Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2013 в 19:25, курсовая работа
Республикалық басқару нысаны — бұл ұжымдық басқару болып саналады. Республика деген сөз коне дәуірдегі мемлекеттерде бірінші рет қолданылды. Мемлекеттік басқарушы адамдар мен органдарды халық бір белгілі кезеңге сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар Республикада болмайды. Жаңа кезеңде Республиканың екі түрі кездеседі: Президенттік және Парламенттік Республикалар.
Кіріспе 2
1 Мемлекет нысанының ұғымы мен түсінігі 3
1.1 Мемлекеттің басқару нысаны 3
1.2 Мемлекеттің құрылым нысаны 7
1.3 Мемлекеттік саяси режим 11
2 Қазақстанның мемлекеттік нысанын бейнелейтін белгілер 14
2.1 Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің атрибуттары 14
2.2 Қазақстан Республикасының нысаны 20
2.3 Қазақстан - Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет 25
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Монархия бірнеше жүз жылдарға созылған уақытта, дүние жүзіндегі үстемдік құрған басқару нысаны болды. Арнайыланған нысанда, ол бүгінде сақталып дүние жүзіндегі елдердің үшінші бөлігіне тараған.
Республика (латын сөзінен — мемлекеттік, қоғамдық іс) — басқару нысаны, мемлекет басшысы сайланады және ауыстырылады, ал оның билігі сайлаушылардың еркімен, не олардың өкілеттік органдарымен белгіленеді.
Республиканың белгілеріне:
- өкіметтің сайлануы;
- белгілі уақытқа ғана сайлау;
- сайлаушылардың еркіне тәуелділік.
Кім үкіметті құрады, ол кімнің бақылауында және кімге есеп береді, осыған байланысты республикалар президенттік, парламенттік және аралас болып бөлінеді.
Президенттік республикаларда (АҚШ, Бразилия, Аргентина, Венесуэла, Боливия, Сирия т.б.) ол ролді президенттің өзі ғана орындайды. Парламенттік республикаларда (Германия, Италия, Индия, Түркия, Израиль т.б.) — парламент, аралас (Франция, Финляндия, Польша, Болгария, Австрия т.б.) — Президент пен Парламент бірге жүргізеді.
Президенттік республикада, Президент парламенттен тәуелсіз сайланады, не сайлаушылар коллегиясымен, не тікелей халықпен сайланады және ол бір мезгілде мемлекеттің және үкіметтің басшысы қызметін атқарады. Ол өзі үкіметті тағайындайды және оның жұмысын өзі басқарады. Бұл мемлекетте Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алмайды, ал Президент — Парламентті таратпайды. Дегенмен Парламент қабылданатын заңдардың көмегімен Президент пен Үкіметтің жұмыстарын шектеуге мүмкіншілігі бар және бюджетті құрғанда, тағы сондай жағдайларда Президентті жұмысынан аластатуы мүмкін (әсіресе ол конституцияны бұзып, қылмыс жасаса). Президенттің өз жағынан, заң шығарушы органның шешіміне тоқтату ветосын қолдануға құқығы бар (латын тілінен — «тыйым салу»).
Қазақстан Республикасының Президенті (Конституцияның 63-бабы) мына жағдайларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламенттің Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік өкіметтің басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламентті тарата алады.
Парламенттік республикада — үкімет заң шығарушы органмен құрылады және ол соның алдында жауапты. Парламент дауыс арқылы сенімділік не сенімсіздік вотумды тұтасымен үкіметтің қызметіне, үкіметтің басшысына (министрлер, кеңесінің төрағасына, премьер-министрге, канцлерге) нақты министрдің өзіне жариялауға құқығы бар. Президент, мемлекеттік өкімет органдарының жүйесінде, ол өте қарапайым орында: оның міндеттілігі, әдетте өкілетті Органдардың қызметімен тежеледі. Яғни, конституциялық монархиядағы мемлекет басшысының қызметінен айырмашылығы өте аз. Шын мәніндегі, мемлекет басшысы болып үкімет басшысы есептеледі.
Аралас (жарты президенттік, жарты парламенттік) республиканың сыйпатына үкіметтің екіжақты жауапкершілігі жатады – президенттің алдында және парламенттің алдында. Мұндай республикада президент және парламент тікелей халықпен сайланады. Мемлекеттің басшысы Президент болып есептеледі. Ол үкіметтің басшысын және министрлерді саяси күштердің парламенттегі бөлінуіне байланысты тағайындайды. Мемлекет басшысы, әдеттегідей министрлер кабинетінің отырысында төрелік құрып, оның шешімін бекітеді.
Парламент, үкіметті жылдағы бюджетті бекіту жолымен тексеруге мүмкіндігі бар оған қосымша үкіметке сенімсіздік вотумын жариялауға да болады.
Өзіміз білетініміздей, мемлекет о бастан-ақ өзінің пайда болған кезінен үстем таптың саяси ұйымы, халықтың қанаушы таптары мен топтарына өктемдік жасау құралы болып табылды. Әрбір мемлекеттің мәні өкімет басында қандай тап немесе қандай топтар тұрғанына ғана байланысты болады. Тіпті құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық мемлекеттерді айтпай-ақ өзімізге қанық болған социалистік (кенестік) мемлекет те қоғамдық таптардың бірінің саяси өкіметінің қаруы есебінде пайда болды – оның бұрынғы мемлекеттермен ұқсастығының өзі осында, оны мемлекет деп атайтынымыз да сондықтан. Оған дәлел, алғашқы кезде Кеңес мемлекетінің мәні – пролетариат диктатурасы болды. Онсыз құлаған езуші таптардың халықтың революциялық еркіндігіне қарсылығын басуға, бұқараны жаңа өмір үшін күреске ұйымдастыруға мүмкін емес еді. Соңынан КПСС-тің диктатурасы жалғасқанын білеміз.
Жоғарыда айтылып кеткендей, мемлекеттің шығу себептерін ескерсек, мынадай қорытындыға келе аламыз: жалпы мағынасында мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықпен қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады[10].
Мемлекет билігінің
Осылай топтастыру негізінде енді біз нарықтық экономика жағдайындағы қазіргі уақыттағы мемлекеттің қолданылатын функцияларына тоқталғанды жөн көрдік.
Ұйымдастырушылық нысанына мыналар
жатады: ұйымдастыру-реттеушілік (нақтылы
саяси міндеттерді шешуге қажетті
күнделікті оперативтік ұйымдастырушылық
жұмыстар); ұйымдастыру-шаруашылық (әр
түрлі мемлекеттік
Мемлкеттің механизмі бұл – мемлекеттің ішкі және сыртқа функцияларын қамтамасыз ету үшін қажетті мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесі. Мемлекеттік механизмінің маңызы өте зор: айталық, мұнда қоғамдық феномені ретінде мемлекеттің өмір сүруінің тәжірибелік мәні көрініс табады. Сондықтан, мемлекет функциясын іске асыру үшін арнайы мемлекеттік аппарат құрылады. Ол мемлекеттің биліктік өкілеттілігіне иелі, әрі белгілі бір құрылымы бар мемлекет органдарының күрделі жүйесі. Әрбір мемлекеттік органдардың заң жүзінде құқықтыр мен міндеттердің шамасын (көлемін) айқындайтын құзыреті болады.
Мемлекеттік орган дегеніміз тиісті құзеретке иелі және өз функциясын жүзеге асырған кезде мемлекеттің ұйымдастырушылық материалдық және мәжбүрлеу (күштеу) күшіне арқа сүйетін дербес, оқшауланған құрамы бар мемлекеттік аппараттың бір бөлігі.
Мемлекеттік органдарға мыналар жатады:
- заң шығарушы, атқарушы және соттар (билік бөлу принципіне қарай);
- федералдық, федерация субъектілері, республикалық және жергілікті (мемлекеттің құрылыс белгілеріне қарай);
- бастапқы (сайланбалы өкілді), мүшелерін халықтың сайлауы және туынды (қосалқы), яғни оның құрылуына халық тікелей қатыспайды (құрылу тәртібіне қарай);
- жалпы құзыретті, яғни бұл
орган өзінің құзыреті шегінде,
- коллегиялды – шешімді көпшілік дауыспен қабылдайтын орган және дара басшылық – мекеме басшысының өзі қабылдайтын жеке шешімі (шешімді қабылдау әдісіне қарай);
- тұрақты және уақытша (
Мемлекеттік органдарды анықтайтын белгілер:
- мемлекет еркімен құрылуы және өз функциясын соның атынан іске асыруы;
- заңда көрсетілген тәртіппен қызмет түрін қатаң орындауы;
- заң жүзінде бекітілген
- белгілі бір материалдық
- мемлекеттік билік сипаттаға өкілеттілігіне иелігі, яғни әр қилы құқықтық актілерді шығару және оны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін құқығының болуы.
Мемлекеттің механизмі, әрине, мемлекеттің функциясын жүзеге аырушы күш, мемлекеттік аппараттық нақтылы құрылымының жұмыс істеуінен көрінеді. Мемлекеттік аппарат дегеніміз билігін іске асыру үшін билік өкілеттілігіне иелі мемлекеттік органдардың жүйесін құрайтын мемлекеттің механизмі. Өз қызметі шегінде мынадай принциптерді басшылыққа алады:
- демократиялық (мемлекет
- заңдылық (бүкіл нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік
- есеп берушілік (төменгі
- коллегиялық пен жеке
- жариялылық (белгілі бір мемлекеттік органының тәжірибелік қызметі туралы құқық субъектілеріне (азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге, мекемелерге, төменгі органдарға және т.б.) хабарлауды қамтамасыз ету).
Мемлекеттік механизм құрылымына мемлекеттік
аппратпен бірге мемлекеттік
ұйымдар мен мемлекеттік
Мемлекеттік ұйым – мемлекеттің функциясын әр түрлі салаларда, айталық, экономика, әлеуметтік, мәдени, қорғаушылық және т.с.с., жүзеге асырушы мемлекеттік мекеме. Көпшіліктің тұжырымдаулары бойынша, мемлекеттік ұйым әлеуметтік-мәдени функцияларды (мысалы, білім, ғылым, денсаулық, т.б.) іске асыруға бағытталған, — дейді.
Мемлекеттік кәсіпорын – өндіріс өнімдерін шығару немесе оны қамтамасыз ету, түрлі жұмысты атқару және қоғам тұтынушыларының, жеке тұлғалардың қажетін қанағаттандыру, әрі пайда табу, көп түрлі көмекті көрсету мақсатына сай шаруашылық қызметті атқару үшін құрылады.
Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғарғы, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым қатынастары қандай принциппен қалыптасты, халық олардың сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысанының арасында басқару нысаны маңызды элемент болып саналады.
Басқару нысаны жоғарғы мемлекет билігінің әдісін ашады, оның органдарының өзара қарым қатынасын және халықпен қатынасын, тұрғындарды белгілі нысанға келтіру дәрежесін анықтайды.
Енді мемлекет нысанын талдап өтейік.
Мемлекеттің басқару нысаны Монархия және Республика болып екіге бөлінеді.Монархия — ол жоғарғы билік бір адамның қолында және бүл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархияның билігі өзінің түсінігі айтып тұрғандай, мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан көшуі немесе тиюі. Сондықтан, оның билігі мұрагерлік билік. Монархия озбырлық жолмен де көшуі мүмкін, яғни соғыс арқылы. Монархияның көшуінің үшінші түрі де бар, монарх бірнеше ақсүйектердің тұқымдарынан сайланды. Мысалы Малайзия елінде. Тарихта екі монарх болған мемлекеттік басқару нысаны да кездескен. Ол мәселен Спартада. Монархтың бір қасиеті ол өзінің билігіне құдайдан басқа ешкімге жауапты емес, себебі ол мемлекеттің басшысы, оның атынан сот, заң, құқық қабылданады. Монархтың бірнеше жоғары аттары мен титулдары болады, оны асырау мемлекеттің міндеті. Аталмыш монархияның өзі де екіге бөлінеді: Шексіз және Шектелген монархия болып. Осы тұрғыда монархияның екі түріне түсінік беріп өтейік.
Шексіз монархия — монархтың
билігін басқа мемлекеттік
Монархиялардың көбі шектелген монархияға жатады. Бұл монархияда монарх билігі басқа бір адаммен немесе заңмен шектеледі.
Орта ғасырларда Еуропа мемлекеттерінде
сословиелік — өкілдік
Монархтың билігі жоғары және тәуелсіз болғандықтан ол өмір бойы билік ете алады. Бұл тұрғыда біз басқару нысанының бірінші түрі, яғни монархияны қарастырып өттік, ал ендігі басқару нысанының екінші түрі республикаға түсінік беріп өтейік.
Республикада монарх тәрізді ежелгі мемлекет нысаны болып қалыптасқан. Бірақ республикалық басқару нысанын халық сайлаған адам басқарады және оны белгілі бір уақытқа сайлайды.
Республикалық басқару нысаны —
бұл ұжымдық басқару болып
саналады. Республика деген сөз коне
дәуірдегі мемлекеттерде
Президенттік Республика — Республика бірлігінің, тұтастығының символы. Кейбір президенттік республикаларда президентпен қатар премьер-министр үкіметті басқарады. Көбіне оны президенттің өзі тағайындайды, ал қалған министрлерді Премьер-министрдің өзі Парламенттің келісімімен тағайындайды. Республиканы президент басқарғанымен, мемлекеттік заң шығару билігі парламенттің қолында және парламент белгілі қызметкерлерді және Жоғары сотты тағайындаған уақытта да келісімін береді. Парламенттің зандары бір ауыздан қабылдана қоймайды, оның зандары екі рет тексеріледі, содан барып президент вето құқығын қолданып, қабылданған зандарға қол қояды. Конституциялық сот заңның конституцияға сәйкестігін тексереді, ал сот билігі ерекше сот органдарының қолында. Сот қызметкерлері Президенттік Республикада белгілі уақытқа немесе өмір бойы тағайындалады.
Информация о работе Қазақстан Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет