Қазақстан Республикасының

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2014 в 15:53, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясының 18-бабының 3-пункті бойынша азаматтар мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарынан еркін ақпарат алуға құқықты. Осы салаға қатысты басқа да қалыптық-құқықтық актілерде сөз бостандығы және ақпараттану құқықтары туралы айтылған. Азаматтар өздерінің ой-пікірлерін еркін баяндауға да құқықты. Бүгінгі демократиялық қоғамдардың негізгі шарттарының бірі еркін БАҚ-тың болуында. БАҚ-тың еркіндіктерімен қатар мемлекеттің әлеуметтік, саяси және экономикалық өмірін дамытудағы жауапкершіліктері де демократиялық елдерде алдынғы қатардағы маңызды мәселенің бірі болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ Айжан.docx

— 21.92 Кб (Скачать документ)

3. Бұқаралық ақпарат құралдары  мен қызметкерлерінің еңбек және  құқық қатынастарын реттейтін  арнайы заңды қабылдаған жөн.  Мұндай заң көптеген елдерде қолданылуда. Мәселен, Түркияда 1952 жылы қабылданған «Журналистика кәсібі қызметкерлері мен оларды жұмсаушылар (жұмыс берушілер) арасындағы қатынастарды реттеу туралы Заң» бар. Бұл заң бойынша кімдер журналист бола алады (негізгі талаптар), жалақы және еңбек стажы бойынша оның арту ставкалары, жұмыс көлеміне қосымша жасалған еңбекке (шығармаға, мақалаға т.т.) қосымша ақы төлеу, жұмыс кезінде ауыр науқасқа шалдығу немесе мерт болуға байланысты жұмыс беруші төлеуге міндетті төлемақылар, жалақы уақытында төленбеген жағдайда қолданылатын айыппұл санкциялары, кәсіподақ құқықтары сияқты көптеген мәселелер қарастырылған. Осы заң бойынша егер журналист редакцияның тапсырмасы (келісімі) бойынша жазған мақаласы (теле-радио бағдарламасы) үшін бас бостандығынан айырылса, жұмыс беруші сол мерзім бойынша журналистің жалақысын төлеуге міндетті.

4. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы  қазақ тілінің қолданылу дәрежесін  тағы да талқылау керек. Заңда  көрсетілген 50 пайызды бүгінгі  күні телеарналар мен радиолар  орындайтын сияқты. Бірақ, қазақ  тілі түнгі тілге айналды. Бір  кезде «әже тіліне» айналған  қазақ тілін енді «үкінің тіліне»  айналдырғысы келетіндей. Сол себепті,  аталмыш заңға өзгеріс енгізіп,  қазақша бағдарламаларды халық  көретін уақытқа қойғызуымыз  керек.

5. Журналистерге қойылатын талаптарды (арнайы жоғары білім, құқықтық  сауаттылық, белгілі қылмыстар бойынша  сотталмағандық, тіл т.т.) күшейту  керек. Журналистікке қабылданған  азаматтардың «ант» бергені жөн.

6. Шетелдік бұқаралық ақпарат  құралдарының еліміздегі іс-әрекеттері  мен басылымдарын, теле-радио хабарларын  заң талаптарына сәйкестік тұрғысынан  тексеру керек. Кейбір елдердің  заңдарында жауапты редактор  яки құрылтайшы болу үшін сол  елдің азаматы болу шарты келтірілген.  Шетелдік БАҚ Сыртық істер  министрлігі және Ішкі істер  министрлігінен арнайы рұқсат  алуы мәселесі айқындалуға тиісті.

7. Интернет, Х-25, Х-45, э-почта сияқты  электрондық ортаны пайдалану  арқылы таратылатын ақпараттар  мен мәліметтердің заңдағы мәртебесін (статус) белгілеген жөн. Әсіресе,  осындай қызметті берушілер (сервис  провайдер) уә пайдаланушылардың  құқықтық жауапкершілігі нақтылануға  тиісті. Мұндай заң Батыс елдерінде  (мәселен, Германиядағы мультимедия  туралы заң) мемлекет (э-мемлекет, e-state) және мемлекеттік емес құрылымдардың  ресми құжаттарына қойылатын  талаптарды белгілейді.

8. Мемлекет органдарының бұқаралық  ақпарат құралдарымен қатынастары,  атап айтқанда журналистердің  ресми жыйындарға қатысуы (аккредитациялау)  және мемлекет органдарынан мәлімет  алуы тағы да нақтылануы керек.  Швейцария мемлекетінің парламенті 1994 жылы қабылдаған «Жұртшылықты  мәліметтендіру туралы Заңында»  бұл мәселе егжей-тегжейлі шешілген.

9. Мемлекетіміздің унитарлық сипатына, ұлттық егемендігіне, ұлттық қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртіпке, қоғамдық мүддеге,  денсаулық пен моральдық құндылықтарға  қарсы басылымдардың елімізде  шығарылуы немесе шетелдерден  елімізге кіргізілуі мәселесі  БАҚ туралы заң актілерінде  қарастырылуы және Үкіметтің  қажетті шараларды қолдануы нақтылануы  тиіс.

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының