Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 23:14, реферат
«Сәндік-қолданбалы өнер» ұғымы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы алпысыншы жылдардың ортасында пайда болды. Бұған дейін ол халықтың қарапайым түсінігінде, «қолөнер» ұғымының аясында қабылданып, пайдаланылып келді. «Сәндік-қолданбалы өнер», «қолөнерінің» өңделіп жетілген формасы іспеттес болғандықтан, екеуін бір-бірінен бөлектеп қарауға болмайды, керісінше, олар бірін-бірі мазмұндық тұрғыда толықтыра түседі. Оны «қол өнер», «сәндік-қолданбалы өнер» ұғымдарына берілген анықтама-түсініктер дәлелдейді. Біз ғылыми еңбектерде осы ұғымдарға берілген анықтамаларды жүйеге келтіреміз және сәндік қолданбалы өнер, өзінің бастауын қолөнерден алады, қолөнер туындыларының ою-өрнекпен әшекейленуі сәндік-қолданбалы өнердің пайда болуына себеп болады, деп ой түйіндейміз. Ғалымдардың (К.Әмірғазин, Е.Асылханов, Қ.Болатбаев, М.Мырзақанов, Ж.Балкенов, С.Жолдасбекова, Ұ.Әбдіғапбарова және т.б.) «сәндік-қолданбалы» өнер түрлері бойынша ұсынған жіктемелеріне де жан-жақты сипаттама беріп топтастырамыз.
АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ №1
20 балл
1.Сәндік қолданбалы өнер туралы түсінік.
«Сәндік-қолданбалы
өнер» ұғымы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы
алпысыншы жылдардың ортасында пайда
болды. Бұған дейін ол халықтың қарапайым
түсінігінде, «қолөнер» ұғымының
аясында қабылданып, пайдаланылып келді. «Сәндік-қолданбалы
өнер», «қолөнерінің» өңделіп жетілген
формасы іспеттес болғандықтан, екеуін
бір-бірінен бөлектеп қарауға болмайды,
керісінше, олар бірін-бірі мазмұндық
тұрғыда толықтыра түседі. Оны «қол өнер», «сәндік-қолданбалы
өнер» ұғымдарына берілген анықтама-түсініктер
дәлелдейді. Біз ғылыми еңбектерде осы
ұғымдарға берілген анықтамаларды жүйеге
келтіреміз және сәндік қолданбалы өнер,
өзінің бастауын қолөнерден алады, қолөнер
туындыларының ою-өрнекпен әшекейленуі
сәндік-қолданбалы өнердің пайда болуына
себеп болады, деп ой түйіндейміз. Ғалымдардың
(К.Әмірғазин, Е.Асылханов, Қ.Болатбаев,
М.Мырзақанов, Ж.Балкенов, С.Жолдасбекова,
Ұ.Әбдіғапбарова және т.б.) «сәндік-қолданбалы»
өнер түрлері бойынша ұсынған жіктемелеріне
де жан-жақты сипаттама беріп топтастырамыз.
Жіктемелердің ішінде біз Ұ.Әбдіғапбарованың
жіктемесін толығымен қолдаймыз, өйткені
бұл қазақ халқының сәндік-қолданбалы
өнерінің атқаратын міндеттерін толығымен
ашып көрсетуге, әшекейлік (ою-өрнектік)
мазмұнын бір-бірінен ажыратып көрсетуге,
өнер түрлеріне қарай сұрыптап пайдалануға,
сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің кейбіріне
толықтырулар ендіруге мүмкіндік береді.
Мысалы, зерттеу мақсатына қарай біз Тоқыма өнері, Киіз
өнері Кесте және тігін өнері, Ши өнері
топтамалары аясын былайша толықтырамыз: кілем (түкті
кілем, тақыр кілем, басқұр, желбау, бау;
қоржын, аяқ қап); алаша (қақпа,
бұхар, кежім, терме); бізбен тоқу
(киім, тұтыну бұйымдары); ілмекпен тоқу. Киіз өнері: киіз
(ақ киіз, от киіз; текемет (ақ текемет);
сырмақ; аяқ қап, қоржын, жайнамаз. Кесте және тігін
өнері: киім тігу, тұрмыстық бұйымдар
тігу мен кестелеу түрлері. Ұлттық киімдердің
түрлері: ұлттық сырт киімдер: (жадағай,
шапан, жарғақ шалбар, күпі, сырмалы шапан,
тайжағы, тон, ішік, шапан, шидем); сұлықтар: «аба,
кебенек, кенеп, сырттық, шекпен); іш киімдер (бешпент,
дамбал, жейде, көйлек, камзол, шалбар,
жеңсіз); ерлердің бас киімдері
(бөрік, далбағай (жалбағай), жекейтымақ,
күлапара, қалпақ, құлақшын, малақай, мурақ,
тақия, тымақ, шалма); әйелдердің бас киімдері
(тақия, бөрік, сәукеле, жаулық, желек, қасаба,
кимешек, қарқара). Төсек жабдықтары:
көрпе; шымылдық; төсеніш көрпеше; құрақ
көрпе; жапқыш; ақ жайма. Ши өнері: орама ши (алаша
ши, есік ши, жолым ши және т.б.); ақ ши (өре ши,
мал соятын ши, ас шиі, қазақ ши, киіз басатын
ши, қабырға ши және т.б.; шым ши (кілем
ши, тұс ши және т.б.); шиден жасалатын
тұрмыстық заттар (масахана, шыпта,
қабырғалық, терезе жапқыш, шәйнек түп,
кесе түп, қазан түп жәнет.б.).
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің
бұл түрлерінің өзіне тән мазмұны, ерекшеліктері,
әшекейлік ою-өрнектері бар. Ою-өрнек латынның
ornament - әсемдеу, сәндеу деген сөзінен шыққан.
Оған көптеген ғалымдар (А.В.Филипов, С.В.Иванов,
И.Г.Ковалев, К.Е.Ибраева, К.К.Ералин, Ж.Балкенов
және т.б.) өздерінің анықтамаларын берген.
Олардың бірі «Ою-өрнекті
үйлесімділік өнер десе, екінші – символдар
байланысы, үшіншісі бейнелеу өнерінің
өте ертеден келе жатқан түрі, төртіншісі –
адамға қажетті тұрмыстық идеяларды шартты
символикалық пішінде суреттейтін бейнелеу
өнерінің айрықша түрі, бесіншісі қазақ
ою-өрнегі көркем бұйымдарды әшекейлеудің
ең басты көркемдік элементі, тағы бірі қазақтың
өрнегі – қазақ халқының мәдени жетістіктерінің
негізгі бөлігі және заңды жалғасы деп
түсіндіреді. Солардың ішінде «ою-өрнек»
ұғымдық мәнін С.Қасиманов, Ұ.Әбдіғапбарова
толық ашып көрсетті десе болады. Егер
С.Қасиманов: «... «ою» деген сөз бен «өрнек»
деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің
ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып
жасау, немесе екі затты оя кесіп қиюластырып
жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер
түсіру деген мағына жатады. Қазақ көбінесе
бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге
салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ
барлық қошқар мүйіз өрнектерін де «ою»
дейді. Ал «өрнек» дегеніміз әр түрлі ою,
бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп,
батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің,
әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан,
көбінесе «ою-өрнек» қосарланып айтыла
береді» - десе, Ұ.Әбдіғапбарова: «қазақ
ұлттық ою-өрнегі дегеніміз, адам өміріне
қажетті заттарды, бұйымдарды, архитектуралық
құрылыстарды сәндеуде, халықтың тыныс-тіршілігін,
қоршаған ортаға көзқарасын, одан алған
эмоционалдық-эстетикалық әсерін және
ой-арманын, тілек-мүддесін әсем талғаммен
өзара үйлесімділікте бейнелі жеткізуге
ықпал ететін нақыштар» - деп ой тұжырымдайды.
Екі түсінік те бір-біріне қайшы келмейді,
керісінше, бірін-бірі толықтыра түседі,
ою-өрнек ұғымынан толық мағлұмат алуға
көмектеседі. Сонымен, сәндік-қолданбалы
өнер түрлеріне жасаған талдау оларды
технологиялық мүмкіндіктеріне қарай
жіктемелеуге (бұйымды жасау үшін
қолданылатын материалына қарай, бұйымдарды
қолдануына қарай; дайындау әдісіне қарай;
көркемдік әшекейленуіне қарай; мағынасына
қарай) септігін тигізді.
Әрине, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының
әрбір тобын өз кезегінде көркем кәсібіне
қарай бөлуге де болады, өйткені әрбір
кәсіптің өзінің өрнегі, түр-түс үйлесімі,
жасау әдісі және бұйымды әрлеу мен басқа
да ерекше белгілері болады. Біз осының
бәрін ескере отырып, сәндік-қолданбалы
өнер түрлері – «Тігіс тігу мен кеселеу»
және «Кілем тоқу» өнерінің технологиялық
жіктемесін жасадық (1-кесте).
1-кесте – Қазақ халқының сәндік-қолданбалы
өнер түрлері – «Тігіс тігу мен кестелеу»
және «Кілем тоқу» өнерінің технологиялық
жіктемесі (үлгі ретінде)
Сәндік-қолданбалы өнер түрлері |
|
|
Тігіс тігу және кестелеу өнері |
Пішілуіне байланысты |
Сәндік пішінді (киімнің
қосымша бөліктері, кесе қап және
т.б.) |
|
Қолданылуына байланысты |
Сәндік бұйымдар (шымылдық,
жапқыш, сүлгі, тұс кесте, сәндік панно
және т.б.) |
Материалына байланысты |
Мақта, кенеп, жүн, жібек, аралас, синтетикалық | |
Ою-өрнегіне байланысты |
Ғарыштық, геометриялық, өсімдік тектес, хайуанаттық | |
Түсіне байланысты |
Бір түсті, екі түсті, үш түсті, көп түсті | |
Өңделуіне байланысты |
Айқас кесте, шым кесте, біз кесте, торлап тігу және т.б. | |
Кілем тоқу өнері |
Көлеміне байланысты |
Шаршы кілем, үлкен кілем, шағын кілем, қос гүлді, үш гүлді, қос күмбезді, бес күмбезді |
Қолданылуына байланысты |
Тор кілем, жайнамаз кілем, төсек кілем, нар кілем, қабырға кілем, бөстек кілем, қоржын кілем | |
Материалына байланысты |
Жібек, жүн, мақта, синтетикалық | |
Өңдеуіне байланысты |
Түкті кілем, тақыр кілем, шашақты кілем, қалы кілем, жұлқыш кілем, оқалы кілем, алаша кілем және т.б. | |
Ою-өрнегіне байланысты |
Қыпшақ кілем, поднос кілем, шатыр гүл, жолақ, оюлы кілем және т.б. | |
Түсіне байланысты |
Ақ, қызыл, жасыл, қара, құлпырма, ақ сирақ және т.б. | |
Шығу тегіне байланысты |
Арабы, бұқар, адай, ашхабад, әндіжан, парсы, түркмен, орыс, Алматы кілем және т.б. |
Жіктеме бізге сәндік-қолданбалы
өнер түрлерінің тұлғаның технологиялық
мәдениетін, нақтырақ айтсақ, көркемдік-эстетикалық,
конструкторлық, ақпараттық, технологиялық
өңдеу, кәсіпкерлік, экологиялық, экономикалық,
шығармашылық, тәрбиелік мәдениетін кешенді
түрде қалыптастырудағы мүмкіндіктерін
анықтауға көмектесті (2-кесте).
2-кесте – Қазақ халқының
сәндік-қолданбалы өнерінің тұлғаның
технологиялық мәдениетін қалыптастырудағы
мүмкіндіктері.
Технологиялық мәдениет түрлері |
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің технологиялық мәдениетті қалыптастырудағы мүмкіндіктері |
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің технологиялық мүмкіндіктерінің жіктемесі |
Көркемдік - эстетикалық |
Сәндік-қолданбалы өнер түрлерін эстетикалық талғаммен қабылдауға үйретеді, материалдардың түрін, түсін, бояуын, формасын үйлесімділікте таңдауға дағдыландырады, бұйымның композициялық шешімінің әсерлі де әсем болуын талап етеді |
Көркемдік-бұйымды
жасауда қолданылатын материалына
қарай: ағаштан, металдан, сүйектен,
мүйізден, тастан, керамикадан, шыныдан,
теріден, тоқыма жіптен, матадан, былғырыдан
жасалатын көркемдік бұйымдар және т.б. |
|
| |
|
| |
|
| |
|
| |
|
| |
|
| |
Шығармашылық |
Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жасауда шығармашылық ізденіске итермелейді, өзінің айтайын деген ойын үйлесімділікте бұйым бетіне түсіре білуге көмектеседі, өзіне деген сенімін арттырады | |
Тәрбиелік |
Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары сапасын бақылауға, еңбек барысын жоспарлауға, жұмыс орнын ұйымдастыруға, технологиялық тәртіпке дағдыландырады. Халықтың дәстүрлі еңбек тәрбиесіне сыйластық көзқарасты қалыптастырады |
Сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің
технологиясын меңгертуде қазақ
халқы нақты қағидаларды
(еңбек түрлеріне баланы жастан баулу,
оларға сыйластық көзқарасты қалыптастыру,
еңбек түрлерін біріндеп күрделендіріп
отыру ұжыммен бірлесе отырып еңбек етуге
баулу және т.б.), педагогикалық принциптерді
(халықтық, табиғилық, көрнекілік, түсініктілік,
жүйелілік, бірізділік, жас және дара ерекшеліктерін
ескеру, өмірмен байланыстылық және т.б.)
тірек еткен. Әртүрлі әдіс-тәсілдерді
(көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, тапсырма
беру, жаттықтыру, сендіру, сенім арту,
мақтау, мадақтау, марапаттау, түзеу, бағалау,
қолдау, ынталандыру және т.б.) пайдаланған. Тәрбие құралдарының
міндетін халықтың ауызекі шығармашылығы,
салт-дәстүрлер, мерекелер, ұлттық ойындар
және т.б. атқарған. Олар балалар мен жеткіншектердің
логикалық ой-өрісінің, дүниетанымының,
эстетикалық талғамының, адами асыл қасиеттерінің
дамуына, рухани-мәдениетінің, технологиялық
мәдениетінің қалыптасуына үлкен септігін
тигізді, еңбек технологиясының ереже-талаптарын
меңгеруге көмектесті.
2. Көрпеше (жастықтарды) өрнектеу.
3.Аппликация.
4. Көрпе мен көрпешелерді өрнектеу
5. Қазақ музыкалы аспабы. Домбыра әшекейі.
6. Өрнек жасау.
7. Сазсырнай өрнегі.
8. Дымково ойыншықтары. Әңгіме.
9. Өрнектерді жолақтар мен шеңберлерден салу.
10. Дымково ойыншықтары. Қуыршақ- бойжеткенді мүсіндеп жасау.
бастап рұқсат етілген: |
Сейсенбі, 1 Қазан 2013, 09:00 |
Тапсырудың соңғы мерзімі: |
Сенбі, 30 Қараша 2013, 11:00 |