Қаржы полициясының атқаратын қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 16:39, реферат

Краткое описание

1.Қаржы полициясының қызметі
2. Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары
3. Қаржы полициясы органдарының құқықтық бастамасы
4.Қаржы полициясы органдарының жүйесі және қызметінің ұйымдастырылуы

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 24.13 Кб (Скачать документ)

 

ЖОСПАР

 

1.Қаржы полициясының қызметі

2. Қазақстан Республикасының қаржы полициясы  органдары

3. Қаржы полициясы органдарының құқықтық бастамасы

4.Қаржы полициясы органдарының жүйесі және қызметінің ұйымдастырылуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының қаржы полициясы  органдары

       Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары (бұдан әрi қаржы полициясы органдары) заңмен белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жедел-iздестiру қызметiн, алдын ала тергеу және анықтау, әкiмшiлiк iс жүргiзу арқылы экономика мен қаржы қызметi  , сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделерiне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметiн жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттiк органдар болып табылады.

    Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi мыналар:

1) өкiлеттiгi шегiнде мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн, кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң, қоғам мен мемлекеттiң заңды құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету;

2) экономикалық қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау жолын кесу, ашу және тергеу;

3) экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес iсiнде мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;

4) қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

 Қаржы полициясы органдары қызметiнiң  құқықтық негiзi Қаржы полициясы органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi құрайды

 

 

 

 

 

Қаржы полициясы органдарының құқықтық бастамасы

           Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 1686 Жарлығымен бекітілген 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын әзірледі, оның мақсаты мемлекеттік органдарын және  азаматтық қоғам институттарын үйлестіру тиімділігін арттыру арқылы қоғам өмірінің барлық саласында сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту болып табылады.  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1401 қаулысымен 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында экономика саласында құқық бұзушылыққа қарсы күрес бағдарламасы бекітілді, оның міндеті сыбайлас жемқорлықтан азаматтардың және қоғамның құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, ашу және жолын кесу бойынша нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құралдарының нысандарын, тәсілдерін оңтайландыру, азаматтық қоғамдардың құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасау; сыбайлас жемқорлық саласында Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын кеңейту және белсендіру болып табылады (Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) бағдарламасын әзірлеуші).  Агенттік «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңды актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (бұдан әрі – заң жобасы) әзірледі. Заң актілері қатарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын жетілдіру заң жобасының мақсаты болып табылады.  Заң жобасы қылмыстық жолмен табылған табыстар мен мүліктерді тәркілеу мүмкіндігін қарастырады, параны жасырғаны және оны бергені үшін жауапкершілік, сонымен қатар шетел мемлекеттерінің және халықаралық ұйымдардың лауазымды тұлғаларының пара алушылық үшін жауапкершіліктері, сонымен қатар тергеу бөлімі бастығына негізі болған кезде жиырма төрт сағат ішінде прокурорды міндетті түрде хабарламандыра отырып,  қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы, істерді қысқарту және тоқтату туралы қаулылардың күшін жою құқығымен беру көзделген. Осы заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 930 қаулысымен Парламент Мәжілісі қарауына енгізілді. Сонымен қатар Агенттікте лоббисттік қызмет мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді келісуге және әзірлеуге, адвокатура туралы заңнаманы жетілдіруге, азаматтарға кепілді заңды көмек көрсетуге, қылмыстық жолмен табылған кірісті заңдастыруға қарсы іс-қимылға бағытталған жұмыс жүргізілуде.

Қаржы полициясы органдарының жүйесі және қызметінің ұйымдастырылуы

      Уәкiлеттi орган экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық  қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың  алдын алу, оларды анықтау, жолын  кесу, ашу және тергеу жөнiндегi басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген  шектерде салааралық үйлестiрудi және өзге де арнайы атқарушылық  және рұқсат етушiлiк функцияларды  жүзеге асырады.  Уәкiлеттi орган:  1) қаржы полициясының органдары  мен ведомстволық бағыныстағы  мекемелер қызметiнiң негiзгi бағыттары  бойынша олардың iс-қимылына басшылықты, оның үйлестiрiлуi мен келiсiмдiлiгiн  қамтамасыз етедi; 2) қаржы полициясы  органдарының жедел-iздестiру, әкiмшiлiк, тергеу және анықтау қызметiнiң  практикасына талдау жасайды; 3) экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық  қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға  қарсы күрестiң нысандары мен  әдiстерiн жетiлдiредi, жедел-iздестiру  қызметiнiң стратегиясы мен тактикасын  белгiлейдi, қаржы полициясы органдары  қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру  жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және iске асырады; 4) қаржы полициясы органдары бөлiмшелерiнiң жұмысына бақылау жасайды;  5) Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде басқа мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасайды; 6) қаржы полициясы органдарының мамандарын даярлауды және кадрларының бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады; 7) қаржы полициясы органдары қызметiнiң басым бағыттарын белгiлейдi, оларды iске асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық тетiктерiн әзiрлейдi; 8) экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелерi бойынша шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен өзара iс-қимыл жасайды, өз өкiлеттiктерi шегiнде халықаралық ұйымдардың қызметiне қатысады; 9) заңмен белгiленген өз өкiлеттiгi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды.  Уәкiлеттi органның, оның бөлiмшелерiнiң, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мекемелерi қызметiнiң негiзгi мәселелерiн қарау үшiн уәкiлеттi орган басшысының жанынан консультациялық-кеңесшi орган болып табылатын алқа құрылады.  Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары (бұдан әрi - қаржы полициясы органдары) заңмен белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жедел-iздестiру қызметiн, алдын ала тергеу және анықтау, әкiмшiлiк iс жүргiзу арқылы экономика мен қаржы қызметi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделерiне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметiн жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттiк органдар болып табылады. Қаржы полициясы органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi құрайды.

Қаржы полициясының қызмет ету принциптерi

      Қаржы  полициясы органдарының қызметi заңдылық, адамның және азаматтың  құқықтары мен бостандықтарын, қадiр-қасиетiн  құрметтеу және сақтау, қаржы  полициясы органдары жүйесiнiң  бiрлiгi, жұмыстың жария және жасырын  нысандарын ұштастыру және дара  баршылық, құқық қорғау және басқа  мемлекеттiк органдармен, лауазымды  адамдармен, ұйымдармен және азаматтармен  өзара iс-қимыл жасау принциптерiнде  жүзеге асырылады.  1995 жылғы 24 сәуiрде  Қазақстан Республикасы Президентінің  «Салық және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер  туралы» заң күші бар Жарлығымен  салық полициясы органдарының  мәртебесі мен құрылымы одан  әрі құқықтық негіз алды. Осы  уақыттан бастап біз - салық полициясы  деп аталдық.   Жарлыққа сәйкес  жедел-іздестiру және анықтау  жұмысын жүргізумен қатар,  салық  полициясы органдарына салықтар  төлемеуге қатысты қылмыстар  туралы iстер бойынша алдын ала  тергеу жүргізу құқығы берілді. 1995 жылғы 24 желтоқсанда салық полициясы органдары қызметiнің қылмыстық iс жүргiзу негiзi алғаш рет реттелді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақ ССР және Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң күші бар Жарлығымен салық полициясы органдары қылмыстық процесте анықтау органдарына жатқызылды. Осы Жарлықпен «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына аталған қызметті жүзеге асыратын органды, атап айтқанда - салық полициясын  нақтылау арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.   1997 жылғы 22 сәуірде «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Жарлығымен құқық қорғау органдарының жүйесін жетілдіру, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында Қаржы министрлігі Салық полициясы комитетінің Бас басқармасы негізінде Қаржы министрлігінің Салық полициясы департаменті құрылды.  1997 жылғы 8 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен 1995 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 167-бабына «Салық қызметінің мәртебесі мен  құрылымы» деген  жаңа редакция берілді.   Заңға сәйкес салық қызметі дербес құрылымдық бөлімшелермен: Салық комитетi және Қаржы министрлiгiнiң құрамында аумақтық органдары бар Салық полициясы департаментi болып ұсынылды. Осы құрылымда салық полициясы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу, заңнамада белгіленген шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыру бойынша  арнайы құқық қорғау органы мәртебесіне ие болды.   1997 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Заңымен салық полициясының ерекше тергеудегі істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу құқығы бар құқық қорғау органдары ретінде салық полициясы мәртебесі регламенттелген жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі бекітілді. 2001 жылғы 5 қаңтарда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң  2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылды. 2001 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің таратылған Салық полициясы комитеті мен Салық полициясы академиясының мүлкі мен істерін басқару функцияларын және өкілеттігін берумен Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі құрылды. Қаржы полициясы агенттігіне қаржылық және экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жолын кесу міндеттері жүктелген.  2001 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Салық полициясы академиясы» мемлекеттік мекемесінің атауы «Қаржы полициясы академиясы» мемлекеттiк мекемесі болып өзгертілді. 2002 жылғы 4 шiлдеде «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.2002 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет шығындарын төлеу үшiн ақшалай өтемақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының жедел-іздестіру, тергеу, саптық бөлімшелерінің лауазымдар тізімі бекітілді. 2002 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтiнi бекітілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1.“ Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин.

2.Құқұқ негіздері А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова.

3.Орысша-қазакша заңдық түсіндірме сөздік-анық тамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008. ЫСБН 9965-11-274-6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Қаржы полициясының атқаратын қызметі.

Орындаған: Уәли Мендігүл Уәлиқызы

Тексерген: Қасқырбаева Арман Ерболовна

 

 

 


Информация о работе Қаржы полициясының атқаратын қызметі