Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2014 в 09:51, реферат
Талшықты материал аппараттың бір машинасынан екінші машинаға таспа түрінде беріледі. Одан қоректендіргіш торда төсем қалыптасады. Берілістің мұндай тәсілі талшықтардың жақсы араласуын және көлденең бағыттағы сызықтық тығыздығы бойынша өнімнің теңестірілуімен қамтамасыз етеді.
Таспаның қалыптасуы таспа жасағыштарда жүзеге асырылады. Бірінші тарау машинасында таспаның жасалу процесі өте қарапайым. Оның мәні түсіру барабанынан шығатын талшық ағынын ұйымдастырылмаған көлденең қоюлануында болады. Мұндай жағдайда талшықтың бойлық бағыты бар таспа жасалады.
Тарау аппараттарындағы таспаның жасалуы және төселуі
Талшықты материал аппараттың бір машинасынан екінші машинаға таспа түрінде беріледі. Одан қоректендіргіш торда төсем қалыптасады. Берілістің мұндай тәсілі талшықтардың жақсы араласуын және көлденең бағыттағы сызықтық тығыздығы бойынша өнімнің теңестірілуімен қамтамасыз етеді.
Таспаның қалыптасуы таспа жасағыштарда жүзеге асырылады. Бірінші тарау машинасында таспаның жасалу процесі өте қарапайым. Оның мәні түсіру барабанынан шығатын талшық ағынын ұйымдастырылмаған көлденең қоюлануында болады. Мұндай жағдайда талшықтың бойлық бағыты бар таспа жасалады.
Төсем жасалған кезде таспаның шеттері бірін-бірі толықтырып тұратындай етіп төсейді. Екінші машинадағыдай сияқты бірінші машинадан алынатын таспаның көлденең қимасының формасы тұрақты емес, екінші машинаның қоректендіргіш тордағы төсемнің қалыңдық бойынша тегістілігі үшінші машинадағыға қарағанда төменіріек болады. Аппараттың соңғы машинасындағы қоректендіргіш тордағы төсемнің тегістілігіне жоғары талап қойылады, себебі ол созбаның тегістілігін анықтайды. Әсіресе толығымен созбаға айналатын төсемнің көлденеңнен тегізсіздігі үлкен әсер етеді.
Екінші машинаның қоректендіргіш тордағы төсем талшықтарының көлденең бағыты болады. Талшықтардың былай орналасуы, талшықты материалдарды жақсылап араластыруға және қопсытуға өз септігін тигізеді, бірақ талшықтардың үзілгіштігі жоғарылайды.
Үшінші машинаның төсеміндегі талшықтар бойлық бағытқа қарай бағытталған. Осының нәтижесінде созба кареткасының бөлшектерінде таспаларға қабаттап бөлу жеңіл болады.
Тарамның созбаға айналуы. Тарамды бөлу
Аппаратты созбаның технологиялық кемшіліктерін сипаттайтын маңызды көрсеткіштерінің бірі – сызықтық тығыздығы бойынша оның тегізсіздігі. Ол негізінен қабаттарға бөлу процесінде пайда болатын тегіссіздік пен тарамның тегіссіздігімен шартталынады.
Тарамды бөлу процесінде пайда болатын тегізсіздік көптеген факторлар әсерінің нәтижесінде болады. Оларды екі топқа бөлуге болады: біріншісі талшықтар мен тарамның қасиеттері мен құрылымына байланысты, ал екіншісі төсемді бөлу аспабының сипаттамасымен және оны ретке келтірумен байланысты.
Егер көлденең бағытта тарамның үзілу төзімділігі аз және тұрақты болса, ал бөлу аспабы жақсы жағдайда болса, онда бөлуден созбаның тегізсіздігі нөлге қарай бағытталатын болады. Осы шарттардың бұзылуын тудыратын барлық себептер, бөлуден тегізсіздіктің пайда болуына әкеп соқтырады.
Тарамның және талшықтардың қасиеттерімен және құрылымымен байланысты факторларға мыналар жатады: тарамның қалыңдығы және оның көлденең бағыттағы тегізсіздігі, қимадағы талшықтардың саны, тарамның сапасы, талшықтардың ұзындығы, олардың түзуленуі, бағыты, үйкліс коэффицентті және талшықтар арасындағы жабысқақтық, сонымен қатар талшықтар және белдемшелер немесе цилиндр дискілері арасындағы жабысқақтық және т.б.
Бөлу аспабына жататын маңызды факторларға белдемшелердің ені және олардың керіулерінің тегістілігі, сонымен керіліс шамасы жатады.
Бөлгіш белдемшелердің жақсы жұмыс істеуімен қамтамасыз ететін маңызды және қажетті шарттардың бірі – олардың жеткілікті және тегіс керілуі. Белдемшелердің керілісі қысым шамасын анықтайды, яғни бұл белдемшелер бөлу цилиндрлерінің дискісіне тарамның жолақтарын қысады. Түйісу аймағында үйкеліс күшінің өрісі пайда болады. Әр белдемшенің үйкеліс күші өрістеріндегі кернеу жолақтарға тарамды бөлу кезінде түйісу аймағында «өз» талшықтарын ұстап қалып, көрші белдемшелерге ауысып кетуіне мүмкіндік бермеуі қажет.
Егер белдемшелер бірдей керілген болмаса, онда бөлудің бірнеше сызықтарын қиылыстырылатын талшықтар, үйкеліс күшінің өрісі жоғары белдемшелермен кетіп қалады. Осыған байланысты белдемшелердің біркелкі емес керілуінде созба жіптерінің сызықтық тығыздығы әртүрлі болады. Мұндай ақауларды болғызбас үшін бөлу белдемшелерінің біркелкі керілуін қадағалау қажет.
Есу
Қабаттардың жолақтарын есу өнімнің жүрісі бойынша айналмалы қозғалыс жасайтын және көлденең бағытта қайтымды-үдемелі қозғалыс жасайтын есу жеңдерінің жұптарымен жүзеге асырылады. Әр жұптағы жоғарғы және төменгі жеңдер қайтымды-үдемелі қозғалыс жасай отырып, бір-біріне қарама-қарсы қарай жылжиды, яғни жеңдер қарсы фазада жұмыс істейді. Белдемшелерден шыққан кезде төсем жолақтары есу жеңдері арасындағы ара-қашықтыққа түседі. Ара-қашықтық жолақтар қалыңдығынан төмен болғандықтан, олар жеңдермен қысылады және түйісу аймағында үйкеліс күштері пайда болады. Жеңдермен бірге алға жылжи отырып жолақтар нығыздалады және дөңгелек қимадағы сызбаға түйіршіктеледі. Түйіршіктелу жеңдер жұптарының қайтымды-үдемелі қозғалысының нәтижесінде болады. Түйіршіктелудің айналу санын есудің қарқындылығы деп атайды.
Есудің нақтылы қарқындылығы мына формула бойынша анықталады:
КН = K·ή = 4enbή /(πmv) = 1,27 enbή /(mv)
мұндағы, ή – созба және жеңдер арасындағы сырғуды есепке алатын бірден төмен коэффицент.
Созбаны орау
Есу жеңдерінен шығар кезінде созбаның әрбір жібі жіп төсегіштің бағыттағышары арасынан өтеді және орау білігінде жататын оқтауға оралады. Есу жеңдерінің әр жұбына бір орау білігі сәйкес келеді. Оқтауға оралған созба цилиндрлі формадағы бобинаны қалыптастырады. Бобина үйкеліс күшінің әсері нәтижесінде орау білігінен тұрақты шеңберлі жылдамдықпен айналмалы қозғалыс алады.
Жіп төсегіш орау біліктерін бойлай қайтымды-үдемелі қозғалыс жасайтындықтан, созба жіптері қиыстырылып айқаспа серіппелері түрінде оқтауға оралады. Мұндағы әр жіп айналма құрайды, ал барлық айналмалар бобинаны құрайды. Айқаспа орам өте ыңғайлы, өйткені ол жіптердің шатасып кетуіне мүмкіндік бермейді және иіруде жеңіл тарқатылады. Бобинадағы жіптер саны аппараттағы жұмыс белдемшелерінің және бобиналардың санына сәйкес келеді.
Созбаның орау жылдамдығы ϑ 0 орау біліктерінің ϑ о.б. шеңберлі жылдамдықтарының геометриялық қосындысына және жіп төсегіштің жылдамдығына ϑ Т тең. Жіп төсегішінің жылдамдығы орау білігінің жылдамдығына қарағанда төменірек және созбамен біліктерінің арасында кішігірім сырғанау пайда болады, онда ϑ 0 ϑ о.б.
Бобинаға созбаны ораудың қажетті тығыздығын қамтамасыз ету үшін, орау біліктері мен есу жеңдері арасында кішігірім созудың болуы қажет. Мұндай созудың шамасы 1,05 1,1 құрайды.
Созба кареткаларын жетілдіру бірнеше бағытта дамып жатыр. Тарау аппаратының өнімділігін жоғарылатуды ұстап тұрған себептердің бірі, әсіресе жіңішке созбаны өндірген кезде, есу аспабының жеткіліксіз қуаттылығы. Оны екі тәсілмен жоғарылатуға болады: есу жеңдерінің жұмыс аймағының ұзындығын жоғарылату есебінен, немесе эксцентрик білігінің айналу жиілігін жоғарылату есебінен.
Кейбір фирмалар есуге қабілеттілігі төмен қоспаларды қайта өңдеу үшін, екі есу жеңдері бірінен кейін бірі орналасқан кареткаларды шығарады. Бірақ мұның ең тиімді жолы эксцентрик білігінің жылдамдығын жоғарылату болып табылады, мұндай жағдайда жеңдері көлденең орналастыру механизмінің жетілдірілген кинематика және балансировканың болуы қажет, бөлшектерді дайындау дәлдігі де жоғары болуы керек, сонымен қатар жеңіл және төзімді құймаларды пайдалану қажет. Заманауи жаңа аппараттарда есу жеңдерінің өз электрқозғағышынан алатын автономды жетегі болады. Жетекте эксцентрик білігінің жылдамдығын реттеуге мүмкіндік беретін баспалдақсыз вариатор орнатылған.
Былғарыдан жасалған бөлу белдемшелерінің және есу жеңдерінің кемшіліктері бар, яғни былғары материалдарының физика-механикалық қасиеттерінің біркелкісіздігімен байланысты. Қазіргі кезде былғарыдан жасалған есу жеңдері рәзіңке жеңдермен алмастырылған. Сонымен қатар аралас синтетикалық полимерлі материалдардан жасалған бөлу белдемшелерін жасау жұмыстары жүргізілуде.
Созбаны шығару жылдамдығын 25 м/мин жоғарылатса, жасалған бобиналарды түсіру және жаңа оқтауларды қолменен сабақтау қиын. Бұл мәселе екі бағытта шешіледі. Бефама аппараттарында бобина жасалып біткенде аппараттың жылдамдығын шамамен 40%-ға автоматты түрде түсіретін арнайы қондырғы қарастырылған, яғни бобина түсірілгеннен кейін және оқтауларды сабақтағаннан кейін жылдамдық автоматты түрде бастапқы қалыпқа келеді.
Информация о работе Тарау аппараттарындағы таспаның жасалуы және төселуі