Қазақстан Республикасының 1995 ж. Конституциясына жалпы сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 07:18, доклад

Краткое описание

Конституцияның мәні неден тұрады деген сұрақ бойынша әр түрлі теориялар бірдей емес қортындыларды ұстанады.
Кең тарған ұсыныстардың бірі қоғамдық келісім ретіндегі конституцияның мәнін баяндау болып табылады. Қоғамның барлық мүшелері конституцияда жузеге асырылған сол қоғам қандай негізде құрылады, ол қандай тәртібпен өмір сүретіндігі болжалынылып, келісімге отырады. Бұл концепция бойынша конституция-халық егемендігінің, оның ортақ еркінің көрінісі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Конст.кукык.docx

— 45.62 Кб (Скачать документ)

                                          №1       1995 жылғы Конститутция

 

Қазақстан Республикасының 1995 ж. Конституциясына  жалпы сипаттама  
 
Конституцияның мәні неден тұрады деген сұрақ бойынша әр түрлі теориялар бірдей емес қортындыларды ұстанады.  
Кең тарған ұсыныстардың бірі қоғамдық келісім ретіндегі конституцияның мәнін баяндау болып табылады. Қоғамның барлық мүшелері конституцияда жузеге асырылған сол қоғам қандай негізде құрылады, ол қандай тәртібпен өмір сүретіндігі болжалынылып, келісімге отырады. Бұл концепция бойынша конституция-халық егемендігінің, оның ортақ еркінің көрінісі.  
Теологиялық теория конституцияның мәнін өмір тәртібі туралы адамзат қоғамының құдайлық алғы шартын іске асыруда көреді, онда жоғарғы әділеттілік, ой идеясы жүзеге асырылады деп есептелінеді.  
ҚР 1995 жылғы Конституциясына қоғамдық келісім ретіндегі баяндау қолданылмады. Оның мағнасы Конституцияны қабылдау үшін барлығының жалпылама келісімінің болуы, ал келіспегендер мемлекеттен кетуге немесе өздерін шет елдіктер деп санауға мәжбүр болуы.  
Кеңестік мемлекеттік-құқықтық ғылымның теориялық негізі болған маркстік-лениндік теория Конституция мәнін ол бүкіл қоғамның емес, бүкіл халықтың емес, тек билеуші топтың мүддесін білдіреді деп көрсеткен, яғни Конституция өзінің мәні бойынша таптық болып табылады.  
ҚР қазіргі әрекет ететін Конституцияда Конституцияның таптық мәні туралы жорамал жоқ, онда жалпы демократиялық бастаулар көрсетілген.  
ҚР Конституциясы халықтық Конституция болып табылады, өйткені ол мемлекетпен тағайындалған жоқ, референдумда халықпен қабылданған.  
Қазақстан халқы Конституцияны қабылдайтын бірден-бір субьект деп танудан, елдегі мемлекеттікбиліктің бірден-бір қайнар көзі және егемендікті қолдаушы болып табылатындығынан құрылтайшылық сипат туындайды.  
ҚР Конституциясының құрылтайшылық сипаты оны қабылдау мен оған өзгерістер енгізудің ерекше тәртібін, ұлттық құқықтық жүйені қалыптастыру мен дамытудағы мейілінше ерекше орын, Парламент, Президент, Үкімет үшін, лауазымды адамдар, сот органдары үшін оның құқықтық қағидаларының еш шүбәсіздігін қамтамасыз етеді.  
Конституция мемлекетті оның бүкіл атрибуттарымен құрады, ол оның егемендігін барлық элементтермен бекітеді: аумағымен, жоғарғы билігімен, азаматтығымен, өзіндік заңымен. Конституция мемлекеттің, мемлекеттікоргандардың қоғаммен өзара қатынасының негізін орнатады, қоғамдық құрлыстың негізін анықтайды.  
ҚР Конституциясының мәні жалпы демократиялық бастауда бекітіліп, нығайтылады және барлық қоғам мүшелері оның тең құқықтық азаматыретінде мемлекетте өмір сүру мүмкіндігін, біреу келісіпжәне келіспей болжау.  
ҚР әрекет етіп отырған Конституциясы демократиялық құқықтық мемлекеттің Конституциясы ретінде бүкіл халықтық дауыс беру жолымен Қазақстан халқының еркін; адамның жоғарғы құндылығы оның құқығы мен еркіндігін танудан туындайтын жалпы демократиялық принциптерді қамтитын қоғам мен мемлекет өмірінің негізінде бекітілген көп ұлтты халықтың еркін көрсетеді.  
Конституцияның саяси құжат ретіндегі негізгі белгілері оның қоғамның дамуымен, ел өміріне конституциялық әсерінің ерекшелігінің байланысымен сипатталынады. ҚР Конституциясы келесі негізгі белгілерге ие болады:  
1. Негіз болатын сипат. Конституция аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді, ал конституциялық реттеужинақтап қорту сипатта болады. Конституция келесі міндеттерді шешуі қажет:  
а) қоғамдық қатынастағы ең бастыны ашу және бекіту;  
ә) бұған ең аз мөлшердегі нормаларды пайдалану;  
б нормаларда қатынастардың мәнін нақт және айқын көрсету, бағыт беру және олардың одан кейін тәртібтік белгілеу принциптік мазмұнын анықтау  
2. Халықтық сипат. ҚР Конституциясы-халықтық шығармашылық қызметінің нәтижесі, оның тікелей қатысуы; ол халықтың мүддесіне қызмет етеді, оның болашаққа мақсатын көрсетеді.  
3. Шынайы сипат. ҚР Конституциясы өмір сүріп отырғанқоғамдық қатынасқа сәйкес келеді.  
4. Тұрақтылық сипат. Бұл қасиет Конституциялық мағналы өзгеріссіз ұзақ уақыт бойы әрекет етуін көрсетеді.  
Заңдық қасиет-бұл конституцияның негізгі заң ретіндегі белгісі, оның материалдық-құқықтық және формалдық-құқықтық жиынтығы.  
Конституцияның материалдық-құқықтық қасиеті-бұл конституцияны құқықтық реттеу пәні тұрғысынан сипаттайтын заңдық қасиет.  
ҚР Конституциясы келесі заңдық қасиеттерді иеленеді:  
1. Бұлқұқықтық акт, заң. ҚР Конституциясы-бірыңғай ерекше заңдық қасиетке ие құқықтық акт, оның көмегімен халық қоғам мен мемлекеттің құрылымының негізгі принциптерін құрады, мемлекеттік биліктің субъектілерін, оны жузеге асыру механизмі анықтайды, мемлекет қорғайтын адам мен азамат құқығын бекітеді.  
2. Заңдық жоғарылығы. Конституцияның жоғарылығы конституциялық құрлысты нығайтады, яғни мемлекетің Конституцияға, құқыққа бағынуы.  
Конституция барлық басқа нормативтік актілерге қатыст жоғарғы заңдық күшке ие. Сондықтан заңдар және басқа құқықтық актілер Конституцияға қайшы келмеуі керек. Бұл оны қорғаудың ерекше құралымен кепілделінетіндігінен байқалады. Конституцияға қайшы келетін актілер өзгертіледі немесе онымен сәйкестендіріледі.  
ҚР Конституцияның жоғарылығы оның принциптерімен, нормаларымен, салынған концепциялармен өмірдің барлық сфераларында барлық мемлекеттік, қоғамдық құрлыс қызметі, азаматтар сәйкестендірілуі қажет. Конституция барлық қоғамдық дамудың басым жағы ретінде алға шығады.  
Конституцияның 2 бөлімінің 4 бабында ҚР Конститциясы «Жоғарғы заңдық күшке ие, Республика аумағында тікелей әрекет етеді» деп бекітілген.  
Конституцияның тіелей әрекеті конституциялық нормалар жүзеге асқанда қандай да бір құқықтық дәлелдеуді қажет етпейтінін көрсетеді.  
3. Ағымдағы заңның базасы болады. Нақ Конституция құқық шығармашылық процессін анықтайды-әр түрлі органдар қандай негізгі акт қабылдайтындығын, олардың атауын, заңдық күшін, заңдардың қабылдану тәртібі мен процедурасын бекітеді.  
Конституцияның өзінде онымен сәйкес қабылдануы тиіс көптеген конституциялық заңдар атанған. Жаңа Конституцияны қабылдау ағымдағы заңдарды мағналы өзгерту және жаңартуды қажет етеді, сондықтан ҚР Конституциясының 91 бабында конституциялық заңдарды бір жыл ішінде, ал басқа Конституцияда аталған заңдарды ол күшіне енген соң 2 жыл ішінде қабылдау қажеттігі көрсетілген.  
4. Қабылдау және өзгертудің ерекше тәртібі. ҚР Конституциясына өзгерістер енгізумен қайта қарау үшін ерекше, күрделі тәртіб бекітілген. Ол туралы төменде айтылады.  
Конституция формасы бойынша жазылған және жазылмаған болады. Жазылған Конституция дегеніміз құқықтық нормаларды модификациялайтын және анықталған жүйеде көрсетілген маңызды қоғамдық және мемлекеттік институттарды бекітетін жалпы ортақ заңды айтамыз. Жазылмаған Конституция бірнеше заңдардың, Конституциялық әдеттер мен дәстүрлердің жиынтығы. Мұндай Конституцияның мысалына ағылшын Конституциясы жатады, ол көптеген актілердің жиынтығынан тұрады, 1925 жылы «Еркіндіктің Ұлы хартиясынан» бастап 1937 жылы «Корона министрлері туралы Заң» және жазылмаған «жалпы құқық» пен сот прецеденттері негізінде.  
Оларда көрсетілген өзгертулер тәртібіне байланысты икемді, қатаң және өте қатаң Конституциясының түрлері болады. 
Икемді Конституция – бұл белгілі бір тәртібте өзгертуге болатын конституциялар, яғни әдеттегі заңдарды қабылдау жолымен.  
Қатаң конституция – бұл тек күрделі процедура жолымен өзгертуге болатын конституциялар. Мұнда парламент мүшелерінің көпшілік дауыс талап етіледі.  
Ерекше қатаң конституциялар – бұл өзгерту процедурасында тек түзету енгізу сатысын ғана қарастырмайды, сонымен қатар конституциялық процесс үшін қосымша, спецификалық референдум жолымен жүзеге асырылатын ратификация сатысымен немесе парламентте екі рет вотуммен (дауыс беру) немесе федерация субъектілерінің түзетулер бекіту жолымен қабылдаған конституциялар.  
ҚР Конституциясы 1995 жылы бүкіл халықтық дауыс беру жолымен қабылданды және қатаң конституциялардың қатарына жатады.  
Бұрынғы кеңестік Конституциялар оларды өзгертудің тәртібін бекіткен бұл үшін тек жоғарғы өкілетті органның квалификациясын көпшілік депутаттарын құрған.  
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы оны өзгерту мен толықтыруды қабылдау үшін Жоғарғы Кеңестің жалпы депутаттар санының үштен екісінен аз емес келісімі қажет деп бекіткен.  
ҚР әрекет етіп отырған Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда болған республикалық референдумда қабылданған және оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібінің ерекшелігін қарастырған.  
Конституциялық құрлыстың негізіне жататын Республиканың біртұтастығы территориялық тұтастығы мен басқару формасы өзгертілмейді.  
Конституцияны құқықтық қорғау – бұл конституциялық заңдылық режимін сақтауды қамтамасыз ететін заңдық құрамдардың жиынтығы.  
Конституцияны және конституциялық құрлысты қорғауда ерекше орынды ҚР Президенті алады, өйткені оның мемлекет басшысы және оның жоғарғы лауазымды тұлға ретінде Конституцияның мызғымастығының кепілі болып табылады. Конституцияға қатаң жүгіну ол қабылдаған анттың мазмұны.  
Конституциялық бақылаудың міндеттерін шешуде және Конституциялық орындалуын қамтамасыз етуде басқа да билік органдары қатысады. ҚР соттары, ҚР прокуратурасы өздеріне берілген өкіметтің шеңберінде.

 

 

№2

Екінші кезең – Конституцияның қолданылуы.

Конституция тікелей қолданылады. Конституциялық құқық саласындағы белгілі маман Ю. А. Тихомиров: «Конституцияның тікелей қолданылуы оның тікелей азаматтар, ұйымдар жүзеге асыратын құқық шығармашылық ықпалын, кемшіліктен сақтанушылықты, қоғамдағы өмір салты мен көңіл-күйге игі әсер ету, институттық  қайта  құрылуларды білдіреді» деп жазды.

Алайда, Конституцияның мұндай тікелей қолданылуын Ю. А. Тихомиров қарастырмайды. Дегенмен, Конституцияның қандай қытымен қолданылатынын ол дұрыс атаған деп ойлаймын. Тағы бір қағидамен келісуге болады: барлық осы қырларында, олар құқықтық қатынастарды тудыратындықтан, Конституция  нормалары тура  және тікелей  қолданылады.

Конституция нормаларының тікелей қолданылу  көріністерін жеке-жеке қарастырайық.

  1. Конституцияның құқық шығармашылық рөлі үш бағытта көрінеді.
  2. Қандай заңдар қабылдау керек екендігін Конституция тура көрсетеді. Бұд заңда не дәл аталады, не жалпы сипатта көрсетіледі. Айталық,  Қазақстан Республикасының Конституциясының 64-бабында Үкіметтің құзіретті, ұйымдық тәртібі мен қызметі конституциялық заңмен бекітілетіні; Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен  қызметі Конституциялық заңмен реттелетіні (71-баптың 6-тармағы) көрсетілген.  Тағы бір мысал ― Конституцияның Парламенттің заң шығарушылық саласын атауы: меншік режимі, салық салу туралы, сот құрылымы мен сот ісін жүргізу және басқалары (61-бап) туралы заңдар шығарды.

Ә.       Қазақстан Республикасының Конституциясы  іс жүзінде құқықтық анықтама береді: ол  осы арқылы бүкіл мемлекеттік органдарды нормативтік-құқықтық актілердің: а) заңдардың, ә) заңға сәйкес актілердің, б) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының  белгілі бір түрлерінқұқықтық шығармашыққа бағыттайды. Анықтаманың қай-қайсысы да шартты сипатта болады, сондықтан құбылыстың мәнін толық бейнелемейді. Конституциядағы анықтама мүмкіндіг туралы дауласуға болады. Бұл жағдайда дау басқа жәйт бойынша тууы мүмкін, айталық, құқық пен заңды ұқсастрыу мүмкін  бе? Құқық ғылымында құқық пен заңда ұқсастыруға болмайтындығы баршаға белгілі.

Б.   Конституция олардың нысандарын көрсете отырып, бірқатар жоғары мемлекеттік органдардың норма шығармашылық өкілеттігін белгілейді. Парламент – заңдар, Президент – белгілі бір жағдайларды заңдық күші бар нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, Конституциялық Кеңес және Жоғарғы Сот – нормативтік қаулылар қабылдайды.

