Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 10:21, реферат
16 – желтоқсан
1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің сессиясында тұңғыш рет қазақ мемлекеттілігінің егемендігі туралы мәселе қаралады. Онда мемлекеттің егемендігін бекітетін тарихи маңызды құжат – «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Қысылтаяң шақта егемендік туралы Декларацияны қабылдау оңайға түспеді. Өйткені Одақ пен коммунистік партияның билігі әлі де күшті болатын. 1990 жылы 16 қыр-күйекте «Мемлекеттік егемен¬дік туралы Декларацияның» жо¬басы алғаш рет БАҚ-та жария¬ланды. Сол кезде одан өзге «Азат» азаматтық қозғалысы да Декла¬рацияның балама нұсқасын әзір¬лепті. Қалай дегенмен де егемен¬дікті жария еткен құжатты қабыл¬дау барысында егемендікке қарсы кейбіреулер.
16 – желтоқсан
1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің сессиясында тұңғыш рет қазақ мемлекеттілігінің егемендігі туралы мәселе қаралады. Онда мемлекеттің егемендігін бекітетін тарихи маңызды құжат – «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Қысылтаяң шақта егемендік туралы Декларацияны қабылдау оңайға түспеді. Өйткені Одақ пен коммунистік партияның билігі әлі де күшті болатын. 1990 жылы 16 қыркүйекте «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның» жобасы алғаш рет БАҚ-та жарияланды. Сол кезде одан өзге «Азат» азаматтық қозғалысы да Декларацияның балама нұсқасын әзірлепті. Қалай дегенмен де егемендікті жария еткен құжатты қабылдау барысында егемендікке қарсы кейбіреулер «мемлекеттік тіл – қазақ тілі», «қазақ ұлты тағдырының жауапкершілігін сезіне отырып» деп келетін тұжырымдарға келіспеушілік танытты. Сонымен бірге сессияда «басқарушы және негізгі күш коммунистік партия болып табылады» деген 6-бапты алып тастау туралы батыл ұсынысқа егемендікті қаламайтын «қызыл коммунистер» көп қарсылық білдіріпті. Тіпті кейбіреулердің болашақ үшін аса маңызды құжатты қабылдауды кейінге қалдырмақ ойы да болған. Осындай сын сәтте Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев сынды ағаларымыз құлдықты көксейтіндерге батыл уәж айтып, ұлт мәселесін төтесінен қоя білді. Буырқанған егемендік рух пен құлдық сана арпалысқан сессияда Декларациядағы 17-бап сегіз сағат бойы талқыға түсті. Кеңестер Одағының талқаны таусылмай жатып, одақтас республикалардың кейбірі тәуелсіздік туралы заңдарды қабылдап үлгерген-ді. Сөйтіп, КСРО дейтін қараңғы қапастан егемендіктің 15 гүлі қауызын жарып, бүршік атты. Мемлекеттік егемендік туралы құжат республиканың егемендігін баянды еткен тұңғыш заңнамалық акт болды. Бұл құжат бойынша Қазақстан елі халықаралық қатынастарда дербес толыққанды объекті ретінде сыртқы саясатта өзінің мүдделерін айқындап, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға мүмкіндік алды. Еліміз егемендік Декларациясы арқылы табиғи байлығымызды, экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетін толық меншігіне алды. Қазақстан территориясындағы барлық әскери құрылымдар мемлекет қарамағына өтеді. Декларация бойынша Қазақстан территориясында егемендікке қайшы келетін КСРО заңдарының күші жойылды. Декларация орталыққа бағынышты күйден арылтып, Мәскеумен жаңа жағдайда тең әріптес ретінде ынтымақтастыққа қол жеткізді. Сонымен, Мемлекеттік егемендік Декларациясы – егемендікті білдіретін құр мәлімдеме амбиция ғана емес, шын мәнінде, заңдық күшке ие маңызды құжат. Сондықтан да егемендік туралы Декларациясы, кейін 1991 жылдың 16 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Декларациясымен терең үндестік тапты.
Қазақ мемлекеттілігі бүгінгі Тәуелсіздікке кейбіреулер ойлағандай КСРО-ның күйреуінің нәтижесінде ғана жеткен жоқ. Оның тамыры тереңде жатыр. Өйткені, тәуелсіздік үшін күрес кеше ғана басталып, бүгін аяқталған жоқ. Бүгінгі Қазақстан аумағын ежелгі замандардан бері мекендеген тайпалар мен ұлыстардың кезінен бастап-ақ ұлан дала үшін, оның кеңістігі мен әрбір сүйем жері үшін қан төгіп, жан алысқан күрестер болды. Біздің бүгінге дейінгі тарихымыз Еуразия төрінен ойып тұрып орын алған жеріміз үшін, еліміз үшін, келешек ұрпақ үшін ұлт-азаттық күрестерге толы болатын.
Қазақ халқы қазіргі аумағына басқа жақтан ауып немесе басқыншылық жолмен келген жоқ. Олар ғасырлар бойы осы жерді мекендеген тайпалар мен халықтардан қалыптасты және олардың қалыптасу тарихы мейлінше терең және күрделі. Біздің халқымыз тарихтың сан қилы соқпақтарының қиын да жанкешті және жеңісті де жемісті жолын кешті. Бұл жол негізінен бүгінгі тәуелсіздігімізді және бүкіл әлем мойындаған мемлекетімізді құру жолындағы күреспен өтті.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ғана Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы дербес, егеменді мемлекетке айналды. 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғанф сәттен бастап мемлекеттіліктің негізгі нышандарының қалыптасу барысы жүрді. XX ғасырдың 90-жылдарының басында Еуразия құрлығының ұлан-байтақ аумағында социалистік деп аталған бір мемлекеттік-құқықтық жүйе сапалы әрі мазмұнды өзге бір мемлекеттік-құқықтық жүйемен ауысты. Бұл Кеңес Одағы ыдыраған соң және бұрынғы одақтас республикалардың негізінде дербес егеменді мемлекеттер құрылғаннан кейін жүзеге асты. Бірнеше жылдың ішінде тарихта өте сирек кездесетін екі оқиға орын алды. Біріншісі – құдіретті, астам держава деп есептеліп келген одақтас мемлекет бір сәтте құлады. Екіншісі – бір федеративтік мемлекеттің орнында 15 дербес мемлекет құрылды. Соған сәйкес ескіні ысырып, оның орнына жаңа тұрпатты мемлекет пен жаңа құқықтық жүйені жасақтаудың объективті қажеттігі пайда болды.
Мұрат МҰХАМЕДОВ, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, саяси ғылымдар докторы, профессор.