Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2014 в 05:21, контрольная работа
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Конституциямен, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен және басқа да заңнамалық актілермен айқындалады.
Кіріспе
3
Парламент палатасының депутаттарының өкілеттігі
4
Парламент пен оның палаталарының құзыреті
5
Парламентті тарату тәртібі
10
Қорытынды
11
Қолданылған әдебиеттер тізімі
12
Білім және ғылым миниистрлігі
Алматы энергетика және байланыс университеті
Коммерциялық емес жартылай акционерлік қоғам
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
Құқық негіздері
Семестрлік жұмыс №1
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Парламенті.
Орындаған: Утегалиева Г.
ВТк-11-1 тобы
Нұсқа №18
Тексерген : Раджапов А.У.
Алматы, 2014
Мазмұны
Кіріспе |
3 |
Парламент палатасының депутаттарының өкілеттігі |
4 |
Парламент пен оның палаталарының құзыреті |
5 |
Парламентті тарату тәртібі |
10 |
Қорытынды |
11 |
Қолданылған әдебиеттер тізімі |
12 |
Кіріспе
1995 жылғы 30 тамызда республикалық
референдумда қабылданған
Қазақстан Республикасы Парламентінің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Конституциямен, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен және басқа да заңнамалық актілермен айқындалады.
Парламенттің өкілеттігі бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңа сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады. Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланымдағы Мәжіліс депуттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Мәжіліс сайлаған Төраға басқарады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.
Парламент палатасының депутатттарының өкілеттігі
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы Парламентті заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілді орган ретінде сипаттайды. Қазақстан Республикасының Парламенті жоғарғы өкілді орган ретінде, демократияля органы ретінде де өзінің саяси еркін білдіреді.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан, Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілдікті органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құрылады. Сенаттың жеті өкілеттілігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Ал мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат аумақтық сайлау округтегі бойынша сайланады. Он депутат партиялық тізімдер негізінде сайланады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.
Парламент депутатының өкілеттігі Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Президенттің «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленеді. Депутаттың өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталады.
Парламент депутатының өкілеттігі: ол орнынан түскен, депутат іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда, Парламент таратылған, депутат болып сайланғаннан кейін лауазымды қызметін жалғастыру үшін сол қызметті сақтауға тиіс болған жағдайда тоқтатылады.
Депутат Палатаның, оның органдарының отырыстарына дәлелсіз себеппен қатыспаса ол еңбек ақыдан, материалдық қаржылық және әлеуметтік – тұрмыстық жағдайынан айырылады. Бұл туралы Президенттің «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Жарлығында айқындалған. Парламент Палаталарының 1996 жылғы 20 мамырдағы бірлескен отырысында қабылданған Казахстан Республикасы Парламентінің Регламенті Палаталардың бірлескен — отырыстарын өткізу шарты мен тәртібін, Палаталардың бірлескен органдарын қалыптастыру және оның қызметін ұйымдастыру механизмін белгілейді.
Қазақстан Республикасының Парламенті өз жұмысын сессиялық тәртіппен жүзеге асырады. Парламент сессиясы Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысымен ашылады және жабылады.
Парламенттің кезекті және кезектен тыс сессиялары болады. Кезекті сессияны Мәжілістің Төрағасы шақырады және жабады сонымен қатар жылына бір рет — қыркүйек айының бірінші жұмыс күнінен маусым айының соңғы жұмыс күніне дейін өткізеді. Ал кезектен тыс сайлау Парламент өкілеттігін мерзімінен тоқтатқан кезден бастап екі ай ішінде өткізіледі.
Парламент пен оның палаталарының құзыреті
Парламенттің бірлескен отырыстарында мынадай мәселелер қаралады:
1. Конституцияға енгізілетін
өзгерістер мен
2. Парламент конституциялық заңдар қабылдайды, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
3. Республикалық бюджет, Үкіметтің және Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің есептері бекітіледі. Бюджет пен есеп алдымен Мәжілісте, содан соң Сенатта талқыланады.
4. Президенттің қабылданған
заңға наразылығы бір айдың
ішінде қаралмаса наразылық
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы Президентке Парламенттің заң шығару өкілетігін беру туралы бастамашы болу құқығын береді. Бұл бастама Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қаралады.
6. Премьер-министр мен
Ұлттық Банктің Төрағасын
7. Үкіметтің Бағдарламасы қаралады.
Қазақстан Республикасы Конституциясы Парламенттің республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтеру құқығын қарастырған. Бастама Палаталардың бірлескен отырысында әр Палатадан депутаттардың жалпы санының жай көпшілік дауысымен білдіріледі және қаулымен ресімделіп Президентке жіберіледі.
Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында республиканың Конституциялық Кеңесінің конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауы тыңдалады. Парламент Палаталары бірлескен отырыстарында Конституцияға көзделген басқа да маңызды мәселелерді қарайды.
Парламент Мәжілісінің ерекше қарауына Конституция мынадай мәселелерді жатқызады:
1. Заң жобаларын қабылдау және қарау.
2. Республика Парламенті қабылдаған Заңға Президенттің наразылығы бойынша ұсыныстар әзірлейді.
3. Президенттің ұсынысы бойынша республиканың Орталық сайлау комиссиясының төрағасын, оның орынбасарларын, хатшысы мен мүшелерін қызметке сайлау және қызметтен босату.
4. Республика Президентінің
кезекті сайлауын хабарлау
5. Екі депутатты Әділет біліктілік алкасының құрамына екі жылға жіберу.
6. Республика Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп айып тағу.
Мәжіліс пен Сенаттың жеке қарауына жататын негізгі мәселелер төмендегідей болып сипатталады:
1. Мәжіліс пен Сенат
өз депутаттарының өкілеттігін
дербес тоқтатады, сондай-ақ Бас
прокурордың ұсынысы бойынша
Палата депутаттарын қол
2. Әр Палата өз құзыретіндегі мәселе бойынша парламенттік тыңдау өткізеді.
3. Палата бес жылдық
мерзімге республикалық
4. Денсаулығына байланысты
міндетін атқару мүмкін
Сенаттың ерекше өкілеттігі:
1. Республиканың Жоғарғы
Сот Кеңесі Президенттің
2. Республиканың Бас прокуроры және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қызметке тағайындауға Президент Сенаттың келісімін алады. Сенат осы мәселе бойынша көпшілік дауыспен қаулы қабылдайды, ол ресімделеді.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің құрамына екі депутатын жібереді.
4. Сенат республика Президентін орнынан кетіру туралы Мәжіліс көтерген мәселені қарайды.
5. Конституция Сенатқа жергілікті өкілді органдарыдың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату құқығын береді.
6. Бас прокуроры қол сұғылмаушылықтан айыру оны қызметке тағайындау кезіндегі тәртіп бойынша жүргізіледі. Президент Сенаттың келісімін алу үшін тиісінше ұсыныс енгізеді.
Сонымен бірге, жоғарыда атап өткен жағдайлардан басқа Қазақстан Республикасының Конституциясында Парламентті тарату ережелері де қарастырылған.
Парламентті тарау құқығы тек Республика Президентіне берілген. Ол түсінікті: Президент – мемлекет басшысы, мемлекеттік билік тармақтарының ешқайсысына жатпайды. Ол бүкіл тұрақтылығына, мемлекеттік билік тармақтарының қалыпты жұмыс істеуіне қамқоршы болуы тиіс.
Егер Парламент Үкіметке сенімсіздік вотумын білдірсе. Бұл Парламенттің сенімсіздік білдіруінің кез-келген жағдайында Президент Үкіметті таратып жібереді деген сөз емес. Себебі Парламентті тарату міндет емес, құқық ретінде көрініс тапқан.
Парламент Палаталары арасында немесе Парламент пен басқа билік тармақтары арасында көзқарас қайшылығына байланысты саяси дағдарыс болған жағдайда.
Қазақстан Республикасындағы заң шығарушылық үрдістің бірінші сатысы заң шығару бастамасынан басталады. Бұл сатыда заң шығару бастамасының субъектілері Мәжілістің қарауына заң жобасын енгізеді.
Мәжіліс Регламентіне сәйкес заң шығару құқығы мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
1. Қазақстан Республикасының жаңа заң жобаларын енгізу.
2. Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңдарын кері қайтару, толықтыру, өзгерту жөнінде заңдар жобасын енгізу.
Заң шығарушылық бастаманың сатысы заң шығармашылық қызмет үшін өте маңызды болып табылады. Дәл осы сатыда тұрақты заңдық актілерді шығару сияқты заң шығармашылық қызметтің сапасы қалыптасады.
Заң шығару үрдісінің екінші сатысы бұл – заң жобасын алдын ала қарау. Тіркелген заң жобасын Мәжіліс қаулысымен тиісті комитетке және Палата Аппаратының заңдылық Бөліміне жіберіледі.
Заң жобасы бойынша қорытынды дайындау үшін отыз күннен аз емес уақыт беріледі. Бұл мерзім ішінде комитеттер заң жобасы бойынша тиісті қорытынды ұсынуы тиіс.
Үшінші саты заң жобасын Мәжіліс отырысында қарауға негізделеді. Заң жобасы Палата депутаттарына Пленарлық отырыста қарағанға дейінгі он күннен кешіктірілмей жіберілуі тиіс. Бұл сатыда Палата заң жобасын барлық халықтық талқылауға ұсыну туралы шешім қабылдай алады. Мәжілісте қарау кезеңі заң жобасын көпшілік дауыспен мақұлдаумен аяқталады және ол заң жобасы тиісті қаулымен бірге Парламент Сенатына жолданады.
Төртінші саты – Сенатпен заң жобасын қарау. Сенатта заң жобасы алпыс күн ішінде қаралады. Заң жобасы Сенатпен қабылдануы, толықтай немесе ішінара кері қайтарылуы мүмкін. Сенат депутаттарының көпшілік даусымен қабылданған жоба заң болып есептелінеді. Заң он күн ішінде Президентке қол қойылуға жіберіледі.
Бесінші саты — заңға қол қойылып, оның жариялануы. Президент өзіне келіп түскен заңға он бес күн ішінде қол қояды. Бұл күшіне енген болып саналады. Сондай-ақ, заң он бес күн ішінде Парламентке қайтарылмаса Президентпен мақұлданған болып саналады.
Президент он бес күн ішінде заңды толықтай немесе жекелеген баптарын кері қайтаруы мүмкін. Президенттің бұл қарсылығын қарау үшін Парламентке отыз күн беріледі. Егер бұл мерзім ішінде Президенттің қарсылығын қарап үлгермесе, Президент қарсылығы қабылданған болып есептелінедң. Бұдан кейін Президент қарсылығын Мәжіліс он бес күн, Сенат он күн ішінде оқып, қарастыруы тиіс. Осылайша заң шығармашылық қызмет нәтижесі — заң жарық көреді.