2.     Конституция  нормаларының  тура  қолданылуы  барлық  мемлекеттік органдарға, оның ішінде соттардың да қызметіне де қатысты. Конституция тікелей қолданылуы нені білдіреді? Ол мемлекетті органдардың белгілі бір жағдайларға байланысты Конституция нормаларын тура және тікелей қолдана алатындығын (қолдану қажеттігін) білдіреді. Олар қандай жағдайларда тікелей қолданылады? 1) мемлекеттік органдардың қарауына жататын қатынасты реттейтін арнаулы нормативтік акт болмаса;  2)арнаулы нормативтік акт болғанмен, ол Конституцияға қайшы елсе; 3) адамның және азаматтың құқығын, бостандығы мен жауапкершілігін анықтайтын нормативтік құқықтық акт қабылданған жағдайда Конституция қағидасы оны қолданудың мүмкіндігін (қажеттігін) көрсете алмаса; 4) Конституцияның қағидасы мән-мазмұны бойынша қосымша регламенттікті қажет етпесе мұндай жағдайларда Конституция нормалары тура және тікелей қолданылады.

Егер Конституция нормаларына қайшы келсе, егер азаматтардың құнын, бостандығын, жауапкершілігн белгілейтін нормативтік актілерде жарияланбаған болса ондай нормативтік құқықтық актілерді қолдануға мемлекеттік органдардың құқы жоқ. Егер сот қолданылатын нормативтік актінің Конституция қағидаларын қайшылығын байқаса немесе ондайлардың Еонституцияға сәкестігіне күдіктенсе, онда ол іс жүргізуді тоқтптуға  және мұндай актінің конституциялығын анықтау туралы ұсыныспен Конституцитялық Кеңеске жүгінуге міндетті. Конституцияның 78-бабына және Президенттің  «Қазақстан  Республикасының  Конституциялық  Кеңесі  туралы» Конституциялық  заң күші бар  Жарлығының 17 және 20-баптарына сәйкес істі  қараудың  бірінші  сатысында  сот осындай  сұрау  салуы,  алкассациялық және қадағалау сатысында іс  қараудың  кез келген сатысында  сұрау салынуы  мүмкін.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты конституцияны қолдану жөнінде соттарға  (қылмыстық  алқаларға)  бірқатар  нұсқаулар  берді.(1) Қылмыстық  іс  жүргізу кодекісінде  тұтқындалған адамның  прокурордың қамауға алуға  және күзетте ұстауға берген  рұқсатына  байланысты  соқа  шағымдануына  құқы  туралы  қағида  қаралмаған, Конституцияда      тұтқындалған адамға мұндай құқық берілген  (16-баптың  2-тармағы). Сондықтан соттарға тікелей конституцияны тікелей басшылыққа алуға ұсынылады. Қамауға лау және күзетте ұстауға рұқсат берген прокурордың әрекетіне байланысты түскен шағымда соттар мейілінше қысқа мерзімде (он күннің ішінде) қарауы тиіс.

3.      Конституциялық  нормаларды тәікелей азаматтар және ұйымдардың өздері жүзеге асыра алады. Конституцияның көптеген нормалары азаматтарға, олардың бірлестіктеріне өзін-өзі басқаруға және өзін-өзі реттеуге мүұмкіндік береді. Мұндай жағдайда заң аясында әр түрлі, айталық, жеке кәсіпкерлік қызмет саласында құқықтық ақтынастарды қолданған азаматтардың іс-әрекетіне мемлекет араласпайды. әрине, азаматтарға кең көлемде берілген құқық пен бостандақ мұндай конституциялық  нормаларда  баршаның, тұрақөта  және  ұдайы қолднаылатындыңын  білдірмейді. Әлеуметтік зерттеу  Конституцияға, оның номаларына адамдардың әр түрлі: ниглитік, конформистік, енжар атқарушылық, белсенді, күштеп-атқарушылық көзқараста қарайтындығын көрсетеді. Бір маңызды мәселеге: азамттардың хабардарлығы  мн құқықтық тәрбиесіне ерекше назар аударған жөн. Ежелгі принцип бойынша заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды, бұқаралық ақпарат құралдырының даму жағдайында бұл принцип басқашалау қолданылады, дәлірек айтқанда, бавршаның құқықтық білімі мен бірлігін мемлекет қамқоршы болуы тиіс. Бұл орайда, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 21 маусымындағы республикада құқықтық білім беру жөніндегі шаралар туралықаулысының маңызы зор. Тек, мектеп жасына дейінгі мекемелерге  ұсынылған  құқытық  білім  беру  бағдарламасынң  өзі  көп  нәрсені аңғартады. Бұл – ғалым-заңгерлер және практиктер үшін әрекет бағдарламасы.

4.      Конституция құқықтық, бостандық және заңды мүдделерді ашуға кең жол ашады. Біріншіден, азаматтардың өздері Конституцияның нормаларына сүйеніп, өз құқықтыры мен бостандықтарын қорғауға тиіс. Конституция негізінде туындайтын сот билігінің барлық істер мен дауларды қамтитындығы конституцияда тура айтылмаған. Конституциялық нормалардың тек жеке тұлғаларға ғана емес, сондай-ақ тек заңды тұлғаларға қатысты тікелей қолданылатыны осыдан көрінеді (76-бап). Одан әрі, адамдардың коституциялық құқы мен бостандығына нұқсан келтіретін заңдарды және басқа  нормативтік  құқықтық  актілерді  қолднауға соттардың құқы жоқ. Егер сот қолдануға жататын заңның немесе басқалай құқытық актінің адамдар мен азаматтардың Конституциясымен бекілілген құқығы мен бостандығына нұқсна келтіретінін байқаса, ол іс жүргізуді тоқтатуға және осы актінің коституцияға сәйкес еместігін тану жөнінднгі ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгініуге міндетті.

Осыған орай бір мәселе туындайды: егер құзіретті конституцияда немесе конституциялық  заңда  көзделген  органдар  өз өкілеттігін  орындамаса, олар  үшін  мұның салдары қандай болуы мүмкін? Одан  да өкініштісі, егер әрекетсіздік негізделмеген теориялық  қағидалар  тұжырымдаса, оларға кім, қалай ықпал ете алады? Былайша, Парламент және Президент, айталық, оларды орнынан түсіру арқылы Үкіметке ықпал ете алады. Алайда, бұл жеткіліксіз деп ойламыз. Бұл – Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығындығы шешілмеген проблемалардың бірі.

5.      Конституция   қоғамдағы  өмір  салты  мен  көңіл  күйге белсенді  ықпал  ете алады.бұл орайда, мемлекет органдарықызметінің Конституцияда белгіленген прицйиптері: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, қазақстандық  патриотизм, қоғам өмірінің мейілінше маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу маңызды рөл атқара алады. Бұл принциптердің тек   мемлекеттік органдарға ғана емес, сондай-ақ барлық азматтарға да қатысты екендігін естен шығармау керек. Шынында, тек мемлекттік органдардың  күш  салумен  қоғамдық   келісімге  келуге  бола  ма?  Әрине, болмайды.  Тұрғындардың барлық топтарының  күш қосуымен де саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге болады және жеке басының үлесі арқылы көп мәселесін шешуге болатынығын әр азамат жете сезінуі тиіс. Бір адамның немесе әлеуметтік топтың теріс қылығы бүкіл қоғамға нұқсан келтіруі мүмкін. Осыны ескере отырып, Қазақастан Конституциясы мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтірген, әлеуметтік, ұлттық, топтық-тектік және рулық  алауыздықты  өріштететін қоғамдық бірлестіктер құрып, қызметжүргізуіне тыйым салады. Осндай конституциялық қағидалардың тікелей қолднаылуының пәрмендігі мол.

6.     Қазақстан  Республикасының  Конституциясы институттық қайта құруларды көздейді. Бұл нормалар жүзеге асырыла бастады. Біріншіден, прокуратура, екіншіден, құқықтық қорғау органдар қайта құрылды, үшіншіден, Конституциялық Кеңес құрылды, төртіншіден, қос палаталы Парламент қалыптасып үлгерді және ең бастысы –Қазақстан Республикасында президенттік басқару жүйесі құрылды. Аталған қайта құрылулар – конституциялық нормалардың бір жолғы әрекеті емес, олар тұрақты жүргізілетін және жетілдірілетін болды.

 

№3 
2. Конституцияның мәні

Конституцияның  мейлінше көп тараған мағынасы –  ең жоғарғы құдіретті күші бар  заң немесе заңдар деген ұғымда қолданылады. Конституцияның құдіретті күштілігі  мынадан айқын көрінеді: біріншіден, оның нормалары өзге заңдардың тұжырымдарынан айрықша басымдылықта болады, екіншіден, жай заңдар және оған тәуелді нормативтік  актілер осы конституцияда айқындалған  органдар арқылы конституциялық процедураға  сай қабылданулары тиіс, үшіншіден, төменгі деңгейдегі нормативтік  актілер Ата заңымыздың нормаларына  сәйкес болуы керек.

Қазақстан Республикасының  қазіргі Конституциясы Төртінші Ата заң (1937, 1978, 1993, 1995 жж.) Кейінгі  екеуінің алдыңғылардан елеулі айырмашылығы сол – бұлар тұңғыш рет мемлекеттік  тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан  халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады. Кейінгі Ата  заңда (1995 ж.) құқықтық мемлекеттің қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқытары мен  бостандықтары, соның ішінде жеке адамның  жан-жақты қалыптасуына қажетті  экономикалық еркіндігі, идеологиялық пен саяси әр алуандығы, халық  билігін жүзеге асырудың демократиялық  амалдары, экономикалық қатынастардың  қызмет етуі әлемдік талаптарға сай  бейнеленеді. Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының мәтінінен байқағандай, оның нормалары ұзақ жылдарға бейімделген, тұрақты, жалпы мәндес болулары тиіс. Ал, Конституцияның өзі референдумда (Қазақстан Республикасы, Ресейде, Францияда, т.б. елдерде сияқты) немесе басқаша  да қабылдануы мүмкін. Оның іс жүзіне енгізілуі  біржақты – мемлекет басшысының актісі арқылы болуы да мүмкін. Конституцияға  құқықтық акт ретінде ғана емес, оны бүкіл қоғамымыздың әділеттілік  адамгершілік бағытын ұстаушы қалып  ретінде қарауымыз керек. Өзінің мәні жағынан конституция ол қабылданған  кездегі саяси күштердің арақатынасын көрсетуші қоғамның әр түрлі бөліктерінің саяси мүдделері тоғысқан бейнебір қоғамдық шарт маятнигі болып табылады. Мұндай қоғамдағы үйлесімсіз ешқандай құқықтық тәртіптің орнығуы мүмкін емес.

Конституцияның  мәні оның қызмет ету сипаттамасынан айқын көрінеді. Ол үш негізгі қызметті: заң (құқықтың басты қайнар көзі ретінде), саяси (мемлекеттің құрылысын) және идеологиялық (қоғамның алтын қазынасын  – адам және адамның өмірін, құқықтары  мен бостандықтарын) дәріптеуші қызметін атқарады.

Қазақстан Республикасының  Конституциясы барлық заң салаларының  заңдық базасы болып табылады, ал оның нормалары басқалары үшін нормалық принцип болып есептеледі. Қазіргі  кездегі Қазақстандағы құқық  жүйесінің қалыптасуы еліміздегі құқықтық мемлекет құру бағытымен ұштастырылуда. Сондықтан еліміздің Ата заңының  мәні мен оның алатын орны барған сайын  жоғарылауда.

Информация о работе Қазақстан Республикасының 1995 ж. Конституциясына жалпы сипаттама