Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 09:44, дипломная работа
Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізде қолданылып жүрген барлық заңдардың іргетасын қалайды, оның заңдарының заңы болуы шындық, ақиқат. Құқық қалыптарының бұл жүйесі заң салаларына қағидаттық қалып болып табылып, құқық реттегіштің базасына айналады. Ал, ағымдағы заңдар осы конституциялық қағидат қалыптарын әрі қарай дамытушы күш ретінде есептеледі.
Кіріспе.....................................................................................................
I. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының ұғымы және принциптері
1.1. Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері
1.2. Конституция – құқықтар мен бостандықтар кепілі
II. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы
2.1 Қазақстан Республикасы - зайырлы, демократиялық және құқықтық мемлекет
2.2. Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
2.3 Қазақстан Республикасының экономикалық негіздері
2.4. Қазақстан Республикасының саяси негіздері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасы Конституцияда құқықтық мемлекет ретінде анықталады. Құқықтық мемлекеттің белгілеріне мыналар жатады:
- Конституцияның және заңдардың басқа нормативтік актілердің алдындағы сөзсіз үстемдігі;
- мемлекет және азаматтың өзара ортақ құқықтар және міндеттермен байланыстылығы;
- азаматтық құқықтар мен бостандықтарды іске асырған кезде "заңмен шектелмегеннің бәріне рұқсат етілген" принципін пайдалану.
Құқықтық мемлекеттің маңызды бір шарты заң алдындағы жұрттың бәрінің теңдігі, құқықтық үстемдігі принципі болып табылады. Қазақстан Республикасы өзін егемен мемлекет ретінде бекіте отырып, мемлекеттік барлық белгілеріне ие болады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне Ту, Елтаңба және Әнұран жатады (9-б.). Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" заңдық күші бар Жарлығына сәйкес азамат-тар және Қазақстан Республикасы аумағына тұрақтаған барлық тұлғалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Мемлекеттік елтаңбасын және Мемлекеттік әнұраның құрмет тұтуға міндетті (3-б,).
Қазақстан Республикасында екі тілдің пайдаланылуы конституциялық түрде реттелген. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі болып табылады (7-б.). Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Заңының 5-бабына сәйкес мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Мемлекеттік және мемлекеттің басқа тілдерін білмеу себебі бойынша кемсітуге жол берілмейді. Мемлекет тілдерді оқыту және дамыту үшін жағдай жасауға міндетті. Қазақстан Республикасында мемлекеттік және басқа тілдерді оқып үйрену және қолдануға лауазымды тұлғалар тарапынан кедергі болса, онда олар жауапқа тартылады. Тіл саясаты саласында мемлекеттің алдында тұрған маңызды бір міндет мемлекеттік тілді Республикадағы қоғамдық қатынастарды ұйлестіруші құрал дәрежесіне көтеру болып табылады.
Қазақстанның демократиялық мемлекет
ретіндегі сипаттамасы Қазақстан Республикасы Конституциясының
көптеген бөлімдерінің мазмұнынан туындайды.
Сонымен бірге, формальды демократияның
да, нақты демократияның да, яғни, мүмкіндігі
жан-жақты кепілдіктермен қамтамасыз
етілген демократияның да болуы мүмкін.
Қазақстан мемлекетінің демократиялық
сипаты конституциялық принциптерде белгіленеді.
Мемлекет басшысының, Парламенттің, жергілікті
өкілетті органдар депутаттарының сайланбалылығы
мемлекетті ұйымдастырудың негіз боларлық
принциптерінің бірі болып табылады. Демократиялық
мемлекет қызметінің тағы бір негіз боларлық
принциптерінің бірі — мемлекет өміріндегі
маңызды мәселелерді демократиялық әдістермен
шешу. Бұған, атап айтқанда, референдум
өткізу, Парламентте дауыс беру тәртібі
жатады.
Қазақстан мемлекетінің демократиялылығы референдумды демократиялық жолмен өткізуден де көрінеді. Референдумды өткізу мынадай: 1) азаматтардың референдумға өз ықтиярымен қатысуы және еркін ашық білдіруі; 2) азаматтардың референдумға жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бірдей, тең және төте қатысу құқығының берілуі; 3) жариялылық принциптеріне негізделеді. Конституцияны, конституциялық заңдарды, Республика заңдарын, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері референдумға шығарылады. Референдумға Республиканың мемлекеттік өміріндегі өзге де шешілуіне қатысты өте маңызды мәселелер енгізілуі мүмкін.
Қазақстан мемлекетінің демократиялығы азаматтар мен олардың бірлестіктері арқылы мемлекеттік органдардың басқарушылық шешімдер шығаруына ықпал ету, сөйтіп, оны өз мүдделері тұрғысынан жүзеге асыру мүмкіндігінен де көрінеді. Ол үшін Конституция белгілі бір жағдайлар қарастырады. Оның ең маңыздыларының бірі демократиялық саяси режим болып табылады.
Саяси режим дегеніміз — қоғамда саяси билікті жүзеге асырудың тәсілдерінің, әдістерінің, нысандарының жүйесі. Саяси режим мемлекеттің мәні, оның қоғаммен, жекелеген адамдармен, ең бірінші кезекте конституциялық құқық нормаларымен реттелген нысандары ретінде сипатталады. Саяси режим конституциялық нормалар қызметінің нақты деңгейін айқын көрсетеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы демократиялық саяси режимді көздейді. Біріншіден, ол өкілетті және тікелей демократия институттарының орнықтырылуынан көрінеді. Әңгіме, әрине, бұл институттардың заңмен бектлуі тұрғысында ғана емес, мәселе мынада: олар азаматтардың мемлекеттік органдардың қалыптасуына, мемлекеттің саясатын белгілеуге, оны жүзеге асыруға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында қызмет істей алуы тиіс. Екіншіден, демократиялық саяси режим азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кең ауқымда нығайтылуынан және оны жүзеге асыру кепілдігінің қамасыз етілуінен көрінеді. Конституция кәсіпкерлік бостандықты көзден таса қылмайды, сонымен бірге, бір жағынан, құқықтық негіз жасайды, екінші жағынан кәсіпкерлерді олардың ісіне заңсыз қол сұғушылықтан қорғайды. Басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы да осыны атуға болады. Үшіншіден, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасуына кең жол ашады. Тоталитарлық режимнің өте қуатты қаруы болып табылатын саяси бақылау келмеске кетті. Бақылаудың алынуы — демократиялық саяси режимнің өмір сүруінің айқын көрінісі. Бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттік органдардың қызметіндегі келеңсіз жайттерді, лауазымды адамдардың заң бұзушылығын анықтауға және белгілі бір деңгейде заңдылықты нығайтуға игі ықпал етеді. Төртіншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясы таныған саяси пікір алуандығы әр түрлі ұйымдарды, оның ішінде оппозициялық ұйымдарды да құруға мүмкіндік береді. Бұл, сөз жоқ, қоғамды басқарудың демократиялық әдістерінен бұлтармаудың бірден-бір жолы.
Билікті бөлу принципі — мемлекетті демократиялық жолмен құрудың аса маңызды принциптерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы Республикада мемлекеттік билік тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалана отырып, оны заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөлу принциптеіне сәйкес Конституция мен заңдар негізінде жүзеге асырылатындығын белгілейді.
Тежемелік және тепе-теңдік жүйесі мемлекеттік органдардың өз өкілеттігін жүзеге асыра отырып, оларды бұзғаны үшін, органдар өкілеттігінің зорлық- зомбылығы үшін жазаланбайтындығына үміттенбеушілігін көздейді.
Қазақстан — егеменді мемлекет
Қазақстан Республикасында ұлттық және халықтық егемендік іске асырылуда.
Ұлттық егемендік ұлттың өз тағдырына өзі ие болуынан мемлекеттік, экономикалық және рухани салаларда өзін-өзі тануынан көрінеді. Қазіргі Қазақстан жағдайында ұлттық егемендіктің өз ерекшелігі бар. Мәселе мынада, Қазақстанда бір ғана ұлт — сандаған жылдар бойы өз аумағында тұрып келе жатқан және осында ұлт ретінде қалыптасқан қазақ ұлты. Көптеген елде және бірнеше миллион қазақ диаспорасы тұрғанымен, әлемдегі ешбір елде қазақ ұлты жоқ. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында осы тарихи факт танымды және орнықтырылды. Кіріспеде «байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құрып отырған» деп жазылды. Бұдан қазақ ұлты мемлекеттік салада өзін-өзі тануға, яғни, өзінің ұлттық мемлекеттілігін құруға құқылы екендігі табиғи түрде туындайды. Және мұндай тану Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңындағы сияқты, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында да жарияланды. Алайда, Қазақстанда тұратын халықтың жартысынан астамын басқа ұлттың өкілдері құрайды. Санының көптігіне қарамастан оларда ұлттық белгілер жоқ. Мысалы, Қазақстанда сан жағынан көп орыстар, украиндар, өзбектер, корейлер, ұйғырлар және тағы басқалары тұрады. Осы этникалық топтардың ықылым заманнан тиісінше өз ұлттары тұратын байырғы отандары бар, бірақ олар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатындықтан, оларға мемлекеттік салада өзін-өзі тануына құқық берілген. Бірақ Қазақстан аумағында өз ұлты болмағандықтан ел халқының, тұрғындарының бір бөлігі ретінде мемлекетпен саяси-құқықтық байланыста бола алады. Осыған орай Қазақстан жағдайында бір қазақ халқының ғана емес, Қазақстанның барлық халықтарының мемлекеттік саладағы өзін-өзі тануы туралы айтқан жөн. Саяси қатынаста ұлттық егемендік халықтық егемендікпен құйыла тұтасып кеткен және ол осы күйінде мемлекеттік биліктің, мемлекеттік егемендіктің бастауы болып табылады. Осы арқылы ұлтаралық қатынастағы қауіпті шиеленістік қаупі жойылды.
Ұлттық егемендіктің діни салада алатын орны айрықша. Ұлттық егемендік көпұлтты Қазақстан жағдайында қазақ ұлтына, барлық ұлттық топтарға қоғамдық және мемлекеттік өмірдің барлық салаларына белсенді араласуы арқылы өздерінің этникалық, мәдени, тілдік болмысын барынша айшықтай көрсетуге мүмкіндік жасалған.
Қазақстанда тұратын ұлттық топтардың ұлттық болмысын қолдау идеясы 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияда көрініс тапты. «Қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту және олардың ұлттық қадір-қасиетін нығайту Қазақ ССР-і мемлекеттілігінің аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады».
Қазіргі Қазақстан жағдайында тіл туралы мәселенің орны ерекше. Кеңес өкіметі кезінде қазақ тілі орыс тілімен бірге мемлекеттік тіл деп танылғанымен, қазақ тілінің қолданылу аясы мүлдем дерлік тарылды. Мемлекеттік салада қолданудан шығып қалды десе де болады. Қазақ тілінің мәнін көтеру мақсатында ол мемлекеттік тіл деп жарияланды. Алайда, Парламентте, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында орыс тілін мемлекеттік тіл деңгейіне көтеру мәселесі де өткір қойылды. 1995 жылғы Конституция бұл мәселеде елеулі келісімге жол ашты, орыс тілі мемлекеттік органдар мен ұйымдарда және өзін-өзі басқару органдарында «қазақ тілімен бірдей» ресми тіл ретінде қолданылатын болды. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңында жан-жақты реттелген.
Ұлттардың теңдігі туралы мәселе мәдени-ұлттық автономиялармен байланысты. Әзірге, Қазақстан заңдарында мәдени-ұлттық автономия деген ұғым жоқ, бірақ ол Қазақстанда оның элементі, тіпті, айтарлықтай элементі жоқ дегенді білдірмейді. Мұны Ресей Федерациясының Негізгі заңына сүйеніп белгілеуге болады, онда мәдени-ұлттық автономия ұғымына бірінші рет түсініктеме берілді. Осы актінің 21-бабында мәдени ұлттық автономия өздерінің мәдени болмысын еркін білдіруге этникалық қауымдастық құқығын халықтың еркі негізінде немесе ұлттық, мәдени орталықтардың, ұлттық қоғамдар мен жерлестік ұйымдардың жекелеген адамдарының бастамасы бойынша жүзеге асыратыны белгіленген. Мұндай белгілеу Қазақстан Республикасының саясатына толық сай келеді. Қазақстан мемлекеті барлық ұлттық топтарға өздерінің мәдени орталықтарын, қоғамдары мен жерлестік ұйымдарын, бірлестіктерін, сондай-ақ аумақтық ассоциацияларын құруларына кепілдік береді. Ұлттық мәдени орталықтар — ұлттық мәдениетті, тілді, дәстүрлерді, тіпті ұлттық кәсіпшіліктерді дамытуға ықпал ету мақсатында құрылған ерікті бірлестіктер. Оларды аталған бірлестіктердің мақсаттарын жүзеге асыруға мүдделі белгілі бір ұлттық топтардың адамдары құрады. Оған, әдетте, белгілі бір ұлттың азаматтары кіреді. Алайда, заң басқа ұлттың адамдарының да оның құрамына кіруіне тыйым салмайды. Бұл ұйымдарға ұлттың мәдениетін дамытуға: ұлттық газет, журналдарын шығаруларына, ұлттық клубтарын құруларына және басқаларына бағытталған қызметті жүзеге асыруларына мүмкіндік жасалады.
Қазақстан Республикасында аймақтарда 165 бөлімшелері бар 30-дан астам ұлттық орталықтар жұмыс істейді. Олар – орыс, украин, неміс, ұйғыр, корей, тәжік, өзбек, татар, қырғыз, қытай және басқа ұлт өкілдерінің орталықтары.
Ұлттық егемендік туралы айту үшін, алдымен оның ұғымын түсініп алған жөн. Бұл ұғым әлемдегі көптеген елдердің конституцияларында кездеседі. Үлгі ретінде Франция республликасын 1958 жылғы 4 қазандағы Конституциясымен шектелетін, оның «Егемендік туралы» бөлімінде былай делінеді: «Ұлттық егемендік оны өздерінің өкілдері арқылы және тікелей референдуммен жүзеге асыратын халыққа берілген».
Демек, мемлекеттік биліктің бастауы болып халық танылады. Қазақстанда қазіргі «халық» ұғымы Қазақстан КСРО құрамында болған кездегі «халық» ұғымынан айтарлықтай ерекшеленеді. Ол кезде Қазақстан халқы КСРО халқының құрамдас бір бөлігі болды. Сонымен бірге заңда Қазақстан халқы ұғымы да болды. Қазақ КСР-інің Конституциясында (1978) былай жазылған: «Қазақ КСР-інде бүкіл билік халық иелігінде. Халық кеңестері депутаттары арқылы мемлекет билігін халық жүзеге асырады» (2-бап). КСРО-ның құрамында болған кезде қабылданған Қазақ ССР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның жоғарыда аталған қағидалардан арыла алмағаны түсінікті. Онда халыққа мынадай анықтама беріледі: «Республиканың барлық ұлт азаматтары Қазақстан халқын құрайды, әрі Қазақ КСР-індегі егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік өкімет билігінің бастауы негізі болып табылады, мемлекеттік өкімет биллігін Қазақ ССР Конституциясы негізінде тікелей де, өкілетті органдар арқылы да жүзеге асырады» (4-бап).
Бір жылдан кейін, 1941 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Реснубликасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды, онда қазақ ұлты бірінші рет тарихи, саяси аренаға көтерілді. Тарихи тағдыр ортақтастығы қазақ ұлтымен біріктірген Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын құрайды, бұл халық Қазақстан Республикасындағы егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары негізінде тікелей де, сондай-ақ өзі сайлайтын мемлекеттік органдар арқылы да мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асырады. (6-бап). Мұндай анықтаманың қазақ ұлтының тағдырында тарихи мәні бар. Заң 250 жылдан кейін бірінші рет бүкіл әлемнің алдында қазақ ұлтының егемендігі Қазақстан Республикасындағы халықтық егемендіктің негізі болып табылады. Осы тарихи фактіні тани отырып, Заң бірақ ол ерекше болғандықтан, ал мемлекеттік егемендікті қолдаушы Қазақстан халқы болып табылатындықтан қазақ ұлтына басымдық берілмейді. Халықтық егемендіктің осы идеясы кейінгі конституциялық актілерде қолдау тапты, сонымен бірге, әлбетте, ескертпелік өзгерістер қосылды.
Информация о работе Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы