтілігін түсінунен деп ұғындырады. Алғашкы кезде өзінің күшімен және батылдылығымен тобыр көсемі болғандар бірден билікті өз колдарына алып, бұл билікті табиғи заңдылық ретінде пайдаланды. Мемлекеттің демократиялык басқару формасының алғашқы кезеңінде бостандық пен еркіндік жоғары бағаланады. Бірақ басқалар есебінен өмір сүруге дағдыланған тобыр өздерінің көсемін сайлап, демократиялық билікті құлатады және мемлекет билігінен бойын аулақ салады. Демократия охлократияға айналады. Бұл жағдай ізгілікті мемлекеттің ең назар түрі ретінде көрінеді және басқару формаларының ең соңғы сатысы болып есептеледі. Мемлекеттік билік формаларының ауысуын сипаттай келе, Полибий басқарудың ең тиімді формасы ретінде патшалық биліктің, аристократияның және демократияның ең жақсы тұстарының араласқан формасын ұсынады. Оның баскарудың аралас формасы туралы ойлары мемлекет, құқық және билікті бөлу теориясында одан әрі дамытылды.
2.2 Сократ Софистерді сынаушы ретінде
Б.з.д. V ғасырда саяси-құқықтық ойлардың дамуына қоғам, мемлекет, саясат және құқық туралы проблемаларға философиялық және әлеуметтік талдаулардың тереңдігі едәуір ықпал етті. Гректің ұлы ойшылы Демокрит б.з.д. IV ғасырдың бірінші жартысының алғашқы жылдарында адамның, адам қауымдастығының және қоғамының пайда болуы мен тұрақтануын әлемдік дамудың табиғи процесіндегі бір бөлшек ретінде қарастыруға талпынды. Дамудың осы процесі барысында адамдар қажеттілік әсерінен, табиғат пен оның ерекшеліктеріне бақылау жасай отырып қоғамдық өмірге қажетті негізгі білім мен қабілетті қалыптастырды.
Адамзат қоғамы табиғаттың алғашқы жағдайынан прогрессивті өзгеріске дейін ұзақ эвалюциялық жолдан өтті. Яғни, қоғам, мемлекет, заң шығару, билік табиғаттың берген дайын нәтижесі емес, адамдардың қолдан жасалған іс-әрекеті болып табылады. Табиғи дамуға өзіндік баға берген Демокриттің айтуынша, табиғатқа қайшы келгендердің бәрі әділ болып табылмайды. Оның ойынша, мемлекетке жалпы игілік пен әділдік жоғары тұруы тиіс.
Сондықтан да ол адамдардың іс-әрекеті мемлекет және оның жақсы ұйымдасқан құрылымы мен басқаруына қамқорлық жасауға бағытталуға тиіс деп санайды. Мемлекеттік билікті сақтау үшін Демокрит азаматтардың бірлігін, олардың өзара сыйластығын, бір-біріне көмектесуін, бірлесіп қорғануын және бауырмалықты талап етеді. Азамат соғысы жауласушы жақтардың қайсысына болса да қасірет болып саналады.
Мемлекеттік басқаруда халық билігі– демократияны жақтаған Демокрит сонымен бірге аристократияның пайдалы жақтары бар екендігін айтады. Оның пайымдауынша, “Ақмақтардың ел басқарғанынан бағынғаны артық. Табиғатты да үздіктер мен саналылардың басқаратыны мәлім, сондықтан да жоғары ақыл мен адамгершілік қасиеттері бар адамдардың билігі дұрыс болып табылады”. Демокриттің айтуы бойынша, заңдар адамдардың қоғамдағы қалыпты өмірін қамтамасыз етуге және сондай нәтижеге жетуге қажетті жағдай жасауы тиіс.
Саяси-құқықтық тақырыпты көпшілік наразына талқылауға ұсыну б.з.д. V ғасырда антикалық демократияның нығаю және гүлдену жағдайындағы софистердің атымен тығыз байланысты – “Софист” атауы “софос” (“данышпан”) деген сөзден шыққан. Софистер өз заманында данышпандықтың және мемлекет пен құқық мәселелері жөніндегі ақылы жұмыс істейтін мұғалімдер болды. Белгілі бір тақырыптар бойынша сөз сайысын өткізген софистер сөздің дәлдігі мен сөйлеу шешендігі арқылы жеңіске жетуге тырысты. Олардың көпшілігі философия, логика, этика, риторика, саясат және құқық салалары өз дәуірінің ұлы ағартушылыары мен ойшылдары еді. Софистер қандай да бір біріңғай мектеп бола алған жоқ, олар әртүрлі философиялық, саяси және құқықтық көзқарастарды дамытты.
Ежелгі дәуірдің өзінде-ақ софистердің екі ұрпағы: аға ұрпақ (Протагор, Горгий, Продик, Гиппий, Антифонт және т.б.) және ерекшеленді. Аға ұрпақ
софистерінің көпшілігі демократиялық көзқараста болса, кіші ұрпақ софистерінің едәуір бөлігі аристократия мен тиранияны жақтады.
Б.з.д. 481-411 жылдары өмір сүрген Протагор өзінің асқан білімділігімен, үздік сөз сайыскерлігімен және тамаша шешендігімен әйгілі болды. “Бардың бар екендігін, ал жоқтың жоқ екендігін білдіретін барлық заттың өлшемі — адам” деп айтқан Протагордың бұл негізгі қағидасын көптеген софистер де жақтады. Осы жағдаяттан Протагор демократиялық құрылыстың әділеттілігі мен қажеттілігі туралы ой түйеді. Адам мен адам қауымдастығының пайда болуы туралы мифтік идеяны оның қолдамауы бұған дәлел бола алады.
Протагордың болжамы бойынша, Зевс пен Прометей берген сыйлар бүкіл адамға тиесілі. Сондықтан да Протагор барлық адамның теңдігі және мемлекеттік өмірдегі өнері мен игілігі туралы принципті мойындайды. Тұрмыстағы және мемлекеттегі игі істерге қол жеткізу үшін Протагор ізденіс пен білім қажет деп санайды.
Б.з.д. 483-375 жылдары өмір сүрген Горгий Протагормен қатар сол дәуірдегі атақты софистердің бірі болады. Адамзат мәдениетінің табыстарын жоғары бағалаған Горгий, солардың қатарына “әділдік қорғаншылары ретінде жазылған заңдарды” да жатқызады. “Жазылған заң – адамзат ашқан жасанды жаңалық”. Горгий «жазылған заңнан» құдайлық және жалпыға бірдей заңдар болып табылатын жызылмаған әділеттілікті айыра білу керектігін айтады. Бірақ бұл олардың арасында түбірлі айырмашылық пен қарама-қайшылықтың бар екенін білдірмейді. Горгий сонымен бірге құндылығы жағынан әділдікті олардан жоғары қояды.
Көне гректік құқықтық-саяси пікірдің дамыған кезеңі (б.э.д. 5ғ.-4ғ. алғ. жартысы). Демокрит (б.э.д 460-370 жж.) адам мен қоғамның эволюциялық дамуы туралы. Ерте демократия мен құқықтың дамуындағы софистердің (б.э.д 5ғ.) ролі. Протагор ( б.э.д. 481-411жж.) барлық адамдардың теңдігі жөнінде. Горгий ( б.э.д 483-375 жж.) «жазылған заң мен «жазылмаған əділеттілік туралы. Элиданың Гиппиі ( б.э.д 460-400 жж.) табиғаттың (фюсистің) қарама-қарсы тұруы мен полистік заңы ( номос) туралы. Халкедондық Фрасимах кіші софистің ірі өкілі ретінде заң саясатының авторитарлық сипаты жөнінде.
Табиғи – құқықтық көзқарастарды (б.з.д.. 400 жылдар шамасында) софист Антифонт дамытты. Адамдардың табиғи теңдігі туралы қағиданы негізге алған ол адамдардың барлығы да эллиндіктер мен варварлар да, дәулеттілер мен қарапайым адамдар да табиғи қажеттілікті тұтынады дейді.
Адамдардың теңсіздігі табиғаттан емес, адамдардың өздері шығарған заңдардан пайда болды деген қорывтынды жасайды. «Табиғат бойынша біз барлық қарым-қатынаста теңбіз» деп жазады Антифонт. Ол бұл жерде барлық адамның табиғаттан қажеттілігі бірдей екеніне ерекше көңіл бөлу керектігін айтады. «Полис заңдары» мен «табиғат заңдарын» бөле отырып, ол негізгі басымдықты табиғат заңдарына береді.
Софистер сияқты Сократтар да полис заңдары мен табиғи құқықтарды бөліп қарады, бірақ оның софистерден айырмашылығы табиғи құқықтар мен полис заңдарының алғашқы танымдық негізі бар деп есептеді. Заңдылықтың белсенді жақтаушысы болған ол әділеттілік пен заңдылықтың бір-біріне сәйкес келуін батыл қорғады. Заңды бұзбау керек деген қағидадан ол өмірінің соңғы сәтінде де танбады. Б.з.д. 399 жылы билік басына келген демократтар 70 жастағы Сократқа құдайға тіл тигізді, жастарға теріс тәрбие берді деген айыппен өлім жазасына бұйырады. Заңды бұзбау және әділетсіздікке жауап бермеу деген принципіне адал болған Сократтың достарының көмегімен түрмеден қашып шығуға мүмкіндігі болады. Алайда өлімге өзі мойынсұнады. Сократтың бұл әрекеті оның ілімінің қалай іске асқандығын көрсеткен ғажайып ерлік еді.
Сократ әділетсіздікке
негізделген басқару
2.3 Платон аристократиялық мемлекет құрылысы туралы.
Платон – антикалық заманның ғана емес, бүкіл философия, саяси және құқықтық ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі. Ол ірі ақсүйек отбасында дүниеге келді. Жас кезінде ол ( б.з.д. 407-399 жж) Сократтың шәкірті және тыңдаушысы болды. Сократтың қазасынан кейін, Платон басқа шәкірттермен бірге Афиныдан кетеді. Алдымен мегораға келген жас ойшыл кейін талай ел мен жерге, Египетке, Парсы елдеріне, Ассирияға, Финикияға, Италия мен Сицилияға барады. Сократ (б.э.д 469-399 жж.) софистерді сынаушы ретінде. Сократ табиғи жəне полистік заңның саналы басталуы, заңдылық пен əдлеттіліктің үйлесімділігі туралы. Платон ( б.э.д. 427-347 жж.) Сократтың шəкірті ретінде. Платон аристократиялық мемлекет құрлысы туралы. «Мемлекетң, «Саясаткерң, «Заңдарң еңбектерінің мазмұны.
Б.з.д. 387 жылы грек батыры Академның атымен аталған Академиядан өзінің философиялық мектебін ашады. Бұл мектептің өмірі ұзақ болып, өзінің өмір сүрген мың жылдай тарихында философтар мен математиктердің ғылыми ордасы ретінде жұмыс істеді.
Өзінің еңбектері мен шығармаларында ұлы ойшыл абсолюттік идеализмді жақтады. Оның айтуынша, әрбір идея жеке жеке заттың немесе барша заттың абсолюттік мәнін білдіретін ерекше идеялар әлемін құрайды, яғни идеялар мәңгілік,олар жоғалып кетпейді, жаңадан пайда болмайды.Бүкіл әлем, табиғат пен қоғам – сол идеялардың жүзеге асқан бейнесі.