Тігін жабдықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 12:35, реферат

Краткое описание

Тігін машиналары жіктелім бойынша екіге бөлінеді: арнайы тігін машиналары және әмбебап тігін машиналары. Арнайы тігін машинасына белгілі бір технологиялық операция жасайтын: ілмекті торлау, түйме қадау, торлау, жасырын тігісті және тағы басқа машиналар жатады.
Торлау машиналары әр түрлі бұйымдарды тіккен кезде, қиықтарын торлау үшін қолданады. Торлау машиналары былайша жіктеледі, олар:

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тігін жабдықтары.docx

— 21.20 Кб (Скачать документ)

Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институты

 

 

   

 

Кафедра: Кәсіптік білім және Дизайн

 

 

СӨЖ

Тақырыбы: Арнайы тігін машиналары

Орындаған: Аманбек Ә.Б.

Қабылдаған: Жанқожаева А.Қ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тараз

Тігін машиналары жіктелім бойынша екіге бөлінеді: арнайы тігін машиналары және әмбебап тігін машиналары. Арнайы тігін машинасына белгілі бір технологиялық операция жасайтын: ілмекті торлау, түйме қадау, торлау, жасырын тігісті және тағы басқа машиналар жатады.

Торлау машиналары әр түрлі бұйымдарды тіккен кезде, қиықтарын торлау үшін қолданады. Торлау машиналары былайша жіктеледі, олар:

  • Бір жіпті тізбекті айқаспалы торлау;
  • Екі жіпті тізбекті айқаспалы торлау;
  • Үш жіпті тізбекті айқаспалы торлау;

Тері үлбірін қайып тігу кезінде бір жіпті тізбекті айқаспалы торлау машинасы қолданады. Пальто және костюм қиықтарын торлау кезде екі жіпті тізбекті айқаспалы торлау машинасы қолданады. Көйлектік, ішкиімдік, трикотаждық бұйымдарды тіккен кезде үш жіпті тізбекті айқаспалы торлау машинасы қолданады. Бір жіпті тізбекті айқаспалы торлау тігісі тез тарқатылады. Оны жабық тігістерде қолданылады. Екі және үш жіпті тізбекті айқаспалы торлау тігістері тез тарқатылмайды, сондықтан онымен тез сетінейтін бұйымдарды торлайды.

 

51 класс торлау машинасы  көйлектік, ішкиімдік, трикотаж бұйым  бөліктерінің қиықтарын екі немесе  үш жіпті тізбекті айқасуымен  торлайды. Машинаны «Подольск» концерні  шығарған.

51 класс машинасының техникалық  сипаттамасы:

  Тепшім ұзындығы – 1,5-4мм;

  Торлау ені – 3-6мм;

  Материал қалыңдығы – J2,5мм;

  Ине 0029N60-75/ГОСТ 22249-82Е;

  Негізгі білік жылдамдығы  – J3500теп/мин;

  Ине механизмі –  айналшақты-иінтемірлі;

  Ілмек механизмі –  тербелісті.

  Матаны жылжыту механизмі  – дифференциалды екі рейкалы  типті;

  Пышақтар механизмі  қайшы сияқты жұмыс атқарады.

51 класс машинасының  жіпті сабақтау тізбегі:

  1. Стрелка бойынша тізбектелген пластинка жіпбағыттаушы мүйіз иығы артынан саңылауы арқылы жоғарыдан төмен жіп өтеді.
  2. Сағат тілі бойынша керу реттегіш шайбасы жіпті орайды.
  3. Пластинка жіпбағыттаушы мүйізінің сол жақ саңылауына жіпті өткізеді.
  4. Пластинка мүйізінің оң жақ саңылауы арқылы жіптартқыштың сол жағына жіпті жібереді.
  5. Инежүргізгішке бекітілген жіпбағыттаушы саңылауға жіп өткізіледі.
  6. Жіптің срңын шамамен 5см қалдырып, стрелка бойынша ине көзіне жіпті сабақтайды. Бұрандамен тепшім ұзындығы реттеледі.

51 класс машинасының  баспа табан механизмі:

Матаға баспа табанның қысымы бұрандамен қондырылады. Рейкаға қатысты баспа табан жағдайын анықтап қондыруға болады. Бұранданы босатып, машина платформасына табанды көлденең орналастырып, баспа табаның көтерілу биіктігін өзгерту кезінде, міндетті түрде қолмен шпильканы бұрап, гайканы босату керек. Егер эксцентриктік жазықтықтағы шпилька төмен бағытталса, онда баспа табанның көтерілу биіктігі көбейеді. Бұранданы бұрағанда, баспа табанның көтерілу биіктігін көбейтуге болады. Соңғы шығарылған (51А класс) машина түрінің 51 класс машинасынан айырмашылығы – ондағы матаны жылжыту бір рейкамен іске асырады.

 

CS-790 класс кәсіптік тігін машинасы пальто, костюм және көйлекті дайындаған кезде біржіпті тізбекті жасырынды айқаспалы тігіспен орындайды. Машина сырып тігу және қайып тігу операцияларының барлығын орындайды. Тіпті диаметрі 60мм жуық цилиндрлік бөліктерді өңдейді. Мұндай операцияларды CS-790 класс машинасы өзіне ұқсас басқа машиналарда жоқ цилиндрлі платформасы бар болғандықтан орындай алады.

Тепшім ұзындығы – 3-7мм;

Тігілетін материалдың қалыңдығы – 3мм;

Негізгі білік жылдамдығы – 3500теп/мин;

Инелер – 3669Е №70-100 Венгрия

CS-790 класс машинасының жіпті сабақтау тізбегі:

  1. Жіп жіпбағыттаушы саңылаудан өткізіледі.
  2. Жіп керу реттегіші сақиналарының арасынан сағат тіліне қарсы бағыт бойынша өткізіледі.
  3. Жіпбағыттаушы саңылаудан жіпті өткізеді.
  4. Жіпбағыттаушы түтіктен жіпті өткізеді.
  5. Қолмен қозғаушы жағдайына келеді.
  6. Қыспалы пластинаның жіпбағыттаушы саңылауынан жіп өткізіледі.
  7. Ине көзіне жіп сабақталынады.
  8. Егер өңделетін мата қалың болса, онда жалпы сабақталу тізбегі сақталып, саңылауға жіпті сабақтағаннан кейін саңылау жіпбағыттаушыға өткізіледі, содан кейін жіпбағыттаушы саңылауға өткізіліп және ине көзіне кіргізіледі.

CS-790 класс машинасының баспа табан және жаншып шығарғыш механизмі:

CS-790 класс машинасының ине пластинасының саңылауынан материалды басып шығаруда негізгі орган матаны жаншып шығарғыш болып саналады. Қыспалы баспа табансыз жаншып шығарғышпен жұмыс істеу мүмкін емес. Материалды жаншып шығарғыш биіктігі қондырылады, матаны көтеру биіктігін реттейтін гайканың бөлу шкаласы бар. Ине пластинасының астынан материалды салу үшін баспа табанның және жаншып шығарғыштың төмен түсу тереңдігін контргайканы босатып, бұрандамен босатқан кезде, баспа табан және жаншып шығарғыш төмен түсуі тереңдейді. Рейкамен материалды қамту көлемі 85 класс машинасына ұқсас орындалады.

Жасырын тепшімді машиналар өңір астылықты сырып тігу, астарды және көйлек бұйымдарын дайындаған кезде айқаспалы тізбекті тігісті екі жіпті және бір жіппен бүгіп тігу операцияларын орындайды. Жасырын тепшімнің кемшілігі – оның тез тарқатылуы, бірақ, тігіс бұйымның ішінде орналасады, тарқатылуы сирек болады.

 

Түйме қадауға арналған жартылай автоматты машиналар орындайтын технологиялық операциялар өте күрделі және көп еңбек сіңіруді қажет етеді. Жұмыс істеушілердің еңбегін, қол күші жұмысын жеңілдету және бұйымды сапалы өңдеу, еңбек өндірісін жоғарылату үшін жартылай автоматты тігін машиналары қолданылады. «Подольск»концерні әр түрлі конструкциялы және алуан түрлі қызметтер орындайтын жартылай автоматты машиналар шығарады, олар: 827М, 1095М, т.б. Солардың бірі 827М жартылай автоматты машинасы. Бұл машина екі жіпті қайықты айқаспалы тепшіммен тығыз бұйымдарға екі және төрт тесікті жазық бетті түймелерді қадауға арналған.

827М машинасының техникалық  сипаттамасы:

  Диаметрі – 35мм;

  Негізгі біліктің  айналу жылдамдығы – 3500айн/мин;

  Ине – 0140№90-120 ГОСТ 22249-82Е

  Ине механизмі –  айналшақты-бұлғақты;

Машинада жұмыс қауіпсіздігінің техникасын күшейту мақсатында жобаланған экран жұмысының бетіне, көзіне түйменің сынықтары тиіп кетуден сақтайды. Материал платформа бойымен қозғалады. Машинаның қосылуы – автоматтандырылған. Жартылай автоматты машина бір педальді кәсіп үстелінде орналасқан. Машина арнайы үстелге бекітілген. Жартылай цилиндрлі машина платформасында түйме ұстатқыш және материалды қозғау механизмі, планка орналастырылған. Машина екі тұтқамен бекітілген, оларды басқан кезде баспа табандар бір-бірінен шегінеді.

 

Жартылай автоматты 1095 класс машинасы

Бұл машина сырт киімдерге және ақжайма бұйымдарға екі және төрт тесікті тегіс бетті түймені бір жіпті тізбекті айқаспалы тепшіммен қадайды. Ине 20 рет тесіп өткенде, диаметрі 36мм түймені қадайды. Бұйымдарға түймелерді былай қадауға болады:

  • Бұйымға тиістіре қадау;
  • Жіптігінен қадау;
  • Түймеше салып қадау;
  • Жасырын тепшімдеу.

  Негізгі білік жылдамдығы  – 1500теп/мин;

  Ине 0141 №90-130 ГОСТ 22249-82Е

  Ине платформаға көлденең  және вертикаль бойынша қозғалады.

  Ине механизмі –  айналшақты-бұлғақты;

  Бұрғы тетігі –  тербетілмелі.

  Жіп бобинадан беріледі.

  Жіп кескіш кеңейткішпен жабдықталған.

  Оң және сол жақ  ине шаншылғанда бұру тетігі  ілмекті кеңейте бастайды.

  Сабақтау конструкциясы  күрделі.

  Түймені қадаудың  негізгі шарты – жіптің керілуі.

 

    

 

      


Информация о работе Тігін жабдықтары