Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2013 в 14:38, реферат

Краткое описание

Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
Табиғи сипаттағы ТЖ - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

тотенше жаг турлері.docx

— 29.34 Кб (Скачать документ)

- жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды ұйымдастырады;

- төтенше жағдайлардың  пайда болуына әкеп соққан  аварияны, зілзала мен апатты  тергеуге қатысады;

- халықты және ұйымдарды  қажетті қауіпсіздік, ТЖ алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар етеді;

- ТЖ алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды жергілікті қорлардан қаржыландыруды жүзеге асырады;

- материалдық-техникалық, азық-түлік медициналық және басқа ресурстардың жергілікті қорларын құрады және пайдаланады;

- ТЖ салдарынан зардап шеккен халықтың және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын, азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге келтірілген зиянның өтелуін, медициналық қызмет көрсетуді, ТЖ аймақтарында тұрғаны және жұмыс істегені үшін өтемақылар мен жеңілдіктер алуды өз құзыреті шегінде қамтамасыз етеді;

- ТЖ жойылғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асырады.

15-бап. Ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болжау

Табиғи және техногендік  сипаттағы ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен ТЖ-дың деректер банкін жасау, ТЖ болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ болжау қызметі (сейсмикалық қызмет, сел жүретінін хабарлау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік оргндардың жанынан құрылады және ТЖ алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.

18-бап. Табиғи және техногендік  сипаттағы ТЖ саласындағы қорғану шаралары

Табиғи және техногендік  сипаттағы ТЖ пайда болған кезде қатер қауіпін, шығындар мен залалды мүмкін болғанынша барынша азайту үшін мынадай қорғану шаралары жүзеге асырылуға тиіс:

- сейсмикалық жағынан берік құрылыстар салу және үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық беріктігін күшейту;

- гидротехникалық және инженерлік геологиялық қорғану шаралары;

- көлік қауіпсіздігін  қамтамасыз ету және көлікте  ТЖ болғызбау үшін коммуникациялар жүйелерін жетілдіру;

- қауіпті өндірістік объектілердегі қорғану шаралары;

- өрттерге (жарылыстарға), індеттер мен малдың жұқпалы ауруларына, ауыл шаруашылық өсімдіктері мен ормандардың кеселдермен және зиянкестермен зақымдануына жол бермеу шаралары;

- арнайы уәкілдік берілген  органдардың міндетті күші бар  нұсқамаларында көздеген басқа да шаралар.

Ұйымдар мен азаматтардың төтенше жағдайлардың пайда болу қатеріне байланысты қызметі міндетті түрде сақтандырылуға тиіс

VI.Төтенше  жағдайлар салдарынан зақымданған  тұрғын үйлерді қаржыландыруға қажет құжаттар тізімі

I-Ауыл әкімдігі дайындайтын  құжаттар 

  1. Ауыл әкімінің аудан, қала әкіміне төтенше жағдай туралы орын алғандығы туралы қатынас хаты.
  2. Меншік иесінің аудан әкіміне жазған өтініші.
  3. Тұрғын үйге меншік иесінің жеке куәлігінің көшірмесі.
  4. Меншік иесінің салық төлеуші куәлігінің (РНН) көшірмесі.
  5. Зардап шегушінің сол елді мекенде, сол үйде тұратынын және жанұя мүшелерінің санын растайтын ауыл, қала әкімдігінен анықтама.
  6. Үш-төрт көршілердің орын алған төтенше жағдайларды растайтын түсініктемелері.
  7. Зақымданған үйдің жарамсыздық (дефектный) актісі.
  8. Шығын көлемін көрсететін есеп (лицензиясы бар мекеме).
  9. Жылжымайтын мүліктерді тіркеу орталығында үйдің зардап шегушінің атына тіркелгендігі туралы анықтама (нотариуспен расталған).

Информация о работе Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары