Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 07:50, реферат
Топырақ өңдеу – ауыл шаруашылық дақылдарының өсіп-өнуіне қолайлы жағдайлар жасау үшін топырақ өңдеуші машиналар мен құралдардың жұмысшы органдары арқылы топыраққа механикалық әсер ету. Топырақ өңдеу егісті арамшөптерден тазартуға, ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауру таратушыларды жоюға, сонымен қатар өсімдік қалдықтарының, шымның, тыңайтқыштар мен гербицидтердің топыраққа сіңіп кетуіне және ауыл шаруашылық дақылдары тұқымының белгілі бір тереңдікке енуіне мүмкіндік береді.
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Топырақта аудару, тығыздау және микрорельеф қалыптастыру
2. Көктемде топырақты негізгі өңдеу
3. Топырақты егіс алдында өңдеу.
III.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Топырақта аудару,
тығыздау және микрорельеф
2. Көктемде топырақты негізгі өңдеу
3. Топырақты егіс алдында өңдеу.
III.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Топырақ өңдеу – ауыл шаруашылық дақылдарының өсіп-өнуіне қолайлы жағдайлар жасау үшін топырақ өңдеуші машиналар мен құралдардың жұмысшы органдары арқылы топыраққа механикалық әсер ету. Топырақ өңдеу егісті арамшөптерден тазартуға, ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауру таратушыларды жоюға, сонымен қатар өсімдік қалдықтарының, шымның, тыңайтқыштар мен гербицидтердің топыраққа сіңіп кетуіне және ауыл шаруашылық дақылдары тұқымының белгілі бір тереңдікке енуіне мүмкіндік береді. Топырақ өңдеу қаншалықты тереңдікте жүргізілуіне байланысты: негізгі – жер жырту, топырақты қопармай тереңнен қопсыту, т.б.; беткі қабатты сыдыра жырту, қопсыту, тырмалау, т.б.; арнайы – тереңнен қопара жырту, т.б. болып ажыратылады.
Топырақ өңдеудің қопсыту, үгіту, аудару, тығыздау, егістік бетін тегістеу, топырақты араластыру, арамшөптерді кесу, топырақ бетінде өсімдіктің қысқа сабақтарын қалдыру, микрорельеф қалыптастыру, т.б. түрлері бар. Қопсыту – топырақ бөліктерінің өзара орналасуын соқа, қопсытқыш, көп пышақты топырақ өңдегіштің көмегімен топырақта ірі кеуектілік пайда болатындай етіп өзгерту. Үгіту – қатып қалған ірі кесек топырақтарды ұнтақтау, ұсату. Қопсыту, аудару, араластыру жұмыстырмен бір мезгілде жүргізіледі.
Аудару, тығыздау және микрорельеф қалыптастыру
Аудару – құрамындағы суы, қарашіріндісі, қоректік заттармен микроорганизмдеріне қарай ерекшеленетін топырақ қабаттарын тік бағытта орнын ауыстыру. Тығыздау – топырақ бөліктерінің өзара орналасуын топырақта азғантай кеуектілік пайда болатындай етіп өзгерту. Егістік бетін тегістеу – топырақтағы тегіс емес жерлерді жөндеу; сүйреткі, ысырма, тырма, таптауыштардың көмегімен атқарылады. Топырақты араластыру – органик. заттар, тыңайтқыштар, әктің ыдырау өнімдері біркелкі таралып өңделетін біртектес қабат жасау. Арамшөптерді кесу қопсыту, аудару, топырақты араластыру жұмыстарымен қатар жүргізіледі. Топырақ бетінде өсімдіктің қысқа сабақтарын қалдыру кескіш-қопсытқыштың, тереңнен қопсытқыштың, аударғыштардың, тісті тырманың көмегімен орындалады.
Микрорельеф қалыптастыру (атыз, жүйек, жал, саңылау, ұя) топырақтың ауа және су режимін реттеу үшін жасалынады. Жыртуға арналған қуатты қабат қалыптастыруда табиғи құнарлылығы төмен тұзды және шымтезекті топырақтарды құнарландыру үшін арнайы Топырақ өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін топырақтың бетіне немесе біршама тереңдігіне әр түрлі тыңайтқыштар енгізіледі. Өңдеу үшін атқарылған жұмыстардың жиынтығын Топырақ өңдеу жүйесі деп атайды. Жаздық, күздік, т.б. дақылдардың Топырақ өңдеу жүйесі әр түрлі болады. Суармалы, қайтадан тыңайтылған жерлердің, эрозияға қарсы, т.б. Топырақ өңдеу жүйелері де бар. Топырақтың жыртылған қабатының борпылдақ жағдайда болуы барлық отамалы дақылдар үшін (қант қызылшасы, картоп, жүгері, т.б.) қажет болса, басқа көпшілік дақылдарға топырақтың беткі қабатының құрылымы уақ түйіртпекті болғаны қолайлы. Міне, сондықтан да отамалы дақылдар аралығын жиі өңдегенде, топырақ беті борпылдақ күйінде сақталады. Кейде топырақ қабатындағы ылғал тез буланып, ауаға ұшқанда оның бетін тырмалап, борпылдақ етеді, сонда оның бетінен ылғалдың булану мөлшері төмендейді. Ал керісінше топырақ бетінен ылғал тез буланып кету үшін оның бетін ауырырақ техникамен өңдеп (малалау) тығыздайды. Сонда топырақ қабатындағы капиллярлар (қылтүтіктер) бір-біріне тез жалғасып, оның құрамындағы ылғал ауаға тез ұшады. Әдетте топырақты мұндай өңдеулер топырақ беті бос, егіс егілмей тұрған кезде немесе арнайы егіс егілмейтін сүрі жер танабында жүргізіледі. Топырақ өңдеудің басты мәселесі жерді жырту сол егістік орналасқан аймақтардың табиғи жағдайларына тікелей байланысты. Мысалы:Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы дәнді дақылдар өсірілетін негізгі егістіктер жел эрозиясына қатты ұшырайтындықтан, негізінен қайырмалы соқамен жыртылмай, жай қопсытылады. Ал оңтүстік аудандардағы еңіс тау беткейлерінде су эрозиясы болмас үшін, жерді жыртқан кезде жырту бағытын беткей еңісіне көлденең етіп жырту немесе жемісті ағаштарды қолдан жасалған сатылы белдеулерге (терраса) орналастыру тәжірибесі қолданылады. Кейбір жағдайларда топырақ құнарлылығын топырақ ортасының жағымсыз реакциялары да кемітеді. Мысалы: солтүстік аймақтарда топырақ ортасының қышқылды реакциясы басым болса, оңт. құрғақ шөлді аймақтарда керісінше сілтілі реакция басым түсіп, топырақ құнарына теріс әсер етеді. Бұл жағдаймен күресу үшін қышқылды топырақтардың сол қабатына қажетті мөлшерде әк енгізілсе, сілтілі топырақтардың қабатына тиісті мөлшерде гипс енгізіледі. Бұл шаралар топырақты химиялық жақсарту деп аталады. Ал егістік жерлердегі көбейіп кететін арамшөптермен күресу үшін ауыспалы егіс жүйесінде арнайы сүрі жер танабы енгізіліп, жыл бойы әр түрлі өңдеулерден өтіп, арамшөптерден тазартылады. Топырақ өңдеудің біршама күрделі шаралары суармалы егістік жерлерде жүзеге асырылады. Көктемде және тұқым себер алдында топырақ өңдеу үшін тырмалау, тырмалап қопсыту, тегістеп қопсыту жұмыстары жүргізіледі. Тұқым себілгеннен кейін топырақты нығыздап, жер бетіне өскіні шыққанға дейін және шыққаннан кейін де тырмалайды. Қайтадан тыңайтылған жерлердегі Топырақ өңдеу жұмыстарына шымтезекті-батпақты және жайылма, орманды және тыңайған жерлердегі өнімділігі аз топырақтарды өңдеу жатады.
Көктемде топырақты негізгі өңдеу
Қазақстан мен Сибирьдің қатты қуаңшылықты аудандарында дәнді және басқа дақылдарға арналған танаптарда топырақты көктемде өңдеу оның жел эрозиясынан қорғалуын қамтамасыз етуге негізінен оның үстіңгі қабатын ылғалсызданудан сақтауға, сондай-ақ арамшөптердің көгі мен сүйріктерін толық жоятын болуға тиіс.
Топырақты көктемде бірінші өңдеу. Қар еріп көктемгі қар суы жиналғаннан кейін топырақ мейлінше қанып ылғалданады. Алайда көктемде, әсіресе ауа-райы құрғақ және желді болған кезде, ол ылғалын тез жоғалтады. Жыртылған қабат неғұрлым қопсу және танаптың кесекті беті кедір-бұдыр болса, яғни күзде қайырмалы плугпен жыртылған танаптарда топырақ ылғалы соғұрлым мол жоғалады. Беткі кесекті танаптарды көктемде тырмалау шамалы кешіксе-ақ көп ретте топырақтың үстіңгі қабаты қатты кеуіп, тұқым сепкен кезде құрғақ топырақтың астына түседі де, бір тегіс көктей алмай қалады.
Қайырмалы плугпен жыртылған танаптарда, сондай-ақ парларда үлкен кесектерді майдалау, егістіктің бетін тегістеу, төменгі қабаттарды құрғап кетуден сақтау үшін топырақты қопсыту қабатын жасау мақсатымен көктемде бірінші өңдеуді әдетте тісті тырмалармен жүргізіледі.
Күзде плоскорезбен өңделген танаптар көктемде баяу кебеді. Егістіктің бетін жапқан орым сабақтары мен өсімдік қалдықтары топырақты құрғап кетуден қорғайды. Зерттеулерде көрсеткендей, топырақтың ең үстіңгі қабаты тезірек кебеді де, неғұрлым тереңірек қабаты тұқым сепкенге дейін ылғалын қте аз жоғалтады, кейде тіпті толығымен сақтайды. Алайда сондай танаптардың өзінде де көктемгі өңдеу қажет, бірақ оның орым сабақтарын жапырып кететін тісті тырмалармен жүргізбеу керек.
Ең қолайлы құрал БИГ-3 инелі тырмасы болып табылады, ол мұндай танаптарда орым қалдықтары қанша болғанымен, тіпті егін жинау кезінде барлық майда сабан аңызға шашылып тасталғанның өзінде де, жұмыс істей береді.
Күзде сүдігер жыртудың көктемде
жерді негізгі өңдеумен салыстырғандда
әлдеқайда артықшылығы бар
Сондай –ақ, күзде ауа –райы салқын болып, дақылдар кеш піскенде сүдігер өңдеуге танаптар уақытында босай қоймайды, ал олар босаған кеде жауын-шашын басталып, арты қарға айналады.
Көктемде топырақты негізгі өңдеу тереңдігі сүдігер өңдеуден таяз болу керек.
Көктемде топырақты негізгі өңдеу міндетті түрде тырмалаумен бір мезгілде жүргізілуі керек. Ол үшін, жазықтабан сыдыратілгіштермен өңделген танаптарда инелі БИГ-3А, ал жыртылған жерлерде ЗБСС-1,0, ЗБТС-1,0 тісті тырмаларды қолданылады.
Жер ауыл шаруашылығы дақылдарының өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасау үшін машиналар мен өңдеу құралдарының жұмыс органдарының механикалық әсері арқылы өңделеді.
Топырақ тұқым себер алдында өңдеуге арналған құралдар – топырақтың тығыздығына және алқаптың ылғал мөлшеріне байланысты қолданылады. Тұқым себер алдында топырақ физикалық жағдайы мен оның типіне байланысты әр түрлі қопсытқыштармен өңделеді, жұмыс органдары топырақта бірдей тереңдікте жүрмесе, әр түрлі қалыңдықта үгітіліп және беткі қабаты нашар тегістеледі. Сөйтіп тұқым себер алдындағы өңдеу топырақ физикалық жағынан дайын болған кезде басталады. Бұл уақытта өңдеудің сапалы жүргізілуі үшін қосымша шаралар қолдану қажет.
Топырақты механикалық
өңдеу бірінші кезекте
Топырақтың тығыздығы, яғни көлемдік салмағы оның механикалық құрамына, органикалық заттар мөлшеріне, түйіртпектілігіне және бірікпесіне байланысты және ол қуыстылыққа әсер етеді. Топырақтың салмағын есептедік, яғни оның қуыстылығы есепке алынбайды. Сондықтан топырақтың көлемдік салмағы оның салыстырмалы салмағынан аз болады.
Топырақты егіс алдында өңдеу.
Қазақстанда, Сибирь мен Оңтүстік Оралдың далалы аудандарында дәнді дақылдарды баптап өсіру үшін пар танаптары мен күзде плоскорезбен өңделген танаптарды егіс алдында өңдеудің зор маңызы бар. Бүкіл осы климаттық аймақ үшін бір жылдық арамшөптің ішіндегі зияндысы қарасұлы болып табылады. Ғылыми мекемелердің зерттеулері совхоздар мен колхоздардың практикалық тәжірибиесі егіс алдындағы өңдеуді дұрыс және уақытылы жүргізген жағдайда қарасұлының көгін едәуір мөлшерде құртуға және егіннің онымен ластануын шұғыл азайтуға, ал бірсыпыра реттерде толық дерлік жоюға болатынын айқын дәлелдейді. Жаздық бидайдың тұқымын себуден бұрын танапты егіс алдында өңдеу керек, оны негізінен қарасұлы жаппай көктеп шыққаннан кейін жүргізген жөн. Соның өзінде жаздық бидай мен басқа да дәнді дақылдардың тұқымын сол аудан үшін ең қолайлы агротехникалық мерзімде себу қажет.
Қарасұлы басқа танапта егіс алдында өңдеудің және тұқым себудің мерзімдеріне байланысты жаздық бидайдың шығымдылығын және егістің қарасұлымен ластануы
Егіс алдындағы культивация мен тұқым себу мерзімі |
Өнім ( 1 гектардан ц) |
Қарасұлымен ластануы ( 1 м³-дегі сабағының саны) | ||||
1961 ж. |
1962 ж. |
Орташа 2 жылғы |
1961ж. |
1962 ж. |
Орташа 2 жылғы | |
2 май |
5,5 |
16,9 |
6,2 |
155 |
272 |
213 |
15 май |
11,6 |
10,4 |
11,0 |
65 |
114 |
89 |
22 май |
15,0 |
10,6 |
12,8 |
22 |
13 |
22 |
Кестеде келтірілген деректерден көрініп отырғандай, қарасұлы басқан танапта тұқымды ең қолайлы мерзімде -22 майда сепкенде егіннің шығымдылығы ерте сепкендегіден 2-3 есе жоғары болды, ал егістің қарасұлымен ластануы орта есеппен 2 жыл ішінде 10 есе кеміді. Жаздық бидайдан гөрі өсу дәуірі неұрлым қысқа жемдік дақылдарды- сұлы мен арпаны егу алдынан өңдегенде қарасұлы неғұрлым ойдағыдай және неғұрлым көбірек жойылады; сұлы мен арпаны егудің ең қолайлы мерзімі 25-30 майға дөп келеді.
Егіс алдында өңдеудің тереңдігі, барлық жерде қолданылып жүргендей, тұқымның тасталған тереңдігінен әрі болмауға тиіс, өйткені құрғақшылық жағдайда топырақтың егіс алдында өңдеумен қопсытылған бүкіл қабаты тұқым сепкенге дейін кеуіп кетіп, себілген дақылдардың сирек көктеуіне соқтыруы мүмкін. Егіс алдында өңдеу үшін қолда бар құралдардан ең тайыз деңгейге лайықтай отырып, КПП -2,2 және ҚПЭ-3,8 культиватор-плоскорездерін пайдалануға болады. Алайда аталған құралдарды өңдеу тереңдігін 7-8 см етіп тиянақтау қиынға соғады. Сондықтан оларды нақ сол танапта тұқым СЗС -9 немесе СЗС-2,1 аңыздық сеялкасымен себілетін болса ғана, егіс алдында өңдеу үшін қолдануға болады. Топырақты ҚПЭ-3,8 культиваторымен өңдегенен кейін егістіктің беті едәуір жалданып , оны тегістеу жұмысын арамшөптердің қалғанын қоса құртатын ҚШ-3,6 штангалы культиваторымен атқаруға болады.