Қазақстандағы 1867—1868 жылдардағы реформа

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 19:59, курсовая работа

Краткое описание

Реформа — қоғамның басты негіздерін қайта құру немесе мемлекет жүйесінде қалыптасқан кейбір элементтерді жаңғырту. Олар әлеуметтік-саяси және экон. бағыттарды қамтиды. Әлеуметтік-саяси Реформа — өзара қарым-қатынастағы әлеуметтік-саяси құрылымды өзгерту арқылы жүргізіледі. Ол өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру үшін қоғамның әлеум. және саяси жүйесін жетілдіру мақсатында іске асырылады, онда әлеум. өмірдегі объективті өзгерістер үдерісі қарастырылады, агенттіктердің мәртебелік жағдайы анықталады. Мысалы, әлеуметтік және этно топтардың, тұрақты және уақытша қауымдастықтардың, жеке адамдардың саясат жүйесіндегі қарым-қатынастары және мемлекттік биліктің қалыптасуы мен жұмыс істеу жағдайлары ескеріледі.

Содержание

І. Кіріспе..............................................................................................................2

ІІ. Негізгі бөлім.............................................................................................3-12
2.1. Реформаның түсінігі ................................................................................3
2.2. Қазақстандағы 1867—1868 жылдардағы реформа..............................4
2.3. Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформа........................12

ІІІ. Қорытынды................................................................................................17
ІV. Пайдаланған әдебиттер тізімі.................................................................18

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык жумыс.doc

— 110.00 Кб (Скачать документ)

Көтеріліске түрткі болған — патша жазалаушыларының адайлықтар көшіп-қонып жүрген аймақтарға жақындауы болды. 1870 жылғы наурыздың ортасында Маңғыстау өлкесінің приставы подполковник Рукин құрамында 36 казак, 4 офицер, тілмаш Бекметұлы, би Майұлы және 60 адамы бар топпен "Ережеге" қарсылық ретінде ел түкпіріне көшуге бел байлаған адайлықтарды күшпен тоқтатуға тырысты. Бозащы түбегінің маңайында бақташылар - Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы бастаған 200-ге жуық қазақтар жазалаушыларға тұтқиылдан тап берді. 
Шаруалар қоршауында калған жазалаушылар ұйымдасқан қарсылық көрсете алмады. Жазалаушылар талқандалды, подполковник Рукин атылып өлді. Жеңіс көшпелілерді рухтандырып, бүкіл Маңғыстауды азаттық қозғалыс жалыны шарпыды. Көтерілісшілерді басқа да әлеуметтік топтар қолдады, Николаевск станицасы мен Александровск форты слободкасының балық аулау кәсіпшілігіндегі ауқаттылардан тартып алынған қайықтардан өзінше "флотилия" құрған көтерілісшілер тобы он мыңға жетті.

1870 жылғы сәуір  айының 5-і күні қазақ шаруалары  мен жалдамалы жұмысшылар тобы  Александровск фортына шабуыл  жасады. Форттың сыртындағы бірнеше маяк (бекініске ұқсас бақылау пункті) өртелді. Әскери гарнизонның азық-түлігі сақталған төменгі бекініс орны талқандалды, саудагерлердің үй-жайын от шарпыды. Тек патша өкілдерінің зеңбіректерді іске қосуы ғана көтерілісшілерді шегінуге мәжбүр етті.

Маңғыстаудағы көтеріліс Орынбор мен Оралдың  отаршыл билеушілерін шошындырды. Орыс әскерінің бас штабында үрей туды. Бұл кезде Ирандағы ағылшын әскерінің күшеюіне байланысты, патша үкіметі өзінің оңтүстік шекарасын қауіпсіздендіру мақсатында Хиуа хандығына қарсы жорыққа әзірленіп жатқан. Осыған орай Красноводск маңайында ірі әскер тобы шоғырланған еді. Маңғыстаудағы көтеріліс осы күштің тылында қалды. Көтерілісті жаныштау Кавказ билеушісіне жүктелді. 1870 жылдың мамыр айында Кавказдан Маңғыстауға Апшерон полкінің батальоны екі атқыштар ротасы, шептік батальонның бірнеше ротасы, Терек қазақтарының 2 ротасы .және 4 зеңбірек жеткізілді. Бұл осал қаруланған көшпелі қазақтарға зор кауіп еді.

Көтеріліс аяусыз жанышталды. Үш ай бойы патша әскері Маңғыстаудан кетпеді. Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крыжановский әскери министр Милютиннің "бұларды келістіріп жазалау" керек деген нұсқауына сай көтерілісшілерді кудалаудан аянған жок.

Осы жеңіліске  байланысты қозғалыстың басшылары  И.Тіленбайұлы, Д.Тәжіұлы, И.Көлұлы және басқалар 3000-ға жуық шаңырақты ертіп, жазалаушылардан ығысқан бойы Хиуа хандығына өтіп кетті. 
Маңғыстаудағы көтерілісте антифеодалдық сипат әлсіз болды. Оның себебі адайлықтардың өзге аймақтардан алшақ орналасуына байланысты олардың арасында рулық-патриархаттык құбылыс әлі де болса күшін мейлінше сақтап қалған еді. Көтерілістің Орал, Торғай өлкелеріндегі қозғалыстан бір ерекшелігі - қазақ жалдама жұмысшылары тұңғыш рет күреске белсене қатысты. Көтерілістің жеңілуі халықтың жағдайын бұрынғыдан да шиеленістіре түсті. Кавказ әкімшілігінің талап етуімен Маңғыстау қазақтарынан 57 901 сом қосымша салық жиналды; адайлықтар соғыс шығыны ретінде өкіметке 90 мың қой өткізуге міндеттелді

 

2.3. Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформа

Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформа мемлекеттiк бағдарламасын (1994 ж.) орындаудың басты нәтижесi қоғам мен мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын айқындап берген, адам мен азаматтың негiзгi құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекеттiк институттардың жаңа жүйесiн бекiткен Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы (1995 ж.) болды. Конституциялық нормаларды дамыту үшiн "Қазақстан Республикасының Президентi туралы", "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы", "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы", "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы", "Республикалық референдум туралы", "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңдар, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығы және Қазақстанның ұлттық заңнамасының негiзiн құраған өзге де заң актiлерi қабылданды.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының негiзiнде  жаңа конституциялық құқық түзiлдi, оған сәйкес бiздiң мемлекетiмiз үшiн неғұрлым қолайлы президенттiк басқару нысаны берiк орнықты. Мемлекеттiк бiртұтас билiктiң үш тармаққа бөлiнуi жүзеге асты. Тұрақты жұмыс iстейтiн қос палаталы Парламент күннен-күнге жемiстi жұмыс iстеуде. Атқарушы билiктi нығайту және жетiлдiру жөнiнде шаралар қолданылды. Бiртұтас сот жүйесi құрылды, судьялардың тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылданды.

Жеке меншiк, азаматтық қоғам, еркiн кәсiпкерлiк  қатынастарын реттейтiн азаматтық құқық одан әрi дами түстi. Қылмыстық құқықта адамның табиғи, ажырамас құқықтары мен бостандықтарының басымдығына негiзделген, қорғалуға тиiс әлеуметтiк құндылықтардың түбегейлi жаңа сатысы айқындалды.

Құқықтық реформаның қорытындыларын талқылау нәтижесiнде қоғамда Конституцияның негiзiнде құқықтық жүйенi қарышты дамыту қажеттiгi туралы пiкiр үстемдiк алды. Қазақстан Республикасының Конституциясы қажеттi құқықтық әлеуеттi қамтиды, ол оның құқықтық нормаларында ғана емес, оның құқықтық идеялары мен принциптерiнде де тұжырымдалған.

Заңнаманы одан әрi жетiлдiру процесiнде Конституцияның үстемдiгi және төменгi деңгейдегi актiлер  нормаларының жоғарғы деңгейдегi актiлерге  сәйкес тұру принциптерiн бұлжытпай  ұстану қажет.

Қолданыстағы  заңдар нормаларын мына шараларды:

құқықтық реттеудегi ақаулықтарды толықтыруды және оны қоғамдық қатынастардың барынша маңызды салаларына тереңдетудi;

заң жобаларына, соның iшiнде олардың ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiне сай болуына, ғылыми сараптама жүргiзу практикасын жалғастыруды және кеңейтудi;

заңнаманы бiр iзге келтiру мақсатында онда қолданылатын терминдердiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi бiрыңғай тiзбесiн қалыптастыруды;

қабылданатын  барлық заңдарды тиiмдi iске асыру үшiн жағдай жасау мақсатында оларды қаржылай қамтамасыз етудiң жеткiлiктiлiк принципiн мұқият сақтауды;

қылмыс, сыбайлас жемқорлық және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасауға тiкелей немесе жанама түрде жағдай туғызушы алғышарттарды анықтау мақсатында нормативтiк құқықтық актiлер жобаларына криминологиялық сараптама енгiзудi;

заң жобалары қызметiн жоспарлауды жақсарту мақсатында оны перспективалық  жоспарлау практикасын енгiзудi iске асыру жолымен жетiлдiру қажет.   Құқықтық мемлекет құру және жоғарыда айтылған мiндеттердi iске асыру мақсатында мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалар құқықтық саясатты өздерiнiң күнделiктi қызметiнде iске асыруы тиiс. Оның негiзгi принциптерi болып:

заңдылық, яғни Конституция мен заңдардың, оларға негiзделген заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларын сақтап, орнымен қолдану;

адам мен  азамат құқықтары мен бостандықтарының ұлықтылық жағдайын бiлдiретiн адам құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы;

гуманизм, яғни адамның жеке тұлға ретiндегi жоғары құндылығын, оның еркiн дамуға және қабiлетiн көрсетуге деген құқықтарын тану, қоғамдық қатынастар сапасына баға берудiң өлшемi ретiндегi жеке адам игiлiгiнiң орнығуы.

Қазақстан Республикасының  Конституциясында жария етiлген, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, құқықтың үстемдiгi, бiртұтас мемлекеттiк билiктiң тармақтарға бөлiнуi және олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы келiсе қызмет iстеуi принциптерiне негiзделген демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтiк мемлекет құру бағытының заңнамада дәйектi түрде iске асырылуын қамтамасыз ету керек.

Азаматтық құқық  еңбек, отбасылық және өзге де қоғамдық қатынастарға барған сайын дендеп ене  түстi.

Сонымен қатар  сыбайлас жемқорлық қылмысы үшiн деп адамдарды негiзсiз жауапқа тартуды болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының шеңберiн заңдық тұрғыдан белгiлеп алған жөн.

Сол сияқты, сыбайлас жемқорлық үшiн жауапкершiлiктен жалтартуға жол бермеу мақсатында қолданыстағы заңдарға мұндай құқық бұзушылықтарды орау мерзiмiн ұлғайту тұрғысында тиiстi өзгерiстер енгiзу маңызды болмақ.

Қылмыстық заңнамада  заңмен қорғалатын әлеуметтiк жоғары құндылықтар ретiндегi адам құқықтары мен бостандықтарының бастылығы тану негiзге алынуы тиiс.

Қылмыстық заңнаманы  жетiлдiру қылмыстық құқықтың мынадай принциптерi бұлжымай сақтала отырып жүргiзiлуге тиiс:

мәнi қылмыстық құқық тұрғысында iс-қимылдың қылмыстылығы мен жазалылығы тек қылмыстық заңмен айқындалуға тиiс екендiгiне саятын заңдылық;

қылмыс жасаған  барлық азаматтардың шыққан тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына немесе кез келген басқа жағдайларға қарамастан заң мен сот алдында бiрдей екендiгiн бiлдiретiн заң мен сот алдындағы азаматтар теңдiгi;

адам тек  өзiнiң кiнәсi анықталған қоғамдық қауiптi әрекеттерi мен одан туындаған қоғамдық қауiптi салдарлар үшiн ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын айқындайтын кiнәлi жауапкершiлiгi;

қылмыстың қоғамдық қауiптiлiгiнiң сипаты мен дәрежесiн, қылмыстының жеке басының, жауапкершiлiгi мен жазасын жеңiлдететiн және ауырлататын жағдайларды ескере отырып, соттардың әдiл жаза белгiлеуi тиiс екендiгiн бiлдiретiн әдiлеттiлiк;

Қазақстан Республикасында  жүргiзiлiп отырған құқықтық саясаттың негiзгi бастауы Республика Конституциясы болып табылатындығына байланысты оның әлеуетiн мейлiнше пайдалану қажет, ал құқықтық саясаттың қозғаушы күшi орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың оны тiкелей өмiрге енгiзу жөнiндегi ұйымдық қызметi болып табылмақ. Құқықтық саясатты iске асыру үшiн заңнаманы одан әрi жетiлдiруге бағытталған тиiстi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау қажет.

Қазақстан Республикасының  Құқықтық саясат тұжырымдамасында көзделген  шараларды орындау Қазақстанда  демократиялық, зайырлы, әлеуметтiк, құқықтық мемлекет құруға ықпал етедi.

