Жеңіл киім бұйымдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 07:40, курсовая работа

Краткое описание

Еліміздің өркениетті елу елдің қатарына қосылу бағытындағы мәселелердің бірі техниканың, ғылымның жаңа бір бағытта дамып, өз даму жолында белгілі бір жүйені құрауы. Өскелең жастарымыздың рухани, мәдени, эстетикалық талғамдарының жетілуіне ықпал жасау. Ол үшін қазіргі таңда ұрпақты шеберлікке, жоғары талғамды технология үрдісін дамыта білетін, осы жолда жетістіктерге жетіп, келер ұрпаққа өнеге боларлықтай етіп тәрбиелеу, үйрету қажет. Осылай біз ұлттық мәдениет, өнерімізді дамыту арқылы ұлттық санамыздың берік қалыптасуына да ықпал жасаймыз. Оларға бағыт беріп сол бағыттағы мақсаттарды түгелімен атқарып отырса, біздің өнер, қол өнер саласы жаңа қырынан, жаңа саласынан бағыт алып қазақи менталитетті, қазақ үлгісін көрсетіп танылар еді.

Содержание

КІРІСПЕ………………………….……………………………………………3
1. ЖОБАЛЫҚ БӨЛІМ .....................................................................................5
1.1.Мода тенденциялары……………………………………………………..5
1.2.Стиль мінездемесі.....……………………………………………………..8
1.3. Модель эскизі. Сыртқы түріне сипаттама..............................................11
1.4. Мата таңдау ...................................…………………………………..….13
2. КОНСТРУКТОРЛЫҚ БӨЛІМ .............................................................….15
2.1. Бастапқы мәліметтер…………………………………………………....15
2.2. «Burda» сән журналымен жұмыс істеу технологиясы..........................18
2.3.Пішім бөлшектерінің спецификациясы…………………….…………..21
2.4.Материалдың жұмсалуын нормалау..……………………………….….22
3. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ......................................................................24
3.1.Құрал жабдық пен өндеу режимін таңдау.................………………..…24
3.2.Бұйым дайындауының технологиялық бірізділігі ................................24
3.3.Бұйым дайындаудың технологиялық карталары…......…………….….25
4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ.......................................................................40
4.1.Бұйымның өзіндік құнын анықтау………………………….…….…….40
4.2.Экономикалық талдау.......………………………………..……………...40
Қорытынды………………………………………..……….……….…………41
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………….…………………………..42

Прикрепленные файлы: 1 файл

КурсТИШИ--.doc

— 7.25 Мб (Скачать документ)

 

 

4.2. Экономикалық талдау

Қазақ халқының киiмi басқа  ұлттардан өзгеше өзiндiк қасиетке толы. Мұның басты себебi қазақ халқының табиғат төсiнде өсiп, еркiн ғұмыр кешуімен байланысты. Өткен ғасырлардың өзінде-ақ киіміне қарап адамның ұлтын ғана емес, сонымен қатар оның қандай дінді ұстанатындығын, қала адамын ауыл тұрғынынан, бойжеткенді жас келіншектен айыруға болатын еді.

Қазақтың  ұлттық киімдерін жас пен жыныс  ерекшелігіне қарай: сәби, бала кездегі  киімдер, жігіт, қыз боз бала дәуірінің  киімдері, орта жас, сар кідір кезеңдегі  киімдері деген сияқты түрлерге жіктеуге болатындай. Сондай-ақ қандай кәсіби салаға қатыстылығына қарай – жұмыс киімдері, бір киер сәндік киімдер, үй киімдері, іш киімдер, сырт киімдер, аңшы, малшы, басшы, жауынгер киімдері деп те бөлінеді. Жыл мезгіліндегі тұтынысына қарай жаздық, қыстық, күз-жазғытұрымғы (демисезондық) киім деп ажыратылады. Адамның дене мүшелеріне сәйкес бас киім, ұлы дене киім, аяқ киім деп жіктеледі.

Осы курстық жұмысты орындау барысында әйелдерге арналған фальклорлық стильдегі жамылғы тігілді. Бұл ұлттық киім үлгісі көктем немесе күзгі маусымда киюге арналған, қызыл түсті шұға матадан тігілген. Осы жылы мата фактурасы ерекше орында және сән үлгінің оригиналды бөлшектеріне көп көңіл аударылған. Бұйымның өзіндік құнын есептеу экономикалық тиімділігін алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Әр адам өзінің қалаған киімін өзінің ойындағы бағасына сатып алғысы келеді. Бірақ, өкінішке орай, қазіргі заманда дүкендердегі киімдер оның тиісті бағасынан әлдеқайда жоғары болып табылады. Сапасы жоғары, сәнді, әдемі, адам тұлғасына жарасымды, бағасы арзан киімдер кию қазіргі заманда өте қиын. Мысалы, сыртқы түрі әдемі, бағасы арзан киімдердің көбісі қазір сапасыз болып келеді немесе керісінше, сапасы жоғары болса, бағасы одан екі есе қымбат. Сол себепті әр адам өзінің қалаған киімін, қалаған материалымен, қалаған уақытында  тек өзі ғана тігіп кие алады. Заманның өзгеруіне, технологияның, өндірістің дамуына байланысты өзіңізге киім тігіп кию қиынға соқпайды.

Бұл ұлттық нақыштағы  жамылғы осы тенденцияның барлық сұраныстарына жауап береді, яғни нәзіктікті, сәнділікті, ерекше формадағы пішімді және ыңғайлылықты көрсетеді.

Әйелдерге арналған фальклорлық стильдегі ұлттық киім пішімі еркін қонымды. Өнделетін бұйым эксплуатациялық, экономикалық және эстетикалық талаптарға сай болуы қажет.Сондықтан бөлшектердің конструктивтік шешімі, бұйымды өңдеуде прогресшіл әдістерін және ең замандас жабдықтауды қолдану, яғни конструкторлық және технологиялық дайындауда аз шығындар кетіре отырып, жоғары еңбек өнімділігін және аз өзіндік құнын көрсету керек.

Әйелдерге арналған жамылғыны тігу үшін материалға 1700 теңге қаражат жұмсалды, ал қазіргі нарықтың бағасымен салыстырсақ бұған ұқсас ұттық киімнің құны орташа алғанда 3500-4000 теңге тұрады, сонда бұйымды тігу өте үнемді болып отыр,өзімде 1800-2300 теңге қалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Халық үшін тауар мен  қызмет көрсету бойынша тігін  индустриясы алдынғы орында. Киім адамның өмір сүруіне аса қажетті  негізгі құралдардың бірі. Кез  келген әйел адам өзінің киімде стилін және өзіне сәйкес модельді таңдай алады. Ақырғы он жыл ішінде сән заманауи киімге үлкен өзгерістер енгізді, әйелдер мен ерлердің мерекелік пен күнделікті киімнің арасындағы айырмашылықты бұзды.

Өзіне жаңа модель таңдау және оны жүзеге асыру – өте  қиын және қызық шығармашылық процесс. Сән журналдарының көптігіне қарамастан өзіне арнап жаңа көйлекті таңдау шешімі қиынға түседі.

Мен осы курстық жұмысты  орындау барысында қазіргі заманның мода тенденцияларын және әртүрлі стильдерді қарастырдым. Бүгінгі күнде әр адам өзінің таңдауы бойынша кез келген стильде киіне алады, өзінің стилін табу үшін көптеген сән журналдарын қарастырып жан дүниесіне жақынын таңдай алады. Мен классикалық стильдегі астарлық жакет пен белдемшені таңдадым. Өйткені бұл стиль өзгеше және маған ұнайды. Жакет пен белдемшеге костюмдік матасы таңдалды, себебі оның сыртқы көрінісі әдемі және қолдануға ыңғайлы. Әрине бұл бұйымды тігу үшін қажетті өлшем бірліктерді «Burda» сән журналынан алдық, қалай жұмыс жасауын конструкторлық бөлімде қарастырдық. Ал технологиялық бөлімде жакет пен белдемшенің бөлшектерін және оның дайындау бірізділігінің технологиялық картасын жасадық. Бұйымның өзіндік құнын анықтау үшін экономикалық бөлімде есептеу жүргізіп, оны  тігудің тиімділігін талдауда дәлелдедім.

Қорыта айтқанда, таңдалып тігілген жакет пен белдемше форма, түс, материалы жағынан үйлесімді және ортақ образға тән. Ең бастысы менің көңіліме жақын және жан дүниемді ашады.

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Тілеубекұлы Т. Қазақтың  ою-өрнектерімен  зергерлік бұйымдары.  Оқу құралы. -Алматы. - 2007;

2 Ысқақова Ы. Сырмақ өнері.

3 Тасмағамбетов. Қазақ  халқының дәстүрлері мен әдет  –ғұрыптары. «Мәдени мұра». Тарих және этнография.

4 Мектептегі технология .Журнал №12. 2011 12-15 бет;

5 Мектептегі технология. Журнал №9. 2011 4-7 бет;

6 Мектептегі технология. Журнал №12. 2007 10- 14 бет;

7 Мектептегі технология.Журнал № 6. 200718-19 бет;

8 Мектептегі технология. Журнал №3 .2006 21-26 бет;

9 Мектептнгі технология. Журнал № 4. 2008 13-18 бет

10 Сатқанов О. Еңбек  сабағында қазақ өнеріне баулу.-Алматы.-1992;

11 Райымбергенов А т.б. «Мұрагер» бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. - Алматы.- 2004;

12 Жұмахан К. Қолөнер  материалын технология сабақтарында  оқытудың теориялық негіздері;

13 Ұзақова А.С. Тігін  өндірісінің техникасы мен технологиясы.- Шымкент. ОҚҮББИ- 47 б

14 3.Л. Скотланд.,  “Модельер – конструктор” Издательство Эксмо, 2005

15 В. К.Соломина., “Шью  для всей семьи” Астрель, Москва 2006

16 А.Т. Труханова.,  “Әйелдердің  және балалардың жеңіл киімдерінің  технологиясы.”, 1990.

17 «Кәсіпке баулу» журналы №5.2006, 29бет

18 Мальцева Е.П. Тігін  өндірісінің материалтануы. Алматы, Рауан, 1993ж.-243б

19 Байтанаева М.А. \Тігін бұйымдарды дайындау техгологиясы. Курстық жұмысты орындау үшін әдістемелік нұсқаулар. – Павлодар, 2008.

20 Казахско-русскии, русско-казахский терминологический словарь:/под общей редакцией д.п.н.,проф. Кусаинова А.К.-Алматы: Респ-е гос-е изд-во «Рауан»2000.-280с.

21 Қуатбекова  Л., Келесова Ү.\Тігін бұйымдарының  технологиясы: зетханалық жұмыстар.–Астана:  Фолиант, 2010. – 160 бет.

22 НұржасароваМ., КучарбаеваК.,Рүстемова А.\Киім дайындау  технологиясы (Сәнгер-құрастырушыларға  арналған): Оқу құралы.-Астана: Фолиант, 2008.-288 бет\

23 Өстеміров  К.т.б технология:Дидактикалық материалдар.  Жалпы білім беретін мектептердің 8 сыныбына арналған оқу құралы.Алматы: Мектеп баспасы 2004-88 бет.

24 Кучарбаева  Қ.,Амреева Т.,Чимекеева Г\Әйелдер  және балалар киімдерін дайындау  технологиясы: Оқулық–Астана: Фолиант, 2010.-384 бет.

25 Оралбаева  А., Әбдіжаббарова С.\Тігін өндірісінің  жабдықтары: Оқулық.–Астана: Фолиант, 2008–224 б.

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Жеңіл киім бұйымдары