Тұжырымдаманы iске асыру дәрежесi, тиiмдiлiгi құқықтық саясаттың, құқықтық нормалардың мазмұнын, қоғам мүшелерi секiлдi мемлекеттiк органдардың да, сонымен қатар олардың лауазымды тұлғаларының қаншалықты жете түсiнуiне де, нормативтiк құқықтық актiлердiң нұсқамаларын ықыласты және адал орындау дайындығына да байланысты.

Бұл ретте: барлық iс-шаралар мен бағдарламалардың жүйелiлiгi мен нәтижелiлiгi, олардың iзгi бағыттылығы; демократиялық құқықтық дамудың әлемдiк тәжiрибесiнiң Қазақстан жағдайына бейiмделуi; республиканың дәйектi жан-жақты дамуы процесiнде туындайтын болжамды әлеуметтiк, экономикалық және саяси аспектiлерге қатысты нормативтiк құқықтық реттейді.

 

Қорытынды

Менің курстық  жұмысымды қортындыла келе Қазақстан  Республикасындағы реформалық жүйенің  негізгі бағыттары мен оның қалыптасуы бойынша азаматтық заңдардың одан әрi дамуы жүзеге асуы тиiс азаматтық заңдар принциптерi ерекше өзектiлiкке ие болады. Негiзгi принциптер қатарына мыналарды жатқызуға болады:

Республика  заңдарында белгiленген шегiнiстер болмаса, қазақстандық азаматтар мен заңды тұлғалар секiлдi құқықтар мен мiндеттердi, әрi нақ сол тәртiппен иемденетiнiн бiлдiретiн азаматтық-құқықтық қатынастар субъектiлерiнiң теңдiгi;

кез келген тұлғаның өз қалауы бойынша және мәжбүрлеусiз шешiм қабылдау - өзiнiң қандай да бiр шартқа кiру-кiрмеу өзi шартқа отыруды қалаған серiктесiн таңдау және шарт талаптарын айқындау құқығы барлығын бiлдiретiн азаматтық-құқықтық шарт жасасу еркiндiгi;

әрекетке қабiлеттi азаматтардың немесе заңды тұлғалардың өз мүлкiне иелiк етуiне, пайда табуына, кiрiстерiн жаратуына мемлекеттiк органдар мен басқа да тұлғалардың ықпал етуiне жол берiлмеуiн бiлдiретiн, мемлекеттiң және үшiншi тұлғалардың жеке iстерге және жеке өмiрге араласпауы;

Нарықтық экономикада  орын алған еңбек қатынастары  нысандарының әр алуандылығы мен күрделiлiгi еңбек заңдарын одан әрi жетiлдiрудi қажет етедi. Бұл орайда еңбек құқық қатынастарын реттеу қазақстандықтар мүдделерiнiң басымдығы тұрғысында өрбуi тиiс.

Мен курстық  жұмысының тақырыбын толығымен  ашытым деп ойлаймын, және де Қазақстандығы  реформалық жүйенің негізгі бағыттары мен оның принциптері жайлы толық мәлімет бердім.

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер

  1. 1995 ж. ҚР Конституциясы.
  2. Ашитов Б.З. ҚР құқық негіздері. Алматы: 2003ж.
  3. Баянов Е. ҚР-ның мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы: 2003ж.(2009ж Өзгертулер мен толықтырулар енгізілген)
  4. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері. Алматы: 2004ж.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Сапарғалиев Ғ, Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы – Алматы: 1998
  2. Ағдарбеков Т.А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық – Алматы; НАС баспа компаниясы, 2003
  3. Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. – Қарағанды: Болашак-Баспа, 2002
  4. Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясының проблемалары. Оқу құралы.- Алматы, 2006
  5. Жоламан Қ., Мұхтарова А., Тәукелеев А. Мемлекет және құқық теорисы. Алматы, 1999
  6. Булгакова Д. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы- Алматы, 2004
  7. Ибраева А., Ибраева Н. Теория государства и права. Учебное пособие.-Алматы, 2001
  8. Табанов С. Құқық теориясы мен сот жүйесінің Конституциялық негіздері. Оқу құралы. – Алматы, 2001
  9. Сапарғалиев Ғ. ҚР Конституциялық құқығы. Оқулық – Алматы: Жеті жарғы, 19999
  10. Алайдар А., Алайдаров А. Основы государства и права. Учебное пособие – Туркестан, 2007

Информация о работе Қазақстандағы 1867—1868 жылдардағы реформа